Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет148/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер

1.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы. Алматы, 2006. 
2.
Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарттары. Жалпы бастауыш білім. Алматы, 2002. 
3.
Сабыров Т. Слагаемые педагогической технологий. –М.: «Педагогика», 2015ж. 
21-38 бет. 
4.
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинскийдің А. Педагогика . – Алматы : Дарын , 2014. 
5.
Г.Ибраева Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы инновациялық 
технологиялар. Алматы., 2014. 
6.
В.С.Сухомлинский Оқытудың педагогикалық-психологикалық ерекшелiктерi. 
/Бастауыш мектеп журналы /Алматы, -2014, -№1 -33 
7.
Г.К.Байделдинова, А.О.Қараханова, С.А.Жолдасбекова /Білім берудің жаңа 
парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын 
қалыптастырудың дидактикалық негіздері Алматы 2018. 
8.
А.Құнанбаев «Шығармалар жинағы» Алматы, 2004 
9.
Ы. Алтынсарин «Таңдамалы шығармалары» Алматы, 2004 . 
10.
М.Жұмабаев Педагогика. Алматы, 1992. 
11.
А.Байтұрсынов. «Тілі тағылымы» Алматы, 1991. 
12.
Т.С Сабыров. Оқыту теориясының негіздері. Алматы, 1993

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БОЙЫНДА 
АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗЫ 
Кадирова Эльвира Керимбековна 
О.Кошевой атындағы негізгі орта мектебі 
Аннотация
. В данной статье рассматриваются роль и особенности привития 
нравственности ученикам начальных классов. Обсуждается мысли великих классиков 
педагогики о важности данного качества. Взвешиваются способы привития ответственности, 
доброты, честности подрастающему поколению. 
Ключевые слова: 
нравственность, честность, доброта, индивид, культура, дружба. 
Abstract
. This article discusses the role and features of instilling morality in primary school 
students. The thoughts of the great classics of pedagogy on the importance of this quality are discussed. 
Ways of instilling responsibility, kindness, and honesty in the younger generation are being weighed. 
Keywords
: morality, honesty, kindness, individual, culture, friendship. 
Егеменді Қазақстанда өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің 
қалыптасуы жағдайында әр тұлғаның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, 
еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, жан-жақты білімі мен біліктілігін 
жетілдіру арқылы еңбек нарығында әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыру 
қажеттілігі туындап отыр. Бұл өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін үнемі 
қайта құрып, жетілдіруді, ұлттық рухани мұраны жаңғырту арқылы оның 
мазмұнын қайта қарап, жоғары деңгейге көтеруді талап етеді. 
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Білім беру ұзақ мерзімді 
«Қазақстан – 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. 
Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің 
жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан 


446 
Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу 
туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру 
жүйесін дамыту маңызды роль атқарады» - деген [1]. 
Бүгінгі күнгі білім беру жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту 
технологиясында да өзгерістер орын алуда. Жалпы орта білім берудің жалпы 
ұлттық деңгейдегі мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, 
экономикалық, қоғамдық, саяси өміріне белсенді араласуына дайын, адамгершілігі 
мол тұлғаны қалыптастыру. Осыған байланысты қазіргі таңда бастауыш сынып 
оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыру маңызды орын алуда. 
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң 
тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының 
маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi 
бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға 
бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау адамгершiлiк 
қасиеттерiн дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық 
болатындай етiп тәрбиелеу – бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да бастауыш 
мектептен бастап оқушының жан- жақты дамуына басты назар аударылуы керек. 
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi – мұғалiм. Бастауыш 
бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып 
қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде 
қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн 
қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық 
зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi 
баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi. 
Жалпы ұлттық тәрбие соның ішінде адамгершілік тәрбиесі жөнінде Абай, 
Ыбырай және Шоқан мұраларының шоқтығы биік. Оларды рухани ұстазы 
санаған А.Байтұрсынов, Шәкәрім, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Н.Құлжанова, 
С.Көбеев, Ш. Әлжанов және басқа зиялы қазақ қауымының өкілдері ұрпақ 
тәрбиесі жөнінде аз еңбек жазған жоқ. Қазақ зиялылыларының педагогикалық 
тағылымдары жөнінде ғылыми- әдеби еңбектер жазып, зерттеулер жүргізген 
Г.Шаймерденова. А.Көбесов, Ш.Жұматаева, Қ.Ыбыраева, А.Құдиярова, 
Ф.Бұланова, Р.Көшенова, К.Құламбаева, Б.Күлшімбаева және басқа 
ғалымдардың еңбегін атап өтуге болады. 
Кейбiр зерттеушiлер адамгершiлiк дәстүрлерiн ұрпақтан-ұрпаққа берiлген 
күйде өзгерiссiз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететiн мораль 
элементiнiң тұрғысында қарастырады. 
Бұған А.С.Макаренконың “Адамгершiлiк немесе моральдық саласында 
қызмет ететiн және моральдық қатынасты бейнелейтiн дәстүрлер” - дей келе, 
ұлттық адамгершiлiк деп отырған ұғымдарымыздың түп төркiнi моральды- 
этикалық дәстүрдiң сара жолына әкеп тiрейдi [2]. Тәрбиенiң дәстүрмен тығыз 
байланысын тұңғыш қарастырушы К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерiнде 
тәрбиенiң халықтық сипатына, еңбектiң тәрбиелiк және психикалық сипатына 
және тәрбиедегi адамгершiлiк мәселелерiне көңiл бөле отырып “Тәрбие көзi – 
халықтық педагогика” деген тұжырымға келген [3]. Осы идеяны қазақ жерiнде 
жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин мынадай адамгершiлiктiң түрлерiн атап 
көрсетедi, 7 жақсы қасиет: 


447 
Бiрiншi: Имандылық. Екiншiсi: Жоғарғы дiлдiк. 
Үшiншiсi: Адалдық, ақкөңiлдiлiк. Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық. 
Бесiншiсi: Адал ниетпен өсиет беру. Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық. 
Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық [4, 66.]. 
Жалпы осы адамгершiлiк мәдениетi мәселесi төңiрегiнде педагогика 
классиктерi: Я.А.Каменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, 
Н.И.Ильминский, еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы қауымынан: 
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, 
М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған. 
Ал, шығыс ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби: “Доскерлiк – 
адамгершiлiктегi жақсы қасиет, бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi 
шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осының арқасында ол өзiнiң жүрiс- 
тұрысынан, сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат алады. Бұл жөнiнде 
артық кету – жарамсақтыққа соғады, ал достыққа кемтар болу – 
тәккаппарлыққа итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн iс жасаса, 
онда бұл дүрдараздыққа апарып соғады” -деген екен [5, 45 б.]. 
Көрнектi психолог Л.С.Выготский: “Жақсы оқыту – баланың дамуын 
iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды [6]. 
Демек, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар 
мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. 
Сондай-ақ, қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау 
болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие 
беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап 
адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ 
бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен 
қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі 
қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, 
зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi 
тәсiлдерiне ұлттық педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ 
педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа 
үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу. 
Ал олай болса, бiлiм негiзi бастауыш мектепте қалыптасады деп айтылады, 
яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы
тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек. 
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани-адамгершiлiк 
ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның 
бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда. 
Бiрiншi кезекте, әрбiр адамның, азаматтың, оқушының жанын, рухын, 
санасын сауықтыруға мемлекет, әрине мүдделi, сондықтан бұл мәселенi бiлiм 
берудiң барлық деңгейлерiнде шешудi көздейдi. Осыған байланысты 
төмендегiдей түйiндi сөздердiң мәнi мен мағынасын қайта қарап, айқындау 
қажеттiгi туады. Бiлiм беру тұжырымдамасының оқытудың рухани 
адамгершiлiк мәдениетiнiң тұрғысынан алғандағы iзгiлiктiлiгi, функциялылығы 
және табиғилығы: 


448 
Ізгiлiктiлiк бала ретiнде индивидтiң адамгершiлiк-эстетикалық белгiлерiн, 
оқушы ретiнде даралықтың моральдық белгiлерiн бойына сiңiрген белсендi әрi 
шығармашыл тұлғаның дамуы үшiн тұрақты жағдай тудыру мiндеттерiн 
назарда ұстайды. 
Оқыту мәдениетiнiң функциялылығы педагогтердiң де, оқушылардың да 
адамгершiлiк-әдептiлiк бiлiктiлiгiн қалыптастыруға бағытталады. Оқыту 
мәдениетiнiң рухани-адамгершiлiк негiздерiн қалыптастырудың функциялық 
мәндiлiгi мынаған бағдарланған: 
бiлiм беру үрдiсi субъектiлерiнiң тұлғааралық қатынастарының рухани 
өрлеу тұрғысынан жаңарту; 
оқу әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық қана емес, адамгершiлiк 
негiздерiн де анықтау; 
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның 
iшiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларға адамгершiлiк-рухани бiлiм бiлiм 
беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды 
қалыптастыруды талап етедi. 
Алайда оқыту мәдениетi барлық тарихи және мәдени өзгертуде болсын, 
ол қашанда оқытудың қандай да бiр педагогикалық үлгiсi, тәрбиенiң 
адамгершiлiк эталоны болып қала бередi. 
Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан- 
жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан 
ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. 
Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен 
мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы. Ал ол болса бастауыш 
сыныптан бастап оқушылардың бойында адамгершілік, кішіпейілділік, 
мейірімділік сезімдерін қалыптастырудан бастау алады. 
Ғұлама ақындарымыздың бірі Абай Құнанбаев адамгершілік тәрбиесін 
ерекше дәріптеген болатын. 
Абай жазған рухани мұралар дүниесі оның әлемдік әдебиеттен белгілі орын 
алған кемеңгер ойшыл, адамзатты адалдыққа, шыншылдыққа, игілікті істерге 
шақырған, өз халқын, елін, жерін сүйген ұлы ақын екендігін танытады [7]. 
Жалпы, адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, 
кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта 
жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi 
Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық-қарыз iс, 
дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез-келген уақытта өзгенiң 
жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам - ардақты. Бiздiң ортамызда осы 
сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай 
өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол 
адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге бола алатыны сөзсіз 
Адамгершiлiк ұғымы iзгiлiк, гуманизмнiң синонимi ретiнде адамның игi 
мақсатына айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесi мен қоғамдық 
ахуал ретiнде неғұрлым кең мағынада қолданылады. 
Атақты педагог В.Сухомлинский «Адамдарды сүю, оған жақсылық 
жасау, жанашыр болу – адамгершiлiктiң белгiсi. Адамның шынайы байлығы 


449 
затта емес, рухани қазынада», -дейді. Ал рухани-адамгершiлiк құндылық 
белгiлi бiр бағытта, мақсатты жүйелi ұлттық көзқарасты, мiнез-құлықтағы 
адамдық тәртiп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе [8]. 
Адамгершiлiк құндылық – адамдық қасиетiнiң өлшемi. Оның жақсылыққа 
талпынуы, өзге адмға жанашырлық бiлдiруi. Айналадағы адамдарға қайырымы, 
өмiр сүру мәселелерi жайында iзденуі, өзiн-өзi танып сол арқылы дүниенi - 
әлемдi тануы. 
Жалпы, мәдениет – адам әлемi болып табылады. Мәдени көрiнiстерде 
адамдық парасат, ақыл-ой, iзгiлiк пен әдемiлiк заттандырылып, игiлiктер 
дүниесi құрылған. Сонымен бiрге мәдениет адамды тұлға деңгейiне көтеретiн 
негiзгi құрал. Ал, оқушылардың адамгершілік мәдениетінің қалыптасуы 
мектептен бастау алады. 
Бастауыш мектептiк кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша, 
адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму 
кезеңi. Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк 
мiнез-құлық және адамгершiлiк қарым-қатынасты жинақтайды. Бұл кезеңде 
оқушыны тәрбиелеудiң негiзгi бағыты – мiнез-құлық мотивтерi мен әдеттердi 
қалыптастыру. Мектепке жаңа келген балаларда бұларды қалыптастыру 
бiршама қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық 
жағдайларды бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе 
келе бұл жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк 
мiнез-құлық ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан- жақты көмек, адамдық 
сезiмнiң жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. 
Бастауыш мектептен бастап қарым-қатынас мiнезi, құрбы-құрдастарымен 
өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн өте маңызды болып 
саналатын жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, 
мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады. 
Бастауыш мектеп – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде 
өзінің белгілі қызметін атқарады. Яғни, оқушыларды тек білім қорымен 
қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында, жауапкершілік, адамгершілік, 
еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады. 
Сондай-ақ, 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
бойында 
жалпы 
адамгершілік қалыптармен гуманистік, моральдық, қайырымдылық, ізгілік, 
өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық, сыпайылық тәрізді 
қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен қоршаған 
ортамен қарым-қатынасына мән беруіміз керек. Осыларды ескере отырып, 
бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруды 
сабақпен ұштастыру, бастауыш мектеп мұғалімінен ізденістерді талап етеді. 
Өйткені оқу мен тәрбие тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Бастауыш 
сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеудің - өзіндік ерекшеліктері бар, 
күрделі үрдіс. Оқу үрдісіндегі тәрбие міндетін іске асырудағы қиындықтың бірі 
сыныптағы оқушылардың адамгершілік түсініктерінің әр түрлі болуында және 
де тәрбие күрделі үрдіс болғандықтан, бір сабақта баланы адалдыққа, 
қайырымдылыққа, батылдыққа, шындыққа тәрбиелеу мүмкін емес. 


450 
Сонымен тұжырымдай айтқанда адамның адам болып қалыптасуының 
құралы – адамгершілік тәрбиесі, адалдық, кісілік. Қоғамның дамуы әр адамның 
адамгершілік мәдениетінің қалыптасу деңгейіне байланысты. Олай болса, 
бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойына адамгершілік 
қасиеттерді оның ішінде мейірімділікті, адалдықты, жауапкершілікті, басқа 
адамға деген аялы көзқарасты тәрбиелеу. 
Қорыта айтқанда, осы жоғарыда тұжырымдалған ойлардың бәрі сайып 
келгенде қазақ халқының дәстүрлі негізде бастау алған адамгершілік тәрбиесі 
мен мәдениетінің негізін құрды. Өйткені қай аманда болмасын тәрбие мен білім 
беру тұлға мәдениетінің іргетасы болып қала бермек. Демек, тәрбиені 
мәдениеттен бөліп қарау мүлдем мүмкін емес заңдылық деуге болады. 
Қорытындылай келе, міне, ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті 
де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде 
дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін, жерін сүйетін 
ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, 
соның ішінде адамгершілік тәрбиесіне бағыттауымыз қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет