68
Педагогикалық зерттеулеріміздің келесі кезеңінде 7 сынып биология
пәнінің негізгі тақырыптарына зертханалық жұмыстардың жетілдірілген
түрлерін ендіруді қарастырамыз. 7 сынып оқушыларына арналған 2-ші
зертханалық жұмыста судың ағзаға әсерін қарапайым тәжірибемен көрсетуге
болады. Мәселен, бірдей өсімдіктің тұқымын алып, оны Петри табақшасына
сүзгі қағаз төсеп отырғызып, олардың біреуіне су құйып, ал екіншісіне су
құймаймыз. Балаларға тәжірибені бақылап, жазып жүруді тапсырамыз.
Осындай қарапайым тәжірибе балаларға судың ағза үшін қаншалықты маңызды
екенін түсіндіріп береді. Сонымен қатар, осы зертханалық жұмыс арқылы
балаларға суды үнемдеудің қаншалықты маңызды екенін айтамыз. 8 сынып
оқушыларына арналған 1-ші зертханалық жұмыста жасуша және микроскоп
туралы айтылмай, бірден ұлпаға сипаттама жасау туралы зертхана жұмысы
берілген. Осы зертханаға жасушаны анықтаудың қарапайым тәжірибесін
қойып, микроскоптың құрылысымен таныстырамыз. Біз ұсынып отырған
тәжірибелер
зертханалық
жұмыстарды
жетілдіріп,
оқушылардың
қызығушылығын арттырады деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: