Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция


ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМНЫҢ СИПАТЫ



Pdf көрінісі
бет11/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМНЫҢ СИПАТЫ 
 
Қамарова Н.С. 
ф.ғ.к., профессор, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және 
инжиниринг университеті 
Ақтау қ., Қазақстан 
Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Жамбыл ақын шығармалары оның өзі өмір 
сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десек те болады. Оның поэзиясы сан 
қырлы. Қай ұлттың болмасын дүниетанымын, болмысын өзіндік колоритін тану үшін 


28 
қашанда алдымен оның рухани қазынасына үңілген дұрыс. Сондықтан әрбір халықтың 
интеллектуалды ерекшелігін оның өз ақын-жазушыларының шығармашылығынан іздеу 
керек болады. Бұл ұлттық айшық талай заманғы даму процесінде біртіндеп, ұзақ 
қалыптасатыны белгілі. 
Ақын кім туралы, не туралы жырласа да ақынның дүниетанымы, ұлттық мінезі айқын 
көрінеді. Ақын интеллектісі неғұрлым кемелденген сайын оның поэзиясындағы образдар 
әлемі, жалпы бейнелілік күрделілене береді. Ұшқыр интуиция интелектінің тереңдеуіне, 
толысуына себеп болып, ақынның ой-арманын, көңіл-күйін танытатын образдар мен 
характерлер жасап шығарады. Өйткені түйсік, қабылдау, түсінік – бәрі бір-бірімен 
сабақтасып жатқан үдеріс. Өмірлік материал, табиғат көріністері, оқиға-әрекеттер – бәрі 
адамға, оның қам-қарекет, табиғат-тірлігіне қатысты айтылса ғана оқырманына қымбат. 
Жамбыл ақынның ұлттық көркем ойлау жүйесі тұтас поэзиясынан аңғарылады.
«Ұлттық көркем ойлау жан-жақты өзгеріп, дамып, жоғары сатыға көтеріледі. Бірақ 
тарихи даму барысында пайда болған тұрақты дәстүр туралы маңызды дамудың алғы 
шартында әрқашанда өнер тұрады. Ұлттық көркем ойлау халықтың тарихи, әлеуметтік, 
психологиялық, көркемдік тәжірибесіне сүйенеді. Көркем ойлау болмыстың дүниетаным мен 
өмір құбылыстарын қабылдау негізінде жіктеу, таңдау, кейбір тұстарын өзгерту, күшейту 
арқылы сипаттайды. Әрине, мұның бәрі қабылдаудың, ойдың, сезімнің, талғамның, 
бағалаудың мұраттарын, дәстүрлі жүйесін сақтаудың негізінде болады», - дейді 
Д.Магомедов. Қазақ поэзиясының байлығы ұлттық дәстүрінен, ұлттық мінезді бейнелеудегі 
образдардан айқын танылады. Ұлттық мінез Жамбыл ақын шығармашылығында бірден 
аңғарылады. Ұлттық ойлаудан туындайтын бейнелер ақындық тұлғаның ерекшелігімен, 
оның дүниетанымымен байланысты. 
Г.Поспеловтың айтуынша «Характер – жазушы шығармасында өз эстетикалық 
нормаларына сай тарихи жағдайға лайық бейнеленген адамның іс-әрекеттерінің, мінез-
құлықтарының жиынтығы».
Жамбыл ақын поэзиясының образдық жүйесі – күрделі эстетикалық құрылым. Қазақ 
өлеңіндегі ұлттық ойлау, ұлттық мінез, эстетикалық түйсік, таным-түсінік Жамбыл ақын 
өлеңдерінің өн бойынан табылады. 
Ең алғашқы өлеңдерінің бірі «Шағымда» ақын молданы суреттей келе 
Ақ сәлдесі басында 
Боз інгендей боздаған, 
- дейді. «Інгендей боздау» бейнесі арқылы молданың жағымсыз қылығын көрсетеді. 
Жамбыл ақынның әдеби мұрасын тану деген сөз – ақын поэзиясының құндылығын 
арттырып тұрған өзіндік шеберлігінің қыры мен сырын әр әдебиеттанушы өзінше ашу деген 
сөз. Бұл ретте ақын поэтикасының өзіндік болмысы неден көрінеді деген сұрақтың туындауы 
заңдылық. Бұл сауалдың жауабын ақын өлеңдеріндегі дүниені тану пайымдарынан іздеуге 
болады. Осы ойды ғылыми тұрғыда дәйектеу үшін ғалым З.Axметовтің «Дүниетаным және 
көркем шығарма» атты мақаласындағы пікірді басшылыққа алуға болады. «Aсылында, 
жазушының дүниетанымы мен творчествосы өте тығыз бaйланысты болады. Oның саяси, 
философиялық, эстетикалық көзқарасы, дүниeтанымы, әдeби творчествоғa негіз, тірек 
болады. Ал әдеби шығapмаларынан өмірлік позициясы, мақсат-мұраттары, эстетикалық 
идеалы aйқын танылады» [4, 82]. Дeмек, aқындық поэзияның негізі – ұлттық cипатты 
құрайтын 
қоғамдық-caяси, 
тұрмыстық-әлеуметтік 
көзқарастардың 
жинақталған 
дүниетанымдық болмысы болғандығы. Oнсыз шығарманың иі қанбайды. Көркем әдебиет 
шығаpмаларындағы автор дүниетанымының ата-бабалық көзқарастардан cабақтаса 
жалғасқан болмысы ғана оқырмандарды, тындаушыларды тәpбиелейтіні, өзіндік көркемдік 
иіріміне тартатыны сондықтан. Міне, осындай ұлттық түcінікпен астасып жатқан жыр 
жолдарын Ж.Жабаевтың көптеген өлеңдерінен оқи аламыз.
«Ұлттық xaрактер – көркем әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен 
epекшеленеген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін аңғартатын 
психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық характер өмірдің өзі қалыптастырған 


29 
– тapихи категория. Oл қоғамдық, рухани, экономикалық және саяси жaғдайларға сәйкес 
қалыптасады, дамиды не керсінше тоқырайды [5, 211].
Қaзақтың дәстүрлі aқындық пoэзиясы арқылы бүгінге жеткен ұлттық дүниетaным 
түсініктер белгілі бір кезеңдерде жaнды құбылыс ретінде әлсірeгенімен уызынaн ұлттық 
рухқa жaрыған ақындар барда біржoла жoйылып кетпейтіндігінe Жамбыл өлeңдері aрқылы 
көз жeткізуге болады. Жамбыл ақын өлеңдеріндегі негізгі идея, пайым ұлттық 
болмысымызды таныту болып табылады. 
Жамбылдың «Бұрымға» деген өлеңін оқып көрелік: 
Сен лашын болғанда, мен – ақсұңқар 
Бір көріп дидарыңа болдым іңкәр. 
Көркің бар көрген адам таң қалғандай, 
Шыққандай жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. 
Жасымнан жақсыларды жағаладым, 
Алатау, Қаратауды араладым. 
Қай тұсқа аттың басын тіресем де, 
Өзіңнен басқа сұлу таба алмадым. 
Жарқ еткен оқтан ұшқыр бота көзің, 
Балқытар қорғасындай айтқан сөзің [3, 28]. 
Осы жолдарға назар салсақ, ақынның ұлттық болмысын танимыз. Ақын өзін лашынға, 
қызды ақсұңқарға балау қазақ поэзиясына тән. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандай» 
деген теңеу де ат бәйгесін дәстүрге айналдырған ұлтымыздың теңеуі. 
Ал «Елімнің қыздарына» деген өлеңінде қазақтың ибалы, сұлу қыздарын сипаттайды: 
...Танадай көзі жайнаған, 
Талпына қанат талмаған [6, 159]. 
«Танадай көз» айқындауы – тек ұлтымызға тән образ. Қандай да болмасын күрделі ой 
мен сезім күйлерін осылайша қарапайым, көзге елестетерліктей бейнелі жеткізе білу 
Жамбыл ақынға тән. 
Немесе «Халық қазынасы» өлеңінде былайша толғайды: 
Үйір-үйір жылқыдан 
Жүгенін үзе жұлқынған 
Арғымақты таңдап ел 
Әскерге асыл ат берген, 
Маңғазды, маң-маң, маң басқан
Табанын шірей дәл басқан. 
Түйе деген бізде бар; 
Өркештері жар тастай, 
Күн шалмаған маңдайын, 
Дулығасы таудайын 
Қызыл бұйра нарлар бар... [6, 179]. 
Ақынның осы жырдағы үйір-үйір жылқы, маң-маң басқан түйені жырлауы 
халқымыздың ертеден түйе мен жылқы малын аса қадірлейтіндігінің көрінісіндей. Жылқы 
түлігіне қатысты образдарды «Жаныс ақынға», «Қуғын», «Мәмбетке» және тағы да басқа 
өлеңдерінен кездестіреміз. 
Мал шаруашылығын кәсіп еткен халқымыздың бейнелі ойлары төрт түлікке 
байланысты болуы заңды да. Өйткені қазақ халқы туғызған өлең-жыр мал өсірген елдің 
әлеуметтік психологиясына тән жасалады.
«Мал өсірген аймаққа» деген өлеңінде: 
Төрт түлікті өсірген, 
Тұнық суды кешірген, 
Колхоздағы ерлерім! [6, 164] 
- деп толғанып, ары қарай жырды былайша түйдектетеді: 
Малды өсірген, өргізген, 


30 
Шалғынды шалып жегізген, 
Малға жайлау жайнатқан, 
Тау бауырын жайлатқан, 
Құлындатып биені, 
Боталатып түйені, 
Мыңғыртқан малды елім бар 
Біздің алтын аймақтан! 
Төрт түліктің тұяғы 
Жерді шарлап із өткен [6, 164]. 
Көз ашқаннан мал өсірумен ұдайы айналысқан халық табиғатпен сырлас болды. Ақын 
өлең-жырларында малға қатысты теңеу, салыстырулар молынан ұшырасып отырса, бұл 
ұлттық танымымызды білдіреді. 
Төрт түліктің қадір-қасиетін керемет теңеулермен өреді: 
Күңгір-күңгір кісінеген 
Алтын жалды арғымақ, 
Шапса жерді қуырған, 
Ескен желдей ағындап, 
Қой қозысы құландай, 
Ешкісі бөрте бұландай, 
Колхозда өскен түлігім 
Жайылған қаптап табындап, 
Малым тұрсын жерімнің 
Меруерт болды әр тасы! [6, 164] 
Ал қазақтың қасиетті домбырасын «Өнердің өсуі» өлеңінде өрнектейді: 
Нeге шықсын домбыра 
Жаңадан шек тақпаса, 
Таққанынан не пайда, 
Бабыменен қақпаса, 
Құр қағудан не пайда, 
Ән менен күй таппаса. 
Құйқылжыған кұс әуез, 
Қосылып соған айтпаса. 
Көркем өнер жас бөбек 
Сүйкімді болмас бақпаса, 
Тортасын алған бал қаймақ 
Бойына сылау жақпаса. 
Үлпілдеген қызыл шоқ 
Басына үкі тақпаса [6, 123]. 
Жамбыл ақын өлеңдерінде ұлттық бояу көп.
Ақынның «Бесік жыры» ұлттық образдық ой жүйесінен туындаған: 
Ұйықтасын деп бөбегін, 
Домбыраның қос шегін 
Жамбыл бабаң қағады, 
Қаққан сайын өлеңі 
Бұлақтайын ағады. 
Қағады Жамбыл қос шегін 
Өсуің үшін өсуің. 
Ұйықтасын деп бөбегін, 
Тербелсін деп бесігің. 
Көкте де жұлдыз ұйықтады 
Жайлауда жусап малдағы. 
Мамық жүнді жас лақан, 


31 
Ұйықтап қырда ботақан, 
Алтын жалды құлыншақ, 
Жұмып көзін бұзауқан, 
Сыйда сирақ қошақан 
Төлдің бәрі ұйықтады, 
Ұйықта сен де, балақан! [6, 81]. 
Қазақтың қара домбырасын қолына алған дана Жамбыл бөбегіне осылайша жыр 
арнайды. Көз алдымызға жасыл жайлау, жайлауда ойнақтаған қозы-лақ, құлыншақ пен 
бұзаухан, ботақан келді. Ақынның салыстыруы да жүрекке жылы тиеді. «Төлдің бәрі 
ұйықтады,Ұйықта сен де, балақан!» деуі – бесіктегі сәбиді еркелетудің тамаша үлгісі. 
Тұңғиығы тұнық, ұлттық бояуы қанық Бата ауыз әдебиетінен жақсы таныс. Ел 
сыйлаған батагөй ақсақал болған Жамбыл атамыздың да батасы ақ тілеуге құрылған:
«Әумиін» деп қолыңды жай, 
Қабат тусын күн мен ай. 
Алғаның болсын сайма-сай, 
Қапалық болмай кезінде, 
Ылғи болсын мамыражай. 
Қос-қостан тауып ұл мен қыз, 
Мінгені болсын жорға тай... [3, 44]. 
Адамгершіліктің асыл қасиеттерін үлгі етіп айтқан жырлар Жамбылда жетерлік. 
Ұрпақ санасына сіңірер ұлттық тәрбиенің ұлағаты ақын жырларында көп. 
Ал енді жайлау, дала бейнелеріне келер болсақ, бұл сөз-бейнелер де қазақ 
поэзиясында құлашын кеңге жайған. Жалпы жайлау, дала бейнесі – кеңдіктің, дархандықтың 
белгісі. «Жайлау», «Жаз», «Жаз жыры», «Алатау» , «Майтөбе жайлауы» деген өлеңдерінде 
қазатың кең жазира жайлауын көркем кестелеген. «Дастарқан жырында» ақ самаурыны 
бұрқыраған кең дастарқан суреттелсе, «Қымыз» өлеңінде қымыздың қасиетін көркем 
бейнелеген. Ақын қазақтың қонақжайлығын, салт-дәстүрін жырлай отырып, ұлттық мінезін 
дәл басып, суреттейді.
Жамбыл ақынның өлеңдері мектеп бағдарламасына енгендіктен 
де мектеп оқушыларына жақсы таныс. Сонау бала кезімізден Жамбыл жырларын жаттап 
өстік. Жамбыл десе, мына жолдар еріксіз ойға оралады:
Өлеңім шарла ауылды 
Тыңда, дала, Жамбылды! [6, 59]. 
Дала, туған жер бейнелері ақын поэзиясында үлкен мәнге ие. Көсіле сөйлеген 
Жамбыл Далаға үн қатады. Даламен сырласып, Даламен мұңдасады. Ақын өлеңдерінде 
ұлттық мінез айрықша өрнектеліп қазақ болмысын суреттейді. Жамбыл шығармалары бар 
қазақты өмірдегі, табиғаттағы сұлулықпен бірге жақсылықты көре біліп, ұлттық тәрбие алуға 
көмектеседі. Оның өлеңдері адамның мәдениетін өсіреді, туған өлкесіне деген 
сүйіспеншілігін оятады. 
Біз Жамбыл жырларының идеясы арқылы қазақ халқының әр түрлі әдет, нышан, 
қаделерін, қанға сіңген ұлттық мінезімізді ғана танып қоймаймыз, сонымен бірге ақын 
дүниетанымын, ұлттық ойлау, ұлттық болмысын да пайымдаймыз. 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет