І. КЕҢЕСБАЕВ ЖҼНЕ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ МҼСЕЛЕЛЕРІ
Ісмет Кеңесбайҧлы Кеңесбаев - қазақ тіл білімінің қалыптасуына айрықша
ҥлес қосқан алдыңғы толқын зерттеушілердің бірі.Ғалым 1944 жылы «Қазақ
тіліндегі тиянақты сҿз тіркестері» атты докторлық диссертациясын қорғап,
профессор атағыналды. Бҧл – фразеология саласы бойынша тҥркі ҽлеміндегі
тҧңғыш айтулы еңбек болып саналды.
Академик І. Кеңесбаев қазақ тіл білімінің жҽне тҥркітану меналтаистиканың
алуан тҥрлі салалары бойынша қҧнды зерттеулержазды. Қазақ тілінің
фонетикасы мен фонологиясы, қазақ ҽдебитілінің ҿзекті мҽселелері, ана
тіліміздің грамматикалық қҧрылымымен лексика-фразеологиялық жҥйесі,
қолданбалы тіл білімінің жай-кҥйі ғалым еңбектерінде егжей-тегжейлі сҿз болды.
Зерттеуші фонеманы «кҿрнекі дыбыс» дей келе, оған мынадай анықтама
береді: «сҿз мағынасы мен сҿз тҧлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкентай
дыбыстық единицаны фонема дейміз»[1].
Ғалым: «Тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық қасиеттерін
физиологиялық фонетика (немесе антропофоника) тексереді. Физиологиялық
фонетиканың осы объектісін лаборатория жолымен тҥрлі инструменттер,
аппараттар арқылы эксперименталдық фонетика тексереді» дей келе
эксперименталдық фонетиканың тіл білімінің жеке бір саласы емес, дыбыстарды
103
тексерудің тҽсілі екендігін жҽне «традициялықтіл ғылымында тілдегі дыбыс
қҧбылыстарын фонетикалық тҧрғыдан тексеретін фонетиканың саласы –
фонология делінеді» [1]деп фонологияға да анықтама береді.
Зерттеуші қазақ тілі дыбыстарының қҧрамы мен тҥрлеріне тереңінен
тоқталып, дауысты дыбыстарды «буын қҧрғыш», дауыссыз дыбыстарды «буын
қҧра алмайтын дыбыс» деп атап, олар туралы келелі тҧжырымдар білдірген.
Қазақ тілінің жалаң дауысты дыбыстарының санын 9 деп беріп, оларға а, е, ы, і,
ә, о, ӛ, ұ, ү монофтонг дыбыстарды жҽне и, у дыбыстарын қосынды
дауыстыларға, яғни дифтонгоидтарға жатқызады. Қазақ тілінің дыбыстық
жҥйесін зерттеу барысында ғалым ҽр дыбысқа жеке-жеке тоқтала отырып,
олардыбасқа тҥркі тілдерімен салыстыра отырып қарастырған. Мысалы, а
фонемасының жуан дауысты дыбыстардың қай-қайсысының соңынан келе
беретінін айта келе, ерін ҥндестігі кҥшті қырғыз, алтайлықтардың т.б. тҥркі
тілдерінен қазақ тілінің айырмашылығы ерін дауыстыларының жуанынан соң а
айқын естіліп, жиі кездесіп отыратындығын айтып тҿмендегідей мысалдармен
дҽлелдейді:
Қазақша Қырғызша Алтайлықша
Қой-лар ой-лар қой-лар
Қоян-дар коен-дор койо-н-дор
Қол-дар қол-дор қол-дор
Жолдас-тар жолдош-тор дьолдош-тор
Құлын-дар құлұн-дор кулун-дор
Ғалым зерттеу еңбектерінде қазақ тілінің а фонемасы қырғыз тіліндегіден
анық естілетінін, мҧның себебі – қырғыз тілінде а фонемасының корреляциясы,
яғни сыңарының жоқ екенін, ал қазақ тілінде негізгі морфемада а фонемасы ә-
мен ауысып айтылатынын, жҽне мҧның фонемалық ҥлкен мҽні бар екендігі
туралы айтады. Оған: ал-әл, сат-сәт, сан-сән-сәл, дал-дәл, нан-нән, тан-тән, ар-
әр, ай-әй мысалдарын келтіреді.
І. Кеңесбаев: «Бірнеше буынды сҿздердің бір буыны қалған буындардан
кҥшті айтылып, айқынырақ естіліп тҧрады: терезе, отын, ағаш. Сҿз ішіндегі
арнаулы бір буынның оқшауланып кҥшті айтылуын екпін дейміз» - деген
екпіннің анықтамасын бере отырып, қазақ тілінде екпіннің лебізді (немесе
динамикалық), ҥнді (музыкалық немесе тоникалық) жҽне кейде квантитативті
екпін тҥрлері кездесетіндігін айтады.
Акцентті-фонемалық (дҽстҥрлі фонологиялық) теорияны қолдаушы
ғалымдардың пікірінше, екпін сҿзді ажыратуда, сҿзді тануда, айқындауда
басты қызмет атқарады. І.Кеңесбаев - тҥркі тілдері, соның ішінде қазақ тілінде
екпін негізгі просодикалық қызметті атқаратынын айтып, оған жан-жақты
зерттеулер жҥргізген ғалым. Екпін мҽселесі жҿнінде жазылған орыс жҽне
тҥркізерттеушілерінің О.Бетлингк, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Ф.Е.Корш,
Б.Я.Владимирцов, Н.К.Дмитриев, М.Рясянен, Г.Педерсен, Г.Шараф т.б. -
еңбектерімен танысқан ол Ленинград фонологиялық мектебінің ілімін
басшылыққа ала отырып қазақ тілінің акцентуация мҽселесін 1948 жылы «Қазақ
тілінің екпін категориясы» атты мақаласымен тҧжырымдады [2, 24 б.].
І.Кеңесбаев қазақ тілінің екпінін акцентті-фонемалық теория негізінде
зерттеді. Сондықтан да еңбектерінде сҿз екпіні просодиялық доминант
104
ҧғымында кҿрсетіледі. Мҧндай пікір, ғылымикорытынды сол кездегі қазақ жҽне
жалпы тҥркі тіл білімінде ҥлкен орын алған. Қазір, сингармофонологиялық
теория қалыптасқан кезде, казақ (тҥркі) тілі екпіні сҿздің просодиялық
доминантасы болады.
Ғалым І.Кеңесбаев В.В.Радловтың сҿз ішіндегі дауысты дыбыстарды лебізді
екпінге байланыстыра келіп: негізгі екпінге ие дауысты, кҿмекші екпінге ие
дауысты екпін тҥспейтін дауысты деп ҥшке бҿлуін қҧптайды. Ол қазақ тіліндегі
екпін басқа тҥркі тілдеріндегі екпін тҽрізді сҿздің кҿбіне, соңғы буынына
тҥсетінін; екі не ҥш буынды сҿздің немесе кҿп буынды сҿздің бір буыны негізгі
екпінге ие болатынын қалған буындарына ешқандай екпін тҥспейтінін айта келіп:
«... кҿп буынды кемінде тҿрт буынды сҿзде негізгі екпіннен бҿлек кҿмекші екпін
пайда болады. Негізгі екпін соңғы буынға тҥседі де, кҿмекші екпін негізгі тҥбірдің
соңғы буынына тҥседі», - дейді.
Мҽселен: [2,272 б.]
о-рақ о-рақ-шы-лар
о-рақ-шы-ла-ры-мыз
о-рақ-шы-ла-ры-мыз-да
о-рақ-шы-ла-ры-мыз-да-ғы
о-рақ-шы-ла-ры-мыз-да-ғы-лар
Яғни, ғалымның айтуынша, ҥш буынды сҿзде тек негізгі екпін болады да
тҿрт не одан да кҿп буынды сҿзде негізгі екпінмен қатар кҿмекші екпін пайда
болады. Кҿмекші тиянақты болып негізгі тҥбірдің соңғы буынында болса, негізгі
екпін сҿзге жалғанған қосымшаларға байланысты екпін сҿздің соңғы буынына
тҥседі. Ендеше, сҿздің буын саны негізгі екпінге критерий бола алмайды. Қазақ
тіліндегі екпін сҿздің соңғы буынына тҥседі деген пікір жайында ғалым
М.Раимбекова «Об ударении в казахском языке» атты еңбегінде: «Исследования
длительности, интенсивности и высоты - тона как носителей ударения еще раз
подтверждает выводы академика С.К.Кеңесбаева о том, что ударным в казахском
языке является последний слог», - деп [3]І.Кеңесбаевтың пікірімен келіседі.
І.Кеңесбаев кҿмекші екпін категориясын ҥзілді-кесілді шешілген мҽселе деуге
болмайтынын, оны ҽрі қарай тереңірек зерттеу керектігін айтады.
Ғалым І.Кеңесбаев қазақ тіліндегі екпіннің ҥнемі сҿздің соңында болмауы,
яғни кейбір қосымшалар екпінді бойына тартатын қҧрал екенін ескертеді.
Тҧлғасы бір, қызметі бҿлек қосымшаларды екпін арқылы ажыратуға болатынын
айта келіп, тҿмендегіше тҥсініктеме береді: а) біздің оқушы-мыз(мҧндағы мыз -
тҽуелдік жалғау), біз оқушы-мыз (мҧндағы мыз - жіктік жалғау); ҽ) ағашты
жарма (мҧндағы -ма - болымсыз етістіктің жҧрнағы); тәтті жарма (мҧндағы
ма - зат есімнің жҧрнағы); б) сен мынаны кӛрші (ші - волунатив мағынадағы
етістік жҧрнағы) ол бізге кӛрші(ші - агентив мағынадағы зат есім жҧрнағы); в)
сіздің қалыңыз (ыңыз - екінші жақ тҽуелдік жалғау), сіз қалыңыз (ыңыз - екінші
жақ бҧйрық рай жҧрнағы); г) сіз баласыз (сыз - екінші жақ жіктік жалғау), ол кісі
баласыз (сыз - болымсыз есімнің жҧрнағы); д) ол үйде (де - жатыс септіктің
жалғау), үйде (де - шылау); е) атты кісі (ты - сын есім жҧрнағы),ол мылтық
атты (мҧндағы ты - етістіктің ҿткен шақ қосымшасы); ж) біз осында
қалалық(лық - қалау рай жҧрнағы), қалалық кеңес (лық - сын есім жҧрнағы) т.б.
105
І.Кеңесбаев сҿз ішінде екпіннің жылжымалы қасиетін: «ҧранды сҿздерде
немесе басқаша тҥрлі мҽнерленіп айтылған (эмфаза, экспрессив тҥрде айтылған)
сҿздердің екпіні бір буыннан екінші буынға кҿшіп отырады (Боранбай кітап
оқыды деген сҿйлемдегі Боранбай сҿзінің дағдылы екпіні оның соңғы буынында
тҧр). Ал вокатив сҿйлемде (мысалы, Боранбай, әй Боранбай!) екпін бас буынға
кҿшіп кетеді. Тәуелсіздік жасасын! деген сҿйлемдегі «жасасын» сҿзі екпінінің
дағдылы орны соңғы буыннан орта буынға ауысып тҧр»,- деп тҥсіндіреді [2].
Демек, бҧл жердегі екпіннің бір буыннан екінші буынға кҿшуінде мағына
айқындауыштық не сҿз ажыратушылық қасиет жоқ, тек айтылу мҽнерін ғана
ҿзгертеді.
Сондай-ақ, ғалым орыс тілі арқылы тілімізге келген сҿздер акцентуациялық
нормасын сақтап айтылатынын кҿрсетеді. Республика, конференция, физика,
коммуна, Москва, Саратов,Фрунзе, Куйбышев.
Қорыта келе айтарымыз, І.Кеңесбаев жоғарыда аталған мҽселелерді қазақ
тіл білімінің, жалпы тҥркітану ілімінің дыбыс жҥйесіне енгізіп, орнықтыру
арқылы ғылым сахнасының тҿрінен ҿзіндік орнын алды. Оның тҧжырымдары,
қағидалары кейінгі зерттеушілер тарапынан дамылып жетілдірілді. І.Кеңесбаев –
қазақ тіл білімініңқалыптасып дамуына елеулі ҥлес қосқан ірі ғалымдардың бірі.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мҽселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2014. -
640 б.
2.
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің екпін категориясы туралы // Қазақ ССР ҒА
Хабарлары. Лингвистикалық серия. 5-шығуы. І948. -19-23 бб.
3.
Раимбекова М. Об ударении в казахском языке // Известия АН КазССР.
Серия общественная, -№ 6. 1971. -77-80 с.
4.
Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің екпін категориясы. -Алматы, 1948. -269 б.
5.
Кеңесбаев I., Мусабаев Ғ. Қазipгi қазақ тiлi. -Алматы: Мектеп, 1975. -
304 б.
ҼОЖ 811.512.122.1
ҚАЙЫРБАЕВА Ж.Қ., МАМАЛАКОВА К.С.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ., Қазақстан,
«№29 орта мектебі» КММ, Ҿскемен қ., Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЫРҒАҚТЫ, СИНТАГМАТИКАЛЫҚ ЕКПІНДЕРДІҢ
СҾЙЛЕМДЕГІ КҾРІНІСІ
Жекелеген тілдерде жҽне олардың диалектісінде екпін біраз зерттеу
жҧмыстарына негіз болған. Осы уақытқа дейін оқшауланған жҽне фразалық сҿз
орамының қҧрамындағы кҥрделі сҿздердегі екпін градациясының мазмҧнын
анықтауға қатысты бірқатар зерттеулер жҥргізілген.
Сҿйлеу легі сегменттерге, яғни сҿйлеудің белгілі бір қысқа бҿліктерінің сан
алуан ерекшеліктеріне байланысты. Нақтылай тҥссек, сҿйлеу легі тіл бірліктерін
ҽр қырына: буынға, сҿз екпініне, акцентке, байланыстырып сҿйлеу бірлігі –
106
фразалық интонацияға қатысты болып келеді. Осыған орай, интонацияның сҿз
екпіні жҽне буын акцентін қарастыратын саласы – акцентология, ал фразалық
интонацияны зерттейтін саласы интонология деп аталады. Акценттелу типін
реттеу барлық тілдерде дҽстҥрден тыс ҽдістерді пайдалануды қажет етеді. Тіл
иеленушінің қалыпты ережеден ауытқи отырып екпінді орналастыруын, екпінді
орналастырудағы ережелер жиынтығын акценттік база деп атаймыз. Акценттік
базаны зерттеудің ең тиімді амалы, дыбыстар кешенінің акценттік базасын
эксперимент арқылы зерттеу болып табылады.
Сҿз ағымы кҿлемі мен мазмҧн толықтығы жағынан ҽркелкі болса да, ол
ҿзінің қабылдануы барысында фонетикалық тҧрпаты жағынан тиянақталған
жеке-жеке мағыналық бҿлшектер – ырғақты топтар мен синтагмаларға
мҥшеленеді. Ырғақты топ дегеніміз ҿзінің соңғы буынына тҥскен ырғақты екпін
негізінде біріккен сҿздердің ең кіші мағыналық тобы. Қазақ тіліндегі сҿздердің
бҽрі бірдей сҿйлем ішінде дербес екпінге ие бола бермейді. Ол кейде ырғақты-
синтагмалық екпінмен алмаса отырып, ырғақты топ немесе синтагманың аяқ
жағына қарай орналасады. Қазақ тілінде сҿйлемнің ырғақты топтарға бҿлінуі
кҿбінесе олардың мазмҧнына байланысты болады.
Сҿйлеу ағымындағы екпіннің кҿрінуі кҿп жағдайда тілге байланысты.
Кейбір тілдерде екпінді буындар тым жоғары немесе тым тҿмен тонға ие, ол
тондық немесе музыкалық екпін болуы мҥмкін. Кҿптеген тілдерде олар
сҿйлемнің типіне қарай оны қоршаған буындарға қарағанда біршама жоғары
немесе тҿмен тонда болуы мҥмкін. Сондай-ақ динамикалық (кҥшті), сапалық
(дауыстылардың редукциясының болмауы) жҽне сандық яғни, дауыс
ҧзақтығының ҿсуі тҥрінде болады. Сондай-ақ екпін бір сҿйлемдегі тҥрлі сҿзде
тҥрлі дҽрежеде іске асады [1, 104 б.].
Қазақ тілінің ырғақты екпіні ҿзінің болмысы жағынан француз тіліндегі
ырғақ екпініне жақын. Л.В.Щерба [2]ырғақты екпін мҽселесін француз тілінің
материалы негізінде сипаттаса, екі тілдің аталмыш екпін тҥрлерінің ҧқсастығын
алғаш сҿз еткен А.Байтҧрсынов болды. Ол тілдерді «екпін буыны бірыңғай
келетін тілдер жҽне екпін буыны бірыңғай келмейтін тілдер» деп бҿліп, екпіннің
сҿйлем ішіндегі орнықты орны жоқ орыс тілімен салыстырғанда, қазақ тілінің
сҿз соңына тҥсетін екпінімен ерекшеленетінін тілге тиек етіп, оны француз
тілімен қоса бір топ қҧрамда қарастырады: «Орыс тілінде екпін буыны бір сҿздің
басында келсе, екінші сҿздің ортасында, ҥшінші сҿздің аяғында келеді:...ол ҽр
жерде кҿшкілеп жҥреді.... Қазақ тілінде екпін буыны сҿздің я аяғында, я аяғына
таяу буын болып келеді. Екпін буыны аяғына келетін сҿздермен қазақ тілі
француз тіліне ҧқсас» [3, 190 б.].
Ырғақты екпін туралы Р.Сыздық «Сҿз сазы» еңбегінде: «Сҿйлеу актісінде
айтылуы жағынан сҿздердің бір-біріне ететін ықпалы, дыбыстық ҿзгерістері бір
деммен топтасқан сҿздердің аражігінде жҽне ҿн бойында пайда болады.
Сондықтан, ең алдымен, «бір деммен топтасқан сҿздер» дегеніміз не? Яғни
сҿздер қандай жағдайда бір деммен, бір ырғақпен, бір ритмикаға топтасып
айтылатындығын біліп алған жҿн. Ҿзгерістер мен фонетикалық қҧбылулар
белгілі бір тіл заңдылығымен ғана топтасатын сҿздердің аралығында пайда
107
болады. Қазақ тілінде сҿйлем ішіндегі сҿздер дауыс ырғағы жағынан ҽрқайсысы
бҿлек-бҿлек айтыла бермейді, кҿбінесе екі-екіден немесе екі-ҥштен бір ырғақты
топ қҧрап, бір екпінмен, бір деммен ҥндесіп, ҥйлесіп айтылады» - деп
кҿрсетеді[4, 54 б.].
Ҽдетте ырғақты топтар синтагмалармен ҥйлесіп отырады. Кейде бір
синтагма бірнеше ырғақты топтардан тҧрады. Ырғақты топтар ырғақты екпінмен
жіктеледі. Мҧндай жағдайларда жік аралығындағы негізгі тон жиілігі, ҥдемелілік
пен ҧзақтықтың кенет ҿзгеруі байқалады. Сондықтан олардың арасында ҽрдайым
кідіріс болуы міндетті емес. Ал бір ырғақты топ бір синтагманы қҧрса, онда
міндетті тҥрде кідіріс орын алады. Екпін арқылы ажыратылатын топтардың
ҽрқайсысының біртҧтастығы ырғақты-синтагмалық екпін арқылы жасалады.
Синтагма ырғақты топпен салыстырғанда одан едҽуір жоғары деңгейдегі
бірлік ретінде, сҿйлеу тілі қҧбылыстарының ерекшеліктерін анықтауға қатысады.
Синтагма айтылған сҿз немесе мҽтіннің мҥшеленуі барысында дҥниеге келетін
барлық тілдерге дерлік тҽн ҽмбебап мағыналық бірлік болып саналады. Ол ҿзі
орналасқан сҿйлеу жағдаяты немесе контекске байланысты белгілі бір
мағыналық тҧтастық ретінде сҿз, сҿз тіркесі, тіпті сҿйлемді де қамти алады.
Семантика-интонациялық, синтаксистік бірліктер тҥріндегі синтагмалардың
шекаралары синтагмалық екпін арқылы ажыратылады. Ырғақты мҥшеленудің
шекті, ең ақырғы бҿлшегі ретінде, ол сҿз ағымының синтаксистік-
стилистикалық жҽне лексика-фразеологиялық мҥшеленуінің нҽтижесі болып
табылады. Сҿйлеуде синтагма шектері айтарлықтай қҧбылмалы, жылжымалы
болып келіп, пунктуацияда кҿрініс тапса, кҿп жағдайларда тыныс белгілерінің
орны синтагмалық жіктермен сҽйкес келе бермейді. Мҽтінді біртҧтас мағыналық
бірлікте ҧстап тҧруда оның қҧрылымында кҿрініс табатын синтагмалар ҿздерінің
қайталану жиілігімен қатар орналасу ретімен де ерекшеленеді. Ол сҿз
барысының ең кіші бҿлшегі ретінде интонация қҧралдарының қызметі негізінде
жҥзеге асады.
Синтагманың интонациялық ҿрнектелуі мелодикалық, динамикалық,
темпоральдық қҧралдар арқылы іске асады. Бірнеше ырғақты топ бір синтагма
аясында біріккенде, алдағы ырғақты екпін кҥштерінің ҽлсіреуі нҽтижесінде
синтагмалық екпіннің кҥшеюі байқалады.
Сҿз ағымы мҥшеленуінің кҥрделірек сипаты бір не бірнеше синтагмадан
тҧратын сҿйлемдерде кҿрініс табады. Екпіннің ҽртҥрлілігі мен айтылымның
белгілі бір интонациялық кескіні сҿздердің мағына жағынан осы тҽрізді
фонетикалық бірлікке ҧйымдасуын қамтамасыз етеді. Кез келген аяқталған
сҿйлемнің коммуникатвитік қызметі негізінде орын алған ҿзінің интонациялық
орталығы болады, яғни ондағы синтагмалық екпін, біріншіден, айтылымның
коммуникативтілігін айқындап кҿрсетсе, екіншіден, айтылымдарды бір-бірінен
ажыратып, жіктеуші қызметін атқарады. Синтагмалық екпін бҥкіл айтылымды
ҧйымдастыруда оның ең соңғы буынында орын алады. Мысалы: Қҧстар. Қҧстар
келді. Қҧстар ерте келді. Қҧстар биыл ерте келді. Қҧстар биыл жылы жақтан ерте
келді.
108
Осы мысалдан кҿргендей, бейтарап айтылған айтылымдарда синтагмалық
екпін интонациялық ҿз қызметін атқара отырып, ондағы сҿз саны кҿбейген
сайын оның соңына қарай ығыса береді.
Қазақ тіліндегі басты-басты мына сҿз топтары ырғақтық кешенді жасай
алады:
1) Қос сҿздер (жҧп сҿздер): құрт-құмырысқа, қазан-табақ, бала-шаға, киім-
кешек, тері-терсек, баспа-бас, кӛзбе-кӛз, ата-ана (атана), ата-енесі (ате-енесі),
ығын-жығын, азық-ауқат, т.б. Қос сҿздер ежелден келе жатқан тіліміздегі сҿз
қҧрамының ҿзгеше бір тҥрі.Сондықтан қос сҿздердің бір ритмикалық топ
болуында заңдылық та бар.
2) Негізгі сҿздер мен энклитикалық (шылау) сҿздер:
Сҽкенді кеше ғана кҿрдім.
Мектепте кҥн сайын балалар болады.
Бҥгін сабақ бола ма?
Кеше ғана Омарды кҿрдің ғой.
Қазақ тіліндегі шылау элементтерінде негізінде екпін болмайды. Шылау
элементтері сҿздің морфологиялық дамуының соңғы жемісі. Бҥгінгі
тіліміздегі шылау сҿздер - ерте бастағытолық мағыналы сҿздер. О бастағы
толық мағыналы сҿзіміздің осындай шылаулық фазасына жетуіне синтаксис
пен семантикалықкезеңдерден басқа фонетикалық жағдай да себепші болды.
Ондай болса, қазақ тілінің морфологиялық қҧрылысын айқындайтын фактордың
бірі - екпін.
3) Кҥрделі сҿздер:
а) кҿсемше не есімше кҿмекші етістіктер: оқып жүр, айтып отыр, келе
жатыр, ауырып түр, келген екен, оқы-ған шығар, келген жоқ, келген емес т.б.
ҽ) Есімдер мен есім сҿздер: кӛк ӛзек (кҿг ҿзек), боз отау (боз атау) т.б.
б) Есімдер мен кҿмекші етістіктер: ақ екен (ағ екен), кӛк емес (кҿг емес),
кӛп екен (кҿбекен) т.б.
Ӛте, тым, ең ҥстеулері мен сын есімдер: ӛте үлкен, тым жақсы, ең
тәтті, тым алыс, т.б. Мҧндай ритмикалық топтағы екпін бірінші сҿзге
тҥседі.Анықтауыш пен анықталғыш сҿз тобы бір ырғақтық екпінге енеді:
ғылыми мақала, кең жай, биік тау,жас қыз, ұзын бойлы келіншек т.б.
Сҿздердің бірі анықтауыш, бірі анықталғыш болыпкелгенде екі сҿздің жігі
ашылмай, демнің бір ағысыменқабысып айтылады. Мҧнда анықтауыш пен
анықталғыш синтагмасы бір ритмикалық сҿз тобын жасап тҧрады. Кідіріспен
жіктеліп отыратын семантика бірлігіндегі сҿз тобы кҿбінесе ритмикалық топпен
сҽйкес келеді. Қейде ҽлденеше ырғақтық сҿз тобы бір синтагмаға енуі мҥмкін.
Ырғақтық екпін де синтаксистік қызметі бар фонетикалық категорияның бірі.
4) Тура толықтауыш пен баяндауыш; хат жазды, кітап алды, ӛлең айтты,
шашу шашты т.б.Мҧнда да сҿздердің семантикалық бірлігі - ырғақтық
бірлігімен дҽл ҥйлесетінін байқаймыз. Ҽсіресе, тура толықтауыштағы табыс
жалғауының кҿбіне тҥсіп қалуы (оның ҿзге сҿзбен синтаксистік қатынаста
тҧрғандығынан) соңғы сҿзбен бір ырғақтық топта тҧрғандығынан болуы
керек.Пысықтауыш пен баяндауыш: тез келдім, кеш айтты, енді кӛрді, бүгін
109
бар, тез оқы, т.б.Бастауыш пен баяндауыш (сҿйлем тек аз буынды бастауыш
пен баяндауыштан тҧрғанда): ат шапты, той болды, мал келді (мал гелді)
т.б.
Біздің байқауымыз бойынша, қазақ тілінде ырғақтық топтағы сҿздердің
саны кҿбіне екеуден аспайды да, ырғақтық екпін негізінде соңғы сҿздің соңғы
буынына тҥсіп отырады (екпін тҥспейтін буындарды айтпағанда). Кҿлемді
ырғақтық топта негізгі екпіннен басқа бірінші компонентте (сҿзде) кҿмекші
екпін де туылады: қазақ халқы, еркін заман, ӛте жақсы, т.б.
Жоғарыда біз мысал ретінде бір комплекс жасай алатын сҿз топтарының
басты-бастыларын ғана санап ҿттік. Олай болса, қазақ фонетикасының бҧл
мҽселесі ҽлі жете зерттеуді қажет етеді.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Уҽлиҧлы Н. Қазақ сҿз мҽдениетінің ғылыми теориялық негіздері: филол.
ғыл. док... дисс.-Алматы: А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты, 2007.
-308 б.
2.
Щерба Л.В. Фонетика французского языка М.; 1955.
3.
Байтҧрсынов А. Тілтағылымы. – Алматы; 1994. -179б.
4.
Сыздық Р. Сҿз сазы. Сҿздерді дҧрыс айту нормалары. -Алматы: Ғылым,
1983. -250 б.
ҼОЖ 821.512.122.09
КАРТАЕВА А., АМИНГАЗИНОВА А.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ҿскемен қ., Қазақстан
М.ҼУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАРЛАРЫ ЖҼНЕ ҚАЗАҚ
ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ
М.Ҽуезов шығармашылығының нҽр алған қайнар бҧлағы қанымен дарыған
– халық ауыз ҽдебиеті оған ғалымдық жҽне жазушылық қызметінде ҿмір бойы
таусылмайтын қазына байлық болды. Бҧл қазынаны ғҧлама ғалым кҿп іздеп,
жан-жақты толықтырып, оны ҥнемі зерттеумен де ҧзақ жылдар бойы айналысты.
Халқының бай ауыз ҽдебиетінің бар қҧнарын бойына сіңірген жазушы ҽңгіме,
повестерінде, драмалық шығармалары мен «Абай жолы» роман-эпопеясында ҿте
шебер қолданып, жаңа қасиет туғызып оқырманға кҿркем суреттеп жеткізді.
Мҧхтар Ҽуезов шығармашылығының ең негізгі ҿзек еткен арнасы, рухани
ҧстазы Абай тағлымында жатыр. Алып мҧхиттан сусындаған Мҧхтарға Абай
тақырыбы оның ҿмірінің мағынасы мен мҽніне айналды. Бес жасынан атасы
Ҽуездің Абай ҿлеңдерін жаттатып, санасына мҽңгілікке сіңіргені ақынға деген
қҧрметінің алғашқы бастамасы еді. Жастайынан Абай мҧрасына қанығып, ақын
шығармаларының қҧдіретін сезініп ҿсті. Бҧл жайды М.Ҽуезов былай деп еске
алады: «Атамыз бізді ҿзінше оқытатын. Бҧл оның ҿзіне оңайырақ соққан болар.
Ал шҽкірт байғҧстың кҿз жасы тимей-тимей кетуші еді. Аздап қара таныған соң
ҿлеңдерінің бірінен соң бірін жаттадым. Ҿлеңдер бір тҥрлі тҥсініксіз. Ара-
110
арасында: Пушкин, Лермонтов, Крылов, Татьяна мен Онегин тҽрізді бҧрын қҧлақ
естімеген, оқшау, ҿзгеше есімдер ҧштасып қалады» [1, 4 б.].
М.Ҽуезовтің жазушылық, публицистік шығармашылыққа қадам басқан
уақыты жиырмасыншы жылдары жер жаһанда ҥлкен тҿңкеріс болып жатқан
аласапыран заманмен тҧспа-тҧс келеді. Елдегі болып жатқан саяси жағдайлар,
кҥрделі кезеңнің аласапыранды кҥндері жазушының қаламгерлік қҧдіретінің
бастау алған тҧсында саяси ҿсуіне ықпал еткені мҽлім. М.Ҽуезовтің саяси-
ҽлеуметтік кҿзқарасының қалыптасуына Алаш қозғалысының ықпалы зор болды.
М.Ҽуезов Алашорда қозғалысының кҿшбасшылары болып саналған қазақ
зиялыларымен тығыз байланыста жҧмыс істеді. Олар халқының ҧлттық
мҥддесін, тҽуелсіздігін кҿздеген, рухани кҿсемі – «Қазақ» газетінің айналасына
шоғырланды. Ояну дҽуіріндегі қазақ ҽдебиетінің ҿкілдері – Алаш арыстарымен
Ҽуезов рухтас, ниеттес, серіктес болды.
М.Ҽуезов шығармашылығының ҥлкен қайнары – Шығыс ҽдебиеті. Мҧхтар
Ҽуезовті алғаш Шығыс ҽдебиеті ҽлемімен таныстырған Абай ілімі, Абай танымы
еді. Абай ҽлемін барша қазақ халқына, бҥкіл ҽлемге танытқан жазушы, ғалым
Мҧхтар Ҽуезов ҧлы ақынның ҿмірі мен шығармаларын зерттеу барысында ҿзі
Шығыс ҽдебиетімен жақын танысқан еді. Жазушы ҿз заманының ҽлемге ҽйгілі
туындыларымен қатар, орта ғасырларда барша адамзат баласының асыл
мҧрасына айналған Шығыс мҧсылман ҽдебиетін де жетік меңгерді. Ежелден
ҽңгіме-жырдың, ҽн мен ҿнердің ортасы болған Абай ауылында ҥзбей айтылатын
«Шахнама», «Мың бір тҥн», «Лҽйлі-Мҽжнҥн» сияқты асыл туындыларды бала
кезінен естіп ҿсті. Шығыс ҽдебиетінен хабардар атасы Ҽуездің ҽңгімелері
арқылы, данышпан Абай шығармалары арқылы, кейін студенттік жылдары
Бартольд, Самойлович, Жирмунскийлерден тыңдаған дҽрістері арқылы шығыс
ҽдебиетінің бар қҧнарын бойына сіңіріп, бал шырынымен қанықты. Абай
мҧрасының қазына кҿздеріне ҥңіле отырып, оны зерттей жҥріп, ақын нҽр алған
қайнарлардан Ҽуезов те еркін сусындады.
М.Ҽуезовтің қол артқан келесі бір ҥлкен арнасы –Тҥркі халықтары ҽдебиеті.
Тҥркі халықтары ҽдебиетінен алған ізгі нҽрі мен тигізген игі ҽсерлері оның
шығармашылығында айрықша кҿз тартып, кҿңіл аудартады. 1922 жылы Ташкент
табалдырығын аттап басқан кҥннен-ақ, тҥркі халықтары ҽдебиетіне айрықша мҽн
беріп, Абай нҽр алған бҧлақтардың кҽусарынан сусындап, ҽдебиет ҽлеміне еркін кіре
бастайды да, оны ҿмірінің соңғы сағаттарына дейін ҥздіксіз зерттеп, жазумен
айналысқан. Соңдықтан Н.Тихонов: «Ол ҽріптестерін ҥйіріп ҽкететін тамаша
ҽңгімешіл адам, ҽсіресе, азиялық ҽдебиеттер мҽселесінде ҥлкен білімдар, аса
кҿрнекті ғалым еді», - деген сҿзінен М.Ҽуезовтің туысқан кҿрші халықтар ҽдебиетін
жетік білетіндігін кҿруге болады [2, 8 б.].
М.Ҽуезов шығармашылығының ҥлкен айдыны – орыс жҽне Батыс ҽдебиеті.
«Мҧхтар Ҽуезов жастайынан-ақ қазақ халық ауыз ҽдебиеті ҥлгілерін, туған
ҽдебиетінің таңдаулы туындыларын ҥзбей оқи жҥріп, орыс жҽне Батыс Еуропа
ҽдебиетіне ҥлкен ықыласпен назар аударды. М.Ҽуезов – КСРО халықтары
ҽдебиетінің майталман бiлгipi ретінде Мҽскеу университетінде профессорлық
қызмет атқарған жазушы. Орыс, украина, белорус халықтары ҽдебиетін бip
111
жинақтап қарап, Балтық бойы халықтары ҽдебиетін тағы бip бҿлек алып
байымдайды. Кавказ халықтары ҽдебиетіне де арнайы тоқталады», - деп
профессор Ж.Дҽдебаев М.Ҽуезовтің бҥкіл дҥниежҥзі ҽдебиетіне қатысын
кҿрсетеді [3, 60 б.].
Мҧхтар Ҽуезов алғашқы туындысынан бастап, соңғы шығармасына дейін
жазушылық шеберлігін ҥздіксіз арттырумен болған. Қырық жылдан астам
шығармашылық жолында жазушы ҥшін, ҽсіресе, классикалық орыс ҽдебиетінің
маңызы ерекше жоғары болған.
М.Ҽуезов – ҿзіне дейінгі жҽне ҿз тҧсындағы ілгерішіл ҽдебиеттің озық
ҥлгілерінен суреткерлік ҿнердің нeбip қҧпия сырларына қаныққан жазушы.
Ҽрбір жазушы ҿзінің жазушылық шеберлігіне орай ҿзіндік ҥлес қоса алады.
Десек те жаңалық атаулыны талантты жазушы ғана енгізеді. Ҽдебиетте М.
Ҽуезовті ҧстаз тҧтып, одан ҥйренбеген каламгер жоқ шығар. Осы тҧрғыда қазақ
прозасында да (60-80 жылдар прозасында) тарихи роман жанрында кҿрнекті
туындылар дҥниеге келді.
Достарыңызбен бөлісу: |