Айнымас адал жұбайың болсын — қаймықпай өтем десең өмірден. Сонымен қатар ер жігіттің жолына, басына дұшпан қасиеттері-жігіттің тоғыз жауы.
Басты жауы-жалқаулық, сорлататын жаныңды.
Осалдығың- аңқаулық, соқтыратын санынды.
Жасқаншақ — болсаң ұры алар, қоралап қойған малыңды.
Жалатқызбас жасықтық, аузыңдағы балыңды.
Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтарсың арынды.
Өсек терсең телмендеп, суға кетірер салыңды.
Көпірме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды.
Көрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды.
Біреуді алдап арбаумен, аша алмайсың бағыңды.
Бір жігіт бар — құр жан.
Бір жігіт бар — тірі жан.
Бір жігіт бар — жігіт жан.
Құр жігіт дейтін — жігіт кеудесіңде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді.
Тірі жан дейтін — бар тапқанын киіммен асқа сатар, жақын көрген досын жатқа сатар.
Қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып әркімді бір сықақ қылар.
Жігіт жан дейтін — сегіз қырлы бір сырлы болар.
ІҮ. Отбасындаіы қыз бала тәрбиесі Көнеден желісі үзілмеген халық ауыз әдебиеті мен жазба нұсқаларда бойжеткен қыздың келбеті -«сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім көзді, жайдары мінезді, алма мойын, ақша бетті, ақ тамақ, аршын төсті, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, ұзын кірткті, ақ білек, маржан тісті, қыр мұрынды» — деп суреттеген.
Әр замандарда: «Жақсы болсын тегі, заты, тұқымы, пәк, ұятты болсын жанның тұйығы» деген тілек білдірген.
Қыз аларда оның қасиеттерін былайша сынаған: