Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі


ІІІ. Отбасындағы ер бала тәрбиесі



бет4/7
Дата24.05.2023
өлшемі23,92 Kb.
#96418
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
отбасы тәрбиесі

ІІІ. Отбасындағы ер бала тәрбиесі
Қазақ халқы ұл мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға — «жігіт сыны» деп аталады.
Ер жігіт қандай болуы керектігі туралы халықтың талғамына сай ұлттық түсініктер. М.Қозыбековтың еңбегінде былай бейнеленеді:

  • Кескін келбеті: «Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, торсық шекелі, қыр мұрынды, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қынай белді, қапсағай денелі, от ауызды, шешен тілді, темірдей саусақты, жау жүректі».

  • Қадір қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай әр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қобыландай сұсты, нардай төзімді, құландай алып, сауысқандай сақ, және аталған қасиеттеріне сәйкес: «Жігіт қыраны, жігіттің сұңқары, жігіттің арыстаны, жігіттің қобыланы, жігіттің жампозы, жігіттің сұлтаны» — деп айтады.

  • Қабілет икемі: «Көсем жігіт» — ел басқаратын жігіт. «Шешен жігіт» — дау шешетін тұлға. «Батыр жігіт» — еліне қамқор, жауына алаберен жігіт. «Сері жігіт» — аттың жүйрігін, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағында ойнап, ер қаруы — бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт«Жомарт жігіт» — дастарханы берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, «Палуан жігіт» — мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшықтың еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі.

«Үй жігіті» — үй шаруасымен айналысады. /ел танымай, үй танып/. «Түз жігіт» — тұз жұмысына мінсіз, үй жұмысына қырсыз.
Сонымен қатар, бабаларымыз ер жігіггің басынан «6 асыл қасиет», «3 асыл мінез» және «ажырамас 3 серік» табылуын талап еткен.
Алты асыл қасиеті:

  1. Зерде зейіні болсын / тылсым сырды ұғатын/.

  2. Өнер өрісі болсын /өмірден әперер сыбағасын/.

  3. Тапқырлық, талап, ерлігі болсын /дұшпанға найза сұға алатын/.

  4. Қайрат-қаруы болсын /қиындықта сыналатын/.

  5. Білімі болсын /биікке бастап шыға алатын/.

  6. Жігер күші болсын /аяқтан шалғанда жыға алатын/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет