Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция


ЖАМБЫЛДЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ



Pdf көрінісі
бет3/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
28.12.2021-zhinak 2

ЖАМБЫЛДЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Әлем халықтары әдебиетінің тарихындағы аса көрнекті ақындардың, прозашылардың 
драматургтердің әдеби мұраларын оқыту мен зерттеу – аса өзекті мәселелер. Әлем өркениеті 
кеңістігіндегі мемлекеттердің бәрінде де оқу-ағарту жүйесіндегі орта мектептердегі, арнаулы 
орта және жоғарғы оқу орындарындағы әдебиет сабақтарында фольклордың бұрынғы-соңғы 
мұраларалы мен әдебиеттің көп ғасырлық тарихындағы классикалық шығармалар қамтыла 
оқытылады. Сонымен бірге, фольклор мен әдебиеттің көп жанрлы жүйесі және оны жасаушы 
тұлғалардың шығармашылығы іргелі зерттеулердің нысанына алынып, жан-жақты 
қарастырылып бағаланады. 
Қазақ сөз өнерінің көпғасырлық тарихында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ 
ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби үдерісте дәстүрлі ауызша авторлық поэзиядағы 
ақын-жыраулар және Шығыстың классикалық әдебиеті дәстүріндегі ақындар, сонымен бірге 
хакім Абай, ағартушы Ыбырай қалыптастырған жаңа жазба реалистік әдебиет мұралары 
жүйелене оқытылып, зерттеліп келеді. Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу 
орындарының филология факультеттеріндегі (институттарындағы) «Қазақ тілі мен әдебиеті», 
«Филология», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» 
мамандықтары бөлімдерінде тарихнамалық реттілікпен оқытылып келе жатқан пәндер 
(«Ежелгі дәуір әдебиеті», «Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті», «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», 
«ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті», «Кеңес кезіндегі қазақ әдебиеті») ұлттық сөз 
өнері тарихындағы көрнекті шығармашылық тұлғалар мұраларын оқыту мен зерттеуді 
сабақтастыра дамытудың оқу-әдістемелік негізі болып келеді. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ сөз 
өнерінің дамуы үдерісінде поэзия алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы айырықша 
даралана бағаланады. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Републикасының рухани жаңғырудағы 
жаңа тарихында поэзия алыбы Жамбыл Жабаевтың мұрасын оқыту мен зерттеудің өзекті 
мәселелері айырықша саралана көрінеді.Біріншіден, Жамбыл Жабаевтың әдеби мұрасын, 
оның ішінде ХІХ ғасырдың 60-90-жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы 
шығармаларын аталған тарихи кезеңдердегі әдеби-мәдени даму үдерісіндегі тектес ақын-
жыраулармен, ұстазы Сүйінбай Аронұлы (1815-1895) шы,армашылығымен сабақтастыра 
оқытуымызға болады. Әсіресе Жамбыл шығармашылығының алтын желісі – көркемдік 
арнасы болып саналатын айтыстарын («Жамбыл мен Айкүміс айтысы», «Жамбыл мен 
Бөлектің қызы айтысы» (1870), «Жамбыл мен Құлмамбет айтысы» (1881), «Жамбыл мен 
Сарыбас ақын айтысы» (1895), «Майкөтпен дидарласу» (1891), «Жамбыл мен Бақтыбай ақын 
(1872), «Жамбыл мен Сары ақынның қағысуы» (1875), «Жамбыл мен Бөлтірік (1890), 
«Жамбылдың Жүнісбайға жүгінуі» (1890), «Жамбыл мен Досмағамбет айтысы» (1907), 
«Жамбыл мен Шешубай айтысы» (1909) [1, 68-166-бб.]. Әдеби-мәдени даму үдерісіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет