Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1992.
2.
Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаева З. Мектептегі тәрбие жұмысының
теориясы мен әдістемесі. Алматы, 1999
3.
Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы.- Ростов н/Д: Изд.центр
Март», 2004.
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Оралбаева Салтанат Усербаевна
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының
арнайы пән оқытушысы
Қайсар Мөлдір Атымтайқызы
ІІ курс студенті
Аннотация.
Малая начальная школа – это общеобразовательная школа с небольшим
количеством детей, уникальной организацией учебного процесса, состоящая из
комбинированных классов.
Ключевые слова:
Малая начальная школа, школа, дети, малочисленность,
образование, уникальность, комбинированные классы.
Abstract.
A small primary school is a general education school with a small number of
children, a unique organization of the educational process, consisting of combined classes.
Keywords:
Small primary school, school, children, small number, education, uniqueness,
combined classes
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта
мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі
мектептердің атқаратын ролі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс
емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар
К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан
топырағына
бұл
құбылыстың
келуі
қазақтың
тұңғыш
педагогі
Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де
шағын жинақты мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі,
ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне
байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде
Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
517
2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде
1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды.
2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім
беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық
жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6
мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және
364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру
динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып,
орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.
Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық
үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында
«қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет,
жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп,
дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай
мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде
(Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың
жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы
қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны
байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды.
1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері
көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер).
Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық
бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-
кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен
Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және
бөлімшелік училищелер ашылды.
ХХғ. бас кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер
туралы» (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы
және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ
училищелеріне айналдырылды.
ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік
бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.
Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты
алғашқы ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында тұратын бұратана
халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген.
«Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік
нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей ортақ
типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп
директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына
қарай үнемі өзгертіп отырды.
Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек
башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына арналған кітаптар
пайдаланылды.
518
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие
жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік
стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен
әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты
бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов,
Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты
ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау
(Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ
тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың
мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева,
Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін
дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);.
осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері
(З.Әділғазинов) қарастырылады.
Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-
де 379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің
1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік
нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш
сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте
280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР
Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі
сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде
81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.
Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын
жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ
3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер.
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-
тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген
сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама
беріледі: «Шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу
сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы
білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ
жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш
немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру,
соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын
жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай
мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1-сынып
комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда
1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические
требования к условиям обучения школьников в различных видах современных
общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).
519
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3
сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының
аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-
комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді
жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.
«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі
туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде
оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары
негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы
реттеледі»,- делінген.
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты –
бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.
ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс
істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін
дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып
отыруы тиіс;
сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен
атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін
туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің
басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа
байланысты.
Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ
жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер
ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы
оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ
әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім
бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың
логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында
тиянақты дайындалуы қажет.
бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім
дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың
психологиясын жақсы білуі тиіс;
шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады,
сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу,
тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі
жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың
мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың
білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай
лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы
қажет.
520
Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және
де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны
барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.
ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның
қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.
дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар
іріктеуге аз уақыт жұмсалады.
оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.
оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.
бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4)
оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.
әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік,
дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.
аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен
қолдануға тырысады.
ШЖМ-тің
жоғарыда
келтірілген
артықшылықтарымен
қоса,
кешшіліктері, кері жақтары да бар:
мұғалімдер
ұжымының
аздығына
қарай,
әрбір
мұғалімнің
шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс
жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын
ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп
отырады;
өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан
жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс
ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы,
кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы
түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір
мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан
кенде, кейін қалады;
ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті
мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |