ажарлы. Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр қыз-шырайлы. «Болмасаң да, ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз»-деп ұлы Абай айтқандай қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Әлбетте, мұндай қасиеттер тәрбиенің негізінде қалыптасатыны сөзсіз.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінің бірі ретінде — қыз баланы тәрбиелеу басты мәселе етіп қойылған. Онда: «Қыздарды ұлдардың алдында иба сақтауға, оларды келешекте отбасының береке құтын сақтайтын әйел, келін, ана ретінде имандылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, жан сұлулығы мен тән сұлулығын жарасымды қасиеттеріне жастайынан бейімдеу, отбасына қажетті әйел өнеріне /ас пісіру, іс тігу, кесте тоқу, үй-ішін, өзін-өзі таза ұстау, үнемдеу, бала тәрбиелеу/ т.б. үйрету» — деп көрсеткен. Бұдан қыз өссе елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі»-дегендей қоғамға қыз баланы тәрбиелеп шығару — отбасының қоғамдық ұйымдардың және мектеп оқу-тәрбие процесінің біріккен жұмысының жемісі болып табылады.