Халық денсаулығына анықтамасын беріңіз Ситуациялық есеп


Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi



бет19/50
Дата20.02.2023
өлшемі151,67 Kb.
#69471
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
Õàëû? äåíñàóëû?ûíà àíû?òàìàñûí áåð³?³ç Ñèòóàöèÿëû? åñåï

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi - органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi, олардың басты мiндетi қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халықтың денсаулық жағдайына зиянды әсерiн болдырмау, анықтап, жойып отыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау жасау және кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, санитариялық заңдарды және Қазақстан Республикасы заңдарының адамның денсаулығын сақтауға қатысты бөлiгiн орындауын қадағалау арқылы жұқпалы және кәсiптiк аурулардың алдын алу болып табылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (Санитарно- эпидемиологическая служба) — санитариялық-профилактикалық және эпидемиологияға қарсы шараларды жасайтын және орындайтын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер жүйесі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы (бұдан әрі – реттелетін сала) талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау салаларында басшылықты, Комитеттің құзыретінің шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.

Міндеттері:

1) қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласында техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау мәселелері бойынша реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
2) халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік басқаруды іске асыру;
3) реттелетін саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру.




Функциялары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет