«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы


Құпия аудитті енгізу және медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың ұлттық жүйесін құру



бет13/23
Дата16.02.2023
өлшемі182,51 Kb.
#68641
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Құпия аудитті енгізу және медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың ұлттық жүйесін құру.
медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың орнына инциденттерді есепке алу мен талдау жүйесі пайдаланылады (бұл нәтижесінде пациентке залал келтірілетін медициналық көмек стандартынан кез келген ауытқу болып табылады);
инцидент туралы ақпараттандырған жағдайда медициналық көмекті және құқық қорғау жүйесінің сапасын бақылайтын органдар тарапынан жазалау шаралары жоқ;
инцидент туралы ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етіледі;
медициналық ұйымдарда инциденттер туралы хабарлауды қызметкерлерге уәждейтін қауіпсіздік мәдениеті енгізілген.
Соынмен қатар, ДДҰ-ы осы жүйенің негізгі рөлі денсаулық сақтау жүйесінің қателіктерін зерделеу және жақсарту бойынша шаралар қабылдауға байланысты ұсынымдар беру арқылы пациенттердің қауіпсіздігін арттыру екендігін атап айтады.
Әлемдік стандарттар бойынша құпия аудитті қолдану негізінде ҚР-да Медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың ұлттық жүйесін енгізу мақсатында инцидент (қалыпты жұмыс процесінен ауытқыған оқиға), құпия аудит(медициналық қателіктер жағдайларын жүйелі түрде мультитәртіптік аноним зерттеу) сияқты ұғымдар мен терминдерді заңнамамен бекіту қажет.
Денсаулық сақтау жүйесінде жүргізіліп жатқан цифрландыру шеіберінде медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың автоматтанған жүйесін енгізуді көздеу керек.
Медициналық қызметтің сапасын тұрақты арттыру медициналық қызметтің өнім берушілерінің денсаулық сақтау саласындағы сапа мен қауіпсіздіктің ұлттық стандарттарына сәйкестігі мәніне аккредиттеуді дамыту арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бүгінгі күні аккредиттеу жүйесі дамудың кезекті тармағында тұр. Аккредиттеу стандарттарын сақтаудың тұрақтылығын қолдау мақсатында аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуының барлық кезеңі ішінде аккредиттеуден кейінгі мониторинг (бұдан әрі – АКМ) жүргізелітен болады.
Сондай-ақ уәкілетті органға медициналық ұйымды аккредиттеуді жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтарды, денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу, сондай-ақ кәсіптік дайындықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растау құзыреті бекітіліп берілетін болады.
Медицналық көмектің сапасын бағалауға тартылатын филиалдармен тәуелсіз медицналық сарапшылар палатасын құру.
Медициналық көмектің сапасын басқару құралдарының бірі денсаулық сақтау жүйесі субъектілерінің қызметін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесінің субъектілері көрсететін медициналық көмек сапасының деңгейін бағалау тәуелсіз медициналық сараптама институты арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі қызметінің жекелеген көрсеткіштерін жақсартумен қатар кәсіптік медициналық қоғамдастық дәрігерлерге қатысты қозғалатын қылмыстық істердің өсіуіне алаңдаушылық танытады.
Қылмыс деп танымау заңнамасының қажеттілігі және медицияналық қызмет көрсету саласында орын алып отырған жағдай дәрігерлік кәсіптің беделін түсіреді және медицина мамандарының Қазақстан Республикасынан кетуі көбеюде, бұл өз кезегінде елімізде дәрігерлер мен мамандардың тапшылығын тудырады. Екінші тараптан, медициналық қоғамдастықтың пікірі бойынша құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің арнайы медициналық білімдерінің болмауына байланысты медициналық жағдайды дұрыс талқыламайды және медицина қызметкерлерінің кінәлілік дәрежесін дұрыс анықтамайды, бұл дәрігерлерді бостандығынан айыру және/немесе олардың кәсіптік қызметпен айналысуы құқығынан айыру түрінде қатаң жаза қодануға алып келеді.
Жоғарыда көрсетілген жағдайды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Сот-медицина сарапшылары палатасына ұқсас денсаулық сақтау саласындағы Тәуелсіз сарапшылар палатасын құру қажеттілігі туып отыр, мұнда денсауық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың қызметін рететейтін негізгі тетік көзделетін болады.
Палата міндетті түрде мүшелік ету негізінде денсаулық сақтау саласындағы барлық тәуелсіз сарапшыларды біріктіретін, тәуелсіз сарапшылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайтын комерциялық емес кәсіптік өзін өзі қаржыландырыатын ұйым болып табылады.
Палата қызметінің мәні Қазақстан Республикасының аумағында тәуелсіз медициналық сарапшылардың қызметін үйлестіру және ұйымдастыру болып табылады.
Палата Тәуелсіз сарапшылардың тізбесіне енгізілетін болады және оларды ұсыну бойынша тәртіп әзірленеді, сондай-ақ Палата сараптама бойынша барлық күрделі және даулы жағдайды қарайтын болады.
Палатаны құру тәуелсіз медицина сарапшылары институтын жетілдіруге және дамытуға, тәуелсіз сарапшылардың әлеуметтік, кәсіптік құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға, сондай-ақ медициналық сараптама сапасын және сараптама өндірісі кезінде тартылған тәуелсіз сарапшылардың оөлін арттыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет