Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет169/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер

1.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. – Астана, 2007ж. 
2.
Зимняя И.А.Педагогикалық психология: М.А. Құсаинова. Алматы, 2005.. 
3.
Бап-Баба С.Б. Жалпы психология.А.М. ҚұдияроваАлматы, 2007ж. 
4.
Жарықбаев Қ. Б. Жантану негіздері.-Алматы: Эверо, 2005ж. 
5.
Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан 1990 жыл 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Оралбаева Салтанат Усербаевна 
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі 
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 
арнайы пән оқытушысы 
Аннотация. 
Экологическое образование и воспитание не следует отделять от других 
сфер формирования личности, прежде всего от социально-политической сферы, поскольку 
взаимоотношения общества и природы в большинстве случаев являются мировоззренческим 
вопросом. 
Ключевые слова: 
Экологическое образование, образование, личность, образование, 
общественно-политическая, 
сферы, 
общество, 
природа, 
взаимоотношения, 
мировоззренческая проблема. 
Abstract. 
Environmental education and upbringing should not be separated from other 
spheres of personality formation, primarily from the socio-political sphere, since the relationship 
between society and nature in most cases is an ideological issue. 
Keywords: 
Environmental education, education, personality, education, socio-political, 
spheres, society, nature, relationships, ideological problem. 
Адамның рухани қалыптасуында, оның ерте балалық шақтан табиғатты 
бақылау, табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесіп, қамқорлық 
көрсетудің маңызы зор. Табиғатқа ізгілік сезімі адамның барлық кейінгі өміріне 
де игі әсерін тигізіп, табиғаттың жеке бас қасиетін дамытудағы рөлі 
мейірбандыққа тәрбиелеуде көрік табады, оны табиғатқа қатыгездік 
әрекеттерден сақтандырады. 
Өзі табиғатпен үйлесімді бірлікті сақтамайтын адам бойында жарасымды 
қасиет болмайды. "Үйлесімді адам" деген түсінікке, әрине адамның туған 
табиғатпен жарасымдылық табуы туралы ұғым жатқызылады. Бұл үйлесімділік 


528 
оның табиғатпен етене араласуымен шынайы карым-қатынасына қарамастан 
туа біткен қасиет емес. Ол қасиет тәрбиелеу арқылы қалыптасады. Табиғат 
үйлесімділігі мен сұлулығын адамның тек өз-өзімен, өзге адамдармен толық 
келісім табуына жәрдемдеседі. 
Экологиялық тәрбие тек адамдардың сезіміне ғана емес, олардың біліміне 
сүйенеді. Табиғаттың өзі де өзгеріске ұшырайды. Әйтсе де адамдардың 
экологиялық заңдылықтарды ескерместен, табиғатты ойланбастан және 
жауапсыз өзгертуге бел алдырмауы қажет. Егер адамдардың іс-әрекеті осы 
заңға сейкес жүргізілсе ғана адамның табиғатты бүлдірудің емес, қалай оны 
сақтаудың әдісі болып табылады. 
Экологиялық тәрбиенің мақсаты, адамдардың қоғам мен табиғаттың іс- 
әрекетімен адам мен қоршаған ортаның өзара үйлесімді көзқарастарына сенуі, 
сонымен бірге табиғатқа ақылға қонымды, ғылыми негіздерге әсер ету 
жауапкершілігі болып табылады. 
Халқымыздың бала сезіміне әсер ететін, қош иістерге ерекше мән береді. 
Сондықтан белгілі уақыт бойы баланы айрықша шомылдырып, жусан иісті 
сумен баланың денесін шайып, арша ағашының түтініне ұстайды. Жусан иісі 
баланың бойына мәңгі еніп, туғаннан кейін бала бұл иісті іштей, иіс сезімі 
арқылы біледі. Жусан шөбі — көшпенділер үшін жай ғана әдемілік емес, 
әдемілік кереметі. Жусан — Отан бейнесімен, бала бейнесімен рухани 
экологиялық бірлікпен біте қайнасқан ұғым. 
Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа деген қатыстылығы олардың 
танымдық аясында көрінеді. Бұған мынадай факторлар өз әсерін тигізеді: 
біріншіден, оқу іс-әрекетінің маңыздылығы, оларға жаңа нәрселерді танып 
білгеннің өзі өте қызықты; екіншіден, оқи алу іскерлігінің арқасында бастауыш 
сынып оқушысы өзіне "неге" деген сұрақтарына өз бетінше жауап таба ала 
бастайтындығында. 
Демек, бастауыш сынып оқушылары табиғатқа деген өзіндік 
көзқарастарын қалыптастыра бастайды және балада әрекет жасау компоненті 
маңызды бола бастайды. Ата-анасынан үйге жан-жануар алып беруін өтініумен 
қатар, оларға сүйіспеншілікпен жағдай жасау арқылы көрсету, осы кезеңдегі 
балалардың табиғатқа деген қатынастығының қалыптаса бастайтындығында. 
Экологиялық білім мен тәрбие беруді жеке адамды қалыптастырудың 
басқа салаларынан, бәрінен бұрын қоғамдық-саяси салаларынан бөліп алмау 
керек, өйткені қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы көп жағдайда 
дүниетанымдық мәселе болып табылады. 
Дүниетанымдық-ғылыми көзқарасты қалыптастыру процесіңде адам 
қызметінің қоғам-табиғат жүйесіндегі орны анықталды. 
Адамның рухани қалыптасуында оның балалық шақтан табиғатты 
бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесіп, қамқорлық 
танытуының маңызы зор. Табиғатқа ізгілік сезім адамның барлық кейінгі 
өміріне де игі әсерін тигізеді. 
Экологиялық тәрбиенің мақсаты - адамдардың қоғам мен табиғаттың іс- 
әрекетімен адам мен қоршаған ортаның өзара үйлесімді идеяларын сезінуі, 


529 
сонымен бірге табиғатқа ақылға қонымды, ғылыми негізделген әсер ету 
жауапкершілігі болып табылады. 
Бастауыш мектепті аяқтайтын кезеңде оқушылардың жеке тәжірибесі 
жаңа мазмұнмен толығады; қоршаған орта жағдайына талдау жасау және оның 
жағдайының жақсаруына өз әлінше үлес қосу; қоршаған ортадағы мінез-кұлық 
ережелері мен нормаларып саналы түрде сақтау; жануарлар өкілдері мен 
өсімдіктер әлеміне қамқорлық жасау; алған білімдері мен дағдыларын 
экологиялық іс-әрекет тәжірибесіне пайдалану; өзінің қоршаған орта туралы 
әсерін әр түрлі шығармашылық түрлерінде іске асыру. 
Табиғатты сүю мен оған ілтипатты қарым-қатынас жасау міндеттеріне 
бастауыш мектепте көбірек көңіл бөлінеді, өйткені, бала санасында осы 
қасиеттер ертерек қалыптастырылмаса, туған табиғатқа ұқыпты, ілтипатты 
тәрбиелеу ісінде жетістіктерге жете қою оңай емес. 
Балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру 
барысында балаларда алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Ерте 
заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің 
табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып, білуге тырысты. Адам өмірі 
табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынсын, ішкі сырын 
білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті қоршаған ортаның, табиғаттың сұлу да 
әсем көрінісі баланы еріксіз өзіне баурап таңдандыра, қызықтыра білген. 
Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншекті туған елінің табиғат 
әлеміне ендіріп, оның сан алуан сырларын ұғындыру, таныстыру мәселесі ерте 
заманның өзінде-ақ табиғаттың балаға тигізетін әсерлерін атақты ойшылдар, 
философ-ғалымдар, әдіскерлер көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын 
ұсынған. 
Оның мөлдір бастауы ұлы ойшыл Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп 
Баласағұни, Ахмет Яссауилердің дүниетанымдық ілімдерінен көруге болады. 
Ғұлама-ойшылдар танымды философиялық тұрғыда жан-жақты талдай келе 
ғылымға ерекше мән береді. 
«Таным» - философиялық ұғым, қоршаған ортадағы заттар мен 
құбылыстардың санамызда бейнеленуі. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім 
мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз және 
қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми 
біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында 
сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Нағыз 
ғылым ой қорыту негізінде құрылады. Табиғат, оның заттары мен құбылыстары 
жайында ұққандарын ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын 
ашатын ол - адам. Мұндай жетістіктерге олар қоршаған ортаға бақылау жүргізу 
нәтижесінде жетеді. Табиғат құбылыстарын оқып білу арқылы адам табиғаттың 
заңдылықтарын түсінеді. 
Табиғат – адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы. Қоршаған 
ортаның сұлу да, әсем көрінісін бейнелемеген суретші, жырламаған ақын 
жоқтың қасы. Расында да, табиғат тек байлықтың көзі, адам баласы қызығының 
сарқылмас қазынасы ғана емес, көркемдік сұлулықтың әлемі, таным негізі. 
Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру арқылы балаларды жан- 


530 
жақты тәрбиелеуде нақтырақ айтқанда олардың дүниетанымын, зейінін, ойын, 
тілін дамытуға болады. Демек, табиғат – негізгі тәрбие құралының бірі. 
Дүниетанымның көзі – білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын 
дүниетаным да қалыптасып, тұрақталады. Адамның дүниетанымының 
қалыптасуының негізгі көзі – табиғат. Табиғат жайында қарапайым ұғым бере 
отырып, дүниетанымды қалыптастыру туралы ой білдірген шет ел классик 
ағартушылары Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, Г. Песталоццилер. 
Биологиялық 
пәндерді, 
табиғаттануды 
оқыту 
барысында 
жас 
жеткіншектердің дүниетанымын қалыптастырудың жолын талдайтын, білімінің 
мазмұны, оны оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру жолын қарастыратын 
еңбек жазған К.Д.Ушинский, Е.Н. Водовозова, Н.К. Крупская, Е.И. Тихеевалар 
болды. 
Қазақ жерінде де табиғатқа, қоршаған дүниеге, оның ерекшеліктерін 
танып-білуге 
байланысты 
көзқарастарын 
білдірген 
ағартушыларымыз 
Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтар болды. Осы аталып отырған 
ағартушыларымыздың шығармаларынан табиғатты, қоғамды, адамды жан- 
жақты зерттеп, адам қатынасының жақсы жақтарын халыққа, жастарға үлгі ету 
жолдарын көрсеткендігін көреміз. Бұл туралы С.Ұзақбаева «Қазақ 
ағартушыларының эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлерінің 
халықтың дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері 
өмір сүретін дәуірдегі тарихи жағдайдан туындап отыр», - деп жазды. 
Адамзат танымы қарапайымнан күрделіге, білімсіздіктен білімділікке 
қарай өрлемелі жолмен қамтитын үрдіс. Дүниені танып білудің, оның терең 
сырларын ашудың мақсаты да сол – білімді пайдаланып ақыл-ойды дамыту, ой- 
өрісін кеңейту. 
Осы мәселе жайында құнды ұсыныстар айтқан ағартушы демократ 
қаламгерлердің еңбектерінен көреміз. Олар С.Көбеев, Ш.Құдайбердиев, 
А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, 
Құлжанова, 
Ж.Аймауытов, 
М.Жұмабаев, 
С.Торайғыровтар. 
Қазақ халқы табиғатты қорғауға ерекше мән берген. Біздің халықтың 
алғашқы өмірі көшіп-қонудан басталғаны белгілі. Қазақ халқының 
даналығының бастауы да осы көшпенді өмірден негіз алады. Табиғат аясында 
өмір бойы көшіп-қонып жүріп, біздің ата-бабаларымыз табиғат сырын игерген, 
оның сан-сапалы құбылыстарын бағалай білген. Табиғатты қорғауға 
байланысты қазақ халқының дәстүрлері сан-салалы, алуан түрлі. Олар 
халықтың табиғат жайлы ұғымымен тікелей байланысты. Қазақ халқы ежелден 
өз туған жерін, табиғатын сүйе, сыйлай, қадірлей білген. Қазақ халқының 
табиғатты қорғау дәстүрлері, оның тұрмыс жағдайымен, салт-санасымен, 
ырымына байланысты болған. Мысалы, өзін-өзі сыйлайтын адам тұрған 
қонысын, өлке табиғатын былғамайды, ластамайды, бүлдірмейді. 
Дүниетану пәнінің мазмұнымен тұспа-тұс келетін Ж.Аймауытовтың 
оқудың күнделікті өмірмен, қоршаған ортамен байланысына қатысты 
тұжырымдамалары көрсетілген еңбектерінде де балалар дүниетанымын 
қалыптастыру сипаты анықталған. Ол бастауыш мектеп оқушыларына арнап 
оқулық, әдістемелік нұсқау жазды. Оқушыларды оқытып, тәрбиелегенде затты, 


531 
құбылысты көрсете, бақылата отырып, табиғат аясында берген білімнің 
тиянақты әрі мәнді болғандығын дәлелдеді. Ғалымның «Тәрбиеге жетекші», 
«Психология және өнер таңдау», «Қазақша ой таныту әдістері» т.б. 
еңбектерінде де сауатсыздықты жою, келешек ұрпақ тәрбиесі, табиғатты тану 
мәселелерін шешудің жолдарымен қатар, қазақ балаларының дүниетанымын 
қалыптастыру бағытындағы тұжырымдар жасалынады. Мәселен, дүниедегі 
шындықты, қоршаған заттар мен құбылыстарды тану үшін ұғым пайда 
болатындығын, сол ұғымның қалыптасуына көрген-білгендерді талдау, іріктеу, 
игеру, ұғу, үйлестіру қажет екендігін нық көрсетіп берді. 
Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге қарай 
нақтылы шындықты түсіну кезеңіне көшті. Бұл тұста сұлулық, әдемілік, достық 
туралы дүниетаным етек алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет