Салауатты өмір салты (СӨС)– адамның аурудың алдын алуға және денсаулықты нығайтуға бағытталған өмір салты. Медицина қаншалықты мінсіз әрі дамыған болса да, ол әр адамды барлық аурулардан сақтап, құтқара алмайды. Әр адам өз денсаулығының қалыптастырушысы және денінің сау болуы үшін күресуі керек.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру- бұл денсаулықты нығайтуға, табиғи жағдайларды оңтайлы пайдалануға бағытталған адамдардың белсенді өмірі түрінде қауіп факторларын жеңу жүйесін құру.
СӨС қалыптастыру принциптері:
саналы жеке өмір салты – салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дені шынықтыру, тамақтану, жеке гигиена, жыныстық мінез-құлық және т.б. қамтитын жеке өмір салтының болуы;
ғылыми сипат - медициналық-гигиеналық білімді насихаттау мазмұны ғылым мен практиканың қазіргі жағдайына сәйкес келуі;
жаппай қатысу - барлық медицина қызметкерлерінің гигиеналық оқыту, тәрбиелеу және СӨС қалыптастыру бойынша жұмысқа қатысу; басқа бөлімдер мен қоғамдық ұйымдардың мамандарын үгіт-насихат, ағарту және сауықтыру жұмыстарына тарту;
нақты әрі қол жетімді – СӨС жайында мазмұндау барысында түсініксіз медициналық терминдерден аулақ болу, сөздердің нақты, жарқын, анық түсінікті болуы;
мақсаттылық - негізгі бағыттың айқындығы, сондай-ақ халықтың әртүрлі топтарын ескере отырып саралануы;
оптимизм - аурулармен күресудегі сәтті мүмкіндіктерді, тіпті ауыр аурулардың алдын-алу туралы білімді насихаттау;
өзектілік - жұмыс бағытын таңдау барысында қазіргі уақытта өзекті болып табылатын проблемаларға сәйкес келуі.