Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет25/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38

Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы
педагогика ғылымдарының кандидаты
Қазақ-Орыс халықаралық университетінің профессоры, adk7575@mail.ru, Ақтөбе қаласы
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ 
ЖАСТАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
Түйін.  Аталған  мақалада  түркі  халықтары-
ның  тағылымдық  мұралары  негізінде  жастарға 
патриотттық  тәрбие  проблемасы  қарастыры-
лады.  Түркі  халықтарының  тәлімдік  мұралары 
– арнайы ғылыми зерттеуге бағытталған мазмұ-
ны кең, мағынасы зор тарихи сабақтастықтағы 
тәрбие құралы болып табылады. Автор байырғы 
түркілердің жастардың бойында отансүйгіштік 
тәрбиені қалыптастыру мәселелеріне талдау жа-
сайды.
Резюме.  В  данной  статье  рассматривается 
проблема  патриотического  воспитания  молоде-
жи в назидательных наследиях тюркских народов. 
Назидательные  наследия  тюркских  народов,  на-
правленные  на  специальное  исследование  в  исто-
рической  преемственности  являются  средством 
воспитания  широкого  содержания  и  глубокого 
смысла. Автор анализирует вопросы формирова-
ния патриотического воспитания молодежи в на-
следиях тюркских народов. 
Summary.  In given clause the problem of patriotic 
education  of  youth  in  instructive  heritages    of  the 
Turkish  peoples  is  considered.  Edifying  heritage  of 
Turkic peoples, aimed at a special study in the historic 
continuity of a means of education and broad content 
of deep meaning. The author analyzes the problems of 
forming the patriotic education of young people in the 
heritage of the Turkic peoples. 
Түркі халықтарының тәлімдік тәжірибе баста-
улары – түркілік өркениет пен рухани өміршеңді-
гінің көзі, ол түркілік бауырмалдық рухқа айнала 
отырып, онымен мәңгі бірлікте өмір сүретін этни-
калық тағылымдар жүйесі болып табылады. Түр-
кілік тәлім-тәрбие әрбір дәуірдің заманауи қажет-
тіліктерінен,  қоғамдық  даму  заңдылықтарынан 
туындайды. Қоғам – барынша тұрақты болғанмен, 
әрбір кезең үшін белгілі бір мақсат қояды, оны ше-
шуге  ұмтылады,  сәйкесінше  келесі  дәуірге  жаңа 
ұмтылыстар  түзеді.  Яғни  ол  тәрбие  қағидалары 
мәңгі,  тылсым  болғандықтан,  халқымыздың  «өт-
кені-қазіргісі-болашағы»  үшін  құрылатындықтан, 
түркілік  тәлімдік  тәжірибеде  отансүйгіштік  тәр-
бие  қағидаларын  жеке  мақсаттардан  жоғары  қо-
ятындықтан,  әлеуметтік  ерекшелік  өкілдерінің 
бәрін қамтитындықтан т.б. барынша асқақ болып 
табылады.  Түркілік  тағылымдар  –  мәңгі  сақта-
луы  мен  насихатталуы  және  мойындалуы  үшін 
қажетті  педагогикалық  шарт  болмақ.  Сондықтан 
отансүйгіштік  тәрбие  өздігінен  оқшау,  абстрак-
тылы, ешкімге қатыссыз көзқарастар тізбегі емес, 
халқымен  бірге  шынайы  өмір  сүретін,  олардың 
таным-түйсігі  мен  өмірлік  қағидаларының,  бола-
шақ көзқарастарының жалпы негіздерін құрайды. 
Осы  тұжырымдамалар  өскелең  ұрпақ  пен  әрбір 
Қазақстан  азаматының  бойына  отансүйгіштік  са-
на-сезім түрде сіңіріліп отырады, сәйкесінше түр-
кілік тәлім-тәрбиені іске асырудың құралы болып 
табылады.    Осыған  сәйкес  түркі  халықтарының 
тәлімдік тәжірибесінде жастарды отансүйгіштікке 
тәрбиелеудегі далалық өркениеттік өнегелерді са-
насына  сіңірудің  бағытын  құрайды.  Бұл  түркілік 
тәлім-тәрбие  субьектісі,  демек  сол  этнос  өкілінің 
биологиялық-генетикалық  жалғасқан  мирасқор-
лығына  байланысты  туындайды.  Осы  түркілік 
дәстүршілдік құбылысы ұрпақтар бойында жалға-
сын  тауып,  тәрбиелік  қағидамен  құрылады.  Бұл 
– оның табиғи түрде сақталуы мен өмір сүруінің 
негізі. Демек, этнос – эволюция заңдылығы бола-
тын болса, оның рухани негізі халықтық тәлімдік 
тәжірибелер болып табылады. 
Түркілік  тағылымдардың  сан  мыңдаған  жыл-
дарға  созылған  тұғырнамасы  оның  мәңгілігі 
мен  түркілік  рух  түрінде  көріне  алатындығын 
бағамдайды. Сонымен қатар қазақ халқы тарихы-
ның  өн  бойына  үңілген  сайын  ондағы  отансүй-
гіштік тәрбиені қалыптастыру мен ұрпақтарының 
бойына  сіңіру  дәстүрлерін  де  бағамдауымызға 
болады.  Сонымен  еліміздегі  түркілік  болмыс  пен 
түркілік  рухтың  бүгінгі  көрінісіне  тоқталар  бол-
сақ,  қазіргі  Қазақстанның  жетістіктерімен  қатар 
«сан мыңдаған жылдар бойы әлемдік деңгейде сая-
си-әлеуметтік беделі мен мәдени-рухани мәртебесі 
биік  дәрежеде  болған  түркілер  бізге  қалдырған 
түркілік тәлім-тәрбие мұралары болып табылады.
Алдымен  қазіргі  заманғы  қазақ  зиялылары 
арасындағы түркі халықтарының тәлімдік тәжіри-
бесі  мен  ерлік  дәстүрлер  туралы  түсініктемелері-
не  шолу  жасасақ,  профессор  А.Айталы  тұжы-
рымдағандай:  «Ұлттың  рухани  мұралары  мен 
дәстүрлерін, қаһармандық ерлік салтын қастерлеу 
– ұлттық мүдденің басты көзі болады, оның дүни-
ежүзілік өркениеттер арасындағы  өзіндік дербесті-
гін нығайтады» [1, 81 б]. Шындығында, бұл пікірді 
қуаттай отыра, біз оның ұлттық рухани мұраларды 
орнықтырудағы  тарихи-ретроспективті  функция-
сы екендігіне көз жеткіземіз. Ғ.Есім ұлттық рухани 
мұралардың  философиялық-әлеуметтік  тұрғыдан 
жалпы бағдарларын ұсынуда оның  тұжырымдама-
лық ұғымдарын сараптайды: «...ұлттың жаңғыруы 
– Қазақ Ренессансы, Қазақ елінің мәңгілігі» [2, 50-
88 бб.]. Аталған ой тұжырымдарға сәйкес, түркілік 

157
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
тәлім-тәрбиенің қазақтардың төл дүниетанымында 
қалыптасуының  Асан Қайғыдан бастауға болады, 
оның  «Жерұйық»  романтизмін  халықтың  жақсы, 
бақытты өмір сүруін армандаған алғашқы тарихи 
формасы  деп  ұғындырады  [3,  65  б.].  Бұл  жерде 
«Неліктен Асан Қайғыны атап айту керек, өзге де 
тұлғаларды неге елеусіз қалдыруға болады, ол қа-
лай ұйтқы болып табылады» деген сияқты сауал-
дар  туындайды.  Себебі,  Асан  Қайғыны  түбегейлі 
түсіндіру – түркілік мұрат-мақсаттарды аша түсу-
дің басты қырларының бірі.  Сондықтан, біздіңше, 
Асан  Қайғы  ілімдерінің  оптимистік  (Жерұйық) 
парасаты  мен    пессимистік  (Ақыр  заман)  сарын-
дарындағы нақты көрінісін былай ашып көрсету-
ге  болады.  Оның  бүкіл  қазақ  сахарасын  шарлауы 
жөніндегі  аңыз  баршамызға  аян,  бұл  құбылыс 
қана, ал «оның мәні неде, ол неге ел кезіп жүр?» 
деген сауал туындайды:  
•  «Дүниені  кезушілік»  қазақ  халқының  ұлт 
ретінде қалыптасуы үшін  территориясын белгіле-
удің символдық және шынайы көрінісі; 
• «Менің елімнің жері» деген кең даласына, ата-
мекеніне  сүйіспеншілік  қатынас  орнықтыру  және 
оны кейінгі ұрпақтарға жария ету;
Сайын  далада,  осы  территорияда  емін-еркін 
өмір сүрудің айқын үлгісі «Жерұйық» – символдық 
кеңістігі, аңыз бойынша Асан Қайғы оны таба ал-
майды, әрі тапқандай болады. Демек, «Жерұйық» 
–  әрбір  азаматтың  туған  жері,  Отаны  мен  туған 
елі болып табылады» деген отансүйгіштік сезімін 
келешек  түркі  ұрпақтарына  паш  етеді,  мәңгілік 
канон ретіндегі қағидаға айналдырады. Ал келесі 
«Қазақ елінің мәңгілігі» деген түсінік мұраттар не-
гізінде құрылған пафостық түрде перспективтілік-
тің шынайы болашақ қуаттылық деңгейін ашады. 
Яғни мұнда шабыт пен жігердің, белсенділік пен 
ұмтылыстың стратегиясында жатыр. Бұл паралле-
лизмнен:  «Жерұйықты» (өз Отанын) қастерлеу – 
Қазақ елінің мәңгілігінің сақталуының кепілі» де-
ген тұжырымдама негізге алынады. Яғни тарихтың 
жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгінгінің талабын та-
рихта кеткен қателіктерден арыла отырып қанағат-
тандыру,  келешекке  халық  тарихының  тәлімдік 
тәжірибесі арқылы үңілу болып табылады. 
Тарихи-жүйелілік ұстаным бойынша, түркі ха-
лықтарының  тәлімдік  тәжірибесінің  педагогика 
тарихындағы тәрбиелік қағидалардың  бір-бірімен 
байланыстылығы және тарихи-шығу тектік  шарт-
тарының  бірі  –  жауынгерлік  идеология:  соғыс 
өнері, эпостық тұлға, елін қорғау т.б. модустарды 
біріктіреді. Белгілі ғалым А.Сейдімбектің пікірін-
ше:  «Түркілік  тұтастық  пен  тәлім-тәрбие,  яғни 
сол  мәндегі    түркілік  дәстүрдің  өзара  шендескен 
бастауларынан    нәр  алуға  тиіс.  Біріншісі  –  қазақ 
халқының  тарихи  тағдыры  қалыптастырған  мей-
ірім, шапағат, парасат, жарасым, бақыт туралы ар-
ман-мұраты (идеалы). Яғни кең мағынасында, он-
дай идеалдың түркілік мәдениет пен өнер, тіл мен 
діл, салт пен дәстүр түріндегі өмірлік көріністері. 
Екіншісі – бүгінгі тарихи кезең аясындағы нақты 
бастан кешіп отырған ахуал», - деп келтіреді [4]. 
Осылай  біз  негізгі  ұстанымдардың  біріне  тәр-
биелік мәндік ұстанымға құрылған түркі халықта-
рының тәлімдік тәжірибесі тұлғаны отансүйгіштік-
ке тәрбиелеуде қоғамда мынадай басты қызметтер 
атқарады:  түркі  халықтарының  тұтастығы,  оның 
өркендеуі, тәуелсіздікті сақтау, түркілік ерлік, ба-
тырлық  құндылықтарды  бағалау,  отансүйгіштікті 
нығайту, түркі халықтарының салт-дәстүрлеріндегі 
отансүйгіштік өнегелер т.б болып табылады. Яғни 
сол  этностың  тағдыры  мен  болашағына  алаңдап, 
оның жаңғыруы мен рухының асқақ болуына негіз-
деледі. Түркі халықтарының өмір сүруі мен сақта-
луының кепілі – оның тұтастығы мен ішкі бірлігі, 
ынтымақтастығы мен бірігуі болып табылады. Бұл 
қағиданы халқымыздың тарихы мен өткенінің өн 
бойына сіңірілгендігі арқылы тануға болады. Яғни 
этностың өркендеуі мен тәуелсіздікті сақтау қағи-
дасы сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқы-
ның арман-мұраттары болып табылады. Ілгерілеу, 
өркендеу  рухани-әлеуметтік,  экономикалық-саяси 
салаларды тұтас қамтитын этномодернизацияның 
басты шарты болса, «тәуелсіздік» сақтауды, нығай-
туды,  құрметтеуді  қажет  ететін  отансүйгіштік 
феномен  болып  табылады.  Яғни  халқымыздың 
өркендеу стратегиясын, мемлекетіміздің дербесті-
гінің рухани және экономикалық тұрғыдан   нығая 
түсуін басшылыққа алуымыз тиіс. Сондай-ақ ұлт-
тық  «Мен»  феномені  оның  субьектілерінің,  яғни 
әрбір түркі халықтарының әрбір азаматының «Мен 
– Тұжырымдамасының» тұтастығынан құралатын 
әлеуметтік-психологиялық  құбылыс  болып  табы-
лады.  Яғни  тұлғаның  өзіндік  санасы  –  халықтың 
өзін-өзі  қайтадан  тануы,  өзін-өзі  сынау,  өзін-өзі 
жетілдіру  т.б.  құрылымдарды  кеңінен  қамтитын 
«Этностық-Менге»  жинақталады.  Мәселен,  отар-
шылдық,  құлдық  психологияның  қалдықтарынан 
құтылу,  өзінің    өткеніне  қайта  үңіліп,  шынайы 
тарихты  жасау  өзін-өзі  танудың  бастапқы  қағи-
даларын  жүзеге  асыру  болмақ.  Демек,  «Этно-
стық-Менді»  зерделеуді тереңдету, осыған сәйкес 
теориялық-практикалық іс-шараларды нығайту қа-
жеттігі  туындайды.  Ол  үшін  білім  беру  саласына 
психологиядағы  «Өзін-өзі  тану»  курсын  «ұлттың 
өзін  тану»  бағдарламасына  дейін  кеңейту,  этно-
педагогика  курстарын  модернизациялау,  тарих, 
әдебиет, тіл білімі, философия т.б. қоғамдық пән-
дерді оқытуда отансүйгіштік тәрбиені қалыптасты-
ру механизмдеріне жете көңіл бөлу қажет. Демек, 
түркі мэтаэтносы жай ғана кеңістік пен мәдениет 
арқылы  біріккен  адамдар  тобы  ғана  емес,  табиғи 
генетикалық  туыстық,  психологиялық  түркілік 
рух  тұтастығы,  менталитет  пен  дүниетанымның 
өзгеше түрі арқылы ұйысатын органикалық бүтін-
дік деп қарастыруымыз қажет.  Бұл этностық сәй-
кестікті қамтамасыз етудің басты шарты болып та-

158
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
былады. Сонымен қатар, саяси ортадағы лидерлік 
мәселесі де Қазақстан аумағындағы түркілік өрке-
ниеттік көріністердің белгілері болатын. Түркіор-
талықтық кезең байырғы ата-бабаларымыздың тек 
қана саяси ғана емес, мәдени-өркениеттілік арена-
дағы лидерлігін қамтамасыз етті. Себебі Қазақстан 
тарихы көрсеткендей, түркілер орталығы «Тұран» 
эпицентріне  айналуы  мүмкін.  Демек,  қазіргі  за-
мандағы бірігу үдерісінде де, еліміздің эпицентр-
лік  қызмет  атқаруына  тарихи-табиғи  алғышарт-
тары  мен  тұтас  өзіндік  сана  бойынша  тәжірибесі 
бар деп байыптауымызға болады. Яғни түркіліктің 
орнықты  сақталуы  мен  дәйектелуі  үшін  қажет-
ті қуат көзі – түркілік рух болып табылатындығы 
және  оны  ұрпақтарымыздың  бойына  ғылыми-те-
ориялық  әдіснамалар  бойынша  сіңіріп  отыру  қа-
жеттілігі  зор.  Бұл  үдеріс  Қазақстан  мемлекетінің 
перспективасы  мен  прогностикасының  жобасын 
құруды  қамтамасыз  етеді.  Басты  мәселе  –  бола-
шақ мемлекеттігіміз туралы болса, осыған сәйкес 
құрылған  түркілік  мұралардағы  отансүйгіштік 
тәрбиенің  маңызды  буын  екендігі  сөзсіз.  Демек, 
қазіргі ұрпақтарымыздың әрбіреуінің жеке өміріне 
қатысты болашағы – мемлекеттің болашағы және 
керісінше  болатын  болса,  индивидуалды  сәтті 
болашақ  Қазақстан  мемлекетінің  перспективасы 
болып  табылатындығын  үнемі  ескеруіміз  қажет. 
Олай болса, түркі халықтарының тәлімдік тәжіри-
бесінің  қыры  біріктіретін  ұрпақтар  сабақтастығы 
қағидасы  да  халқымыздың  дүниетанымы  мен  өр-
кендеуінің  басты  талабы  болған.  Осыған  сәйкес 
туындайтын генетикалық тұтастық пен тазалыққа 
айрықша  мән  берген  халқымыз  «жеті  атаға  дейін 
қыз  алыспауға»  және  өзге  діни  өкілдерінің  наси-
хат  жүргізуіне  тиым  салуларды  қатаң  бақылаған. 
Себебі  этносты  сақтаудың  басты  мақсаты  оның 
мәңгілігі  мен  жасампаздығы  болып  табылады. 
Сондықтан  рух  дифференциациясына  құрылған 
шежіренама бұл тұста жағымды және маңызды фе-
номен  болып  табылады.  Бұл  қағидалар  этностың 
мәңгілік  қағидалары  болғандықтан  бүгінгі  таңда 
да сақталуы тиіс тәлімгерлік маңызы бар нормалар 
болып табылады. 
Демек,  түркілік  рух  пен  рухтану  құбылыста-
ры  бір  ұғым  емес,  түркілік  рух  психо-әлеуметтік 
құндылықтарының  элементі.  Дегенмен,  рухтану 
үдерісі этностық рухтан туындайды, психофизио-
логиялық түрде «бөлініп шығады» деп көрсетуміз-
ге  болады.  Этностық  рух  –  құбылыс,  ал  рухтану 
– үдеріс, демек, этностық рух рухтанудың психо-
энергиялық ядросы болса, рухтану ұлттық рухтың 
нәтижесі мен өмір сүретіндігінің шынайы көрінісі. 
Бұл  құбылыстардың    жалпы  тарихи-танымдық 
көрінісін  былайша  бейнелеуге  болады.  Соғысқа 
шығар алдында болатын сөз сайысы – бұл дәстүрлі 
эпикалық локус. Осыған қарап батырлар жырында 
магияның  нышаны  көзделгендігін  байқауға  және 
анықтауға  болады.  Белгілі  түркітанушы  Л.Н.Гу-
милев  өз  еңбектерінде:  «Түркілерде  сөздің  күші 
ақиқатты, шынайы күш болып есептеледі, оларда 
сөзбен  ел  мәселелерін  шешіп  отырған»,  -  деп  те-
гін айтпаса керек [5, 41 б.]. Демек, ел арасындағы 
бітімгерлік мәселер ел билеушілер мен халық ара-
сында шешіліп отырған. 
Жоғарыда көрсетілгендей, түркі халықтарының 
тәлімдік тәжірибесінің негізгі міндеттері мен мақ-
саттары үш құрылымды басшылыққа алады. Бірін-
шісі,  этноретроспективтік  сипатта,  яғни  өткенге 
қайта  оралу,  ұмытылған  және  ұмытылып  бара 
жатқан  дәстүрлі  түркілік  құндылықтарды  қайта 
жаңғырту,  тарихилық  пен  дәстүршілдік  қағида-
ларға  сүйену.  Бұл  –  бүгінгі  таңдағы  жаңалық  не-
месе  консерваторлық  емес,  әлемдегі  кез-келген 
дәстүрлі  мемлекеттердің,  өркениетті  дамудың  ба-
сты  тұғырларының  бірі.  Екіншісі,  перспективтік 
позиция  ретроспекция  арқылы  ашылады.  Өткен-
нен сабақ – болашаққа мақсат қағидасы өткен мен 
болашақтың  диалектикасын  басшылыққа  алады,  
себебі тек қана өткенге ұмтылуды негіздеуге бол-
майды,  қазіргі  өркениеттілік  талаптары  мен  мем-
лекет болашағының жаңа модельдерін құру стра-
тегиясы  еліміздің  келешек  тағдырының  жобасы 
болып  табылмақ.  Бұл  –  түркілік  тәлім-тәрбиенің 
жасампаздығы мен өміршеңдігінің көрінісі әрі то-
лық мазмұны бағытын құрайды. Үшіншісі, этноин-
троспективтік қағида, сәйкесінше этностың өзіндік 
сананы  қайта  жаңғыртып,  өзін-өзі  тану  мен  өзін 
бағдарлауды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде эт-
ноидентификацияға алып келеді. Яғни жеке адамға 
арналған «Мен» тұжырымдамасы тұтас саяси-әле-
уметтік  мәселе  болумен  қатар,  мемлекетіміздегі 
әрбір  жастарды  толғандыратын  жауапкершіліктер 
жүктейді.  Сондықтан  оның  педагогикалық  қыры 
қоғамдық  ортадағы  бәсекелестік  алаңына  түсу 
сәтінің туғандығын әрбір ұрпақтарымыздың сана-
сына сіңіру, әлемдік бәсекелестікке дайын азамат 
қалыптастыру міндеті тұр деген сөз. Бұл – жастар-
дың  жан-жақты  болуын  талап  ететін  табиғи-эво-
люциялық заңдылық: білім мен іскерлік, адамгер-
шілік пен ізгілік, қабілеттілік пен шығармашылық 
т.б. білім беру мен тәрбиелеудің мазмұнындағы ба-
сты қағидалар болуы шарт. Түркілік  тағылымдар-
дың негізі - оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен 
мәдениетіне, отансүйгіштік құндылықтарына жеке 
қатынасын,  өзіндік  бағасын,  түйсінуін,  қуаттап, 
қолдауын пайымдайтын отансүйгіштік сезім  көр-
сеткіші болып табылады.
Түркі халықтарының тәлімдік тәжірибесіне тән 
халықтық рухани-мәдени және отансүйгіштік құн-
дылықтарын  сақтай  отырып,  түркілік  өркениет-
тердің ілгері дамуын, өмір сүруін қамтамасыз етуді 
көздейтін  негізгі  нысаналы  ортақ  мақсаты.  Түркі 
халықтарының тәлімдік тәжірибесі – елдің тұрақты 
өркендеуінің,  мемлекеттігінің  нығаюының  басты 
кепілі  болып  табылады.  Сол  себепті  де  түркілік 
дәстүрлерді  жетілдіру  қоғам  мүшелерінің  бәріне 

159
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
бірдей ортақ қажеттілікке айналады. Осыған сәй-
кес «этнопсихологиялық сәйкестіктің құрылымына 
индивидтің  түркілік  мінез-құлық  ерекшеліктерін 
бойына сіңіруі, түркілік ұстанымдарды түсініп әре-
кет етуі, өзіндік санасының жоғарылығы, түркілік 
дәстүрлерді,  әдет-ғұрыптарды  сақтауы,  сонымен 
қоса  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  меңгере 
отырып, өзге елдің өркениетті азаматымен өз ұл-
тының өкілі ретінде тең дәрежеде қатынас жасай 
алуы жатады» [6, 12 б.] деген тұжырым қоғамдық 
ғылымдардың  осы  ұстанымдағы  ортақ  қағидала-
рын  тоғыстырады.  Сондықтан  ұрпақтарымыздың 
бойына  осындай  этнопсихологиямен  қатар,  түр-
кілік ұстанымдарды сіңіре отырып, отансүйгіштік-
ке тәрбиелеудің бірлігі арқылы болашақ Қазақстан 
азаматының бағалы адам ресурсына қол жеткізуге 
мүмкіндік береді.
Олай  болса,  біздің  пікірімізше,  түркілік  ұста-
нымдар  дегеніміз  –  түркі  халықтарының  жалпы 
бағдары мен мақсаттарының, түпкі ниеті және түр-
кілік отансүйгіштік құндылықтар негіздерін сақтау 
мен өркендетуге бағытталған перспективті көзқа-
растар. Яғни қазіргі заманғы түркілік ұстанымдар-
ды тәуелсіздігімізді нығайту, өркениеттік деңгейде 
мемлекеттің  өз  орнын  айшықтауы,  отансүйгіштік 
пен ізгілікті жандандыру мен өркендету т.б. қағи-
даларынан құралады. 
Әдебиеттер:
1. Айталы А. Ұлттану /Оқу құралы. – Алматы: 
«Арыс», 2000. – 237 б. 
2. Есім  Ғ. Қазақ Ренессансы. – Алматы: «Қа-
зақ университеті», 2006. – 198 б.
3.  Есім    Ғ.  Қазақ  философиясының  тарихы  /
Оқулық. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. 
– 216 б.
4. Сейдімбек А. Ұлттық идея // Қазақ әдебиеті. 
– 2003. – 15 тамыз.
5.  Гумилев  Л.Н.  Көне  түріктер  /Аударған 
Ә.Жұмабаев, П.Бисенов.– Алматы: «Білім», 1994. 
– 480 б.
6.  Кенжебаев  Б.  Түрік  қағанатынан  бүгін-
ге  дейін...  /Құрастырып,  алғысөзін  жазған  фи-
лол.ғ.д.,  профессор  Қ.Ергөбек.  –  Алматы:  «Ана 
тілі», 2004. – 344 б.

160
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
УДК 378.574
Абдуллаева Перизат Тұрарқызы
әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университеті, философия және саясаттану факультеті
педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының «Педагогика және психология» 
мамандығының 2 курс докторанты, abdullaeva_perizat@mail.ru
Жұмабекова Қырмызы Бақытқалиқызы
 әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университеті, философия және саясаттану факультеті, 
педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының  аға оқытушысы, kirmizi2007@mail.ru
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА 
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Түйін.  Педагог-психологтың  диагностикалық 
құзыреттілігі – білім беру үдерісінің барлық дең-
гейлеріндегі  кәсіби  даярлықтың  өзекті  мәселесі 
болып табылады. Мақалада болашақ педагог-пси-
хологтардың диагностикалық құзыреттілік мәсе-
лелері  қарастырылған.  Мақалада  құзыреттілік 
пен  білім  беруге  құзыреттілік  тұрғыдан  келу 
мәселелерімен қатар, білім беру аймағында түр-
лі  мамандарды  (мұғалімнен  бастап,  әлеуметтік 
педагогқа  дейін)  даярлау  аспектісіндегі  «диагно-
стикалық  құзыреттілік»  түсінігі  қарастырыла-
ды.  Сондай-ақ  болашақ  педагог-психологтардың 
диагностикалық құзыреттіліктерін дамыту бой-
ынша тәжірибелік-эксперименталды жұмыстар-
дың бастапқы деңгейлері сипатталады.
 Кілттік сөздер: құзыреттілік, құзырет, диа-
гностикалық құзыреттілік, педагогикалық іс-әре-
кет, диагностика, педагог-психолог.
Резюме. Диагностическая компетентность пе-
дагога-психолога является актуальной проблемой 
в профессиональнойподготовке на всех этапах об-
разовательного процесса. Рассмотрены проблемы 
диагностической компетентностибудущего педа-
гога-психолога.
В  статье  наряду  с  проблемой  компетентно-
сти и компетентностного подхода в образовании 
рассматривается понятие «диагностическая ком-
петентность» в аспекте подготовки к ней различ-
ных специалистов сферы образования: от учителя 
до социального педагога. Также описываются на-
чальные этапы опытно-экспериментальной рабо-
ты по изучению и развитию диагностической ком-
петентности будущих-педагогов-психологов.
Ключевые  слова:  компетенция,  компетент-
ность, диагностическая компетентность, педаго-
гическаядеятельность, диагностика, педагог-пси-
холог.
Summary.  Diagnostic  competence  of  the 
teacher-psychologist  is  an  important  problem  in 
professionalcolortable at all stages of the educational 
process.  Considers  the  problems  of  diagnostic 
kompetentnostnogo psychologist. 
The  article  along  with  the  issue  of  competence 
and competence approach in education discusses the 
concept  of  «diagnostic  competence»  in  the  aspect 
of  preparation  of  different  specialists  in  the  sphere 
of  education:  from  teacher  to  social  worker.  Also 
describes the initial stages of the experimental work for 
the study and development of diagnostic competence 
of future teachers-psychologists.
Key  words:  competence,  competence  diagnostic 
competence,  pedagogicaleducational,  diagnostic, 
teacher-psychologist.
Кіріспе. Мамандарды білім беру аймағына да-
ярлаудың  бүгінгі  жағдайы  педагог-психологтың 
кәсіби  құзыреттілік  деңгейінің  жоғары  дәрежеде 
болуын  көздейді.  Мектеп  психологы,  білім  беру 
аймағындағы  психолог,  педагог-психолог  –  бұл 
педагогикалық  әрекеттің  белсенді  субъектілері 
болып табылады, олар инновациялық педагогика-
лық-психологиялық  технологиялар  мен  адам  ту-
ралы ғылымдардың жаңа жетістіктерін меңгерген 
шығармашыл тұлға болулары тиіс, олар тек психо-
лог болып қана қоймай, сонымен қатар, кәсіби диа-
гностикалық құзыреттілікті қалыптастырған, әрбір 
баланың тұлғалық дамуына бағытталған кәсіби пе-
дагог болулары тиіс. 
Педагогикалық  мамандықтарда  білім  алатын 
студенттердің  диагностикалық  құзыреттіліктерін 
қалыптастыру  мәселелері  күрделі,  әрі  көп  аспек-
тілі.  Бұл  мәселе  төңірегінде  В.А.  Болотов,  И.А. 
Зимняя, А.К. Маркова, Л.М. Митина, Ю.А. Петро-
ва, Дж. Равен, И.Д. Фрумкин, В.Д. Шадриков және 
т.б.ғалымдардың  ғылыми  еңбектерінде  тереңірек 
қарастырылған.  Өз  кезегінде  А.Т.  Глазунов,  Э.Ф. 
Зеер, Е.Е. Ефимова, Н.В. Иванова, И.В. Назарова, 
А.В.  Хуторский,  С.Е.  Шишов  т.б.  ғалымдар  өз-
дерінің  ғылыми-зерттеу  еңбектерінде  «құзырет-
тілік» пен «құзырет» ұғымдарына баса назар ауда-
рады. 
Негізгі  бөлім.  С.И.  Ожегов  бойынша  құзырет 
«кез  келген  білім  беру  мекемелеріне  немесе  қыз-
меттегі адамға заңды немесе нормативтік актілер-
мен  берілетін  міндеттер  мен  құқық,  өкілеттік» 
деп  қарастырылады.    Біздің  ойымызша,  құзырет-
тіліксубъекттің қабілеттері мен біліктілігінің сәй-
кестігімен түсіндірілетінаса кең мағынаны береді. 

161
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Зерттеуші  С.  Гончаров  құзыреттілік  бұл  маман-
ның,  соның  ішінде  әлеуметтік  педагогтың  кәсіби 
іс-әрекетінде мағызды мәнге ие екендігін көрсетті. 
Сондықтан  кәсіби  құзыреттілік  маманның  кәсіби 
және  қызметтегі  міндеттері  мен  құқықтарының 
білім,  білік,  қабілеттерімен  сәйкес  келуі  дегенді 
білдіреді[1].
Бұл  ұғымдар  диагностикалық  құзыреттіліктің 
негізін  құрайды.  Диагностикалық  құзыреттілік 
әлеуметтік  педагогтың  педагогикалық  іс-әре-
кетінің  тиімділігіне  байланысты  оқу  және  тәрбие 
жұмыстарында маңызды орын алады 
.
Диагностикалық  құзыреттіліктің  дамуы  мен 
қалыптасу  өзектілігі  педагог-психологтың  кәсі-
би іс-әрекетін жаңаша ұғыну мен оқу міндеттерін 
кәсіби шешуді, заманауи білім беру принциптерін 
жүзеге асыруда (мектептің демократизациялануы, 
білім  берудің  гуманитаризациясы,  гуманизация) 
белсенді  араласуын    талап  етеді.  О.Н.  Дорофее-
ваның  пікірінше, педагогтар қазіргі білім берудің 
мақсаты  мен  міндеттері  контектінде  өз  іс-әрекет-
терін ұғыну арқылы, білім берудің диагностикалық 
жағы олардың кәсібіндегі ажырамас бөлігі екенді-
гін мойындайды, сонымен қатар оны жүзеге асы-
руға  педагогикалық  ғылымдар  аймағында  білім, 
біліктердің жетіспеушілігін аңғарады [2. с.14].
Білім беру үдерісі білім беру үдерісін құратын 
білімдендіру  әрекеттерінің  сапасын  бақылау    құ-
зыреттілігі  тұрғысынан  құрылады.    Қазіргі  таңда 
білім  беру  іс-әрекеттерінің  сапасын  бағалау  кәсі-
би  құзыреттіліктің  қалыптасуы  ретінде  қарасты-
рылады.  Қазіргі  білім  беру  сапасын  қамтамасыз 
ету  өзіндік  еркінділіктің,  жеке  жауапкершіліктің, 
тұлғаның өзіндік сапасы мен қабілеттерінің, оқуға 
деген  ынтасы  мен  біліктерінің,  заманауы  эконо-
микалық  жағдайларда  тиімді  еңбектену,  әрекет 
жасау  қабілеттерінің  дамуына  бағытталуы  тиіс. 
Құзыреттілік  педагогтың  өз  еркімен  және  жауап-
кершілікпен әрекет жасау қабілеттерін анықтайды. 
Педагог-психолог  –  бұл  балалардың  әлеуметтік 
бейімделуін, олардың мінез-құлықтарын, психоло-
гиялық дамуын қадағалайтын, арнайы және жалпы 
теориялық  білім  кешенін  еркін  меңгерген,белгілі 
бір  қабілеттерді  игерген  білім  беру  мекемесінің 
білікті  маманы.  Оның  жоғары  кәсібилігі  өзін-өзі 
үнемі  дамыту  және  өзіндік  жүзеге  асыру  талап-
тарымен,  құзыреттілік  танытуға  дайындығымен, 
білімнің  мобильділігімен,  ойлаудың  ұшқыр-
лығымен,  шығармашылық  қабілеттерімен  сәйкес 
болуы тиіс. 
Педагог-психологтың  кәсіби  құзыреттілігінің 
негізін  құрайтын  диагностика  болып  табылады. 
Зерттеу жұмыстарына сәйкес, диагностикалық құ-
зыреттілік  болашақ  педагог-психологтардың  диа-
гностикалық,психологиялық-педагогикалық білім, 
біліктердің меңгерілуі ретінде қарастырылады.  
Психологиялық-педагогикалық  пәндер  кәсіби 
құзыреттіліктердің  қалыптасуына  зор  мүмкіндік 
береді,  себебі  педагог-психологтар  оқу  үдерісі 
барысында  негізгі  педагогикалық  және  психоло-
гиялық түсініктерді, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс, 
тәсілдерін,  заңдылықтарын,  принциптерін  меңге-
реді. Болашақ педагог-психологтардың диагности-
калық құзыреттіліктерін қалыптасырудың маңызды 
мүмкіндіктері педагогика мен психологияның оқу 
бағдарламаларының негізінде жатыр, себебі ауди-
ториялық сабақтар мен сағаттардың санын есепке 
ала отырып, оқу үдерісін реттейді, педагогикалық 
үдерістің мазмұнын ашады. Болашақ педагог-пси-
хологтарға  арналған  «Психологиялық-педагоги-
калық диагностика» пәні студенттерді психологи-
ялық  және  педагогикалық  диагностика  мазмұны 
жайлы,  психодиагностика  әдістемесінің  негізгі 
тармақтары  туралы  білім  жүйелерімен  қарулан-
дыруды  көздейді.  Болашақ  педагог-психологтар 
психодиагностикалық  әдістер  мен  педагогикалық 
диагностика  әдістемесін  жетік  меңгеріп,  оларды 
қолдану аймақтарын, зерттеу нәтижелерін балалар 
мен  жасөспірімдермен  тәжірибелік  жұмыста  сау-
атты қолдануды білу тиіс. Бұл пән оқыту мен тәр-
биелеу үдерісін оңтайландыру, үлгермеушілік мен 
мінез-құлықтың  әлеуметтік  қалыптан  ауытқуын 
анықтау, оқушыларға жеке тұлғалық тұрғыдан ке-
луді жүзеге асыру  мен бейімдеу  мақсатында қол-
данылады. Психологиялық-педагогикалық диагно-
стиканы өлшем құралы ретінде меңгеру әлеуметтік 
педагогқа  балалармен,  жасөспірімдермен  алдын 
алу  және  коррекциялық  жұмыс  жүргізу  әдістерін 
қолдануда септігін тигізеді.
Сондай-ақ, 
«Психологиялық-педагогикалық 
диагностика»  пәнімен  қатар  «Педагогика  және 
психология»  және  «Әлеуметтік  педагогика  және 
өзі-өзі  тану»  мамандықтары  бойынша  «Психоло-
гиялық-педагогикалық  кеңес  беру»,  «Әлеумет-
тік-педагогикалық  кеңес  беру»  пәндері  де  қатар 
оқытылады. Бұлар өзара тығыз байланысты, бірін-
бірі  толықтырып  отыратын,  болашақ  маманның 
кәсіби  іс-әрекетінде  кәсіби  құзыреттіліктерін, 
педагогикалық-психологиялық  құндылықтарын 
тиімді  қолдануына  мүмкіндік  беретін  пәндер  бо-
лып табылады.
«Психологиялық-педагогикалық 
диагности-
ка»  оқу  пәні  бойынша  ЖОО  сабақ  жүргізу  бола-
шақ педагог-психологтардың отбасы мен ұжымда 
тұлғааралық  қарым-қатынасты,  оқушы  тұлғасын 
зерттеудің  түрлі  әдістемесін  қолдануды,  сон-
дай-ақ ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс жа-
сау қабілеттерін талап етеді. Сондықтан болашақ 
педагог-психологтың  педагогикалық  тәжірибесі 
кәсіби  іс-әрекетте  теориялық  білімдерді  қолдану 
мен  бекітуді  қамтамасыз  етеді.  Кәсіби  іс-әрекет-
ті  тәжірибелік  меңгеру  «тәжірибелі  болу»  тала-
бын, бітірушінің біліктілік сипатына сәйкес, алған 
білімдерін тәжірибе барысында қолдануды жүзеге 
асырады.  Бұл  жағдайда  педагогикалық  тәжірибе 
педагогикалық үдерістің мәнін, кәсіби-педагогика-

162
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
лық іс-әрекет мазмұнынанықтауға; педагогикалық 
ойлар,  көзқарастар,  пікірлер  мен  бағалауды  өң-
деуге;  тұлғаның  әлеуметтік  белсенділігін  құруға, 
оның  шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамытуға 
бағытталған  студенттердің  кәсіби-субъектілік 
көзқарастырын  қалыптастыру  жүйесі  ретінде  қа-
растырылады.Педагогикалық  іс-әрекеттің  әртүрлі 
бағыттарын  меңгеру  мақсатындағы  педагогика-
лықтәжірибе оқу үдерісі аймағындағы ұйымдасты-
рылады. Ол кәсіби іс-әрекет принциптері мен заң-
дылықтарын  қамтамасыз  ете  отырып,  нақты  бір 
теориялық  білімге  сүйеніп,кәсіби  білімдерге  не-
гізделеді. Осылайша, педагогикалық тәжірибе ди-
агностикалық  құзыреттіліктің  қалыптасуына  зор 
ықпал жасайды. 
Студенттердің  диагностикалық  құзыреттілік-
терін  анықтауда,  құзыреттілікті  қалыптастыру 
үдерісінде  оқытудың  белсенді  әдістері  жетекші 
рөл  атқарады.  Оқытудың  белсенді  әдістері  оқу 
үдерісінде  субъектінің  белсенділік  танытуын  жү-
зеге асырады. 
Г.П. Щедровицкийоқыту мен тәрбиелеудің бел-
сенді  әдістері  деп  аз  уакыт  ішінде  қажетті  білім 
мен біліктердің меңгерілуі деп есептейді. [4].
Оқу  үдерісін  ұйымдастыру  диагностикалық 
құзыреттілікті  қалыптастырудың  маңызды  бөлі-
гі  болып  табылады.  Мұндағы  негізгі  мақсат:  сту-
денттерге  диагностикалық  іс-әрекеттің  қажет-
тілігін  меңгерту;  психологиялық-педагогикалық 
диагностика  бойынша  ғылыми  білімдер  жүйесін 
қалыптастыру;  болашақ  педагог-психологтардың 
диагностикалық іс-әрекетіне қажетті білік, дағды-
ларын қалыптастыру.
Осыған  орай,  диагностикалық  құралда  әлеу-
меттік педагогқа әлеуметтік педагогика аймағында 
білім,  білік  туралы  ақпарат  алуға,  өз  іс-әрекетін 
арттыруға, өзін-өзі білімдендіру мен өзін-өзі дамы-
тудың маңызды жолдары жайлы ойлауға мүмкіндік 
беретін  қажеттіліктер туындайды.
Диагностиканың  ғылыми  негіздерін  өңдеуде 
Л.С. Выготский еңбектері елеулі рөл атқарады. 
Л.  С.  Выготскийдің  анықтауы  бойынша,  диа-
гностикалық  зерттеу  нақты  диагноз  қою  арқылы 
құрылған,  дайын  түсініктер  жүйесін  алға  қояды. 
Диагноздарда нақты жағдайлар жетіспей сипатта-
малыболса  да,  олар  бастапқыдан-ақ  әдіснамалық 
және әдістемелік жағынан дұрыс құрылған болуы 
керек,  яғни  шынайы  мағыналық  тұрғыда  болуы 
тиіс.   
Диагностиканың қорытындысында педагогика-
лық диагноз анықталуы тиіс,  
Ю.З. 
Гильбух 
«диагноз»  ұғымының  кем  дегенде  екі  мағынасы 
бар деп есептейді. Біріншіден, диагноз белгілі-бір 
нақты  сәтсіздіктерді  жою  мақсатында,  оның  се-
бептерін,  мәнін  анықтау.  Диагноз  нақты  нысанға 
ықпал ету бойынша белгілі шешімдерді анықтай-
ды.  Мұндай  диагноз  нысандыбіртіндеп  зерттеуді 
жоспарлайды. Екіншіден, диагноз объектінің жал-
пы жағдайын анықтау мақсатында оны жан-жақты, 
тұтастай  зерттейді...  Көбінесе  бұл  нығайтуға  қа-
жетті  осал  жақтарын  анықтайды.  Диагностика 
танымның  ерекше  түрі  ретінде  ғылыми  зерттеу 
әдістерін  қолданып  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
өзіндік қабылдау әдіс, тәсілдерін, гносеологиялық 
мазмұндағы,  ерекше  әлеуметтік  сипаттағы  ақпа-
ратты  сақтау  мен  жеткізу  жұмыстарын  өңдейді. 
Таным түрлерінің ерекшелігі саналуан, ол таным-
ның әдістерімен және нысанның ерекшеліктерімен 
анықталады.  Диагностика  педагог-психологтар-
дың  педагогикадық  құбылыстар  туралы  жаңа 
білімдерді алуға мүмкіндік беретін,келеңсіз педа-
гогикалық  жағдайларда  шешім  қабылдау  жолда-
рын іздейтін құрал болып табылады. Диагностика 
педагогикалық  іс-әрекеттегінысанның  психологи-
ялық  ерекшеліктерін  анықтауға,  жеке  коррекци-
ялық  бағдарламаларды  өңдеуге  мүмкіндік  береді. 
Осылайша,    диагностика  ғылыми-тәжірибелік 
іс-әрекетті орындайды, ал диагноз қою – ғылыми 
зерттеулерді  қолдануға  негізделген  тәжірибелік 
әрекет.
Психологиялық-педагогикалық  диагностика-
ның  өзектілігінің  алғышарттарының  бірі  матери-
алдық-техникалық дамудың жеделдігі мен қоғам-
ның  мәдени  дамуындағы  тежеліс  арасындағы 
алшақтылық  болып  табылады.  Диагностиканы 
жетілдіруді талап ететін мәселелердің біріне бола-
шақ  әлеуметтік  педагогтардың  жиі  кездестіретін 
-  тұлға  дамуының  мәселелерін  жатқызуға  бола-
ды.  Психологиялық-педагогикалық  диагностика 
әдістерінің  көмегімен  оқушылардың  мәселелерін 
шешуарқылы,  педагог-психолог  іс-әрекетті  ұй-
ымдасытру  үдерісінде  оқушылардың  адамгер-
шілік-құндылық  бағыттарын  арттыруда    белсен-
ділік танытады.
Білімберу  мекемелерінің  жағдайындаоқушы-
лардың  әлеуметтік  тәжірибесін  ұйымдастыру, 
олардың  өміргеқұндылықтық  бейімділігін  және 
шығармашылық  іс  әрекеттерін  қалыптастыру  екі  
жағдайды есепке алуды талап етеді: тәрбиелеудің 
нысаны  мен  субъектісі  оқушылар  тұлғасы  болып 
табылады; педагогикалық үдеріс оқыту мен тәрби-
елеу  үдерісін  психологиялық-педагогикалық  тал-
дау арқылы негізделеді.
Тұлғаның  оның  жеке-даралығы,  тәрбиелену 
жағдайы,  қалыптасу  деңгейінің  диагностикасы 
үлкен  мәнге  ие.  Педагог-психолог  іс-әрекеті  ең 
алдымен, орта мен бала мәселелерінің диагности-
касымен  тығыз  байланысты,  ол  әр  түрлі  диагно-
стикалық  әдістемелерді  (психологиялық,  педаго-
гикалық, әлеуметтік) қолдануды немесе белгілі бір 
диагнозды кәсіби біліктілікпен қоя білетін маман-
дардан (психологтар, заңгерлер, медициналық қы-
зметкерлер және т.б.) кеңес алу меңгеруі білуі тиіс. 
Баланы тәрбиелеу мен дамытудың жалпы мақ-
саттары мен диагнозына байланысты педагог-пси-
холог жағдайды болжай алуы тиіс; көздеген нәти-

163
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
жеге жетуге бағытталған әдістер мен құралдарды 
игеруі  тиіс.  Көптеген  мәселелерді  (денсаулықты 
жақсарту,  материалдық  жағдай)  педагог-психо-
лог  өзі  шеше  алмайтыны  анық.Мұндай  жағдайда 
ол  әртүрлі  мамандардың  (психолог,  медициналық 
қызметкер,  арнайы  жұмыстар  бойынша  маман, 
заңгер, және т.б.), сондай-ақ баланың мәселелерін 
кешенді түрде шешуде әкімшілік органдар мен  ме-
кемелердің жұмыстарынан хабары болуы тиіс. 
ЖОО  оқу  барысында  студенттер  педагог-пси-
холог  іс-әрекеттірінің  барлық  түрлерін:  диагно-
стика, оқыту, топтық және жеке кеңес беру, соның 
ішінде  әртүрлі  теорияларға  негізделген  әдістерді, 
өз бетінше жүргізуге бағытталған білімдерді мең-
гереді. Бірақ алынған білім көбінесе теориялық си-
патқа ие. Меңгерілген білімді мектепте, оқушылар 
тобымен жұмыс жасау тәжірибесіне бейімдеу ұзақ 
уақытты қажет етеді.  
Қорытынды.  Сонымен,  болашақ  педагог-пси-
хологтарды  кәсіби  даярлаудағы  диагностикалық 
құзыреттілік  білім  сапасына,  білім  алушылардың 
іс-әрекетін бақылау мен бағалауға, өз көзқараста-
рының нақтылығына, белсенділіктеріне, өз іс-әре-
кеттерін сыни бағалауға және өзін-өзі қалыптасты-
руға тікелейәсер етеді.
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.  Гончаров  С.  Социальная  компетентность 
личности: сущность, структура, критерии изна-
чение // Образование и наука. 2004. № 2. С. 3–19.
2. Дорофеева О. И. Рефлексия диагностической 
компетентности  //  Стандарты  и  мониторинг. 
2007. № 6. С. 14–19.
3. Ожегов С. И. Словарь русского языка: 70 000 
слов / Под ред. Н. Ю. Шведовой. 23-еизд., испр. М.: 
Рус. яз., 1991. 917 с.
4.  Смирнова  А.  С.  Педагогическая  поддержка 
студентов с трудностями в учении //Педагогиче-
ское образование и наука. 2009.№ 11. С. 18–20.
5.  Фурлетова  А.В.  Критерии,  показатели  и 
уровни  сформированности  диагностической  ком-
петентности социального педагога// Таврический 
научный обозреватель, №3(8) - март 2016, С. 1-3.
6.  Сейтенова  С.С.,  Мухангалиева  Ш.А.  Разви-
тие исследовательской компетентности, как кри-
терий успешности будущего педагога // Междуна-
родный журнал экспериментального образования. 
– 2013. – № 8. – С. 56-59.

164
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет