Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының е ң б е к т е р І



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата10.01.2017
өлшемі4,3 Mb.
#1562
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1.Жанпейісова  М.  М.  «Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту 
құралы ретінде». Алматы 2006. 
2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, 
№4.  
3.Искакова  Р.,  Ерназарова  З.  «Жаңа  технологияны  пайдалану  әдістері». 
Қызылорда, 2004. 

205 
УДК 622.272.б.                             Жуматова А.Д.– (Қарағанды, №5 ЖББОМ) 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК 
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ 
 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  жолдауында  айтқандай:  «Болашақта 
өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім 
қажет.  Қазақстанды  дамыған  50  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең 
ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында 
оқыту  үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Жаңашыл 
педагогтардың 
іс-тәжірибелері 
зерттеліп, 
оқытудың 
әртүрлі 
технологиялары  сарапталып,  мектеп  өміріне  енуде.Жаңа  технологияны 
меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет.Мұғалім – қоғам айнасы. 
Қазіргі мұғалім: 
1.
 
Педагогикалық  үрдісте  жүйелі  жұмыс  жүргізетін,  педагогикалық 
өзгерістерге тез төселлетін; 
2.
 
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 
3.
 
Оқушыларменортақтілтабысаалатын; 
4.
 
Білімді, іскер, шеберболуыкерек. 
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан 
жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту,өзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық 
идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. 
Қазіргі оқушы: 
1.
 
Дүниетаным қабілеті жоғары
2.
 
Іздемпаз, талапты; 
3.
 
Дарынды өнерпаз; 
4.
 
Өз алдына мақсат қоя алатын болуы керек. 
Осындай  тұлғаны  дамыту  үшін  оқытудың  жаңа  технологиясы 
қажет.Оқыту  үрдісінде  осындай  әдістерді  пайдалану  мұғалімнің 
шеберлігіне қарай жүзеге асады. 
ХХІ  ғасыр  –  бұл  ақпараттық  қоғам  дәуірі,  технологиялық  мәдениет 
дәуірі, айналадағы дүниеге,адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне 
мұқият  қарайтын  дәуір.  Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа 
ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта 
оқыту,  дара  тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып, 
оқу-  тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын 
жоғарылатуды  көздейді.  Бүгінгі  білім,  қоғамдағы  демократиялық 
бастамалар  барлығы  мұғалімдер  арқылы  жүзеге  асады.Біріккен  ұлттар 
ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. 
Қазақстан республикасы да ғылыми-техникалық процестің негізгі белгісі – 
қоғамдық ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді. 

206 
Ақпараттық-коммуникативтік технология – оқытушы жұмыстарының 
әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке 
қабілеттілігін  дамытуға,  оқудағы  пәнаралық  байланысты  күшейтуге,  оқу 
үрдісін  ұйымдастыруды  үнемі  жаңартып  отыруға  мүмкіндік  береді.Жаңа 
ақпараттық  технологиялар  дегенiмiз  —  бiлiм  беру  iсiнде  ақпараттарды 
даярлап,  оны  бiлiм  алушыға  беру  үрдісі  болып  табылады.Ақпараттық-
коммуникативтік  технологияны  қазақ  тілі  сабақтарына  енгізуге  жаңа 
бағыттағы мақсаттар қойылды: 
1.
 
Инновациялық әдістерді пайдалану, құралдар жасау; 
2.
 
Қазақ тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру; 
3.
 
Жалпыкомпьютерлікжелілердіпайдалану; 
4.
 
Қашықтықтаноқыту 
(Internetжелісі) 
барысындаөздігіненқосымшабілімалудықамтамасызету. 
Қазақ  тілі  сабағында  ақпараттық-коммуникативтік  технология 
құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен 
білім  алудың  нәтижелілігін,  тиімділігін  көтереді,  кәсіби  дағдыларды 
қабылдау  және  бекіту  үшін  мүмкіндіктер  береді,  қашықтықтан  оқытудың 
жаңа түрлері мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады. 
Интербелсенді  оқыту  технологиясы–  бұл  ұжымдық,  өзін-өзі 
толықтыратын,  барлық  қатысушылардың өзара  әрекетіне негізделген,  оқу 
үрдісіне  оқушының  қатыспай  қалуы  мүмкін  болмайтын  оқыту  үрдісін 
ұйымдастыру болып табылады. 
Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен білім алушы мен оқытушының 
қарым-қатынасы  тікелей  жүзеге  асатын  сұхбаттасып  оқыту  болып 
табылады.  Сабақтағы  интерактивтік  әрекет  өзара  түсіністікке,  өзара 
әрекетке,  қатысушының  әрқайсысына  қажет  есепті  бірлесіп  шешуге  алып 
келетін  —  ұйымдастыру  және  сұхбаттасып  қарым-қатынас  жасауды 
дамытуды  ұсынады.  Интербелсенді  бір  көзқарастың  немесе  бір  ғана 
сөйлеушінің  басым  болуы  жағдайын  болдырмайды.  Сұхбаттасып  оқыту 
барысында  оқушылар  сыниойлауды,  тиісті  ақпарат  пен  белгілі  жағдайды 
талдау  негізінде  күрделі  мәселелерді  шешуді,  балама  көзқарастарды 
салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа 
адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді.  
Интербелсенді тақта — топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін 
құнды құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды 
етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты 
түрлі  мультимедиялық  ресурстар  көмегі  арқылы  танысуға мүмкіндігі  зор. 
Ол сызбаларды түсіндірудіжеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе 
алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды 
етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада 
оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. 
Интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: 

207 
1.
 
Web-сайттарды,  басқа  да  құралдарды  қолдана  отырып,  жаңа 
материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; 
2.
 
Берілген  материалды  әсерлі жеткізуге  және оны  топтағы оқушылары 
арасында  талқылауға  үлкен  мүмкіндіктер  туғызады,  бағдарлама 
бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; 
3.
 
Интерактивті  тақта  топтағы  барлық  оқушылардың  басты  назарына 
айналуына  байланысты  орталықтан  демонстрациялауға  қолайлы 
жағдай  туғыза  алады,  оқушы  алдына  жаңа  материалды  жанды  түрде 
көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады; 
4.
 
Оқытушының,  оқушының  да  шабытын,  қызығушылығын  арттырып, 
сабақты тартымды өткізуге ынталандырады; 
5.
 
Электрондық 
оқулық 
оқушының 
уақытын 
үнемдейді, 
оқу 
материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған 
материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Электронды оқулықтар 
оқушының  бiлiм  сапасын  бақылау  жүйесiн  өзгертуге  мүмкiндiк 
жасайды.  
Электрондыоқулықтароқушылардың: 
1.
 
Бiлiм деңгейiн тереңдетуге; 
2.
 
Ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға, тiлдi үйренуге 
деген ынтасы мен қызығушылығының артуына; 
3.
 
Өз  бетiнше  iздену  қабiлетiн  қалыптастыруға,  ойларын  дамытуға, 
сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына; 
4.
 
Оқушылардың сөздiк қорының молаюына, өз iсiне талдау жасай алуға 
көптен-көп көмегiн тигiзедi. 
Қорыта келе, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы 
өте  зор.  Тiл  үйренушi  электронды  оқулықпен  сабақ  бойы  үздiксiз 
байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман 
талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды 
сабаққа  пайдалану  –  оқытудың  жаңа  технологиясының  бір  түрі  ретінде 
қарастыруға  болады.«Айтушы  ақылды  болса,  тыңдаушысы  дана  болады» 
дегендей,  оқушыларды  шығармашылыққа,  өз  бетімен  іс-әрекет  етуге 
бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны 
дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс 
үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас 
ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. 

208 
ӘОЖ 378.147(574)=512.122                Жуматова Г.М. (Қарағанды, ҚарМТУ) 
Бейсембаева Ж.Т.(Қарағанды, 
 95 мектеп-гимназиясы) 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ 
ҚОЛДАНУ 
 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі 
өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Себебі,  білім    беру  парадигмасы 
өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас,  жаңаша  қарым-
қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім 
беруде 
оқытушылардың 
инновациялық 
іс-әрекетінің 
ғылыми-
педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. 
Оқу  үдерісіне  «жаппай»  енгізіліп  жатқан  инновациялық  технологиялар 
көкейкесті  мәселелердің  тоғысында  пайда  болып,  оқу  үдерісіндегі 
әдістемелерге  жаңаша  тұрғыдан  қарап,  оны  үздіксіз  жаңғыртуға 
бағытталады.  Осыған  орай  кез-келген  студенттің  қабілетіне  қарай  білім 
беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа  тәрбиелеуді 
жүзеге  асыратын  заманауи  инновациялық  технологияны  меңгеруге 
ұмтылуы керек. 
«Қазақстан – 2050» бағдарламасында тіл саясатына елді біріктіруші басты 
фактор  ретінде  басымдық  бере  отырып,  Елбасы:  «Мен  2050  жылғы 
қазақстандықтар  –  үш  тілде  сөйлейтін  білімді,  еркін  адамдардың  қоғамы 
екеніне 
толық 
сенімдімін. 
Үштілділік 
мемлекеттік 
деңгейде 
ынталандырылуы керек» -деп айқын мақсат қойды.  
Қазіргі таңда кез-келген маманның кем дегенде үштілді меңгеруін қоғам 
талап  етіп  отыр.  Ғылым  мен  техниканың  барлық  саласында  қарқынды 
дамып жатқан ақпараттық-технологиялық үрдістер бәсекеге қабілетті маман 
даярлаудың жаңа үлгісін ұсынды. Осы үдеден шығу мақсатында білім беру 
жүйесіне  де  алуан  түрлі  заман  талабына  сай  амал-тәсілдер  енгізілуде. 
Бүгінде  кеңінен  қолданыс  тапқан  «инновация»  сөзіне  ғалымдар  бірнеше 
анықтама  берген:  «Инновация  –  белгілі  бір  топқа  жаңа  болып  табылатын 
идея»  немесе  «Инновация  –  арнайы  өзгеріс».  Ал  елімізде  «Инновация» 
ұғымына  тұңғыш  рет  зерттеуші  Н.  Нұрахметов  анықтама  берді. 
Зерттеушінің  пікірінше:  «Инновация  дегеніміз  білім  беру  мекемелерінің 
жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  және  оларды  таратуға  қатысты 
қызметі». 
Инновация 
білімнің 
мазмұнында, 
әдістемесінде, 
технологиясында,  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  барысында  айқындалады. 
Қазіргі  таңда  оқу  үдерісіне  «жаппай»  енгізіліп  жатқан  инновациялық 
технологиялар  баршылық.  Әрине,  инновация  көкейкесті  мәселелердің 
тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі әдістемелерге жаңаша тұрғыдан 
қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады.  

209 
Ал 
жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық 
деп үш түрге бөлуге болады . 
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін 
өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек 
конспектісі  жэне  оны  көптеген  мұғалімдердің  пайдалануы  мысал  бола 
алады.  Комбинаторлық  модификация  –  бұрын  пайдаланылмаған,  белгілі 
әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі 
кездегі әдістемесі дәлел. 
Радикалдық  инновация    –  білімге  мемлекеттік  стандарттарды  енгізу 
жатады.  Мемлекеттік  стандарт  білім  беруде,  негізінен,  мөлшерлерді, 
параметрлерді,  деңгейлік  және  сапалы  оқытудың  көрсеткіштерін 
қалыптастырады. 
Қазіргі таңда оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты 
өздерінің  қалауына  сәйкес  кез-келген  үлгі  бойынша  қызмет  етуіне 
мүмкіндік  алды.  Бұл  бағытта    білім  берудің  әртүрлі  нұсқадағы  мазмұны, 
құрылымы,  ғылымға  және  тәжірибеге  негізделген  жаңа  идеялар,  жаңа 
технологиялар  бар.  Сондықтан  әртүрлі  оқыту  технологияларын,  оқу 
мазмұны  әрбір  білім  алушының  жас  және  жеке  дара  психологиялық 
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.  
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет 
оқу  ісін  дамытуға,  пәндердің  мәнін  тереңдетуге,  оқытушының  кәсіптік 
шеберлігін  арттыруға  басқа  жаңа  технологияларды  енгізуге,  пайдалануға 
және  шығармашылық  жұмыстар  жүргізуге  бағытталған.  Мұндай 
технологияларды қолдану  – біріншіден,  оқытушы ұтады, яғни ол сабақты 
тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы 
артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы 
кеңейеді.  Осылайша  білім  берудің  қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың 
жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта 
түспек .  
Ғылым мен техниканың қарқынды дамып, ақпараттар ағыны заманында 
білім  алушылардың  тұлға  ретіндегі  өзіндік  ой-пікірлерін  қалыптастырып, 
қабілетін,  талантын  дамыту  барлық  деңгейдегі  білім  беру  мекемелерінің 
басты  міндеті  болып  табылады.  Оқу  үдерісіне  қоғамның  жаңа 
қажеттіліктеріне  сәйкес  инновациялық  тәсілдерді  енгізу,  оқытушының 
қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Осыған 
орай кез-келген студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, 
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи 
инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі мемлекеттік 
білім  стандартына  сәйкес  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  жаңа  педагогикалық 
технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың инновациялық 
бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді.  
Жаңа  технологияны  енгізу  барысында  оқытушы-профессорлардың 
зияткерлігі  мен  парасаттылығы,  белсенділігі,  шығармашылық  ізденісі, 

210 
шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші роль атқарады. Қазіргі таңда білім 
беру  үдерісінде  кеңінен  қолданылып  жүрген  бірнеше  инновациялық 
технологияларды атап көрсетуге болады: 
-
 
проблемаға бағытталған оқыту;  
-
 
топтық бағытталған оқыту; 
-
 
рөлдік ойындар; 
-
 
презентациялар; 
-
 
пікірсайыстар; 
-
 
кейс-стади; 
-
 
миға шабуыл әдісі; 
-
 
сұрақ-жауап ойындары; 
-
 
іскерлік ойындар; 
-
 
мамандық саласына байланысты конференциялар; 
-
 
көкейкесті  мәселені  талқылауға  арналған  онлайн,  вебинарлық 
конференциялар. 
Білім  алушылар  әлемнің  кез  келген  аумағында  білімін  әрі  қарай 
жетілдіруге,  еңбек  нарығында  сұранысқа  ие  қызметтерді  атқаруға  және 
жаңа  технологияларды  меңгеруге  қабілетті,  аса  белсенді  болуы  тиіс.  Оқу 
үдерісінде  өріс  алған  интерактивтік  оқыту  әдістері  де  студенттердің 
белсенділігін  арттыруға  орасан  зор  ықпал  етеді.  Мұндай  әдісті  қолдану 
барысында  білім  алушылар  өзінің  өмірлік  тәжірибесіне,  жеке  ой-пікіріне, 
біліміне сүйенеді. Ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап дамуы, маман 
даярлауға  да  заманауи  талаптар  қояды.  Қоғамның  мүддесінен  шығатын, 
еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлау кез келген жоғары оқу 
орнының  ең  басты  міндеті  екені  айқын.  Бұл  орайда  оқытушы-
профессорларға  үлкен  сеніммен  қатар,  орасан  зор  жауапкершілік  те 
жүктеледі. Студенттерді әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес оқыту 
қажет.  Маман  дайындаудың  жаңа  бағыттағы  өзгерістері  шығармашылық 
тынымсыз ізденісті, ұтқырлықты талап етеді.  
Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  кәсіби  біліктілікті 
мамандардың тәжірибесін жұмылдыру қажет. Яғни, оқытушы өзінің кәсіби 
мамандығын  педагогикалық  шеберлікпен  және  шығармашылықпен 
ұштастырып,  іскерлік  дағдыны  қалыптастыруы  тиіс.  Кез  келген  ұстаз 
заманауи  инновациялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі 
дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Студенттерді кез келген жағдайға 
бейімделіп,  инновациялық  жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолдана  алатындай 
деңгейде тәрбиелеу қажет.  
Түйіндей  келе    айтарымыз,  білім  беру  саласын  жаңаша  жаңғырту-
еліміздің  өркениетті  негзіде  дамуына  зор  жетістіктерге  жетіп  алдыңғы 
қатарлы  салауатты  бір  тұтас  мемлекетке  айналуына,  қоғамдық  ,  саяси, 
әлеуметтік-экономикалық өрлеуге жеткізері сөзсіз.
 

211 
ӘОЖ 378.1(574)=512.122                    Жуматова Г.М. (Қарағанды, ҚарМТУ) 
Туралыкова Б.С.( Қарағанды, ҚарМТУ) 
 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВИЦИАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Әлемнің  жетекші  елдерінің  көпшілігі  білім  беру  жүйесін,  білім 
берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап 
бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік 
пен  дағды,  іскерлікке  қол  жеткізу  ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес, 
әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және 
ұтымды  пайдалану,  жылдам  қарқынмен  өзгеріп  жатқан  бүгінгі  дүниеде 
лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.  
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер 
-  бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе  Қазақстан 
сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген 
болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, 
тарихи  танымдық,  педагогикалық  -  психологиялық  сауаттылық,  саяси 
экономикалық  білімділік  және  ақпараттық  сауаттылық  талап  етілуде.  Бұл 
заман 
талабына 
сай 
білім 
беруде 
жаңалыққа 
жаны 
құмар, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  оқытудың  озық  технологиялары  мен 
инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен 
білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  8  -  бабында 
«Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  -  оқытудың  жаңа  технологияларын 
енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  коммуникациялық 
желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен 
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,  дамытуға 
және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар 
жасау»  -  деп  атап  көрсеткендей,  қазіргі  кезеңде  әрбір  мұғалімнің  алдына 
қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі 
жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім 
беру  жүйесінің  алдындағы  жаңа  міндеттердің  бірі  инновациялық 
педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру 
болып табылады. 
Қазіргі  кезде  білім  беру  жүйесінде,  тілді  коммуникативтік  оқыту 
мәселесіне  ерекше  назар  аударылуда.  Оның  ішінде  ағылшын  тілін 
оқытудың  жаңа  технологиясы  тілдің  коммуникативтік  қызметін  ескере 
отырып,  оны  коммуникативтік  танымдық  жағынан  меңгертуді  көздейді. 
Оқушылардың  шет  тіліне  қызығушылығын  оятқан  кезде  ғана  кез  келген 
жетістіктерге  жетуге  болады,  яғни  оқытудың  ең  бастысы  оқушылардың 
тілге  деген  құштарлығын  ояту,  танымдық  белсенділігін  арттыру.  Бұл 
дегеніміз  қоғам  талабына  сай  алынған  терең  білім,  білік,  дағдылар  мен 

212 
құзырлықтардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білетін,  қойылған  мақсатқа 
танымдық  қызмет  жасау  арқылы  жете  алатын,  өз  бетінше  дұрыс,  тиімді 
шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып келеді. 
Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  жолдауынан  ХХІ  ғасырда  ақпараттық 
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей 
міндеттерді  шешу  керектігін  атап  өттілді:  компьютерлік  техниканы, 
интернет, 
коммуникациялық 
желі, 
электрондық 
және 
телекоммуникациялық 
құралдарды, 
мультимедиялық 
электронды 
оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру 
негіз болып отыр. 
Барлық  жаңа  технологияның  алдына  қойған  мақсаты  –  оқушының 
жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше 
ізденуін 
арттырып, 
шығармашылықтарын 
қалыптастыру.  
Мұғалім  әрқашан  сабағында  көрнекі  құралдар  немесе  қосымша 
әдебиеттерді мақсатты пайдалана отырып, оқушыларға мүмкіндігінше білім 
түрлерін 
кеңірек 
беруге 
ұмтылғаны 
жөн. 
Үшнші  мыңжылдық  адамын  қалыптастыру  –  дүниежүзілік,  соның  ішінде 
қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  алдындағы  жауапты  міндет.  Ендеше, 
оқытудың жаңа технологиясын тиімді пайдалана отырып дұрыс түсіндіру, 
оның  бағытын  нақты  анықтап,  жүзеге  асыру  –  басты  мақсаттарымыздың 
бірі.  
Инновациялық  үрдістің  негізі  –  жаңалықтарды  қалыптастыру, 
қолдану,  жүзеге  асырудың  тұтастық  қызметі.  Инновация  білім  деңгейінің 
көтерілуіне  жағдай  жасайды.  Инновацияны  «жаңалық»,  «жаңа  әдіс», 
«өзгеріс»,  «әдістеме»,  «жаңашылдық»,  ал  инновациялық  үрдісті  «жаңа 
әдістеме құралы» деп атауға болады.  
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше 
түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін 
педагогикалық  аса  зор  тәжірибені  жұмылдыру  қажет.  Бұл  өз  қызметіне 
шығармашылықпен  қарайтын,  жеке  басының  белгілі  іскерлік  қасиеті  бар 
адамды  қажет  ететін  жұмыс.  Шындығында  да  әрбір  педагог  жаңа 
инновациялық  технологияны  меңгеру  барысында  өзін-өзі  дамытады  және 
өзін-өзі  қалыптастырады.  XXI  ғасырда  болашақ  мамандарды  даярлау, 
олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін 
өзекті қоғам талабы.  
Сондықтай біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық 
инновациялық  технологияларды  қолдануға  даярлығын  қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық  моделін  жасадық.  Болашақ  мамандардың  жаңа 
инновациялық  педагогикалық  технологияларды  қолдануға  даярлықты 
қалыптастыруы мына көрсеткіштер: мотивациялық өлшемдер; мазмұндық 
өлшемдер;  бейімділік  өлшемдер;  танымдық  өлшемдер;  іс-әрекеттік 
өлшемдер;  технологияның  өлшемдер;  шығармашылық  өлшемдер  арқылы 
жүзегі асады. 

213 
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, 
игеру,  нәтиже  құралады.  Білім  жалпы,  кәсіби,  техникалық,  арнайы  білім 
болып  бөлініп  кәсіппен    ұштасады.  Ал  кәсіп  –  мамандық  таңдау, 
мамандықты  меңгеру.  Білім  алып  кәсіп  иесі  болу  үшін  іскерлік  қажет. 
Іскерлік  –  оқу,  білім,  кәсіп,  тәжірибе,  ізденушілік,  өзіндік  жұмыс,  іс-
шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. 
Іс-әрекет  әрекеттен,  операция,    қимыл-қозғалыстан  тұрады.  Барлық  үрдіс 
байланыса орындалғаннан соң  нәтиже көрсеткіші пайда болады. 
Әрбір  педагогтің  инновациялық  іс-әрекетін  қалыптастырудың 
педагогикалық  шарттары:    инновация  туралы  білімі;  инновацияны  жан-
жақты  меңгеру;  инновациялық  іс-әрекет  диагностикасын  меңгеру; 
инновацияны  тәжірибеге  ендіру  жұмыстары;  инновацияны  практикада 
дұрыс  қолдану  болып  табылады.  Білім  беру  ордаларында  бүгінгі  таңда 
белең  алып  отырған  кемшіліктері  баршылық,  атап  айтатын  болсақ:  білім 
сапасының  төмендігі;  білім  саласына  мемлекет  тарапынан  реформалар 
жүргізілгенімен  оқудың  нәтижесінің  болмауы;  құжаттар  көптеп 
шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу 
дағдысының 
болмауы; 
білім  алушылар  мен  оқытушылардың  бірлескен  шығармашылық  еңбект
ерінің болмауы. 
Бұл  тығырықтан  шығудың  бірден-бір  жолы  оқу-тәрбие  процесінде 
инновациялық  әдіс-тәсілдерін  енгізу,  әрбір  білім  алушылардың  білімге 
деген  қызығушылықтарын,  талпынысын  арттырып,  өз  бетімен  ізденуге, 
шығармашылық еңбек етуге жол ашу болып табылады.  
Инновацияны  қолдану,  инновацияны  шаблон,  трафарет  ретінде 
пайдалану  емес,  өйткені  әр  мұғалімнің  өз  іс  тәжірибесі  бар.  Бірақ, 
инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін 
жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып 
табылады.  Ушинский  К.Д.  айтқандай,  іс-тәжірибе  толық  көшіріліп 
алынбайды,  тек  оның  негізгі  ойы  ғана  алыну  мүмкін.  Осы  негізгі  ойды 
түсініп  оларға  шығармашылық  көзқараспен  қараған  оқытушы  жаңа 
инновациалық технологиялар бойынша жұмыс атқара алады.  
 
Қорыта  келгенде  инновацияның  өлшемдік  бірліктері  оқытудың 
әдістемелік  мақсат-міндеттері,  оқу  үдерісі,  оқытудың  нәтижесін 
бағамдаумен  анықталады.  Оқу-тәрбие  үрдісінде  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  қолданудың    өзіндік  ерекшеліктері  бар  болуы. 
Инновациялық  білім  берудің  нәтижесінде  оқыту  мен  тәрбиелеудің  соңы 
әдіс-тәсілдерін  инновациялық-педагогикалық  технологияны  меңгерген, 
психологиялық-педагогикалық  негізде  қабылдай  алатын  және  нақты 
тәжірибелік  іс-әрекет  үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға  икемді, 
шығармашыл  педагог,  зерттеуші  жаңаша  оқытушы  болып  шығуына 
мүмкіндік береді. 

214 
УДК 534.1 
Иманбаева Л. Х. (Караганда, КарГТУ) 
 
 
ЧАСТНЫЕ РЕШЕНИЯ 
ДВИЖЕНИЯ ТВЕРДОГО ТЕЛА ПО ИНЕРЦИИ 
 
В настоящей работе рассматривается частный случай движения 
твердого тела по инерции, когда главные моменты инерции тела B и C 
равны между собой. При движении тела по инерции главный момент 
внешних сил, действующих на твердое тело относительно неподвижной 
точки, равен нулю, т. е. 
0
0

М
. Тогда из теоремы об изменении 
кинетического момента 
 
 
0
0


M
dt
G
d
. Отсюда вытекает, что 
const
G

, кинетический момент постоянен по модулю и по направлению. 
Если направление неподвижной оси Оζ взять направления кинетического 
момента G, тогда проекции вектора G на подвижные оси координат xyz 
будут равны: 
Ap = G sinθ sinφ
Cq = G sinθ cosφ
(1) 
Cr = G cosθ
За подвижные оси координат выбраны главные оси инерции тела 
относительно неподвижной точки. 
Рассмотрим случай, когда В = С, тогда динамические уравнения 
Эйлера запишутся в следующем виде: 
0

dt
dp
A

0
)
(



rp
C
A
dt
dq
C

(2) 
0
)
(



pq
A
C
dt
dr
C

Система дифференциальных уравнений (2) допускает следующие ин-
тегралы: 
Ap
2
 + cq
2
 + cr
2
 = n
(3) 
A
2
p
2
 + c
2
q
2
 + c
2
r
2
 = G
2

(4) 
p = p
0

(5) 
К динамическим уравнениям Эйлера присоединяем кинематические 
уравнения Эйлера: 





cos
sin
sin




p






sin
cos
sin




q

(6) 

215 







cos
r

Получим систему (2) и (6) шести обыкновенных нелинейных 
дифференциальных уравнений первого порядка относительно шести 
неизвестных pqrφψθ
Сначала определим pqr из системы уравнений (2). Из первого ура-
внения получим: 
p = p
0
 = const
(7) 
Продифференцируем 2-ое уравнение системы (2) по времени, имея в 
виду (7): 


0
0
2
2



dt
dr
p
C
A
dt
q
d
С

В это уравнение подставим значение 
   
dt
dr
 из третьего уравнения (2): 


q
p
C
C
A
dt
dr
0



После некоторых преобразований имеем: 
0
2


q
k
q


(8) 
где 


2
0
2
2
2
p
C
C
A
k





0
p
C
C
A
k



(9) 
Уравнение (8) представляет собой свободное гармоническое 
колебание, общее решение которого имеет вид: 
kt
C
kt
C
q
sin
cos
2
1



Допустим, при t = 0, q = q
0
, а 
0

q
, т. е. проекция углового ускорения 
равна нулю. Определив постоянные интегрирования С
1
 и С
2
, находим 
значения q
kt
q
q
cos
0


(10) 
Подставив это значение в 3-е уравнение системы (2), после 
интегрирования получим: 
kt
q
r
z
sin
0



(11) 
Следовательно, система уравнений (2) имеет частное решение: 
p = p
0,
 
kt
q
q
cos
0


(12) 
kt
q
r
r
sin
0
0



Твердое тело вокруг оси x вращается с постоянной угловой 
скоростью, а вокруг осей y и z совершает гармонические колебания. 

216 
Для определения углов ψθφ рассмотрим выражения (1) и (6), откуда 
получим: 



2
2
cos
sin
C
G
A
G










cos
sin
sin
G
AC
C
A





(13) 



cos
sin
2
G
C
C
A




Из формулы (1) находим: 
Cq
Ap
tg
0



G
Cr


cos

(14) 
Выразив sin
2
φ через tgφ и располагая значением cosθ из выражения 
(14), после интегрирования третьего уравнения (13) получаем: 
φ = φ
0

(15) 
Угол φ между линией узлов ОК и осью  называется углом 
собственного вращения и является постоянной величиной. 
Из первого уравнения (1) 
G
Ap
0
sin
sin




Подставив это значение в 

  формулы (13), после интегрирования 
получим: 
0
0
cos






t
к

(16) 
Аналогично проинтегрировав 1-ое уравнение (13), имеем: 
0
0
2
0
2
cos
sin













t
C
G
A
G

(17) 
Окончательно частное решение углов φθψ можно записать в виде: 
0




0





nt

(18) 
0
1




t
n

Данное движение, определяемое уравнениями (18), представляет 
собой регулярную прецессию твердого тела вокруг неподвижной точки. 
ЛИТЕРАТУРА 
1. Уиттекер Э. Т. Аналитическая динамика / Пер. с англ. Изд. 2-е, 
испр. — М.: Едиториал УРСС, 2004. — 504 с. 

217 
УДК 347.185           Иманбетова А.Н. (Қарағанды қ. №5 ЖББОМ КММ) 
Мұнайтбасова Г.Қ. (Қарағанды қ. №5 ЖББОМ КММ) 
 
 
БАСТАУЫШ  СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  ҰЖЫМДЫҚ     
ТАНЫМДЫҚ  ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ 
 
Ұжымдық  танымдық  іс-әрекеттер  әлеуметтік  тәжірибені игерудегі өз 
мүмкіндіктерін  жүзеге  асырудағы,өзіндік  танымдық  қажеттіліктерін  іске 
асырудағы  қиындықтарды жеңе  отырып  тәжірибе  жинақтау,бірлесе  еңбек 
ету,қарым-қатынас  жасау  бірліктеріне  ие  болу  сияқты  субьект 
позицияларын  қалыптастыру  мүмкіндігімен  әрбір  оқушыны  қамтамасыз 
ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен 
іс-әрекеті.  
Оқушылардың  танымдық  іс-әрекеті  адамдық  танымның  әр  түрлілігі 
және  оқыту  процесінің  қарама-қайшылықтарымен  байланыста  болатын 
өзінің  жеке  қарама-қайшылығымен  сипатталады.  Практик  мұғалімдер 
қарама-қайшылықтарды  таза  интуитивті  түрде  туғызады.  Қарама-
қайшылықтар оқу процесінде обьективті түрде пайда болатын және оның 
қозғаушы күші болып табылатын басты қозғаушы күш. Жалпы ұжымдық 
танымдық іс-әрекеттердің мәні – мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесінде 
ұжымды ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.  
  Алайда  бүгінгі  таңда  бастауыш  сынып  оқушыларының  ұжымдық 
таным  іс-әрекетінің  ұйымдастырылуы  мәселесі  әлі  толық  зерттелмеген. 
Еліміздегі  әлемдік  білім  кеңістігіне  ену  мен  жаһандану  талабына  орай 
бастауыш  мектептегі  білім  беру  саласын  жақсартуды  жүзеге  асыратын, 
оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасы әлі де 
зерттеуді қажет етеді.  
Әр  түрлі  құрама  ұжымдарда  жұмыс  істеу  тиімділігін  ғалымдар 
зерделеп,  5  оқушыдан  құралған  ұжым  тиімді  болатындығы  жөнінде 
тұжырым жасады. өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін 
қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған 
адамдарда  жіктілеу  пайда  болады,  ал  7  адамнан  құралған  топта  әрбір 
оқушының  өз  пікірін  айтуына,  өз  ұсыныстарын  және  көзқарастарын 
жеткізуіне мүмкіндік болмайды.  
  Ұжымдық  іс-әрекеттерді  ұйымдастыруда  кеңесшіні  сайлау  мәселесі 
де  маңызды,  яғни  балалардың  іс-әрекетін  ұйымдастыруда  өзін-өзі 
басқарудың  психологиялық  құралдарын  пайдалана  алу  қажет.  Арнайы 
жүргізілген  эксперименттер  ғалымдарға  мынадай  қорытынды  жасауға 
мүмкіндік  береді:  кеңесшіні  ұжымның  өзі  мұғалімнің  және  жоғары 
социометрилық  статусы  бар  кеңесшінің  келісімдерін  ескере  отырып 
таңдауы  керек;  жағдайға  байланысты  кеңесшілер  жиі  ауыстрылып 
отырғаны дұрыс.  

218 
Ұжымдық  танымдық  іс-әрекеттің  ұйымдастырылуының  тағы  бір 
көрінісі  –  қызығушылық,  яғни  танымдық  қызығу.  Бастауыш  мектеп 
жасындағы баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері оқу үрдісінде жүзеге 
асады.  Бұл  жастағы  балалар  өте  сезімтал.  Оның  сезімі  тәуелсіз  және  өте 
ашық  болады.  бұл  жастағы  балалардың  қиялы  өте  шапшаң,  фантазияға 
берілгіш  келеді.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық  қызығуы 
мынадай көрсеткіштерге ие:  
-  қоршаған  ортадағы  құбылыстар  мен  объектілерге  және  іс-әрекет 
сипатына қарай таңдамалы қатынас;  
- танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық көрінуі;  
- танымдық іс-әрекетте еріктің болуы; 
- танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;  
- жаңаны білуге ұмтылысы. 
Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, 
қол  жетпейтін  нәтижелерге  жеткізеді.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 
танымдық  қызығу  іс-әрекеттерін  қалыптастыру,  белсендіру,  одан  жан-
жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді қалыптастыруға, ойшаң, 
эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі.  
Ұжымдық  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастырудың  психологиялық-
педагогикалық  мағынасы  әрбір  оқушының  іс-әрекет  субъектісі  тәртібімен 
қамтамасыз  етуде,  оның  өзін-өзі  көрсетуіне  көмектесуде.  Орынды 
әдістемелік  тұрғыда  дұрыс  ұйымдастырылған  ұжымдық  сипаттағы  іс-
әрекеттері арқылы психологиялық-педагогикалық қарама-қайшылықтарын 
шешуге,  яғни  әрбір  оқушыны  тұлға  ретінде  қалыптастырып  дамытуға 
мүмкіндік жасайды.  
Ұжымда  балалардың  жаңа  өзара  қарым-қатынастары  қалыптасады. 
Мектепте  өткен  бірнеше  аптадан  соң  1-ші  сынып  оқушыларының 
көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады. Балалар 1 партада отырған 
көршілерінің  мінез-құлқына  байыппен  қарай  бастайды.,  өзін  ұнататын 
немесе мүдделері сәйкес келетін бір сыныптас балалармен қарым-қатынас 
жасайды.  Бастауыш  мектеп  оқушыларының  өзара  қарым-қатынасына  тән 
белгі – олардың достығы, әдетте өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ 
мүдделер ортақтастығына негізделеді. Бастауыш мектеп оқушылары үшін 
мұғалімінің пікірі мейлінше елеулі болып табылады. 
Психологиялық  көзқарас  тұрғысынан  ұжым  –  баланың  қоғамдық 
байланысы  қалыптасатын,  оның  психикалық  дамуы  жүретін  қоғамдық 
организм.  Балалар  ұжымының  айрықша  ерекшелігі  –  ересектердің 
балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген 
мақсаттарының бағыттылығында.  
1-2  сыныптардағы  мектеп  оқушылары  арасындағы  қарым-қатынасты, 
әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық 
тапсырманы  бөлетін  мұғалімдер  болып  табылады.  3-4  сыныптарда 
оқушылардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі, 

219 
қызығушылықтары артады, осы кезде оқушылардың ұжымының құрылуы 
басталады.  
Дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы 
кіші  мектептік  шақта  басталады,  ал  түп  тамыры  одан  да  гөрі  ертерек 
неғұрлым  сәбилік  шақта  болады.  Оқушылар  ұжымын  дамыту  дәрежесі 
оқушылардың  өзара  қарым-қатынастарының  дамыту  деңгейлерімен  және 
сипатымен  анықталады.  Оқушылардың  қарым-қатынасының  өріс  алған 
жүйесін  құрудың  негізі  –  танымдық  іс-әрекетін  мақсатты  бағытта 
ұйымдастыру болып табылады.  
   Оқушыларды ұжымдық  танымдық  іс-әрекеттерде  ұйымдастыру  –  ол 
аса маңызды мақсаттардың бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды қарым-
қатынастыққа,  еркіндікке,  шығармашылыққа,  жинақылыққа,  танымдық-
шығармашылық  деңгейін  көтеруге,  қабілеттерін  дамытуға,  жеке  тұлға 
ретінде  қалыптасуына,  толыққанды  ұжымның  құрылуына  үйретеді, 
бейімдейді.  Осының  барлығының  негізінде  әрбір  оқушының  меніз-құлқы 
өзгеріп,  ерік-жігер  мен  ақыл-ой  қабілетінің  даму  дәрежесі  жоғарылап, 
шығармашылығы  артып,  қабілеті  көтеріледі.  Ұжымдық  танымдық  іс-
әрекеттер  балаларды  ізденімпаздыққа,  санылы  түрде  мақсат  қоюына, 
өздерінің  іс-әрекеттерін  бағыттап  отыруға  тәрбиелейді.  Ұжымдық 
танымдық  іс-әрекеттер  –  танымдық  белсенділікпен  тығыз  байланыста 
болады. Танымдық белсенділік деп мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-
амалдық,  жігерлік  бөліктерінен  тұратын  тұлғаның  интегралдық 
құрылымын, сипаттамасын айтамыз. Осы үш бөлік диалектикалық тұрғыда 
бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Ұжымдық таным теориясының 
психологиялық  негізінде  жеке  адамның  жан-жақтылығы,  қызығушылығы, 
қарым-қатынас деңгейі, ес, сөйлеу, ұйымдастырушылық қабілеті, өз ойын 
еркін жеткізе алуы, жігерлігі, белсенділігі, іс-әрекеті, сондай-ақ психикалық 
процестеріне,  таным  процестеріне  ерекше  көңіл  бөлініп  қарастырылды. 
Оқушылар ұжымы – мектептің ұйымдасқан бір формасы. Әрбір оқушы осы 
ұжымның мүшесі, сондықтанда бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-
әрекеттің  мақсатын  таңдауға  нақтылы  қатысып,  оны  өмірде  іске  асырып, 
көпшілікітің пікіріне ұйымдастырып оқыту қажет. Сондықтанда ұжымдық 
таным  іс-әрекеттерін  әрбір  сабақта,  сабақтан  тыс  уақытта  пайдалану 
маңызды екені бәрімізге айғақ. 

220 
ӘОЖ 378.147 = 512.122                        Иманов Ж. Ж. (Қарағанды, ҚарМТУ) 
 
КРЕДИТТТІК ЖҮЙЕ ЖАҒДАЙЫНДА 
«ЭЛЕКТРОТЕХНИКА» ПӘНІНІҢ ІШКІ МҮМКІНДІКТЕРІН 
ПАЙДАЛАНЫП ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН 
ТОЛЫҚ БЕРУДІҢ, ИГЕРУДІҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ 
 
        «Электротехника»  консервативті  ғылым,  пән.  Оның  заңдары,  
ережелері  ақпараттық  технология  сияқты  «күнде»  өзгеріп  жатқан  жоқ. 
Дегенмен  ол  да  бүгінгі  техникалық  прогресстің  арқасында  өзгеріске 
ұшырауда,  жаңалықтар  енгізілуде.  Оның  бүгінде  медициналық 
электротехника, 
транспорттық 
және 
космостық 
электротехника, 
микроэлектроника, робототехника  деген бағыттары қарышты дамуда. Бірақ 
жойылып  кеткен  қағидалары  жоқ,  азайып  кеткен,  алынып  тасталған 
тұжырымдары, түсініктері де жоқтың қасы, керісінше молайып өсуде. 
         Білім  беру  үрдісі  біздің  елімізде  кәзір    оқытудың  кредиттік  жүйесі 
(технологиясы)  бойынша орындалуда. Күні кеше «Электротехника»  пәні 2 
немесе  3  семестр  бойы  оқытылатын.  Сондықтан  ол  кезде  студенттерге 
берілетін  материалдар  толық  оқылатын  (тәтптіштеп  берілетін).  Бүгінде 
ондай  кеңшілік  жоқ,  «Электротехника»  пәніне  2  кредит  немесе  3  кредит 
беріледі,    яғни  семестрде  15  сағат  немесе  30  сағат  дәріс  оқылады, 
бағдарламаның  қалған  бөлігі  студенттердің  дербес  жұмысына  (СДЖ) 
шығарылады  (оның  ішінде  студенттердің  оқытушымен  дербес  жұмысы 
(СОДЖ)  да  кірген),  яғни  кредиттік  технология  бойынша,  дәлірек  құжат 
сөзімен айтсақ [1, 51 бетте], 66 процент білімді судент өздігінен алуы керек  
деген сөз. Сырттан қарағанда, бәрі орнында, ештеңе өзгермеген сияқты. 
      Бірақ,  адамның  қабылдау  қабілеттері  (көрді,  естіді,  хабардар  болды), 
техникалық прогресс әсеріне бейімделіп, үлгеріп жатқанымен, оның толық 
қанды білу,  қорыту,  игеру  мәселесі,  адамның  биологиялық  өнім  нәтижесі 
екеніне байланысты күрт өзгеріп жатқан жоқ. Ендеше студентке өздігінен 
алатын  білім  көлемі  өсті  (компьютерлік  технологияны,  интернетті, 
ақпаратты-коммуникациондық  технологияны,  силлабусты,  ұсынылатын 
әдебиеттерді  т.т.  пайдалануына  байланысты  «жеңілдеді»  десек  те), 
электротехника  тілімен  айтсақ  студентке  түскен  «жүктеме»  артты.  Егер 
студенттер бұларды игермесе, ертең ол пайдаланылмайды деген сөз, тағы да 
электротехника тілімен айтсақ «балласт» ретінде қала береді. Қуаныштысы- 
мол  білімнен  хабардар  болды,  естіді,  көрді  десекте,  сол  мол  білім  қанша 
дәрежеде игерілді, яғни нәтижесі сөз жоқ мазалайды, толық қанды игерді 
деуге ауыз бармайды, себебі білім мысқылдап аз-аздан сіңіріледі ғой, оған 
қашанда уақыт керек екені жасырын емес.  
       Не  істеу  керек.  Әзірше,  бірден  бір  жол  біздіңше,  жоғарыда  айтылған 
жолдармен  бірге  электротехника  теориясының  ішкі    байланыстарын 
игерудегі  заңдылықтарды  ашу,  оның  логикасын,  философиясын  білудің 

221 
арқасында  оларды  жүйелеп  бұл  кемшіліктерді  жетілдіруге  болады  деп 
ойлаймыз.  
      Ондай 
байланыстар, 
заңдылықтар, 
принциптер, 
негіздер  
электротехникада баршылық. Олар мыналар: 
1. Қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға принципі
2. Сызықтық принцип; 
3. Баламалау, эквиваленттеу принципі; 
4. Тәуелсіздік (беттестіру, суперпозиция, жіктеу) принципі;  
5. Өздік (компенсация, теңгеру) принципі; 
6. Өзара алмастыру (айырбастау) принципі. 
        Бұл 
принциптер 
электротехникалық 
оқулықтарда, 
оқу-
әдістемеліктерде  [2]  кеңінен  түсіндіріледі,  қолданылады  және  толық 
талданған,  сондықтан  оларды  оқытушылардың  баршасы өз  деңгейлерінде  
әрқашан пайдаланып келеді.  
      Назарларыңызға  ұсынылып  отырған  осы  еңбекте,  біз  белгілі  де 
беймәлім,  еленбей  келген  электротехниканың  кейбір  қасиеттеріне 
басымдық  беру  тиімді  екенін  арқау  етпекпіз.  Электр  тізбектерінің  бұрын 
толық  пайдаланып  келмеген  төменгі  қасиеттерін  «қайта  жаңғыртып»  
бүгінгі күнде пайдаланудың берері мол екенін көтермекпіз. 
      Оларға  мыналарды  жатқызуға  болады,  әзірше  біз  оларды  былайша 
жіктедік: 
7. Бірлік принципі;  
8. Дуализм (жұптық) принципі; 
9. Үштік принцип; 
10. Төрттік принцип. 
      Осыған  орай,  студенттерге  электротехниканың  өте  қызық,  жүйелі, 
тамаша пән екенін дәріптеп, осыңдай  ерекше қасиеттерін (философиясын) 
пайдаланудың оны тиімді игерудің жолдарының бірі екеніне басымдылық 
берудің  мәселесі туындайды. 
      Бірлік  принципі  немесе  көп  мәнділік  (қырлылық)  принципі  -  бір 
құбылысқа  бірнеше  тұжырым  бірлігі,  ортақтығы:  векторлардың  (тоқ  пен 
кернеудің)  бірінен  бірінің  озып  немесе  қалып  жатуы;  электротехникалық 
шамалардың  гармоникалық  тербелістерінің-графиктерінің  өзара  озып 
немесе қалып жатуы; Ом заңының бірнеше өрнектері; Кирхгоф заңдарының 
бірнеше  тұжырымдары  (алгебралық  немесе  арифметикалық  қосылыстар 
түрінде); қуатты анықтаудың бірнеше формулаларының бірлігі; декартттық 
координаталар жүйесінде бір бұрышты озық немесе қалыс ретінде көрсету 
бірлігі;  тұрақты  тоқ  тізбегі  мен  синусоидалды  тоқ  тізбектеріне  анализ 
(талдау) есебі әдістерінің ортақтығы (тұрақты тоқ тізбегінде нақты сандар, 
ал синусоидалды тоқ тізбегінде комплекстік сандардың пайдалануы). 
      Дуализм  (жұптық)  принципі  -  бірінің  қасиетін  екіншісінің  кері 
қайталауы немессе ортақ ұқсастығы, үндестігі: анализ және синтез есептері; 
электр  және  магнит  өрістері,  резистор  мен  өткізгіштік;  индуктивтік  пен 

222 
сыйымдылық  элементерінің  қасиеттері;  тізбекті  және  параллель 
қосылыстар; үшбұрыш және жұлдызша қосылыстары; кернеулер мен тоқтар 
резонанстары; контурлық тоқтар және түйіндік потенциалдар әдістері, т.т. 
      Үштік  принцип  –  үш  түрлі  (активті,  реактивті,  толық)  тоқ,  кернеу, 
кедергі,  өткізгіштік,  қуаттар  бірлігі;  «кернеулер  үшбұрышы»,    «тоқтар 
үшбұрышы», «кедергілер үшбұрышы», «өткізгіштер үшбұрышы», «қуаттар 
үшбұрышы» - оларды өзара түрлендіру принципі; бәріне ортақ тік бұрышты 
үшбұрыш қасиетін пайдаланып алынатын өте көп формулалар бірлігі.  
       Төрттік  принцип  –  электротехникалық  бір  құбылысты  төрт  түрде 
(формада)  бейнелеу:  аналитиакалық  (формула  түрінде),  толқынды 
диаграмма,  гармоникалық  тербелістер  (графикалық  түрі),  векторлық 
диаграмма  (айналып  немесе  тоқтап  тұрған  векторлар),  комплекстік, 
символдық түрде; электротехникалық есептеулерде комплекстік сандардың 
төрт  түрін  пайдалану  (алгебралық,  тригонометриялық,  көрсеткіштік, 
полярлық түрлері).  
       Міне, студенттерге  осы құндылықтардың ұңғыл–шұңғылын жеткізуге, 
түсіндіре  білуге    қол  жеткізу  керек.  Ендеше  оларды  «сығып»,  олардың 
үндестігіне, заңдылықтарына, логикасына, философиясына, жүйесіне көңіл 
бөлу керек. Сонда пәннің классикалық оқулықтарда, әдебиеттерде ондаған 
беттерде тәптіштеп берілген, жазылған ойларды, материалдарды логикасы, 
әдістемесі,    заңдылығы  бірдей  болғандықтан  «топтап»  заңдылығына  ғана 
көңіл аударып, көп қайталамай тез игеруге, зиянсыз «аттап» өтуге болады 
деп  ойлаймыз,  яғни  көлемді  материалдарды  беруге,  игеруге  мүмкіндік 
туады. 
      Автор  бұл  еңбекте  мәселе  бірінші  көтеріліп  отырғандықтан,  әлі  де 
зерттеуді талап ететінін, мұнда келтірілген пікірлердің оқырман, мамандар 
ойымен  сәйкес  келмеуі  мүмкіндігін,  толық  қанды  келісімде  болар  деген 
ойдан аулақ екенін ескертуді жөн көреді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет