Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет31/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз. ТарМУ, 2003. 
2.
Әмір Ш., Құраманов М. Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары. // 
«Қазақстан мектебі» №6, 2001, 32-34-б. 
3.
Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары // Бастауыш мектеп. 
1999. №3. 3-8-б. 
4.
Төремұратова Ә. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі // 
«Математика және физика». 2001. №5. 49-51-б. 
5.
Байсеитова С.Ш. Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану. 
ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДЕ ЭЙЛЕР-ВЕНН 
ДИАГРАММАСЫН ҚОЛДАНУ 
Асанова Ақсынгүл, Ғабитқызы Аяжан 
6В01501 –«Математика» білім бағдарламасының 2 курс студенттері 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Ғылыми жетекшісі: Абдрахманова Мейрамкул Турганбаевна 
Аннотация. 
В наше время вокруг нас собрано огромное количество информации, 
разобраться в ней бывает непросто. Находить логические связи между явлениями и 
понятиями помогают диаграмма Эйлер-Венн. Диаграмма Эйлер-Венн – это практичный и 
удобный метод решения логических задач. Диаграмма Эйлер-Венн находят широкое 
применение в повседневной жизни, в науке, ими стоит уметь пользоваться каждому. 
Ключевые слова: 
диаграмма Эйлер-Венн, логические задачи, способы решения 
логических задач. 
Annotation. 
Nowadays, a huge amount of information has been collected around us, and it 
can be difficult to understand it. The Euler-Venn diagram helps to find logical connections between 


79 
phenomena and concepts. The Euler-Venn diagram is a practical and convenient method for solving 
logic problems. Euler-Venn diagrams are widely used in everyday life and in science; everyone 
should be able to use them. 
Keyword: 
Euler-Venn diagram, logical problems, methods for solving logical problems. 
Заман талабы қазіргі оқыту үрдісінде оқушыларды жан-жақты дамытуға 
жағдай жасайтын әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдалану арқылы, әлемдік 
өркениет білім дәрежесіне жету қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда заман 
талабына сай қазіргі қоғамда дербес, бастамашыл, оқуда белсенді, 
математикалық сауатты, математикалық тіл мәдениетін меңгерген, өз ойын 
ашық айтатын, еркін ойлы, білімді оқушылар дайындап шығаруымыз керек. 
Осы мақсатта, мектептегі математика пәнін бүгінгі күн талабына сай, 
оқушыларға математикалық білімді, оны меңгерудің ерекшеліктерін оқытуды 
жетілдіріп отыру керек. 
Математикалық есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту 
және бақылау болып табылады. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды. 
Басқаша айтқанда, кез келген есепті шығарғанда оқушы математикалық білім 
алады, шығару біліктілігі қалыптасады, дағдыға ие болады, яғни математикалық 
білім деңгейі жоғарылайды. Көбінесе әр есеп өзінің мазмұны арқылы төрбиелік 
міндетін атқарады. 
Құбылыстар мен ұғымдардың арасындағы логикалық байланыстарды 
анықтау мақсатында біз Эйлер дөңгелектерін пайдалана аламыз. Бұл Эйлер 
дөңгелектері жиын элементтері арасындағы байланысты бейнелейтін 
геометриялық диаграмма болып табылады. Логикалық есептер шығаруда 
оқушылардың тезірек ойлауы мен есеп жауабын оңай табуда Эйлер 
дөңгелектері әдісі өте тиімді әдіс болып отыр. 
Леонард Эйлер есептерді шығару барысында дөңгелектер арқылы 
жиындарды бейнелеу идеясын қолданған. Бұл әдісті Эйлерден бұрын неміс 
математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц ұғымдар арасындағы логикалық 
байланыстарды көрсету мақсатында қолданған болатын. 
Эйлер есептер шығару барысында осы дөңгелектер әдісін дамытты. 
Эйлер дөңгелектері әдісін неміс математигі Эрнст Шредер де өзінің «Логика 
алгебрасы» кітабында қолданған. Графикалық әдістер 1881 жылы Лондонда 
шыққан «Символикалық логика» кітабында егжей-тегжейлі сипатталған 
ағылшын логикасы Джон Венннің еңбектерінде де айтылады. Сондықтан 
мұндай диаграммаларды кейде Эйлер-Венн диаграммалары деп те атайды [1]. 
Біз мектеп математика курсындағы кейбір логикалық есептерді осы 
Эйлер-Венн диаграммалары арқылы шығару жолдарын қарастырамыз. 
1.
М- натурал сандар жиынының ішкі жиыны. Осы жиынның 10 элементі 
жай сандар, ал басқа элементтері 2-ге, 3-ке, 5-ке еселі сандар. Егер 70 сан 2-ге 
еселі, 60 сан 3-ке еселі, 80 сан 5-ке еселі, 98 сан 2-ге және 3-ке еселі, 95 сан 2-ге 
және 5-ке еселі, 102 сан 3-ке және 5-ке еселі, 20 сан 30-ға еселі болса, М 
жиынының қуатын анықтаңыздар. 


80 
Шешуі. Алдымен Эйлер-Венн диаграммасын сызып, есеп шартында 
берілген мәліметтермен толықтырамыз: 
10 элементі 2-ге, 3-ке, 5-ке еселі сандар; 
70 элементі 2-ге еселі сандар; 
60 элементі 3-ке еселі сандар; 
80 элементі 5-ке еселі сандар; 
98 элементі 2-ге және 3-ке еселі сандар; 
95 элементі 2-ге және 5-ке еселі сандар; 
102 элементі 3-ке және 5-ке еселі сандар; 
20 элементі 30-ға еселі сандар; 
Енді келесі формуланы қолданамыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет