Использованной литературы:
1.
Концепция гуманитарного образования Республики Казахстан.- Алматы: Казахстан.
1994.- 40 с.
2.
Рахимова Савронби. Нравственное воспитание на уроках-диспутах в старших
классах таджикских школ: Автореферат дис. кандидата педагогических наук;
Курган-Тюбе- 2012.-4с.
3.
Бегишева Ю.В., Крылова О.В., Ксендзюк И.А. Нравственное воспитание
школьников – главная проблема современности. Уфа, «Символ науки» № 01-
1/2017.-166-167с.
4.
Ушинский К.Д. О народности в общественном воспитании. Педагогические
сочинения: В 6 т. Т.1. /Сост. С.Ф.Егоров. -М: Педагогика, 1988.-с. 194-256.
СМАҒҰЛ САДУАҚАСОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ МЕН МАҚАЛАЛАРЫНЫҢ
ДЕРЕКТІК КҰНДЫЛЫҒЫ
Каненова Гүлжихан Төлеубайқызы, Нұрсали Тоғжан Қайыржанқызы
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты IV курс студенті
Аннотация.
В данной статье рассматриваются труды, научные исследования и
просветительская деятельность С. Садуакасова, деятеля Алаша, одного из виднейших
сыновей казахов. Анализируется художественная ценность его произведений и статей.
Рассматривается их значимость для развития казахской национальной мысли в XX веке.
Ключевые слова:
С. Садуакасов, данные, произведения, национальный интеллигент,
деятель Алаша.
Abstract.
This article examines the works, scientific research and educational activities of
S.Saduakasov, the leader of Alash, one of the unique sons of the Kazakhs. The artistic value of his
works and articles was analyzed. Their significance for the development of Kazakh national thought
in the twentieth century is considered.
Keywords:
S. Saduakasov, data, works, national intellectual, Alash figure.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында өмірге келіп, халық қамымен
саяси өмірге араласқан ұлт зиялысы, жүрегі “халқым” деп соққан қазақтың бірегей
ұлдарының бірі - С.Садуақасов болды. Смағұл Садуақасов 1916 жылы Омбыда
қайраткерлік мектеппен бірге қаламгерлік мектептің де табалдырығын аттады. Ол
қаламын «Бірліктің», «Балапан» атты қолжазба журналында ұштады. Смағұл
көсемсөздікпен жазушылық өнерді тынымсыз қайраткерлік қызметінің барысында
менгерді. Жас каламгер 1918-1919 жылы Алаш ордаға тыныс болган «Жас азамат»
газетін, 1920 жылы атын «Қазақстан» етіп, затын халықтық етіп өзгертпекке бел
буған «Ұшқын» газетін, 1922 жылы Еуропа өркенитін уағыздаған «Өркен»
газетін, 1923 жылы қазақ жастарының зиялылыққа үгіттеген «Жас қазақ»
455
журналын шығаруға ат салысты. Мұнан бөлек ол 1920 жылы «Еңбекшіл жастар»
(Омбы), «Кедей сезі» (Омбы) «Енбек тауы», 1925 жылы 1926 жылдары «Енбекші
қазақ» газеттерімен «Қызыл Қазақстан» журналының (1924-1925 жылдар)
жауапты шығарушысы болды [1,7б].
С.Садуақасовтың «Қазақ» газетінен басталатын ұлтшылдык дәуір бірден
немесе тұтастай алғанда ағартушылық кезең өкілі екенін көрсететін бір айғақ
соңында қалған аманат мұрасы. Алаш орданың саясаттағы мақсаты келешекте
азат Қазақ мемлекетін құру болса, руханияттағы мақсаты – қазақтың өз ойын,
өз сезімін, өз қимылын, өз ұғымын жырлау ... бағытта емес, рухта өзіндік
қасиетті сақтау»-еді. С. Садуақасов саясат пен руханиятта осы мақсатты берік
ұстады[1,12б].
С.Садуақасовтың көсемсездік мұрасы алуан тақырыпты қамтиды. Біз оны
шартты түрде 4 топқа бөле аламыз. Бірінші - қоғамдық саяси мақалада, екіншісі
-оқу ағарту, білім туралы мақалалар, үшінші - театр өнері хақындағы
мақалалар, төртінші - танымдық еңбектері мен ғылыми зерттеулері. [1, 20 б].
С.Садуақасовтың оқу - ағарту мәселелеріне байланысты оның «Нұжды аула»
(1919), «Бірінші максаттарымыз» (1920), «Халық ағарту мәселелері» (1925),
«Оқу ісінің кемшіліктері. Оларға қарсы шаралар» (1926), «Қазақстандағы халық
ағарту мәселелері» (1927) тағы да басқа мақалалары мен соңғы аталған
еңбегімен аттас кітапшасында елдегі оқу-ағарту зәрулігін сөз етеді. [1,20-б].
С.Садуақасов - 20 жылдары көлемді прозалық шығармалар жазып, бағын
сынаған жазушы. Хронологиялық жағынан жазушы повестен бұрын роман
жазуға кіріскен. Мұны М.Әуезов мұражайынан табылып отырған «Сарсенбек»
романының қолжазбасы дәлелдейді. Автор шығарманы жазуды бастаған
уақытын «1922 жыл 21 қараша» деп көрсетіпті[2,17б]. «Сәрсенбек» - 1916 жыл
оқиғасын арқау еткен қазақ әдебиетіндегі алғашқы тарихи көркем романының
бірі. Аталған туындының неліктен роман жанрына үш дәлелмен анықтай
аламыз. Біріншіден, «Сәрсенбек» қазақ әдебиетіндегі роман жанрынын енді
дүниеге келген туған күрделі шығарма, екіншіден, роман талабына сай
«Сәрсенбекте» үш желі қатар тартылып отырады. Олар:
1)
Көтерілісшілердің күрес барысы.
2)
Қаладағы оқығандардың тіршілігі
3)
Күлпашка қатысты оқиғалар, яғни қала мен ауыл арасындағы бөгет -
бөгесiндердiң қалпы. Үшіншіден, А.Байтұрсынұлы ескерткен тұрмыс сарынын
түптеп, терең ангімелеу бар». Ғалым Р.Бердібаев: «Тарихи оқиғаларды тізе беру
де, тарихты ұмытып, қиял күшіне ғана сүйенушілікке шығарманы біржақты
етпек»,-дейді. Осы тұрғыдан қарағанда С.Садуақасов тізгінді тең ұстағаны
аңғарылады. Шығармадағы Сәрсенбек - автор қиялынан туған қаһарман,
бiздiнше жазушыны алаш орданың жеңіске жете алмағандығы, ұлтқа
тәуелсіздік бұйырмағаны катты толғандырады. Смағұл енді: «Бәлкім қазақ
оқығандары 1916 жыл оқиғасына белсене араласып, күресті басқарып жүйелеу
керек пе еді? Сонда мүмкін алаш жұрты бір ту астына жиналып, саяси
сапырылыстар тұсында тәуелсіздікке қол жеткізер ме еді» деген пікірге келген
тәрізді. Сонымен, кейіпкер Сәрсенбек жазушының осы идеясын жеткізу үшін
өмірге келген бейне. Шығармада Сәрсенбектің ойынан кетпейтін, оған қуат
456
дарытатын Абылай хан, Кенесары елестері де жазушылар көздеген
идеяларынан туындайды[3.18 б.]. С.Садуақасұлының 1927 жылы жазған енді
бір еңбегі - «Күміс қонырау» (1924-1925 жж.) повесі. Шығарма Қошкарбай,
Сейілбек, Салима, Нағима сынды замандас жастардың бір - біріне жазған
хаттарынан тұрады. Он хат аркылы осы төрт кейіпкердің тек өзара ғана емес,
қоршаған орта, қоғам, қазақ қалпы туралы көзқарасы, толғанысы көрінеді.
Мысалы, сол замандағы қоғамдағы қазақ қыздары оқымаған сауатсыз болды.
Және оларға орысша оқыған, қаладан білім алып келген қазақ жігіттері қол
жетпес ерекше адам болып көрінеді. Оған дәлел, мысалы, осы «Күміс қоңырау»
шығармасындағы Сейілбектің жолдасы Қокарбайға жазған хатында «Орысша
оқыған жігіт десе желіге кететіндік соңғы кезде қазақ қыздарының ішінде мода
сықылды болып кетті ғой. Қазақтың қандай ақылды, көркем, сұлу деген қызы
ауылына орысша киінген біреу келсе, оп - оңай соңына еріп жүре береді.
Орысша оқыған жігіттің қазақ қызын тартатын магниті қандай екенін мен біле
алмай-ақ қойдым» - деген сөзінде анық аңғарылады. Сол сияқты ол заманда
әйел теңдігі деген болған жоқ. Ата - анасы қызына кім сөз салса ( әсіресе ол бай
болса) соның етегінен ұстатып жібере берген, ол қоғамдағы қыздар сақалы
түскен шалдарға да әйел болуға көндiккен. Қазақ кыздары бостандықты,
еркіндікті аңсаумен болды. Мәселен шығармада Нағиманың кұрбысы Нағимаға
хатында былай дейді: «Қазақ әйелінің бостандығы жолында кұрбан болсақ,
арманымыз жоқ. Менің ойым әлі сол, яғни сен менің ойымды жоғары сөзге
қайшы келеді дерсің. Бізді өлтіріп құрбан қылмай-ақ, қазақ әйелі бостандыққа
жетсе болмай ма дерсің», Еңбектің деректік құндылығы - әйел теңдігі жайында
нағыз дерек көзі болып табылуында[7,3 б.].
С.Садуақасовтың ғылыми айналымға түскен тарихи маңызы бар тағы бір
мақаласы - «Үш шарт керек пе?» [6.56-б] атты мақаласы. Мақалада қазақ
үкіметінің комиссиясы, Түркістан Республикасындағы қазақтың екі облысын
қосып алуға барғандығы айтылады. Қазақстан азаматтары бұл екі облысын сол
кезде қосылғанын қаласа, Түркістан азаматтары біраз кідіре тұруды қалайды.
Және Түркістан азаматтарына қазір қосылу керек дегенге үш дәлел айтады.
Оның біріншісі: «Қазір Қазақстан отаршылардан тазарған жоқ. Түркістан
отаршыларды қуып, түпкілікті істерге кірісіп жатыр. Егер казір біріксек
Қазақстандағы отаршыл колонизаторлар біздің ісімізді тағы да бүлдіреді». С.
Садуақасов: «Түркістанның бұл сөзі көңілге қонарлық дәлел емес. Себебі:
сендердің ішінде колонизатор бар деп безудің орны жоқ. Біздің ойымызша
Қазақстанда колонизатор барлығы қосылмауға дәлел емес» - дейді.
Түркістандықтардың екінші айтатын дәлелі: «Қазақ үкіметінде орынсыз
адамдар бар. Бұл адамдар не беделінен, не өнерімен іс басында отырған жоқ.
Оларды сүйемелеп жүрген - колонизаторлар», С.Садуақасов «Советская власть
и киргизы»[1,256 б.] атты мақаласы да құнды материал болып табылады.
Қайраткердің бұл мақаласы 1921 жылы жарық көрген. Мақалада сол жылдағы
отаршылдық саясаттың Қырғыз халқын езгені туралы баяндалған. Онда қырғыз
( қазақ) халқы екі езгіде яғни, басқалармен өз адамдарын болғандығын
сомдайды. Миллионнан астам қырғыздың аштықтан қырылғандығын, олардың
малын армия және орталық Ресей жұмыскерлерін тамақтандыруға кеткенін
457
және осыны орыс халқының мойындауы туралы айтылады. Сол кездегі өте
қиын мәселелінің бірі жер мәселесі. С.Садуақасов осы тақырыпта көптеген
мақалалар шығарды. Олардың бірі «1925 жылдың 17 ақпанда жарық көрген жер
мәселесі» [1, 313б] атты мақаласы. Оның әр пленумда, жиналыстарда осы
мәселені көтеріп, өз көзқарастарын білдіріп, отырған кездері қаншама!
Мәселен, 1925 жылы 19 қазанда қазақ өлкелік партия комитетінің бюро
мәжілісінде Орынбор губерниясын Қазақ АССР құрамынан бөлу туралы
баяндама тыңдалды. Осы мәселе бойынша сөз алған Қазақ АССР халық
комиссарлары кеңесінің төрағасы Н. Нұрмақов: «Жер мәселесі бізде өткір
тұрған мәселенің бірі, онымен біздің халқымыздың тағыдыры тікелей
байланысты, Орынбор губерниясының жартысынан астамы орыстар деген
неғылған дәлел. Erep осылай ойлайтын болсақ, онда біздің республикамыздың
халқының жартысынан астамы орыс тұрғындары. Бізде бірнеше уездер бар.
Олардағы тұрғындардың 60 % орыс халқы кұрайды. Міне, осылай болды екен
деп ол жерлердің барлығын Қазақстаннан бөліп, РСФСР - дің губернияларына
қосудың не қажеті бар? Мұнымен біз ешқашан келісе алмаймын және оған
үзілді - кесілді қарсылық білдіруіміз қажет деп білем. Бұл шешім Қырғыз
Республикасымен жоюмен пара - пар, сондықтан бұл көзқарас ешбір жарамсыз,
ол ешқандай сын көтермейді» , -деп халқы үшін басын тігіп, өте қауіпті
айтысқа түскен. Ал, Смағұл Садуақасов «неге бiз ендеше жерге
орналастырудын сөз етіп кеңестер құрамыз, мәселе көтереміз, қырғыз
халқының тағдыры үшін тарих алдында ең алдымен қырғыз коммунистері
жауап береді», - деп ұлтжандылықтың үлгісін көрсетеді[4.39 - б].
С.Садуақасов 1922 жылы жарық көрген «Қазаққа не керек» [7.2б]-атты
мақаласында: «Адам баласы екі тапқа бөлінген заман», - деп тура айтады. «Ол
таптың бірі- зорлық қылған, бірі - қорлық көрген тап» - дейді. Ол қазақ елінің
патша заманынан орыстардан зорлық көріп келе жатқандығын айтады.
«Қазақтың күн көріп отырған жерін, жүн- жұрқа, тері - терсегін тартып алады»,
-
деп қазақты байлап қойған сүтті сиырға теңейді. «Сауа берсен шыға береді», -
дейді. С.Садуақасовтың «Қазақ тарихынан»[4, 297б.]- атты еңбегі негізінен
К.Кеменгенұлының 1924 жылғы жарық көрген осы аттас кітабына сын ретінде
жазылған еңбек болып табылады. Бұл еңбегінің басын қайраткер тарихтың не
екендігі, оның алатын орны сипаттама берумен бастайды. Және одан әрі қазақ
тарихының әлі жазылмағанын айтады. «Тек шежірелер бар, бірақ ол тарих
емес»,- дейді. Ол «Бұндай тарихтан өткенді де біле алмаймыз, қазірге өнеге ала
алмаймыз, болашақты да болжай алмаймыз» [4]. Одан әрі автор
Қ.Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан еңбегіне өз пікірін айтады. Ол
біріншіден кітаптың қызық екендігін айтады «Әсіресе аяқ жағында «тым тарих
» емес нәрселер жазылған жері қызық», дейді. Енді С. Садуақасовтың тарих
емес деп есептейтін мәселелерге бізде тоқталайық. К. Кемеңгерұлының «Тарих
тексеруден екі мақсатқа бірден жетеміз:
1)
Қандай шарттардың қазақтың қазіргі күйге келтіргенін білеміз.
2)
Бұдан былай қазаққа қандай болудың керектігін білеміз», - деп айткан
тұжырымының екіншісімен келіспейді. Себебі ол белгілі бір шарттарға сүйеніп
болашақты білу мүмкін емес дейді. Бұл жерде біз С. Садуакасовтың пікірімен
458
қосыламыз. Себебі, белгілі бір шарттардың, белгілі бір әрекеттер әсерінен
халық тұрмысынан өзгеретіні белгілі, ол белгілі бір шарттарға сүйеніп
болашақты болжау әрине, болмайтын нәрсе. Одан әрі Қ.Кемеңгерұлының:
«Қазақ білім жағынан көрнек алмаса да, якиман мінемдік жағынан асырып
жібереді. Қалаға келсе карта ойнап, арақ, сыра, коньяк ішуге құмарланады.
Сатылатын қыздар жиған үйге барғыш болады» - деген тұжырымына С.
Садуақасов орысқа жақын қазақтардың ішінде бірен - саран болатындығын,
бірақ жалпы қазаққа Қ.Кемеңгерұлы текке жала жабады деп жазады. Бұл жерде
бір есеппен Қ.Кемеңгерұлының айтқаны да дұрыс сияқты, себебі қазақ халқы
бір нәрсеге сол жақсы болсын, жаман болсын тез үйір бола алатын өте
еліктегіш халық екендігін де ұмытпауымыз керек. Ал, бір жағынан
С.Садуақасов айтқандай барлық қазаққа мұндай жала жабу «Бір қарын майды
бір құмалақ шіртеді» деген келетін сияқты. «Әрбір халықтың тұрмысы сыртқы
дүмпуге бір қозғалса, ішкі дүмпуге екі қозғалады. Қазақ жұрты орысқа
бағынғаннан кейін орыс өкіметінің істеген зорлықтары көп, бірақ орыссыз
өзіміз жеке отырсақ, оның бәрі болмас еді, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалайтын, бақытты, әділ ел болып өсер едік деу қате. Әрбір елдің
шаруашылық мәдени болашағы бар. Ерте ме, кеш пе ол болашақ болмақты.
Сыртынан пайда болған оқиғалар от болашақтың болуын не тездетеді, не
шабандатады», - дейді. Бұл С.Садуақасовтың пікірі.
Жалпы тарих тағлымына зерделеп үңілсек, XX ғасырдың басында
большевиктер өмірге әкелген әміршіл- әкімшіл жүйенің жалған идеологиясы,
қай халықтың да салт – санасын сан соқпаққа бұрып жан дүниесін лайлап,
оларды еркінен тыс билеп бір қалыпқа салып баққанын көреміз. Әйткенмен
осынау жәдігөй саясаттың әсіресе қазақ халқына зардаптары ауыр болғанын
айту ләзім. Сөйтіп, өмір шындығы Голощекиннің қалауынша өзгетіліп оңды –
солды бұрмаланды, қазақи ойдың тұнығы лайланды. Халықтың ғасырлар бойғы
қалыптасқан өмір салты аяусыз талқандалды. Алайда халқымыз аярлықтың
аузына жығылып, жуас қойдай жүндеуге үнсіз көне берді десек, мұнымыз
тарихқа қиянат болар еді. Халық қам көңіл болып, қасірет шеккен бұл жылдары
өз ұлтының асыл арманын, тілек мұратын білдіруші және ақыры оның жолында
зорлықшыл режимнің нақақ құрбанына айналған, алмастай асыл азаматтары
болған. Олардың бірі-Смағұл Сәдуақасұлы. Ол қайталанбас, жеке – жеке
шоқтығы биік заман тұлғасы, қазақтың бір туар перзенті екендігін өмірде өзі
дәлелдеп өткен жан екенін атап айтқан абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |