Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет30/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
К.Қ. Қазыбаева Л.Д. Адыбаева. Биология сабағында оқушылардың шығармашылық 
және танымдық қабілетін дамыту. –Алматы, 2009ж. – 46 б. 
2.
Шарипханова, А.С., Даутова, З.С. Жаңартылған мазмұндағы биологияны оқыту 
әдістемесі: Оқу құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» 
баспасы, 2019. - 56 б 
3.
Маусымбаев Ж. Жоғары оқу орнында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімін 
кәсіби даярлау теориясы мен практикасы. п.ғ.д. дҽрежесін алуға дайындалған 
диссертация автореф. –Алматы, 2005. 
4.
«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру 
ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау 
хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2023. – 107 б. 
5.
Степанова-Быкова, А.С. Методика профессионального обучения [Электронный 
ресурс]: курс лек- ций / А.С. Степанова-Быкова, Т.Г. Дулинец. – Электрон. дан. (4 
Мб). – Крас- ноярск : ИПК СФУ, 2009. 
6.
Теремов, А.В. Элективные курсы в профильном обучении школьников : учебное 
пособие / А. В. Теремов. — Москва : Московский педагогический государственный 
университет, 2017. — 45 c. 
7.
Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева, М.А. Нуртаева. Биология: Жалпы білім беретін 
мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған 
оқулық. –Алматы: «Мектеп», 2019ж. – 265б. 
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ 
МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
Амангелді Серікжан Нұржанұлы, 
Апрелова Арайлым Нұрболатқызы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Ғылыми жетекші: Тулегенова Анар Кабдығалиқызы 
Аннотация. 
Решение задач занимает важное место в физическом образовании, так как 
это один из методов обучения, посредством которого обеспечивается более глубокое и 


74 
полное усвоение учебного материала по физике и развивается умение самостоятельно 
применять полученные знания. Систематическое изучение известных реалий физической 
науки для изучения физики должно сочетаться сначала с самостоятельным поиском решений 
малых, а затем и больших задач. 
Ключевые слова: 
физика, технология, информация, алгоритм, наука, активность. 
Annotation. 
Problem solving occupies an important place in physical education, since it is 
one of the teaching methods, through which a deeper and more complete assimilation of educational 
material in physics is ensured and the ability to independently apply the knowledge gained is 
developed. To learn physics, a systematic study of the well-known realities of physical science must 
be combined with an independent search for solutions to first small, and then large problems. 
Keywords: 
physics, technology, information, algorithm, science, activity 
«Физика» оқу пәні ретінде өз білім саласында қоршаған әлемнің сансыз 
құбылыстарында орын алатын табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады. 
Физика ғылымы адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы бола отырып 
ғылыми, техникалық және гуманитарлық әлеуетке ие. 
Оқытудың 
жаңа 
ақпараттық–коммуникациялық 
технологияларын 
меңгеру қазіргі заман талабы. XXI ғасыр ақпараттық технология ғасыры. 
Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді 
ғылыми-технологиялық 
негізде 
оқыту 
мақсаттары 
алға 
қойылуда. 
Ақпараттандыру технологиясының даму кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі 
білікті мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. 
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты 
технологияны жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңның 11-бабының 9- 
тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру 
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қасиеттеріне тез 
бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық- 
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. 
Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы 
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамада қазіргі 
заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды 
және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде 
шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні туралы баяндалады. 
Оқушылардың ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін 
қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең 
көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. 
Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
пайдаланудың тиімділігі: 
-
Оқушының өз бетімен жұмысы; 
-
Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу; 
-
Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 
-
Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды 
түсіндіру арқылы жүзеге асыру; 


75 
-
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
-
Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту 
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процесстерімен әр түрлі 
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; 
-
Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту 
мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың 
шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы 
ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға сабақты 
физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың 
қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен 
зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді. Оқытушы үшін 
электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі 
әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі 
материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық 
оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест 
тапсырмаларын орындауға болады. 
«Физика» оқу пәнінің мақсаты – оқушылардың ақыл-ойын, танымдық 
және шығармашылық қабілетін дамыту, физиканың қазіргі қоғам өміріндегі 
және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу, табиғатқа ғылыми 
көзқарасты бекіту, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуде 
шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер 
мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып табылады. 
Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өз 
мазмұнына физиканың деректерін, түсініктерін, заңдарын, теорияларын, 
модельдерін, тәжірибелері мен әдістерін т.б. енгізе отыра, физикалық теориялар 
аясында адамзат іс-әрекетінің түрлі саласында қолданылатын біршама 
түсініктер қалыптасады. Физиканың жалпы мәдени мәнін ашу және осы негізде 
ғылыми көзқарас және ойды қалыптастыру қазіргі жағдайда оқу пәнінің 
басымдық мақсатын құрайды. 
Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының 
білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан оқушылардың 
шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы 
арқылы білім алуы өмір қажетіне айналып отыр. 
Мектеп қабырғасынан ел болашағы-жастарымыз заманға сай білімнің 
бастауын алады. Оқушылардың ойлауы мен тілінің дамуына жағдай жасау, 
дарынды балаларды назарда ұстау сияқты озық идеяларды жүзеге асыру үшін, 
оқыту әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ. 
Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, 
өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс. 
Орта білім берудің негізгі мақсаты – міндеттерінің бірі-білім 
алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, 
өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып 
табылады. 


76 
Оқушылардың 
алдына 
қойған 
мақсаты: 
ой-өрісі 
жаңашыл, 
шығармашылық деңгейде жұмыс істей алатын, дүниетанымы жоғары, жан- 
жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бүгінгі таңда білім берудің негізгі 
мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен 
әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. 
Осы кезге дейін білім беру саласында тек мұғалімнің ауызша түсіндіруін 
немесе оқулықты пайдаланып келдік, алайда ол әдіс қазіргі заман талабына сай 
емес. Қазіргі заман талабына сай сабақ өткізу мақсатында жаңа 
технологиялармен сабақ өткізу арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге 
болады. «Егер оқушы ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, 
онда білім алушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл 
саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ»-, деген ұлы ғалым Д.И.Менделеевтің 
өсиетін негізге алып әрбір өткізген сабақты оқулықпен ғана шектемей, 
қосымша ақпараттар беру арқылы, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана 
отырып өткізу керек. 
Электронды оқулықпен оқыту, оқушының білім алуымен жеке жұмыс 
істегеніндей болады. Дәстүрлі оқытуда кейбір білім алушылар түсінбей қалған 
материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себепті 
жаңа тақырыпты дұрыс қабыдай алмауына әкеліп соғады. Ал электронды 
оқулықпен жеке жұмыс істеуінің арқасында сол тақырыпты бірнеше қайталап 
оқуына, 
тыңдауына 
көптен-көп 
көмегін 
тигізеді. 
Көптеген 
жаңа 
технологиялармен қатар соңғы кездері физика пәні сабақтарында ақпараттық 
технологиялар жиі қолданылуда. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның 
физика пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, 
мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді 
пайдалануға болады. 
Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен 
интербелсенді тақтаны, компьютерді қолдану оқушың дүниетанымын 
кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде білім 
алушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық 
белсенділігін арттырып қана қоймай, қиысды ойлау жүйесін қалыптастырып, 
шығармашылығын дамытады. 
Инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай 
тақырыпқа тиімді болатынын зерттеу, салыстырып жүргізіп отыру қажет. 
Сонымен бірге білім алушының бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны 
пайдалану барысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін 
айқындап, диагностикалап отыру да артық болмайды. Өйткені оқытушы 
тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп 
үлгермеушілер қатарына қосылады. 
Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей қоймайды. 
Ақпараттық технологиялардың бірі – интербелсенді тақта, мультимедиялық 
және онлайн сабақтар. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында 
интербелменді тақтамен жұмыс істеу тиімді. Жалпы білім алушыларды жаңа 
ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы: 
1.
Білім алушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады. 


77 
2.
Шығармашылық қабілеттері артады. 
3.
Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады. 
4.
Білім алушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады. 
5.
Экологиялық сауатты болуға үйренеді. 
6.
Физикалық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады. 
Белсенділік – оқушының оқуға, білімге деген ынтасы, құштарлығының ерекше 
бір көрінісі. Осы белсенділікті сабақта арттыру, ойлау, оны тәжірибелік іс-әрекетке 
итермелеу үшін оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану қажет. 
Бұл әдістердің пайда болуының себебі де оқушыға білім беріп қана қоймай, 
сонымен бірге танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық ойлауын, 
қабілеттерін, өзіндік ақыл-ой жұмысының дағдыларын қалыптастыру болады. 
Осындай әдіс-тәсілдердің физика сабағында тиімділері: 
-
Мәселе туындату. Психологиялық қиын жағдайда оқушы ойлана 
бастайды. Ол ойларды танымдық әрекетке итермелейді. 
-
Пікірталас ұйымдастыру. Ол ұжымдық талқылауды бастайды. 
Талқылаудың шарты: оқушылар алдын ала дайындалады, олар алдымен ең 
қолайлы шешімдерді табу үшін мәселелер мен негізгі тақырыптарды көрсетеді. 
-
Топтық жұмысты ұйымдастыру. Топқа зерттелетін мәслені бекіту 
кезеңінде әр топқа әлсіз, орта және жоғары дайындықтағы оқушылар кіреді. 
Топтағы тапсырманы күшті оқушы орындайды да әлсіз оқушыға қалай 
жасағанын түсіндіреді. 
-
Сабақты түсіндіруде бейне ақпаратпен (мысалы: «Онлайн мектеп») 
үйлестіру оқушыларға ұсынылған оқу материалының мазмұнын арттырады 
және жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. 
-
Физика сабағында ақпараттық технологияны, соның 
ішінде 
мультимедиялық технологияларды қолдану. Онда ақпаратты қабылдау 
барысында бір уақытта бірнеше сезім мүшелері жұмыс жасайды. Бұл кезде 
ақпарат қазіргі замандағы адам үшін жақсы таныс нысандарда пайда болады. 
Олар аудио ақпарат, яғни дыбыстық, бейне ақпарат, қимыл қозғалысқа келтіру. 
-
Алгоритм әдісі. Ол ақыл-ой әрекетін ұйымдастырудың лигикалық 
формаларының бірі ретінде қолданылады. Алгоритм нәтижені қандай ретпен 
және қалай алу керектігін көрсетеді. Олар оқушылардың ойлау стилін 
қалыптастырады, білімнің дұрыстығына, сенімділігіне және объективтілігіне 
талаппен қарауға тәрбиелейді. 
Жаңа технологияларды сабақта қолданудан мынадай нәтижелерге қол 
жеткізуге болады: 
-
Ақпаратты бірнеше сезім мүшелері арқылы бір уақытта қабылдау; 
-
Назар аударудың белсенділігі; 
-
Пәнге қызығуды жоғарылату; 
-
Үйренудің көрнекілігі, танымдылығы; 
-
Ұсынылатын ақпараттың сапасын көтеру; 
-
Сабақ уақытын тиімді пайдалану; 
-
Білім алушының жан-жақты дамыту; 
-
Білім сапасын жақсарту – қазіргі заман талабы. 


78 
Қорытындылай келе физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде 
маңызды орын алады. Өзінің мазмұнында деректерді, түсініктерді, заңдарды, 
теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін және т.б. 
қамти отырып, адам қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын 
түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қорын 
жинақтайды. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми 
дүниетаным мен көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басты 
мақсаттарына жатады. 
«Қазіргі заманда болашақ мамандарды ақпаратты технологиямен байланысты 
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, президентіміз атап 
көрсеткей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде 
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. 
Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуды 
оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын 
дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен 
мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға 
дағдыланады. Компьтердегі ғаламтор жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді 
сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет