502
Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа
сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді
мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен
байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына
жетеді. Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен
сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін
сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде
жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді. Оқушының ауызша
сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан
оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер
жауапкершілікпен қараған дұрыс.
Сөйлеу тілі оқушыға қарым-қатынасқа түсуге және дүниені танып білуге
көмектеседі. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуге үйретуде психологияға
сүйенбей болмайды. Сөйлеу тілін дамыту процесінде адамның еркі, есте сақтау
қабілеті,
ой-өрісінің дамуы, сезімі, қиялдай білу ерекшеліктері негізгі рөл
атқарады. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің дамуы әрдайым
педагогикалық басшылықты қажет етеді. Сөйлеу тілін дамыту мен байытуда
жүйелі жұмыс қажет.
Жас балалардың тілін дамытудың тиімді жолы – көрнекілік пен ойын.
Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта
сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын кезінде баланың сөйлеуге ынтасы
артады, көңіл-күйі өседі, сөйлеуге белсенді қатысады. Ойын баланың сана-
сезіміне де әсер етіп, тәрбиелік мақсатын да орындайды. Ойын кезінде балалар
бір-бірімен тіл арқылы тығыз қарым-қатынасқа түседі. Ойынға байланысты
сөздер ойын кезінде бірнеше рет қайталанады. Сондықтан ойынды белгілі
сөздердің қайталануына қарай ойын-жаттығу деп атау ғылымда бар, біз де осы
пікірге қосылып, ойын-жаттығу терминін қолдану дұрыс деп таптық.
Ойын-жаттығу мына талаптарға сәйкес болуы керек:
1.
Ойын-жаттығу баланың жасына сай болуы керек.
2.
Ойын-жаттығу негізінен сөйлесімнен құрылуы керек. Яғни,
ойынның
негізі саналатын тілдік жағдай сөйлеу әрекетін туғызатын боуы керек.
3.
Тілдік қатысымды жүзеге асыратын сөйлеу нәтижесіне ойнау нәтижесі
қосылу керек.
4.
Ойын-жаттығу ұжымдық болады, бала ойында өзі қалған рөлді таңдай
алуы керек.
5.
Ойын-жаттығу баланың ауызша сөйлеу дағдысын, сөйлей білуін
нақтылы сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асу жағдайын белгілеу керек. Бұл
әдісте білім мен ойын сабақта елеусіз байланысады да, ойында, сабақта бала
өзін еркін ұстайды [1].
Оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдар оқытуда қолданылатын көрнекіліктің
мынадай түрін ұсынды, олар: демонстрация, иллюстрация. Оқытуды
демонстрациялық негізде ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі
терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып,
қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың құбылысты және танымдық процесті,
өздері белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнінде бұл әдіс нәтижелі болмақ.
503
Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқыту процесінде проблемалық және
ізденушілік жағдайға итермелейді. Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз
байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (суреттер, сызбалар,
портреттер) көрсету қолданылады.
Мысалы, қазақ тілі сабағында оқушыларға сурет көрсетіліп, оны сипаттау
жұмысы
немесе мәтін құрастрыу, не болмаса екінші бір суретпен салыстыру
жұмысын орындатуға болады. Көрнекіліктер айшық түсті, барлық оқушыларға
жақсы көрінуі тиіс және ол оқушының жас ерекшелігіне сәйкес келуі ескеріледі.
Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әртүрлі ойлау әрекетіне
бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне
байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл
жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтаға жауап беру және
шығарма, мазмұндама жазу арқылы жүзеге асырылады. Көптеген мұғалімердің
байқауы бойынша, бастауыш сынып оқушыларының жаттығуларды түсінбеуі,
олардың тілінің дамуының жетіспеушілігінің себебі болып отыр. Жаңа сөздермен
жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ барысында
белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс. Сөйтіп, оқушылардың сөздік
қоры молаяды. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға
байланысты тақырып аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс.
Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика
заңдарына үйреніп, не
болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді
тіршілігінде көрсету барысында ғана шешуге болады», – деген тұжырымы
бұған дәлел бола алады [2]. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын
бала айналадағы адамдармен, құрбылыас балалармен белсенді түрде сөздік
қарым-қатынас жасайды. Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың
ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-
әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары, ойнақы,
жеңіл тілімен
беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге
әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға
жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау
қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал-мәтелдерді пайдаланудың әдіс-тәсілдері
көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен
бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы.
Сөйлеу тілін меңгерудің келесі жолы – кешенді оқыту. Ал оқушыларға
арналған
кешен:
оқулық,
күйтабақтар,
үнтаспалар,
бейнетаспалар,
дидиактикалық үлестірмелік жаттығулар, сөздіктер т.б. Қазақ тілі сабақтарында
үнтаспаны қосу немемсе бейнетаспаны көрсету арқылы тақырыпқа шығуға
болады. Тақырыпты тапқаннан кейін оқушылар алдарына мақсаттарды қояды.
Сабақ барасында тақырып мазмұнына сай дидактикалық үлестірмелі
жаттығуларды беруге болады. Мысалы, жұппен жұмыста өз көршіңмен бірлесіп
диалог құру және оны сахналау. Бұл оқушылардың
бір-бірімен қатынасын
жақсартып, сахналауда тапқырлық пен ептелікттерін дамытады. Ал топтық
жұмыста оқушыларға сурет бойынша ертегі құрастыру тапсырылғанда,
олардың тек сөйлеу тілі ғана емес ойлау, қиялдау қабілеттері де дамиды.
504
Топпен жұмыста тақырыпты меңгеру, бір-бірін тыңдау, ой бөлісу, қабылдау,
қорытынды шығару қабілеттерін дамыту, достық, бірлік қасиеттерге баулу т.с.с
сабақтың үш негізгі мақсаты орындалады. Шығармашылық тапсырмада оларға
эссе жазу, немесе постер құру сияқты тапсырмалар беріледі, яғни бұл жерде
олардың ойын жүйелеу, талдау және оны көркем
сөйлеу арқылы жеткізу
қабілеттері дамиды.
Тақырыпты оқыту барысында түрлі әдістерді қолданудың тиімділігін озат
мұғалімдердің іс-тәжірибесі көрсетіп отыр. Білім беру саласындағы түбегейлі
өзгерістер елімізге қазақшаға жетік, сауатты, білікті мамандар қажет екендігін
көрсетіп отыр. Сондықтан тіл үйретудің тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз
керек.
Достарыңызбен бөлісу: