Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет183/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – 
Алматы, «Ана тілі», 1992, 448 бет. 
2.
Ахмет Байтурсуновдын казакча алифбеси. Оқу құралы. - Оренбург, 1914 
3.
«Алаш» қозғалысы. Құраст: Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы, И.Нұрахмет. Алматы: А 39 
«Сардар» баспа үйі, 2008,- 324 бет + 16 жапсырма бет. 
4.
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV-XIX ғасырлар) –Алматы. «Ана тілі». 
1993. 320 бет. 
5.
6 Салқынбай А.Б., Көккөзова М.Б. Әдіскер тағылымы: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ 
университеті, 2002.-142 бет. 
7. Иманқұлова С.М. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс түркітанушыларының 
морфологиялық зерттеулерінің бағыттары. Кандидаттық диссертация- Алматы: 
2009.-146 б. 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ 
 
Үсенбек Айдана Разбекқызы 
6В01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру 
бағдарламасы студенті 
Ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Гулсим Лесбековна 
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы 
 
Аннотация
. В статье изложены эффективные методы и приемы, используемые при 
освоении материалов казахского языка в начальных классах. 
Ключевые слова
: начальный класс, казахский язык, метод, подход, обучение. 
Abstract
. The article describes effective methods and techniques used in the development of 
Kazakh language materials in primary schools. 
Keywords: 
elementary class, Kazakh language, method, approach, training. 
Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін 
дамыту, оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен 
оқушылардың бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі. 
Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой 
процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады. Оқушылардың 
үйрену әдісі дегеніміз – олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру тәсілдері. 
Оқу процесін жүргізу жұмысында басшылық рөлді мұғалім атқарады. Сол 
себепті мұғалімнен білімділік және әдіс-тәсілдерге төселген шеберлік талап 
етіледі. Ал, оқушылыр болса оқу еңбегіне саналы әрі белсенді түрде қатысу 
дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болуы қажет. Осындай екі 
жақты белсенді әрекеттің нәтижесінде ғана оқыту процесі көздеген 
педагогикалық мақсаттарға жете алады [1]. 


577 
Метод (әдіс) – грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда оқушының 
ақыл-ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. 
Оқытудың тиімді әдістемесінің дидактикалық шарттарының бірі оқыту 
әдістерін дұрыс таңдап ала білу. Бұл ыңғайда мұғалім информациялық және 
ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Бірінші әдіс бойынша мұғалім 
бағдарламалық жаңа материалдарды баяндап түсіндіреді. Екінші әдіс арқылы 
оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне жағдай жасайды. Сөйтіп оқыту мен 
оқу методтары өзара үйлесімді байланысқа түседі. Яғни информация методы 
оқушылардың түсінуі мен білім меңгеруіне жағдай жасайды да ұйымдастыру 
әдісі оқушылардың білімді меңгеру үстінде ізденіске талпынуын тудырады. 
Егер оқушы өздеріне ұсынылған белгілі бір әдіс пен таным қызметінің 
тәсілдерін пайдалану материалды мұғалімнің баяндап түсіндірген күйінде ғана 
оқып үйренсе, ол еске түсіру қызметі болады. 
Ал, материалды мұғалім түсіндіргендегіден әлдеқайда кең, терең оқып 
үйреніп, тиісті тіл заңдылықтарының тақырып аясындағы «жаңалықтарын» 
меңгерсе, мәселені шешу жолында жаңа әдістер қолданса, онда бұл 
шығармашылық таным қызметінің көрінісі болады. Еске түсіру мен 
шығармашылық жұмыс өзара байланысты болғандықтан, оқыту процесінде бұл 
әдістердің бірін қолданғанда, екіншісінің де элементтері бой көрсетіп отырады. 
Қазіргі таңда әлем елдері соның ішінде Қазақстан мемлекетінің 
тәжірибесінде орын алып отырған топтық жұмыстар XXI ғасыр оқушысын 
өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі 
өмірге бейімдеп оқытуда маңызды болып отыр. Топтардағы бірлескен жұмыс 
сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім. 
Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. 
Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан 
үлесі құрметттелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері 
арасында бөлінетін, ұжымдасу арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуге 
негізделетін оқыту мен оқу тәсілі болып табылады [2]. 
Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында 
өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа 
оқушыларды 
таңдап 
шығарылатын, 
сондықтан 
оқушылар 
ашылып 
ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал жұптық жұмыс 
ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, 
оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып 
отырады. Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейте отырып, 
еркін сөйлеуге ықпал етеді. 
Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ 
жоспарын құру барысында диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолданған жөн 
деп есептейміз. Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы 
оқушылардың тілдік барьерін азайтуға байланысты жұмыстар жасалынады. 
Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және 
негізгі бөлімде диалогтық оқыту бағыты пайдаланылады. Осы жерде сөйлеу 
мәдениеті туралы айтып кеткен дұрыс. Диалогтың ары қарай жалғасын табуы 
немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында «егер де, ойлаймын, мен 


578 
есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз 
қайдан білесіз және мүмкін» деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени 
лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты. Мұғалім 
оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, 
олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек. Осы 
әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі толық 
ынтымақтастықта дамиды [3]. 
Оқыту әдістерін топтастыру 
Оқыту әдістері қолданылу мақсаттарына қарай әрі олардың атқаратын 
қызметтері тұрғысынан бір-біріне принциптік ұқсастығы бойынша төмендегі 
үш түрге топтастырылады. 
1.
Оқу процесін ұйымдастыру әдістері. 
2.
Оқушылар үйренетін білім көздерінің әдістері. 
3.
Нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістер. 
Оқу процесін ұйымдастыру әдістері. Бұл топқа мына әдіс енеді: 
1)
Мұғалімнің оқу материалын өзара байланысты түрде баяндау әдісі; 
2)
Мұғалімнің оқушылармен жүргізетін әңгіме әдісі; 3) Мұғалімнің 
басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс әдісі. 
Осы әдістерді қолдана отырып сабақ материалы бойынша жұмыс 
жүргізгенде, мұғалім мен оқушылар арасындағы педагогикалық қарым-қатынас 
әрі кері байланыс амалдары ұштастырылады, сонымен бірге ұстаз бен 
шәкірттер арасындағы жұмыстардың бірлігі айқын көрініс береді. Аталған 
әдістердің маңыздылығы тап осында. 
Оқу жұмысын ұйымдастыру әдістері тобындағы әдіс-тәсілдер қазіргі 
мектеп тәжірибесінде кең тараған. Сондықтан қай пәннің мұғалімі болсын және 
қай сыныпта сабақ жүргізсін, ол осы әдіс-тәсілдерді қолданады. Мұғалім оқу 
процесінде оқушылардың жасына әрі даярлық дәрежесіне, сондай-ақ тақырып 
бойынша сыныппен жасалатын жұмыстың кезеңдеріне, сабақтың нақтылы 
міндеттеріне қарай бұл әдістердің ең тиімді дегендерін пайдаланып отырады. 
Қазіргі кезде оқушылардың өздігінен орындайтын практикалық 
жұмыстарын ұйымдастыруға елеулі мән беріледі. Оқушылар өзіндік жұмысты 
орындау барысында жеткілікті дағды алуға тиіс. Әр оқушы өзінің қандай 
тапсырманы орындайтынын, нені тындыратынын және қандай тәсілдерді 
қолданатынын білгені дұрыс. Сонда ғана оқушының еңбегі нәтижелі болады. 
Оқушылардың өздігінен орындаған сынып жұмысы сол бойда-ақ тексеріліп, 
жіберілген қателер ұқыпты түрде түзетіледі әрі себептері түсіндіріледі. 
Оқушының өз бетімен орындаған жұмысының сапалы болуына мұғалімнің 
көмегі және оқушылардың өзін-өзі тексеру әрекеті елеулі ықпалын тигізеді. 
Ескеретін бір әдістемелік мәселе – жоғарыдағы әдістердің біреуі сабақ 
процесінде басым роль атқаруы мүмкін. Солай екен деп әдіске ерекше 
артықшылық беріп, сабақтың басым, көп уақытын сол әдіс арқылы 
ұйымдастыру сабақ сапасына нұқсан келтіреді. Ондай сабақтан, әсіресе төменгі 
сыныптарда, тиімді нәтиже шығуы екіталай. Сабақтың бір сарынды жүргізілуі 
оқушыларды жалықтырады, енжарлық сезімге бөлейді. 


579 
Білім көздерінің әдістері. Оқыту әдістерін оқушылар алатын білімнің 
қайнар көздері бойынша топтастырғанда, оған сөздік әдісі, көрнекілік және 
практикалық жұмыс әдістері енеді. Ал, бұл әдістердің өз ішіндегі бастауыш 
сыныптардағы қазақ тілін оқыту сабақтарында пайдалануға ең қолайлы деген 
түрлері іріктеліп алынады. Әйтпесе, сөздік әдісінің бірі лекцияны төменгі 
сыныптарда қолдану жас балалардың ақыл-ойының даму деңгейіне : білім 
қорына, практикалық тәжірибесіне мүлде лайық келмейді, сол себепті бірінші – 
үшінші сыныптарда сөздік әдісінің ішінде мұғалімнің түсіндірмесі, оқулықпен 
жұмыс істеу түрлері ғана қолданылды [4]. 
Ал, көрнекілік әдіс түрлерін қолданғанда әдістемелік шеберлік керек. 
Мұнда көрнекіліктің көбіне заттық бейнелі түрін, қала берді символды 
көрнекіліктің ішінде таблицаны пайдаланған тиімді. Ондай таблица әрі ықшам, 
әрі негізгі тілдік деректерді тануға қолайлы етіліп өрнектеледі. 
Мұғалім тақта бетінде сабақ материалын баяндап білім беруімен бірге, 
сол тақтаны ұқыпты пайдаланатын шеберлігімен, көзтартарлық көркем 
жазуымен оқушыларға үлгі-өнеге көрсетіп, оларды іскерлікке тәрбиелейді. 
Сонымен бірге тұтас сыныптың және әрбір оқушының көңіл-күйін қалт 
еткізбей, қадағалап отырады, дер кезінде көмек көрсетеді. Көрнекілік әдісімен 
бірге сөздік әдісін қолданып, оқушылардың оқып үйреніп отырған материалды 
дұрыс түсінуіне бағыт береді. 
Практикалық әдіс бойынша, негізінде, ауызша және жазбаша жаттығу 
жұмыстары орындалатыны белгілі. Мұғалім бұл әдісті қолданғанда, әлбетте, әр 
сыныптың тұрақты оқулықтарындағы практикалық жұмыстарға арналған 
тапсырмалардың шарттарын орындатады. Мұғалім бұл арада ең алдымен, сол 
тапсырманың мазмұнына, оның тіл құбылысын қаншалықты аша түсетініне зер 
салады. Оқулық материалына осылайша сын көзімен қарау мұғалімді бірқатар 
олқылықтан, тіпті ықтимал қателіктерден сақтандырады. Соның нәтижесінде 
оқушыларға әрі дұрыс, әрі айқын ұғым беріледі. Екіншіден, практикалық 
жұмыс тапсырмаларын орындау шарттары бақылауға алынады. Бұл жағдайда 
оқушылардың тәжірибелік жұмысы бір сарынды қалыпқа түсіп кетпеуі 
қадағаланады. 
Демек, 
тапсырмалардың 
орындалуы 
оқушылардың 
шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға тиімді әсер етерліктей етіледі. 
Сөз болып отырған әдістер тобында сөздік әдіс жетекшілік роль 
атқарады. Көрнекілік әдісімен не практикалық әдіспен сабақ жүргізгеннің 
өзінде де сөздік әдіс пайдаланылмай қалмайды. Өйткені тілсіз, сөзсіз, түсінік 
берілместен практикалық жұмыс орындалмақ емес. 
Мектептегі өмір балаға жаңа әлемнің есігін ашады, оның рухани 
дүниесінің қалыптасуына негіз болады. Бастауыш сыныпта оқытудың басты 
міндеті - баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуына жағдай жасау, 
қамтамасыз ету, әрбір баланың қабілетін анықтау, дамыту және білімдерін ашу, 
мектеп жағдайына немесе ортаға тез бейімделуге қажетті жағымды мінез-құлық 
дағдыларын қалыптастыру. Оқыту әдісінің мазмұнын жаңаша құра отырып, 
бала бойындағы қиындықтарды жеңе білу. Білімді тұлға қайдан шығады? 
Әрине жаңашыл мұғалім тарапынан баланы дамыта оқытудағы еңбегінен, 
балаға білім берудегі ізденіс жолындағы жұмысының нәтижесінен шығады. Ал 


580 
бастауыш сыныптарда жаңаша білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңашыл әдіс- 
тәсілдерді мектеп тәжірибесінде қолданудың тиімділігімен жүзеге асады. 
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін 
және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. 
Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерді оқу арқылы оқушылар өз 
түсінігін кеңейте отырып, өзінің ой-пікірі үшін жауапты болуға үйренеді. 
Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырып, дамытуға, 
мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы, 
олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы 
ойлануды үйренеді. 
Бастауыш сынып мұғалімі үшін мынадай жұмыстардың жүргізілуі 
маңызды көрсеткіш болып табылады: 

сабаққа тың, жаңаша ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу; 

оқушылардың өздерінің ойлауы мен оқуы туралы ой толғануын 
қамтамасыз ететін логикалық ойлау және зерттеу дағдыларын енгізу; 

оқушыларға өздеріне қызықты салаларда т.б. жағдайларда сұрақтар 
құрастыруға және сол сұрақтарға жауап беруге көмектесу; 

топтық жұмыс түрлерін жүргізуді көздейтін жаттығулар енгізу; 

диалог құра отырып, оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасауға 
ынталандыру; 

оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын қанағаттандыру; 

оқушыларды өздігінше ойлануға жетелеу; 

оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту; 

оқушыларға өздерінің ойлау дағдыларын және ғылыми-зерттеу 
дағдыларын қолдануларын ескертіп отыру; 

жеке оқушылармен «көзбе-көз» кездесулер ұйымдастыру; 

оқушыларға өзіндік жұмыстарды орындау барысында жетістікке жетуге 
мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау, оларды іске асыруды ұйымдастыру. 
Сөзімізді қорытындыласақ, оқушылардың бойына өз өмірлерінде барлық 
салада табысты болуы үшін ең қажетті дағдыларды дарыту мұғалімдердің 
тынымсыз еңбектенуін қажет етеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында 
тек қана өз пәнін, өзінің мамандығын шексіз сүйетін, сонымен қатар бала үшін 
ұстаз ғұмырын құдіретті деп танитын білімді де білікті мұғалімдер ғана жұмыс 
істей алады. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен 
болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген 
ұлағатты сөзі бүгінгі күннің ұстаздарына арналып айтылған сияқты. 
Үйренгеніміз де, үйренерміз де көп жаңартылған білім — болашақтың кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет