Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет166/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Байтұрсынұлы Ахмет Алты томдық шығармалар жинағы. /Құрастырғандар: 
Ісімақова А.С., Пірәлі Г.Ж., Сәкенов С.Б., Мұстафаева К. - Алматы: «Ел-шежіре», 
- 2013. Т. І: - 384 б 
2.
Әуелбаева Ш. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы: 
Мектеп, 2011 ж. 
3.
Рахметова С. Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрін оқыту. - 
Алматы: Рауан, 2018. 
4.
Қазыбаев С. Қазақ тілін оқыту методикасы, - А., 2013 жж. 
5.
Жұмабаева Ә.Е., Уәйісова Г.И., Сәдуақас Г.Т. 3-сынып «Қазақ тілі» оқулығы, 
Алматы, «Атамұра» 2018 ж. 


512 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ 
 
Орақбай Ләззат Абдуллақызы 
6В01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру 
бағдарламасы студенті 
Ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Гулсим Лесбековна 
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы 
Аннотация
. В статье рассматриваются особенности проведения воспитательной ры в 
начальных классах и способы организации воспитательной работы вне класса. 
Ключевые слова: 
начальная школа, воспитательная работа, ученик, личность, 
внеклассная работа. 
Abstract. 
The article discusses the features of educational work in primary grades and ways 
of organizing educational work outside the classroom. 
Keywords: 
primary school, educational work, student, personality, extracurricular activities. 
«Тәрбие - қиын іс: тәрбиеге жағдай жасау - әр адамның ең қымбат 
қасиетті борышының бірі. Өйткені, өзіңді және өзіңе жақын адамдарды білімді 
етуден маңызды ештеңе жоқ»,- деп Сократ, білімнің аса маңызды екенін бекер 
айтпаса керек 

1


Сынып жетекшісі - сынып ұжымындағы оқушының жеке өзіндік 
ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп 
пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, өз қызметін оқу-тәрбие 
жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері. 
Сондықтан да, сынып жетекшісі жалпы білім беретін мектептегі сабақтан 
тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен 
айналысатын педагог. 
Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты: 
1.
Тәрбиеленушілердің әр түрлі шығармашылық, тұлғалық және 
қоғамдық мәнді іс-әрекетін өмірдің әлеуметтік-жарамды тәжірибесінің көзі 
ретінде ұйымдастыру: қазіргі және болашақ есейген өміріндегі өзін-өзі дамыту, 
білімі, икемі мен дағдылары, тұлғаның өзін-өзі анықтауы және өзін іс жүзінде 
көрсете білуі. 
2.
Өзара бірлескен қарым- қатынас кезінде тәрбиеленушілердің 
әлеуметгік құнды қарым- қатынастары мен алаңдататын мәселелерін 
сәйкестендіре ұйымдастыру. 
Сынып жетекшісі қызметінін міндеттері: 

тұлғаны дамытып, әрбір білім алушыньщ өзін танытуы әрі қайталанбас 
ерекшелігін сақтай отырып, оның әлеуметтік қабілеттерін ашу үшін 
психологиялық-педагогикалық оңды жағдай тудыру; 
сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту; 
сынып ұжымының түрлі үлгідегі тәрбиелеу қызметінің нысандары 
арқылы қарым- қатынас жүйесін ұйымдастыру; 
салауатты өмір салтын қалыптастыру; 


513 
білім алушылардың, оқушылар ұжымы мен педагогика қызметкерлерінің 
арасындағы қарым- қатынасты ізгілендіру, қорғау; 
сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру; 
білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қалыптастыру; 
білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани 
бағдарларды қалыптастыру; 
оқушылардың әлеуметгік мәні бар, шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру. 
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау. 
Тәрбие жұмысының жоспары сынып жетекшісінің - педагогикалық 
кұжаты. Тәрбие жоспарын құрғанда оны орындаудағы жауапкершілік сынып 
жетекшісіне жүктеледі. Тәрбие жұмысы бір жылға жоспарланады. Тәрбие 
мазмұнын оның негізгі түрлерін беруде, ең алдымен мектеп оқушыларына жан- 
жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің 
тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспарлағанда оқушылардың жас 
ерекшеліктерін, ықыластарын ескерген жөн 

2


Күрделі істің бірі – тәрбие жұмысы нәтижелерінің есебін жүргізу. Сынып 
жетекшісі жұмысының есебін жүргізудін маңызды жэне қажетті түрі күнделік 
дәптері, күнделік жүргізу міндетті емес, бірақ көп сынып жетекшілерінің 
күнделіктері бар. Оны тәрбие жұмысының нәтижелері ғана ескерілмейді. 
Сонымен қатар жұмыстарда талданып отырады, сыныптағы кемшіліктерді 
жоюдың нақтылы жолдары көрсетіледі. 
Мектептегі тәрбие жұмысы негізіңде педагогикалық үйірмелер, олимпиадалар, 
дөңгелек үстел басындағы сұхбат, тақырыптық кештер, кездесулер, айтыстар, пікір- 
сайыстар, сымбаттылар, білімділер, өнерлілер, іскерлер сайысы, ғылыми- 
шығармашылық қоғамдар, достық-танымдык сапарлар, саяхаттар, т.б. 
ұйымдастырылады. Оқыту үдерісін жастардың белсенді ақыл-ой еңбегі, саналы іс- 
әрекеті негізінде ұйымдастырып, тәрбиелеу ісін қоғам талабына лайықты ғылыми- 
тәжірибелік бағытта, ұлттык психология, сана-сезімі мен мінез-құлкын 
қалыптастыру негізінде ұйымдастырса, жұмыс нәтижелі болады 

3


Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі - оқушылармен жүйелі түрде 
сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу. Сыныптан тыс 
жұмыстар деп оқушылардын білімін терендетуге, іскерлік пен дағдысын 
дамытуға, қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыруға, демалысын дұрыс 
ұйымдастыруға 
мүмкіндіктер 
туғызатын 
арнайы 
ұйымдастырылған 
жұмыстарды айтады. Бұл жұмыстарды пән мұғалімдерімен ата-аналар, 
қамқоршы мекеме қызметкерлері немесе окушылар ішіңдегі ең белсенді, 
дарындылары жүргізеді. Әр педагог сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие 
жұмысының жүйесін ұтымды ойластыруға міндетті. 
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз қалауымен олардың белгілі бір 
өнер түріне бейімділігін ескере отырып, ұйымдастырылады. Осы мақсатта алуан 
түрлі үйірмелер, қоғамдар, клубтар мен студиялар құрылуы қажет. Олардың 
ішінде оқушыларға тәрбие беруде, әсіресе, көркем- өнерпаздар үйірмелері ерекше 
орын алады. Қазіргі кезде көркемөнерпаздар үйірмелері жоқ мектептер кемде-кем. 
Оқушылар тәрбиесін жаңа деңгейге көтерудің тағы бір тиімді тәсілдері – 
лекция-концерттер мен факультативтік курстар жүргізу. Факультативті 


514 
курстарды, әсіресе, қазақ ұлттық өнер саласына, мысалы: айтыс, әншілік, жыр- 
терме және т.б. өнер түрлерімен байланыстырған жөн. 
Сынып жетекшісінің жұмысында баланың денсаулығын қорғау, сақтау, 
дамыту ең бірінші және маңызды бағыт болып саналады. Баланың тұлға ретінде 
қалыптасуын жүзеге асыратын, физиологиялық жөне психикалық дамуын 
реттейтін әрекеттерді жүйеге келтіруді мынадай бағыттарда қарастырғанды 
жөн санаймыз: 
денсаулық; 
ақыл-ой; 
қарым-қатынас; бос уақыт; 
адамгершілік; 
отбасылылық бағыт. 
«Денсаулық» бағыты. 
Бұл бағыттың мақсаты — баланың бойыңдағы адамгершілік 
қасиеттерінің дамуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын көрсету. 
«Денсаулық» бағдарламасын орындау мақсатында мұғалім сыныппен 
жұмыс жасағанда мынандай талаптарды орындауы керек. 
Мектептің дәрігерлік орталығымен, қала, ауылдық денсаулық сақтау 
мекемелерімен бірлесе жұмыс жасау. 
Сынып оқушыларының ата-аналарымен тіл табысып, қарым-қатынас орнату. 
Сынып жетекшісі өз жұмысында зерттеудің диагностикалық әдістерін 
пайдалануы. 
Оқушылармен жеке денсаулық сақтау жөнінде ағартушылық жүмысты 
ұйымдастыру. Бұл жұмысты тәрбие шараларының жүйесі арқылы мектепте 
және мектептен тыс өткізуге болады. 
Оқушылардың дене шынықтыру сабағында олардың спортқа деген енжар 
көзқарастарын өзгерту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. 
Осы проблема бойынша оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру. 
Сынып жетекшісі жұмысында «мұғалім - оқушы», «оқушы - мұғалім», 
«мұғалім - оқушы - ата-ана» жүйесіндегі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру да 
аса маңызды бағыттың бірі болып саналады. 
Осы шараларды ұйымдастырудағы педагогтің мақсаты - адамдардың 
әлеуметтік қарым-қатынастарын (икемділік дағдысы) және ұрпақтар 
тәжірибесін оқушылар бойына сіңіру. «Қарым-қатынастың негізгі талабы - 
өзіне және оқушыларға қарым-қатынас құралы мен мақсаты ретінде қарау 
керек. Нәтижесінде жеке тұлға қалыптасады» деген еді атақты философ Кант. 
Біз оқушыларға жеке тұлғаны қалыптастыру, біріншіден, қоғам субъектілерінің 
ар-намысын қорғау жөне анықтау деп түсіндіруге тиіспіз. 
«Адамгершілік» бағыты. 
Баланың физиологиялық дағдыларын жетілдірумен қатар адамгершілік 
қасиеттерін дамыту. Осы бағыттың негізгі мақсаты - адамгершіліктің түп 
төркінін білу, оның пайда болу тарихын, кезеңдері мен мәнін түсіну. 
Ақыл-ой» бағыты. 
Сынып жетекшісінің жұмысында оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін 
дамыту маңызды орын алады 
Ақыл-ой дегеніміз не? Әйгілі психолог-ғалымдарымыз ақыл-ойды 
адамның жүріс-тұрысы ретінде қарастырған. Ақыл-ойдың дамуы тар ауқымда 


515 
емес, кең мағынада қарастырылуы тиіс. Осы бағытта сынып жетекшісі жұмыс 
жоспарын жасағанда оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау, түсіну, 
сезімдерін қалыптастыру, қоршаған ортада өзін көрсете білу жөніндегі 
қабілетін ояту мәселелерін қарастыруы керек. Халық даналығы, ой толғаулар, 
ұлт ағартушылары еңбектерін пайдалана отырып оқушының нақты оқу 
мүмкіндіктері шеңберін анықтау да назардан тыс қалмауы тиіс. 
«Отбасылық» бағыты. 
Ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас орната білген сынып жетекшісі мінезі 
аса қиын деген баланың өзін оқыту мен тәрбиелеуде табысқа жететіні күмәнсіз. 
Сондықтан сынып жетекшісі ата-анамен үнемі тығыз байланыста болуы шарт. 
Себебі, баланың адам болып қалыптасуына отбасы да елеулі түрде ықпал етеді. 
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз 
ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. 
Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, 
шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз 
өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім 
ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. 
Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру 
процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың 
демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, 
ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, 
ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т. – білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 
ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды 
демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым 
саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген. 
Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның 
үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз 
білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін 
шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, 
топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен 
күрделі 
мәселелерді 
шеше 
білу 
дағдылары 
қалыптасады. 
Мектеп 
бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және 
тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының 
қалыптасуына септігін тигізеді. Бағдарламаның мақсаты: Жаңартылған оқу 
бағдарламасының 
құрылымын, 
мақсат-міндеттерін 
меңгерту. 
Курста 
жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, 
педагогикалық 
әдіс-тәсілдер 
және 
белсенді 
оқыту 
техникалары 
қарастырылды.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың 
бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті 
дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған 
оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала 
үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс 
істей алады. Ата- бабамыз «Оқу - инемен құдық қазғандай» демекші, 
шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді. Жас 


516 
ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп 
тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық 
қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие 
проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет