Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі


Қыз ұзату. Қыз ұзату тойы 3-4 күнге созылып, ат-жарыс, күрес, қыз қуу және т.б. ұлттық ойын сауықтар өткізіледі. Келін түсіру



бет3/7
Дата24.05.2023
өлшемі23,92 Kb.
#96418
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
отбасы тәрбиесі

Қыз ұзату. Қыз ұзату тойы 3-4 күнге созылып, ат-жарыс, күрес, қыз қуу және т.б. ұлттық ойын сауықтар өткізіледі.

  • Келін түсіру. Ауыл әйелдері ұзатылып келе жатқан жас келіннің алдынан шығып, шашу шашады.

    Үйлену тойының ең жауапты кезеңі — қыз бен — жігіттің некесін қию.
    Дәстүрлі үйлену тойының сын сағаты шешуші сәті «ақ неке түні» деп аталады…
    «Шөлмек мың күнде сынбас, бір күнде сынады»
    «Төсектің тарлығы — тарлық,
    Көңілдің тарлығы — қорлық».
    «Тәні сұлу — сұлу емес,
    Жаны сұлу — сұлу».
    Отбасы — бұл әке мен ананың үлгілі өнегесі негізінде қалыптасады. Осы меселе Г.Н.Волковтың еңбегінде әке мен ана педагогакасы тұрғысында былайша сипатталады.
    «Әкенің миында — стратегия, ананың жүрегінде -тактика «.
    «Әкенің қолында — болат қашау, ананың қолында-күміс жонғыш».
    «Әкеде-тіс, шешеде-ерін».
    Ана  ұсақ жұмыстарда таптырмайтын жан, ол — жұмыс тек — ананікі. Сол істерден отбасының өмірі құралады, балалардың тағдыры да. Ананың даналығы — әкені ұсақ түйекке араластырмауы, оның зейінін тек ірі, ең басты, өмірлік қажет проблемаларға аударып отыруы. Парасатты ана әкені ұсақтыққа жібермейді. Ер жүректі бола тұра ана әкенің ролін төмендетпей, оны «жерлемей» — көтермелеп, қолпаштап отырады, оны ысырып тастап, ауыстырып алмайды.
    Ана — отбасының жүрегі, отбасының педагогикалық даналығының өзегі. Ол әкені де әлпештейді. Сонымен қатар, ол баланы, «әкең айтты» деп сендіреді.
    Әке баласына бір мезгіл өте байсалды ғибрат әңгіме айтуды елеусіз қалдырмауы керек. Алдына қарсы отырып, ұзақ уақыт өмір туралы, өзін-өзі қалай ұстау керек екендігі туралы әңгімелесуі қажет.
    Сонымен, қазақ халқында өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, ақ сүтін беріп, тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында сақтап, құрсақ тәрбиесінен бастап, әлпештеп, аялап өсірген ана алдындағы қарыз сезімі әр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі болып табылады.
    Қорыта келе «Қазақстан республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі қағидаларының бірі ретінде әке-ананың отбасындағы ролін қарастырған. Онда:
    Біріншіден, баланы кішкене кезінен анасының сүт ақысын өтеуге баулу, бүкіл қоғамда әйелге, анаға ерекше ілтипат қалыптастыру.
    Екіншіден, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігіи, тәрбиешілік мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру — деп жанұядағы ата-ана тәрбиесінің маңыздылығын айқындайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет