Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция


АСАН ҚАЙҒЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет47/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65
АСАН ҚАЙҒЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 
Құлшағазиева Ұ.Ж. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 2-курс магистранты 
Ғылыми жетекші: 
Қамарова Н.С. 
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры,
Ақтау, Қазақстан 
Аңдатпа.
Мақалада жыраулар поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі – Асан Қайғы өз 
халқына еңбек етіп, кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге етерліктей мұра қалдырғаны, 
шығармаларындағы тәлім-тәрбие құндылықтары сөз болады. 
Түйін сөздер:
жыраулар поэзиясы, Асан қайғы, бейнелеу тәсілдері, тәлім-тәрбие 
құндылықтары, өлмес мұра. 
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жиып-терген тәлімдері мен тәрбие жүйелерін 
зерттей келе ғалым С.Қалиев: «Халық әрқашан өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік 
тәжірибелер мен жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, келер ұрпағын 
шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен» [1, 5], – деген. Ұлттық 
тәлім-тәрбие бастаулары тарихи дәуірлер көшінде заман талаптары мен құбылыстарының 
өзгерістеріне қарай сипатталып отырды. Сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын арғы 
тарихымызға көз жіберсек, елін, жерін, дінін, тілін қорғап, бірлік пен ынтымаққа ұмтылған 
ата-баба жерін кеңейтіп, байытып ие болуды көксеген елжандылық құндылықтардың сонау 
заманнан бастау алғанын аңғарамыз. Ұлы ағартушы-педагог М.Жұмабаев: «...баланы жан-
жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін ұлт тәрбиесімен қоса түрлі замандарда шыққан 
ғалымдардың ой-пікірлері арқылы тәрбиелеу міндетті» [2, 33],– деген.
Асан Қайғы жырау туралы ғалым М.Мағауин: «Кейінгі ұрпақ әулие танып, аңыз 
кейіпкерлеріне айналдырған, ал Ш.Уәлиханов «көшпенділер философы» атаған Асан Қайғы 
өз заманының үлкен ойшылы еді... » [3, 38], – деп жазды.
Жәнібектің ел басқару саясатына жиі араласып отырған Асан Қайғы: «Әй, хан, мен 
айтпасам білмейсің», «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос артып» секілді 
толғауларында ел бірлігі, ата қоныс жайы, дербес ел болу жағдайлары мен қиырдан қиырға, 
жат мекенге қоныс аударудағы ауыртпалықтар ру-тайпалар арасындағы текетірестік 
тірліктер сөз болған.
Асан Қайғы өмір сүрген кезде Алтын Орданың тепкісінде болған орыс елі қайта 
көтеріліп, Алтын Орда ыдырап, оның орнын өзара қырқыстан басқаны білмейтін дербес 
хандықтар басты. Асан Қайғының «Қырында киік жайлаған» атты толғауының мазмұнына 
ой жіберсек, өзара хандыққа таласып, қырқысып, елдің мазасын кетірген Алтын Орда 
хандарын көреміз. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген халық 
даналығын қағида тұтқан жырау Жем, Ойыл өзендері мен жерлерінің қоныстық 
ерекшеліктерін, оның отқа, суға, малға, адамға жайлы жақтарын:
...Қырында киік жайлаған, 
Суында балық ойнаған, 
Оймауыттай тоғай егіннің 
Ойына келген асын жейтұғын, 
Жемде кеңес қылмадың, 
Жемнен де елді көшірдің [4, 74], – 
деп, үйреншікті мекенінен жат жерге көшірген ханға деген наразылығы мен ата 
қонысына деген сүйіспеншілігін, қимастық сезімін, құрметін өлең сөзбен өрнектеген.
Ойыл көздің жасы еді 
Ойылда кеңес қылмадың, 
Ойылдан елді көшірдің. 
Ерлер жортып күн көрген, 


164 
Еділ деген қиянға 
Еңкейіп келдің тар жерге, 
Мұнда кеңес қылмадың, – 
деп елді сергелдеңге салып, бауыр басқан өз мекеніне тұрақтамай, ата қоныс, ауыл-
аймақ, ағайын-туыстан айырдың деп ханды айыптайды.
Жырауға туған жер, атамекен бәрінен де ардақты.
Асан Қайғы халқының үйреншікті мекенінде еш ауыртпалықсыз: жаз жайлауында, 
қыс қыстауында, шөбі шүйгін, жайлы қоныста, молшылықта, бірлігі мен тірлігі жарасқан 
бейбіт өмір сүруін тілеген. Оның осы арманы толғауларының негізгі арнасы еді. Сондықтан 
да оны халқы ел қамқоры, ел мұңшысы атаған. Алдағына болжағыш жырау:
Аңдып жүрген көп дұшпан, 
Елге жау боп келеді, – [5, 17], 
деп ескерту жасап, ел басшылары мен халқын қамсыз отырып, қапы қалмау
дұшпаннан сақтандыру жайын жырлайды.
Мал баққан ел басына түсер ауыртпалықты байқаған Асан Қайғы халықты береке-
бірлікке шақырады.
Есенің де, тірің де – 
Бір болыңыз бәріңіз! – 
деп «бірлік» мұратқа жеткізер жол екенін насихаттайды.
Мал баққан көшпелі елге керегі – бейбіт тіршілік. Бірақ ол кезде ұсақ хандықтар, ру-
тайпалық топтар арасында жаугершілік, басқыншылық, соғыс, құнарлы жер үшін ұрыс-
қақтығыс жиі болып, ел берекесін кетіріп, күйзеліске ұшыратқан. Ол туралы С.Сейфуллин: 
«...жылдың, заманның ыңғайына қарай осы жерлердің бірін бір жыл жайлап, бірін күздеп, 
бірін қыстап, қаптап жүрген. Осы айтылған жерлердің бір жағын жау алса, бір жағына 
жөңкіліп ауған. Қайтадан ол жерді және тағы да жапсарлас жерлерді көршілес елдерден 
өздері де тартып алып жүрген»46 – деп сипаттайды. Жырау халық басына түскен осы 
ауыртпалықты көре біліп, халық бақытын, ел тыныштығын ойлаған. Әділдік үшін күрескен 
Асан Қайғы жайындағы аңыздарда «бұл қария қашанда ханға жағынбай, 
жарамсақтанбай тура сөйлеуші еді» делінген.
Асан Қайғы жыраудың: 
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа. 
Тәуір көрер кісіңмен 
Жалған айтып суыспа – 
деген моральдік, насихаттық жыр жолдарына ой жіберсек, Асан Қайғы жырау – 
ұлттық тәрбие тағылымының қайнар көзі, ұлт тәлімінің дүлдүл жыршысы дей аламыз.
Ол өзі бастан кешкен қорытынды, тұжырымды ойларын аз сөзбен жинақтап беруге 
бейім.
Әділдіктің белгісі, 
Біле тұра бұрмаса 
Ақылдының белгісі, 
Өткен істі қумаса 
Жамандардың белгісі, 
Жауға қарсы тұрмаса 
Зұлымдардың белгісі, 
Бейбіттің малын ұрласа 
Надандардың белгісі, 
Білгеннің тілін алмаса. 
Жырау поэзиясындағы адам бойындағы әр алуан қасиеттер ұлтымыздың тәлімгерлік 
бай тәжірибесінің бірі – мақал-мәтел, нақылдарымен ұштасуда. Ғалымдарымыз ел ішіне кең 
тараған қанатты сөз, мақал-мәтел болып қалыптасуына жыраулардың да үлес қосқанын көру 
қиын емес деген пікірлерін айтады.


165 
«Көлде жүрген қоңыр қаз» толғауындағы ғибратнамалық ойлары да тереңдігімен, 
парасаттылығымен құнды. Жастардың туған жер, өскен елдің қадірін біліп, Отанын сүю 
адамгершіліктің үлкен парызы деп ұғуын қалаған жырау Отан, ел-жұрт намысын 
қорлаушыларды ашына сынға алып:
Көлде жүрген қоңыр қаз 
Қыр қадірін не білсін! 
Қырда жүрген дуадақ 
Су қадірін не білсін! 
Ауылдағы жамандар 
Ел қадірін не білсін! 
Көшіп-қонып жүрмеген 
Жер қадірін не білсін!.. 
Ақылыңа көнбеген, 
Жұрт қадірін не білсін! – 
дейді.
Қазақ хандығының жаңа ғана қаз тұра бастаған заманда әлеуметтік мәселеге өз 
жырымен үн қосып, қоғамдық көзқарасын таныта алған ақылшы жырау туралы ғалым 
Б.Кенжебаев: «Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ 
халқының мұңын, тілегін көрсетеді»47 – деп жазған.
Асан Қайғы – данышпан, ғұлама адам. Асан Қайғы – ХV ғасырдың Әл-Фарабиі. Ол 
тек Жәнібек ханға емес, бүкіл қазақ халқы үшін аспандағы жұлдыз. 
Жалпы, ХV-ХІХ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан 
ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. 
Өйткені ақын-жыраулар толғауларында халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, 
қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті орын алған.
Ғалым әрі ақын Ә.Тәжібаев: «Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау, Бұқар 
жырау айтқан толғаулардың бізге жеткен бөлшектеріне қарап отырсақ, тыңдаушысын 
теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз ...өмір, тарих, қоғам, 
адам жөнінде ғажайып топшылаулар, толғау-түюлер айтады. Жастарды сол ой-өрісіне 
тәрбиелеуді мақсат еткен» [6, 59], – деген.
Ғалым С.Қалиев: «Бұл пікір жыраулар мұрасының дүниетанымдық қасиеті мен 
тәрбиелік мәнін ашуға берілген әділ баға»30 – деп баға берген.
Ал осы жыраулар поэзиясының тәрбиелік мәні, педагогикалық негіздері де қолға 
алынып зерттелуде. Әсіресе, бұл салада сүбелі үлес қосқан белгілі ғалым С.Қалиев еңбектері 
жас ғалымдарға тірек болары анық.
Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге 
ретінде данышпандықты өлеңмен өрнектеп, терең мағыналы сөздермен тәрбиеленіп, өсіп, 
өнген халық.
Халық мұрасының танымдық-тәрбиелік мәні, әрине, ұланғайыр дүние. Осы асыл 
мұралар – бізге ғасырлар тынысын танытып қана қоймай, өздерінен бұрын өмір сүрген аға 
буынның тәрбие мәселесіндегі жинақталған бай тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты 
адал еңбекке, өнер-білімге баулу, өмірге бейімдеу жағынан үлгі-өнеге болары анық. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі және оны орта 
мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану. – Алматы, 2010. - 146 б.
2. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. - 160 б.
3. Мағауин М. Бес ғасыр белестері. Кітапта: «Ай заман-ай, заман-ай...» – Алматы: 
Қазақ ССР баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясы, 1991. - 380 б.
4. Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық /Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев. – Алматы: 
Жазушы, 1989. Т.1. - 286 б.


166 
5. Мағауин М. Қобыз сарыны. – Алматы: Атамұра, 2006. – 273 б.
6. Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: ҚМКӘБ, 
1971. - 216 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет