Қолданылған әдебиеттер:
1.
Корягин А.В., Смольянинова М.Н. Білім беру робототехникасы (Lego WeDo). М.:
ДМК-пресс; 2016. 253.
2.
Вавилов Е.Д. Autodesk Tinkercad қызметін Arduino микроконтроллер бағдарламаларын
оқыту және/немесе тестілеу үшін қолдану. Постулат. 2020; 2(52): 3.
3.
Зайцев К.А. E-Scio заманауи цифрлық білім беру ортасында онлайн оқыту
платформаларын зерттеу. 2020; 7(46): 51-62.
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ
АЛАТЫН ОРНЫ
Каппасова Шамшырак Еркиновна
Н.Құлжанова атындағы Торгай гуманитарлық колледжі,
химия және биология пәнінің оқытушысы, жаратылыстану ғылымының магистрі
Аннотация.
Основой обучения химии по электронному учебнику является постоянный и
полный контроль учебного процесса, развитие умения искать информацию. Электронные учебники
представляют собой педагогическую информационную продукцию, подготовленную на научной
основе. Электронный учебник представляет собой совокупность программ обучения, мониторинга,
моделирования, тестирования и т.п., основанных на компьютерных технологиях и включающих
основное научное содержание учебного предмета.
Ключевые слова:
электронный учебник, технология, методы.
Abstract.
The basis of teaching chemistry with an electronic textbook is the continuous and
complete monitoring of the teaching process, the development of the ability to search for
information. Electronic textbooks are pedagogical information products prepared on a scientific
basis. An electronic textbook is a set of computer technology-based training, monitoring, modeling,
testing, etc. programs that include the main scientific content of the educational subject.
Keywords:
electronic textbook, technology, methods.
138
«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибие жетістіетері негізінде
жеке адамды қалыптастыру, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу үшін жағдайлар жасау делінген [1].
Қазақстан Республикасың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында оқу бітіруші түлектердің бәліміне қойылатын талаптардың
ішінде былай делінген:
өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет
саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың
компьютерлік әдістерін меңгеру;
өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық
жобалармен жұмыс істеуге әдістемелік және психологиялық жағынан
дайын болу.
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі
мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде
жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім
берулің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі кезде негізінен
білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен
шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал [2,3].
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін
үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар, ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту». Білім берудің кез-келген саласында электрондық
оқулықтарды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып
қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен
еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электронды оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, осы себепті
электронды оқулықтың құрылымы жаңа деңгейде болуы қажет. Электронды
оқулықтың ең қажет элементі – аудиожазбалар мен видеолар болып табылады.
Химия сабақтарында білім алушылардың танымдық белсенділігін, ақыл-
ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің
саналылығы және инновациялық технологиялардың маңызы зор. Танымдық
әрекеттің негізінде білім алушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.
Танымдылық белсенділік – білім алушының оқуға, білуге деген
құштарлығының, ынта-ықыласының ерекше көрінісі. Білім алушылардың
танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы
дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтай білу, химиядан сабақ беру мен
оқу үдерісін ұйымдастыра білудің маіңызы зор. Мысалы, электрондық оқулық
арқылы электрондардың атомдарда орналасуы туралы толық мағлұмат беруге
болады.
Электрондық оқулықтың басты артықшылығы – бұл оқулықтың элементі
мен білім алушының арасындағы интерактивті әрекеттесу мүмкіндігі.
Интерактивтілік деңгейі төменнен және орташадан (нұсқау бойынша қозғалу)
жоғарыға дейін (процестерді модельдеуде студенттің жеке қатысуы мен өз
бетінше тестілеу) өзгере алады.
139
Электронды оқулықтар - автоматтандырылған химияны оқыту жүйесін,
өзіне дидактикалық әдіснамалық және ақпараттық анықтамаларды, оқу
тәртібіндегі мәліметтерді алуға, тағы да бағдарламаны кешенді қолдануға
өздігінен білім алуға және білімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді [3,4].
Білім алушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық
оқулықпен химиядан сабақтар жүргізудің негізгі міндеттері білім алушылардың
базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, оқыту үдерісінде
теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттері арқылы танымдық
қабілеттерін белсендіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген
мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете
ұғынуға талпындыру, қзіндік жұмыстардың ізденісті-зерттеу түрлерін
ұйымдастыру, оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әр түрлі
шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін
ашу. Осы міндеттер негізінде дәстүрлі білім беру жүйесінде де білім алушы
дамуына жәрдемдесетін оқу тобында оқытушылар мен білім алушылардың
күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс
жағдайын қалыптастыру, білім алушы мен оқытушының қарым-қатынаста
әрекеттестік ұстанымы мен жеке тұлғалық түсініспеушілік негізінде іске
асырылуы, шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты
дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінің кең қолданылуы
(диалог-сабақтар, есеп талдау, әр түрлі тәсілмен шығару, кері есеп құрастыру,
есепті тексеру, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары т.б) білім алушылардыі
эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, қисынды ой құрастыруын дамытуға
ықпал етілуі, танымдық қызығуын арттырып және білім нәтижелерін жүйелі
талдаудан өткізіп бағалау, қздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік
бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы сияқты ерекшеліктері де бар.
Заман талабына сай, білі алушыларға химия пәнінен сапалы білім беруде
электрондық
оқулықтарды
сабаққа
пайдалану
–
оқытудың
жаңа
технологиясының бір түр ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең
қзық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен жұмыс
істеуде. Солардың ішінде білім алушы үшін химия сабақтарында электронды
оқулықты пайдалану арқылы:
оқу метериалдары туралы білім алушыларға дәл және толық ақпарат
беру арқылы оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнекілігін
арттырып, оқу материалын саналы игеруге жеткізеді;
абсртактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың
тиімділігін жетілдіреді;
оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау
қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау
ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;
оқытушы мен білім алушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып,
байланыстарын арттрады.
140
Электрондық оқулықпен химияны оқытудың негізгі мақсаты: оқыту
үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық
ізденіс қабілетін дамыту.
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – химияны оқыту
үдерістерінде білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік,
тәрбиенің білімділік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады.
Химиялық білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды
пайдалану арқылы білім алушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып
қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен
еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек оқытушылардың
айтқанарын
немесе
оқулықты
пайдалану
қазіргі
заман
талабын
қанағаттандырмайды.
Сондықтан
қазіргі
ақпараттандыру
қоғамында
электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электронды оқулық көмегімен білім алушылар химия пәнінен тест
жауаптарын барлық тест сұрақтарына түгелдей жауап бергеннен кейін көруіне
болады. Бұл білім алушыларды қызықтыруға мүмкіндік жасайды. Электронды
оқулық арқылы білім алушылар химиядан сабақ үстінде немесе сабақтан
тысуақытта тақырыпқа сай сәйкес мәліметтермен танысуға, практикалық
тапсырмаларды өз бетінше орындауларына болады [4,5].
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру
тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған
ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер
электронды түрге айналдырылған.
Химиядан электрондық мазмұны білім алушының интелегенттілік ойлау
қабілетін дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттері қанағаттандыруды
жеткілікті: жинақтық, жүйелік, көркемділігі, жылдамдылығы. Бұл электронды
оқулықтың тиімді жері, ара қашықтықтан оқытуға, білім алушының өздігінен оқып-
үйренуге жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтың дидактикалық мүмкіндіктері де ерекше: тез арада
қайта байланыс орнату; қажетті ақпаратты табу; мәтіні қысқа әрі нұсқалы болса да,
оны шапшаң көрсетіп, айқындау; схемалар мен модельдеуді бейнелеудің мүмкіндігі;
анимациялармен безендіру т.б кез келген ақпаратты тез табуға мүмкіншілік
туғызылады; қажетті мәтінді шапшаң табуға жағдай жасалады.
Электрондық оқулықтарды химияның сабақтарында пайдалану кезінде
білім алушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық
тапсырмалар орындайды. Әрбір білім алушы таңдап алған тақырыбы бойынша
тапсырмалар орындап, тесттерді шешіп, карта және сызбалармен жұмыс
жасауға дағдыланады. Қазіргі ақпарат технологиялардың дамуы кезінде
электрондық оқулықтардың ерекшелігі – үлгіге сәйкестілігі мен жоғары
мобильділігі, оқуға үйренуге икемділігінде болып табылады [5,6].
Электрондық оқулықтар оқу және зерттеу материалдарын толықтыратын,
қосымша қолдануға толық жарайтын қажетті құрал болып есептеледі.
Теориялық сабақтарда электрондық оқулықтарды мына мақсаттарға
пайдалануға болады.
141
1.
Электрондық анықтама ретінде;
2.
Иллюстративтік материал ретінде;
3.
Оқулық ретінде;
4.
Қосымша материал ретінде.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық
ақпараттық өнім.
Электрондық оқулық – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын
компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б
бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте
тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Химиялық білім беру саласында
электрондық оқулықтарды пайдалану білім алушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Электрондық оқулықтарды жасаужәне құру – қазақстандық білім беру
деңгейін жетілдірудің негізгі мәселелерінің бірі. Электронды оқулықты
құрудың технологиясы – педагогикалық информатиканың ең күрделілерінің
бірі, өйткені сапалы электрондық оқулықты құру көптеген инновациялық
программаларды білуді талап етеді.
Қорыта келгенде химия сабақтарында электронды оқулықтарды
пайдалану білім алушының қызығушылығының артуы, оқытушылар да
өздеріне қажетті әдістемелік қосымша құралдарды кеңінен игере алады.
Химиялық білім беру жүйесін компьютерлендіру – оқытудың – тәрбиелеудің
психологияқ-педагогикалық мақсаттарын іске асыру үшін электрондық
оқулықтарды қолдану арқылы жүзеге асырады. Ол үшін:
коммуникациялық
желілердің,
ақпараттық-әдістемелік
материалдардың, ғылыми-педагогикалық, ақпараттық қорлардың
мәліметтерін пайдалану негізінде білім беру жүйесін басқару
механизмін жетілдіру;
білім алушы тұлғасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту формаларын
ұйымдастыру, қз бетімен бәлім алуға;
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқытудың әдістемелік
жүйесін құру.
Электрондық оқулықтарды оқу үдерісінде қолдану білімдендірудің
тиімділігін арттыруды, білім алушыларға білім беру сапасын тұлғалық-
бағытталған сипатта құрастыруды, құзыреттілікті қалыптастыруды, басқару
саласын ұймдастыруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |