Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі


ІІ. Жанұя тәрбиесіндегі ана мен әкенің ролі



бет2/7
Дата24.05.2023
өлшемі23,92 Kb.
#96418
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
отбасы тәрбиесі

ІІ. Жанұя тәрбиесіндегі ана мен әкенің ролі.
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері баланың дүниеге келуімен байланысты туған.
Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі — бала.
«Бесіксіз үйде береке жоқ».
«Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар».
«Көп баласы бардың маздап жанған шамы бар»
«Бала — адамның бауыр еті».
Баланың өмірге келуіне байланысты көптеген әдет-ғұрыптар бар.

  1. Сүйінші жас нәресте дүниеге келген кезде үйден алыста жүрген отбасы ағайындардан қуанышты хабарды тез жеткізу үшін атқа мініп, түзде жүрген атасының немесе әкенің сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген. Сүйінші сұрай барған адам ұл бала болса «ат ұстатар», қыз бала болса «қырық жеті» деп хабарлаған.

  2. Балаға ат қою көбінесе молданы әкеп, азан шақырып ат қойғызған. «Қырықтың бірі-қыдыр» деп, құдайы қонаққа да «дуалы ауыз» деп ауылдың үлкеніне немесе отбасы мен әжесіне қойғызған.

  3. Бесікке бөлеу — бесік гигиеналық жағынан бала тәрбиесіне қолайлы. Біріншіден, көші-қон кезіңде түйеге артуға қолайлы, екіншіден баланы емізгенде, үшіншіден, бала жылы, әрі құрғақ жатады.

  4. Бесік тойы — бала қырқынан шыққан соң ауыл-аймақты жинап, атасы мен өжесі немесе екесі мен шешесі баланың бесікке салу тойын жасайды. Бесікке салу үрім-бұтағы өскен беделді қариялардың біріне тапсырылады.

  5. Тұсау кесу — бала қыз тұрып тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5м ала жіп немесе қойдың тоқ ішегі, қайшы немесе пышақ. Тұсауды ақылды, елгезек, шаруаға икемді, пысық әйелдердің біріне кестіреді.

  6. Атқа мінгізу тойы. Бала 4-5 жасқа келгенше әке-шешесі арнайы ат, ер тоқым даярлайды.

Ерді қайыңнан безінен шаптырып жатады. Мұны «ашамай ер» деп атайды. Ердің тебінгі, құйысқан, үзеңгілерін киіз бен былғарыдан, қайыстан, күмістетіп жасатады. Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады.

  1. Сүндет тойы. Сүндетке отырғызу 7-8 ғасырларға араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Ол мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Ер баланы 5-7 немесе 9 жасында отырғызған.

  2. Шежіре үйрету. Балаға 7-3 жасынан бастап, ағайын-туысын, жеті атасын, руын, тегін, ел-жұртын үйретугс ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар».

  3. Құда түсу. Қазақ халқының қоғамдық қарым-қатынастары қыз алысып, қыз берісіп, құда болу арқылы нығайтылып отырған. «Бесік құда», «Қарсы құда» т.б. Сізде лашын бар, бізде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға құда түсейін деп келдім.

  4. Ұрын келу. ілу тойы — бұл күйеу жігіттің қымбат кәделер мен жанына әнші, күйші, палуан, сал-сері жігіттер ертіп, қайын жұртына келуіне арналған той.



  5. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет