Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет146/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
ҚР білім беруді және ғылымды дaмытудың 2016-2019 жылдaрғa aрнaлғaн 
мемлекеттік бaғдaрлaмaсы. – А., 2016. – 61 б. 
2.
Қaзaқстaн Республикaсындa инклюзивті білім беруді дaмытудың тұжырымдaмaлық 
тәсілдері. – Астaнa: Ы.Алтынсaрин aтындaғы Ұлттық білім aкaдемиясы, 2015. – 14 б. 
3.
Қaзaқстaн Республикaсындa мүгедектердің құқықтaрын қaмтaмaсыз ету және өмір 
сүру сaпaсын жaқсaрту жөніндегі 2012 - 2018 жылдaрғa aрнaлғaн ісшaрaлaр 
жоспaры. – А., 2012. 
4.
Қaзaқстaн Республикaсындa инклюзивті білім беру жүйесін дaмыту бойыншa 2015 
– 2020 жылдaрғa aрнaлғaн іс-шaрaлaр кешені (Қaзaқстaн Республикaсы Білім және 
ғылым министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсaндaғы №534 бұйрығы). - А., 2015. 
5.
«Бaлa құқықтaры турaлы» Конвенция: БҰҰ Бaс Ассaмблеясы 20.11.1989 
қaбылдaғaн. ҚР Жоғaрғы Кеңесінде 1994ж. №77 қaулымен рaтификaциялaнғaн. 
6.
«Мүгедектердің құқықтaры турaлы» БҰҰ Конвенциясы. – Нью-Йорк, 2007. 
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕ 
САБАҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
Иманбек Абай Құрманғазыұлы, Егінбаев Ерасыл Балғабайұлы 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы IV курс студенті 
Ғылыми жетекшісі Смагулов Саят Кабдоллаевич 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аннотация. 
Двигательные игры как важнейшее средство и метод физического 
воспитания не теряют мвоего значения во всем бытии человека, меняются только их 
содержание и способы проведения. Большое значение игры имеют в развитии гибкости, 
скорости, быстроты, силы, ловкости и смекалки, В совершенствовании координации 
движений. Все эти способности-качества формируются игрой. 
Ключевые слова: 
Национальные игры, движение, воспитание, будущее, ловкость, 
образование, ходьба, прыжки, бег, плавание, метания. 
Abstract. 
Movement games as the most important means and method of physical education 
do not lose their significance throughout the life of a person, only their content and methods of 
conducting are changing. Games are of great importance in the development of flexibility, speed, 
agility, strength, dexterity and ingenuity, as well as in improving motor coordination. All these 
abilities-qualities are also formed through the game. 
Keywords: 
national games, movement, upbringing, future, dexterity, education, walking, 
jumping, run, swimming, throwing. 
Ойын өсіп келе жатқан ұрпаққа біліммен тәрбие берудің ертеден 
қалыптасқан құралы. Тәрбиелік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін арнайы 
ұйымдастырылған ойындар оқушыларды болашақ өмірдегі еңбек қызметіне 
даярлайды [1]. 


438 
Ойын баланың барлық маңызды ақыл ой әрекеті, онда баланың барлык 
қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері 
кеңеюіне, тілінің дамуына құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. 
А.С.Макаренканың айтуынша ойында баланың физикалык, психологиялық 
қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын 
аударуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық 
игеруге көмектеседі [2]. 
Ойынның түрлері өте көп. Ойын-сабак, ойын жаттығулар, сергіту ойыны. 
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар оқушылардың жан- жақты дамуына 
кызмет етеді. Олар сөздік ойындар. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын 
байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мысалы: 
"Ұйқасын тап", "Жалғасын тап". "Жалғанған сөз". Ал математика 
сабақтарындағы 
ойындардың 
негізгі 
міндеті 
есептеу 
дағдыларын 
қалыптастырып жетілдіру. Көп таңбалы сандардың құрамын өткенде оқуға, 
жазуға төсілдіру үшін "Сыйқырлы карта", "Аздан көпке қарай" ойындарын да 
бала сыныпта разрядтарды жақсы еске түсіре алады. 
А.С.Макаренко дәл атап көрсеткендей, бала үшін ойын үлкендер үшін 
жұмыс, кызмет қандай орын алса, дәл сондай орын алады. Бала ойында қандай 
болса, өскенде жұмыста да көбінесе сондай орын алады. Сондықтан болашақ 
кайраткерді тәрбиелеу алдымен ойын кезінде өтеді. 
Бала неғұрлым жас болса, олардың іс-әрекетінде ойын да соғұрлым үлкен 
орын алады. Төменгі сыныпта оқушыларымен жұмысты ойынның маңызын 
жете бағаламаған мұғалім, өз жұмысында үлкен табыстарға жете алмас [3]. 
А.С.Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі баскарған 
мекемелерде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отыр. 
Ойын-баланың өмірін кызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол 
балалардың ойынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелейді. 
Оның практикасында тиісті педагогикалық мақсаттарды қызмет ететін 
ойындар немесе баланың бойын секрпітіп тынығуына көмектесетін жай ғана 
көңілді ойындар қолданылатын. Баланың өмірінде рольді ойындардың маңызы 
зор. Өзіне белгілі бір роль алғаннан кейін бала соған орай қажетті ережелерді, 
міндеттерді орындайды. Осы ережелерді бойына сіңіріп, мінез- кұлықтың 
дағдылары мен әдеттерін игереді. Рольді ойынның ұжымдық сипаты бар. Бала 
өскен сайын рольді ойындармен қатар дидактикалық және қимылды ойындар 
маңызды орын ала бастайды. 
Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген 
басты міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық. 
Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс 
қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. 
Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті 
қатысуының маңызды кепілі. 
Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің коғамымыз 
мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, 
спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы 
жағдайлар жасау кажет. Әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде, 


439 
барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтармен және кұралдармен жаксы 
жарықталған спорт залдары мен аландары болуы тиіс. Оқушыларға дене 
тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың кәсіпорындар мен 
мекемелердің базасы кеңінен пайдалануы керек. 
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында 
қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзу, лақтырыу, 
шаңғы, коньки, велосипед тебу, акрабатика, снорядта жаттығу тағыда басқалар. 
Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. 
Сондықтан күш, жылдамдық, төзімдік, икемдік сияқты адам қабілеттерін 
дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын 
үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау 
қабілеті, әдептілік адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың 
өзгеруіне нақты шешім қабылдау қабілеті. 
Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена, денешынықтыру мәдениеті, 
туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі 
жұмыстарында күн ырғағын, дене жаттықтыру, организімді шынықтыру, 
тамақтану гигиенасы, ұйқы тағы басқа жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс. 
Дене тәрбиесі ең басты ырғағын, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану. ұйкы 
бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. 
Негізгі ырғақтар қатарына әр түрлі іс-әрекеттер түрлерінің ұзақтығы, 
және олардың кезетесуі белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының 
ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде 
белгілі ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз 
етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс 
қабілетіне қолайлы ықпал жасайды. 
Оку, еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде 
оқушылардың әрбір жастық топтары еске алынып жасалады. 
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. 
Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына келетін, негізгі мәселелер: 
1.Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды 
үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, 
оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. 
2.
Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін 
орындарға 
қойылатын 
санитарлық-гигиеналық 
талаптарды 
орындау, 
оқушыларды жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру. 
3.
Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке 
үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру 
жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді [4]. 
Қимыл-қазғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің 
дәрежесін реттеуді үйренеді ойынның қалыптасқан түрлеріне байланысты ол 
қимылды тынығумен кездестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа 
тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, 
қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, оны жүзеге 
асыру, батылдык, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін 
қалыптастыруға көмектеседі. Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа 


440 
меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай 
ғажайып нәрсе, акыл-ой жетекші, денсаулык кепілі, өмір тынысы. Ұлттық 
қимыл-қозғалыс ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру манызы 
сан-салалы, бірақ іске асыру үшін мұғалімнің шығармашылық көзқарасы және 
педагогтың шеберлігі кажет. 
Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтың педагогикасының 
тұңғиығынан алады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, 
батылдықты, шапшандықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты т.б. мінез- 
құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуатын, білек күшін, дененің сомданып 
шығуын кажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің 
жоғары принциптеріне негізделген. 
Қазақтың ұлттық ойындары көкпар, сайыс, күрес теңге алу, қыз қуу, т.б. 
спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды. 
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, 
оның шаруашылык, экономикалық, әлеуметтік тұрмысына туған. Сондықтан, 
оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды. 
Қазақ халқының өмірінде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс 
шаруашылық саласы жоқ десе болады [5]. 
Казақтың ұлт ойындарының көбі дер кезінде кағаз бетінне түсіп 
үлгермегендіктен, бүгін ұмыт болған. Сәбит Муканов өзінін "Өмір мектебі" 
атты мемуарлық еңбегінде ертеректе «Орда» атты асық ойыны болғанын 
бірнеше рет атап өтеді. Б.Төтенаев «Қазақтың ұлт ойындары» деген 
кітапшасында аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздарының 
бірі деп «Абайдың алты алашы» атты ойынды атап көрсеткен. Дер кезінде кағаз 
бетіне түспей, жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі де көптеп 
кездеседі. Солардың арасында «Сары құлан» «Сарыала каз», «Ақ аю», 
«Ағызбақ», « Бақай пісті», «Жылмаң», «Топай», т.б. ойындар бар. 
Дегенмен халық ойынының неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, 
соны іс жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімділік жақтарын да көре білді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет