Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет40/52
Дата06.03.2017
өлшемі3,9 Mb.
#8316
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52

Әдебиеттер 
1.
 
Базанов В.В. Сценическая техника и технология М, 1990 
2.
 
Шеповалов В.М. Сценография в системе искусств, в структуре театра М, 2002 
3.
 
Попов П.Г. Жанровое решени е спектакля М, 2008 
4.
 
Жумагулов К. Сахна қҧрылымы, оның техникасы жҽне технологиясы Ш, 2012 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

231 
 
ҼОЖ:159.9 
А 47 
 
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ӘСЕРІ 
 
Алшынбай А.Д., Айтенова Э.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз , Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассматриваются педагогическо-психологическое влияние субкультур на воспитание 
молодежи 
 
Summary 
 
Pedagogical-psychological impact of subcultures on education 
 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасындағы  басты  міндеттердің  бірі  –  ұлттық  ерекшеліктерді 
ескере  отырып,  өскелең  жас  ұрпаққа  терең  білім  беру  мен  тәрбие  беру  ісін  одан  әрі  дамыту  мен 
жетілдіру. Бұл жөнінде Республикамызда көптеген мемлекеттік дәрежедегі құжаттар жарыққа шықты. 
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым  министрлігінің  тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында 
былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен процесс деңгейіне сәйкес білім мен 
тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби 
біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның басты міндеті болып табылады» [1: 5]. Бұл мәселеге 
байланысты  Елбасымыз  Н.  Назарбаев  «...  жаңа  жағдайларға  сай  біздің  бәрімізді  алаңдататын  мәселе 
білімді,  кәсіби  даярлығы  бар  адам  тәрбиелеу  ғана  емес,  қоғамдық  өмірдің  барлық  саласында  ұлттық 
және  дүниежүзілік  құндылықтарды  қабылдауға  қабілетті,  рухани  және  әлеуметтік  адамгершілік 
мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады» деп атап көрсеткен [2: 12]. Міне, осы тұрғыдан 
қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам 
қажет.  
Жастар  проблемасы  қашанда  қоғамның  ҿзекті  мҽселелерінің  негізі  болып  табылған. 
Ҽдебиетімізде  жастар  кҿп  жылдар  бойы  жеке  ҽлеуметтік-демографиялық  топ  болып  қарастырылған 
жоқ.  Тек  1960  жылдардан  бастап  «Жастар»  тҥсінігіне  анықтама  беріле  бастады,  «Жастар»  -жас 
айырмашылығы,  ҽлеуметтік  жағдайы  жҽне  ҽлеуметтік-психологиялық  ерекшелігіне  тҽн  ҽлеуметтік-
демографиялық  топ.   Ал,  нақты  жастар  субмҽдениетін  қарастыру  елімізде  Кеңес  одағы  ыдырағаннан 
кейін  жҥзеге  аса  бастады,  ескі  жҥйе  қҧлдырап,  жаңа  постиндустриалды  қоғамға  қадам  басу,  яғни 
қалыптасқан  қҧндылықтар  мен  ережелер  ҿзгеріп,  жаңа  ҽлеуметтік  қоғамға  тікелей  ҽсер  еткен 
реформалардың қабылдануы барлық ҽлеуметтік топтарға, ҽсіресе жастар қауымына ықпалын тигізбей 
қоймады.  
Жастар  субмҽдениеті  проблемасын  анықтау  ҥшін,  ең  алдымен,  «жастар»  деген  тҥсінікті 
қарастыру  керек,  яғни  жастардың  басқа  топтардан  айырмашылығын,  жастардың  жеке  қасиеттері  мен 
қҧндылықтарын,  жастарға  тҽн  іс-ҽрекет  пен  жас  тҧлғаға  ҽсер  ететін  факторлармен  танысу  қажет. 
Адамның  жас  шағы  -  қҧндылықтар  жҥйесінің  қалыптасуы  мен  ҽлеуметтік  статусының  алғышарты 
болып  табылады.  Сонымен  қатар,  осы  шақта  жастарға  жаңаға  деген  ҧмтылыс,  ерекше  болып  кҿріну, 
белсенді ҿмір салтын ҧстану тҽн, сондықтан жастар арасында нормадан ауытқушылықтар, яғни ҽртҥрлі 
ықпалдарға еліктеушілік, оның ішінде батысқа еліктеушілік, ҽртҥрлі жастар субмҽдениетіне ену кҿрініс 
табады.  Яғни  «Жастар  субмәдениеті»  дегеніміз  жеке  адам  дамуының  ҿтпелі  сатысы,  жастардың 
ресми  емес  қатынастары  жҽне  олардың  ҿздеріне  ғана  тҽн  мақсаттарын  табуы  жеке  субмҽдениеттің 
қалыптасуының  себебіне  айналады,  белгілі  бір  субмҽдениет  ҿкілдері  киген  киіммімен,  сҿйлеу 
мҽнерімен,  жаргондары  жҽне  айрықша  ҽуестенулерімен  ерекшеленеді  жҽне  ҥлкендер  ҽлеміне, 
қоғамның ережелері мен қҧндылықтарына деген ҿзіндік қарсылықты білдіретінін кҿрсетеді.  
Мҧндай  топтарға  жастар  қай  жолмен  келеді  немесе  не  ҽсер  етеді  дейтін  болсақ,  ол  жастардың 
тікелей  психологиялық  ерекшелігімен  байланысты,  яғни  ең  алдымен,  ата-аналары  мен  мектеп 
тарапынан  болатын  бақылаулардан  босауға  деген  ҧмтылыстан,  эмоцияға  аса  берілгіштіктен, 
жасҿспірімдік  ҽсірелеушіліктен,  ҿмірге  қатысты  ойларының  тым  мінсіздігінен,  адамгершілік 
ҧстанымдарының тҧрақсыздығынан, жеке адами қҧндылықтарының қалыптаспауынан пайда болады.  
Қазіргі жаһандану заманында елімізде жастардың ҿз орнын тауып, жеке ҽлеуметтік топ болып, 
дҧрыс  бағытта  дамуы  қиынға соғуда.  Оларға  нағыз  ҿмір  туралы  нақты  кеңестер  беріп,  уақытында  ҿз 
ҿмірлік  тҽжірибемізбен  бҿлісіп,  олардың  бастан  кешіргендеріне  сыйластықпен  қарауымыз  қажет. 
Сондықтан  отбасы  жағдайы,  мектеп  қабырғасы  жастардың  қалыптасуының  негізі  болып 
табылғандықтан  жастармен  тең  дҽрежедегі  позициясын  ҧстанып,  тҽрбиеге  кҿбірек  кҿңіл  бҿлгені 
дҧрыс[3]. 

232 
 
Субмәдениет (лат. sub -  тҿменгі, нем. kultur -  мҽдениет)  -  ірі  мҽдени  қҧрылым  ішіндегі  белгілі 
бір топтар, бірлестіктер мҽдениеті дегенді білдіреді. Субмҽдениет кҿбінде қоғамда ҿктем болып тҧрған 
мҽдениет  пен ҽлеуметтік  қҧрылымға оң  немесе  теріс  қатынас  нҽтижесінде  пайда  болады.  Қазіргі 
жағдайда  субмҽдениет  ҥлкен  аймақтық,  ҧлттық  мҽдени  қҧрылым  негізінде  пайда  бола  отыра  сол 
мҽдениеттегі  классикалық  дҽстҥрден  тысқары  тҧрады.  Субмҽдениеттің  ҽлеуметтік  бастауын  ҽр  тҥрлі 
жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. қҧрайды. 
Субмҽдениет қоғамдағы негізгі мҽдениеттен ҿз қҧндылықтарымен, ҿзіндік тілі, мҽнерімен, тіпті 
ҿзіне тҽн киіну стилімен де ерекшеленеді. Айталық, жастар субмҽдениеті ҽлем-жҽлем киінген готтар да 
бар, фэндом, хиппи, растофары, металист жҽне панктер т.б ағымдар осы мҽдениетті қҧраушы ҿкілдерге 
жатады. Жастардың субмҽдениетіне сондай-ақ протест, эскапизм тҽн боп келеді. Эскапизм дегеніміз – 
шындықтан қашу, басына тҥскен қиындықтан қашқандар кҿбіне осы мҽдениет ҿкілдеріне еріксіз еріп 
кететінге ҧқсайды.  
Субмҽдениеттің мынадай тҥрлерін жіктеп кҿрсетуге болады:  
1. Музыкалық-субмәдениет – белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ;  
2. Арт-субмәдениет – ҽннен басқа ҿнер тҥріне, анимация, жалпы хобби турасында қауымдасқан топ; 
3.  Интернет-субмәдениеті –  интернет  қауымдастық,  жалпы  виртуалды  кеңістікте  ортақ  тіл 
табысқандар; 
4.  Индустриалды  және  спорттық  субмәдениет –  қалалану  процесінде  байланысты  жҽне  футбол 
секілді спорт тҥріндегі ҧстанған кҿзқарастарына қарай біріккен топ. 
Бҥгінде қоғам ҥшін еңбек етіп жатқан жастардан гҿрі субмҽдениетке мойын бҧрғандар кҿбейді. 
Ірі  мҽдениет  қҧрылымдары  ішіндегі  жеке  топтар,  бірлестіктер  субмҽдениетті  қҧрайды.  Ҧлтына, 
жасына, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, психологиясы мен кҿзқарасы ҧқсас адамдар жиынтығы 
осы  субмҽдениеттің  белгілі  бір  саласын  қалыптастырып  отыр.  Кҿшеден,  жастар  кҿп  жиналатын 
орындардан субмҽдениет ҿкілдерін жиі кездестіретін болдық. Бҧл нені білдіреді? Жастардың Батысқа 
еліктеушілігінен  туындаған  нҽрсе  ме,  ҽлде  ҥлкендер  мен  жастар  арасындағы  тҥсініспеушіліктің 
қоғамдық  дҽрежеде  белең  алуы  ма?  Алдымен,  аталған  топтардың  пайда  болуы  мен  басты 
ерекшеліктеріне тоқталсақ. 
Субмҽдениеттің  «готтар»  деп  аталатын  тобы  ҿткен  ғасырдың  70-жылдары  Ҧлыбританияда 
музыканың готик-рок стилінің дамуымен бірге қалыптасқан. Бҥгінде готтардың ең жас мҥшелері 14-15 
жастағы  жеткіншектер.  Олар  қоғамнан  киіну  стильдерімен,  сҿйлеу  мҽнерлерімен,  шаш  ҥлгілерімен, 
бастысы музыкаға ҽуестіктерімен ерекшеленеді. Қара тҥсті киінеді жҽне металдан, кҥмістен жасалған 
бҧйымдарды  тағынады.  Пирсинг,  татуировка  жасатып,  қызыл,  жасыл,  сары  секілді  линзалар  тағады. 
Теріден жасалған қалың аяқ киімдерді жылдың тҿрт мезгілінде киіп жҥретін готтар 1980 жылдың соңы 
мен  1990  жылдардың  басында  аса  танымалдылыққа  ие  болып,  тҽуелсіз  топтарға  бҿліне  бастады. 
Еуропа  елдері,  Солтҥстік  Америка,  Азия  мен  Австралияның  кей  аймақтарында  таралған  готтар 
мҽдениеті  уақыт  ҿткен  сайын  қоршаған  ортаның  қарсылығына  ҧшырады.  Ҿз  отаны  саналатын 
Ҧлыбританияның ҿзінде журналистердің сынына ҧшырап, Ресей 2008 жылы осы мҽселені мемлекеттік 
дҽрежеде  талқылады.  Готтарды  суицидке  қатысты  кҿп  кінҽлайды.  Себебі  олардың  тыңдайтын 
ҽндерінің  мҽтіні  ҿлім,  қабір  азабы  жайындағы  сҿздерге  толы.  Сырт  қараған  адамға  ҿмірге  ҿкпелі, 
бақытсыз  болып кҿрінетін  готтар  ҿз  ҽуендерін  тыңдағаннан кейін  керісінше, кҿңіл  кҥйлері  кҿтеріліп, 
ҿздерін бақытты сезіне бастайтынын зерттеушілер айтып жҥр. Сонымен қатар ҿздерін гот ҿкіліміз деп 
атаған  жасҿспірімдердің  ҿзіне  қол  жҧмсаулары  қоғамның  оларға  деген  теріс  кҿзқарасын  ҥдете  тҥсті. 
Қоғамнан  ерекшеленгісі  келетін  готтар  қай  жағынан  болмасын,  қарапайым  адамдардан  ҿзгеше. 
Психологтардың  бір  тобы  ҿзіне  қол  жҧмсағысы  келетін  готтар  бір  топқа  біріге  отырып,  қоршаған 
ортаға  қайта  бейімделе  бастайды  дегенді  айтады.  Ҿзге  субмҽдениет  тҥрлеріне  қарағанда,  готтар 
музыкаға,  ҿнерге,  шығармашылыққа  жақын.  Ҿздерінің  айтуынша,  нағыз  гот  ҿлең  жазып,  сурет  сала 
білуі  керек.  Олар  жоғары  білім  алуға,  ҿнердің  бір  саласын  игеруге  тырысады  екен.  Бір  қарағанда, 
готтардан қоғамға, жастарға келетін қауіп жоқ деуге де болады. 
ХХ  ғасырдың  60-жылдарының  соңы  мен  70-жылдардың  басында  Ҧлыбритания,  АҚШ, 
Австралия,  Канада  елдерінде  пайда  болған  тағы  бір  субмҽдениет  тҥрі  –  панктер.  Олар  ҿкіметке, 
билікке,  ҽлеуметтік  мҧқтаждықтар  мен  кепілдіктерге  сынмен  қарайды,  жалпыға  ортақ  заңдарды 
сақтағысы  келмейді.  Қоғам  мен  саясатқа  сыни  кҿзқараспен  қарайтын  панктер  шаштарын  ҽртҥрлі 
тҥстерге  бояп,  лакпен  немесе  сырамен  қатырып,  тікірейтіп  қояды.  Ҿзге  субмҽдениет  топтарымен 
салыстырғанда панктер ішімдік пен наркотикалық заттарға ҽуес. Сондықтан субмҽдениеттің бҧл тобын 
қалыптастырушылар  қоғамға  қауіпті  деуге  толық  негіз  бар.  Адам  баласының  басты  байлығы  – 
бостандығы. Оны бҧзуға, қол сҧғуға ешкімнің қақысы жоқ жҽне кім қалай ҿмір сҥремін десе ҿз еркінде 
деген ҧстанымды берік қағида етіп алған панктер қоғам назарын ҿздеріне аударып отыр. 
Аты-жҿнін жарияламауды қалаған кейіпкеріміздің ҽңгімесі мынау болды: «Біздің қоғам мҧндай 
мҽдениет  тҥрін  қабылдай  алмай  жатыр.  Менің  осы  бағытты  ҧстануыма  ата-анаммен  арадағы 
тҥсініспеушілік себепкер болды. Ҥйдің жалғыз баласы болғандықтан, не ішем, не кием демедім. Бірақ 

233 
 
маған олардың махаббаты мен қамқорлығы қажет еді. Кейде ҿзіме қол жҧмсағым келген сҽттер болды. 
Осындай қиын кҥндердің бірінде ҿзімді тҥсінетін, мен секілді мейірімге зҽру дос таптым. Онымен бірге 
бірнеше  достар  тауып,  олар  мені  қоршаған  ортаға  қайта  бейімдей  бастады.  Сыртқы  тҥріміз  бен 
психологиямыз  қатардағы  жай  адамдардан  ерекше  болғанымен,  ҿз  арамызда  уақытымыз  қызықты 
ҿтеді.  Гитарамен  ҽн  саламыз,  билейміз,  кешкілік  топ  болып  жиналамыз.  Талқылайтын  ортақ 
тақырыптарымыз  бар.  Ата-анам  алғашында  менің  тҥрімді  кҿріп  шошып  кетті.  Психологқа  сҥйрелеп, 
ҧрысып  есімді  шығарды.  Ақыры  менен  ешнҽрсе  шығара  алмастарын  біліп,  жайыма  қалдырды.  Аман 
жҥрсең  болғаны,  –  деп  ойлады  ғой  деймін,  шамасы.  Қазір  олардың  да  кҿзі  ҥйренді.  Қашанға  дейін 
осылай жҥретінімді білмеймін», – деді. Кейбір ҽлеуметтанушылар жастар ҿз субмҽдениеттері арқылы 
қоғамның  назарын  ҿздеріне  аударғысы  келеді.  Бҧл  –  олардың  айналасындағыларға  айтары  бар  деген 
сҿз  дегенді  айтады.  Психологтардың  айтуынша,  мҧндай  субмҽдениет  топтарына  айналысатын, 
шҧғылданатын  ісі  жоқ  жастар  бірігеді.  Қоғам  назары  мен  ата-ана  қамқорлығынан  алшақтаған  сайын 
субмҽдениеттің  қҧраушылары  кҿбейе  тҥседі.  Айналысатын  ісі  жоқ  жастар  ҿздерін  белгілі  бір 
мҽдениеттің ҿкілі етіп кҿрсетіп, ел назарын аударғысы келеді. Ішкі жан айқайларын осылай паш етіп 
жҥрміз деп есептейді. Оларды қоғамнан алшақтықтары біріктіре тҥседі екен. 
Біз  жиі  кездестіретін  эмолар  оқушылар  арасында  кҿп.  Қара  киініп,  кҿздерін  бояп  алатын 
эмоларды  «жылауықтар»  деп  те  атайды.  Дені  қала  балалары,  себебі  қолжетімді  ғаламтор  бар.  Сол 
арқылы  бірін-бірі  тез  табатын  кҿрінеді.  Шетел  бейнеклиптері  мен  фильмдерінің  бір  кейіпкері  осы 
субмҽдениет  ҿкілі.  Қазақ  жастары  қазір  жаппай  рэпке  бет  бҧрып  жатыр.  Баланың  қай  бағытты 
таңдайтынын  ата-анамен  бірге  талқыласа  жҿн.  Балаға  уақыт  бҿлу,  оның  ішкі  сырын  тыңдау,  ҿмірлік 
тҽжірибелермен бҿлісу баланың қоғамға, ата-ана, қоршаған ортаға қажеттігін сезіндіреді. 
Елімізде  жастар  мен  жасҿспірімдер  жобасын  жасау  маңызды.  Ҧлттың  болашағы  жастар  десек, 
сол жастарымыз енді жат мҽдениеттің табынушысына айналып, дін мен ділден безінсе, ертеңіміздің не 
болғаны?  Субмҽдениет  қазіргі  ҧстанымдарды  жоюға  ҽрекеттенбесе  де  ҿз  ҧстанымдарын  жастарға 
насихаттап  жҥргендері  анық.  Ҿз  қатарларына  тартпаса  да  жеткіншектердің  қызығушылығын 
арттыратыны  сҿзсіз.  Рухани  ҽлсіздікке  ҧшыраған  баланы  дереу  ҧрыса  жҿнелмей,  осы  жолға  неге 
барғанын сҧрау маңызды[4]. 
Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сҿздер қазіргі кезде жастар ҥшiн таңсық емес. Бҧл сҿздер 
жасҿспiрiмдердiң  ҧйымдарына  да  қатысты  айтылады.  Жоғарыда  аталған  жастар  ҧйымдары 
субмҽдениеттің дҥние жҥзінде кҿп тараған тҥрлері ғана. Ал біздің Қазақстанда арамызға сыналап еніп 
жатқан  біз  білмейтін  ҽлі  талай  ҧйымдардың  бар  екені  рас.Ҽр  топтың  ҿзіндік  насихаттайтын 
мҽдениеттері болғандықтан да субмҽдениет ҿкілдері ҿз мҽдениеттерін дамыту барысында ҿзіндік киіну 
стильдерін,  тілдерін,  белгілерін,  сонымен  қатар  ҧйымға  ортақ  ҿмірлік  ҧстанымдарын  анықтайды. 
Имидждері  мен  жҥріс-тҧрысының  ҿзі  ҿзге  адамдар  арасынан  анық  кҿрініп  тҧрады.  Имидж-бҧл 
субмҽдениет  ҿкілдері  ҥшін  жай  ғана  киім  емес,  бҧл  ҿз  кейпімен  ҿзінің  мҽдениетін  насихаттау  болып 
табылады.  
Қорыта айтсақ, дҽл қазiр жастар саясаты жҿнге қойылмаған. Жастарҧйымдарының саны бар да, 
сапасыжоқ.  Ҿмiршеңемес.  Бҥгiн  ашылып,  ертең  жабылып  жатады.  Ҧлттық,  елдiк,  мемлекеттiк 
мҽселелердi  емес,  жекебастың  мҥддесiн  кҿздеудi  мақсат  еткендей.  Тiптi  жастардың  ҿмiрiне, 
болашағына  керi  ҽсерiн  тигiзетiн,  мысықтабандапкелген  субмҽдениеттiң  республикамызда  дамуына 
шектеу қоятындайарнайызаң жоқ. Екшеп-текшейтiн, қадағалап, тиiмдi-тиiмсiзiнсараптапқадағалайтын 
мемлекеттiк орган тағы жоқ. 
Сонымен, бҥгінгі кҥні жас ҧрпақты ҧлттық психология, ҧлттық педагогика арқылы ҧлттық сана-
сезім,  ҧлттық  дҥниетаным,  ҧлттық  мінез  ерекшеліктерін  бойына  сіңдірген,  ҿз  халқының  тегін,  салт-
дҽстҥрін,  тілін,  білімін  меңгерген  мҽдениетті,  адами  қасиеті  мол  шығармашылық  тҧлға  етіп 
қалыптастыру – заман талабы, қоғам қажеттілігі екендігі сҿзсіз[5]. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан Республикасының Білім жҽне ғылым министрлігінің тҧжырымдамасы. // Егемен Қазақстан 
– 1993. – ақпан – 5 б. 
2.
 
Қҧрбанқожа  Сансызбай.  Иасауи  дҽрістерінің  рухани  қажеттілігі  мен  тҽлім-тҽрбиелік  мҽні  жҽне 
«Иасауи кереметтері». Тҥркістан: 2004. – 12 б. 
3.
 
Қазақ мҽдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС 
4.
 
Биекенов К., Садырова М. Ҽлеуметтанудың тҥсіндірме сҿздігі.-Алматы: Сҿздік-Словарь 
5.
 
Левикова С.И. «Молодежные субкультуры», М.Фаир-Пресс,2004 
 
 
 
 
 

234 
 
ҼОЖ 792 
 
ТЕАТР ӚНЕРІНДЕГІ ЗАМАНАУИ КӚРКЕМ СИНТЕЗ 
 
Ауесбаев Е.С., Ботаев Б.Ч., Кузембаев Б.Д. 
М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан  
 
Резюме 
В статье рассматривается современный синтез в театральном искусстве. 
 
Summary 
The basic components of theatrical art. 
 
Театр ҿнерінің ерекшелігі жайлы ойлағанда, біздің зейінімізді аударатын бірінші маңызды нҽрсе, 
театр ҿнерінің туындысы - спектакль - бір ғана суреткердің ғана емес кҿптеген басқа да ҿнер иелерінің 
шығармашылығының  жасаған  туындысы  екендігінде.  Драматург,  актер,  режиссер,  музыкант, 
безендіруші,  жарық  беруші,  гример,  костюмер  жҽне  т.б.  -  ҽрқайсысы  ҿз  ҥлестерін  қосатын  ортақ 
шығармашылық  еңбек  болып табылады. Сол  себепті  де  театр  ҿнерінде  туынды  жасап шығарушы  бір 
ғана  адам емес,  бҥкіл бір ҧжым,  яғни шығармашылық  ансамбль. Бҥтін бір ҧжым  -  спектакль  авторы. 
Театр  табиғатының  талап  ететіні  -  бҥкіл  спектакльдің  ҿңбойлы  шығармашылық  ой  мен  сезімге  толы 
болуы. Ол ҥшін пьесаның ҽр сҿзі, актердің ҽрбір қимыл ҽрекеті, ҽрбір мизансцена, режиссердің жасап 
шығарған  жҧмысы  сай,  қанық  болуы  тиіс.  Мҥның  бҽрі  біртҧтас,  тірі  организм,  яғни  театр  ҿнерінің 
шығармасы деп атауға лайық спектакльдің ҿмірге келуіне алып барады. 
Спектакль жасауға қатынасушы ҽрбір суреткердің шығармашылығы басқа емес бҥкіл ҧжымның 
шығармашылық  -  идеялық  мақсатының  кҿрінісі  болып  табылады.  Бірікпеген,  ауыз  біршіліксіз,  тҧтас 
идеясыз,  ортақ  шығармашылық  шешімі  жоқ  ҧжымнан  жақсы  спектакль  шығуы  мҥмкін  емес.  Ҧжым 
бірлікке,  ортақ  кҿзқарасқа,  тҧтас  кҿркем-идеялық  мақсат  пен  ҿз  мҥшелеріне  ортақ  шығармашылық 
ҽдіске  ие  болуы  тиіс.  Сондай-ақ,  бҥкіл  ҧжымның қатаң  тҽртіпке  бағынуы  маңызды  болып  табылады. 
Театр ҿнеріндегі негізі қаланған ҧжымдық шығармашылық, міндетті тҥрде ансамбль талап етеді, жҽне 
оны  кімде  кім  бҧзса,  ол  тек  ҿз  жолдастарына  ғана  емес,  ҿзі қызмет  ететін  ҿнерге  қастандық  жасаған 
болады, - деп жазды К.С.Станиславский. 
Театр  ҿнеріндегі  ҧжымдық  бастаумен  тығыз  байланысты  театрдың  ҿзіндік  ерекшелігі  оның 
синтетикалық  табиғатында.  Театр-кҿптеген  ҿнердің  синтезі,  бір-бірімен  ҿзара  байланысты  бірнеше 
ҿнер  жиынтығы.  Оған  ҽдебиет,  бейнелеу  ҿнері,  сҽулет,  музыка,  ҽн  ҿнері,  би  ҿнері,  т.б.  жатады.  Осы 
ҿнерлердің қатарына жататын, тек театрға ғана тҽн нҽрсе бар. Ол актер ҿнері. Актер театрдың, театр 
актердің  бҿлінбейтін  бҿлшегі.  Міне,  сол  себепті  де  біз  актерді  -  театр  ҿнеріндегі  негізгі  жҽне  деп 
санаймыз. Театр ҿнеріндегі синтез дегеніміз - спектакльдегі органикалық бірлік - тек қана осы ҿнердің 
ҽрқайсысы  театр  функциясын  айқын  орындаған  сҽтте  қол  жеткізіледі.  Осы  театр  функциясын 
орындаған  кез-келген  ҿнер  шығармасы  жаңа  театрлық  сапаға  ие  болады.  Яғни  театрдағы  кҿркем 
безендіру жай ғана безендіру емес, немесе театр да пайдаланылған музыка жҽй гана музыка емес, т.б. 
Тек  актерлік  ҿнер  ғана,  театр  табиғатына  тҽн.  Ҽрине  пьесаның  қҧны  спектакль  ҥшін,  кҿркем 
безендірумен  салыстырғанда  аса  қҧнды  болып  саналады.  Кҿркем  безендіру  қосымша  рольді  талап 
ететін  дҥние,  ал  пьеса  болашақ  спектальдің  кҿркем-идеялық  негізі  екендігі  даусыз.  Сонымен  қатар, 
пьеса диалог тҥрінде жазылса да, роман, повесть немесе поэмаға жатқызуға болмайды. Осы жерде бізді 
қызықтырар  бір  сауал  туындайды.  Пьесаның  поэмадан,  декорацияның  суреттен,  сахналық 
қҧрылымның  архитектуралық  қҧрылыстан  қандай  айырмашылығы  бар?  Поэма,  картинаның  дербес 
мҽні  бар.  Ақын,  суретші  оқырман  мен  кҿрерменге  тікелей  бағыт  алады.  Пьеса  авторы  болса  ҽдебиет 
шығармасы болып ҿз оқырманының назарын аудартуы мҥмкін, бірақ театрдан тыс дҥние ретінде ғана. 
Ал театрда драматург те, режиссер де, декоратор да, музыкант та кҿрерменмен  актер  арқылы  немесе  
актермен  байланысу   арқылы  ғана  сҿйлесе  алады. 
Шынтуайтына  келгенде,  ҿмір  беріп  сахнадағы  драматургтің  сҿзін  ҿз  сҿзіндей  етіп  жеткізбеуі, 
немесе  режиссердің  айтуымен  кҿрсетуі  арқылы  жасалынған,  актердің  ҿз  жан-дҥниесі  араласпаған 
мизансцена кҿрермендер ҥшін шынайы болуы мҥмкін бе? Ҽрине, жоқ. Ал  музыка мен декорациялық 
безендіру ісінің кҥйі қалай  болады? Кҿз алдарыңызға елестетіп кҿріңіздер, спектакль басталды делік. 
Шымылдық ашылып, сахнада ешқандай актер болмаса да, суретшінің сахнаны керемет декорациялық 
безендіруіне  кҿрермен  ду  қол  шапалақтауымен  ҿз  ықыластарын  білдіріп  жатыр.  Сол  кезде  сахнаға 
ҽрекет  етуші  актер  шығып,  диалог  ҿтіп  жатыр.  Ҽрекет  ҧлғайган  сайын  ішкі  жол  дҥниеңізде  сіз  қазір 
ғана  таң  қалып  отырған  декорацияға  қарсылық,  тітіркену  ҿрши  бастайды.  Актер  ҿнерін  қабылдауға 
шынайы сахналық ҽрекетті сезінуге декорация залалын тигізіп жатқанын сезіне бастайсыз. Декорация 
мен  актер  ойынында  іштей  қандай  да  бір  қарама-қайшылық  бар,  яғни  актер  ҿзін  дҧрыс  жҥргізе 

235 
 
алмауда,  немесе  декорация  ҽрекет  ету  орнын  дҧрыс  кҿрсетіп  жатқан  жоқ  екендігін  тҥсінесіз.  Демек, 
бір-бірімен келіспей жатқан дҥние - ҿнер синтезі емес, яғни театрға тҽн емес. Кейде кҿрермен қойылым 
басында  декорацияның  бірінен  соң  бірі  ауысуын  керемет  ықыласпен  қарсы  алады  да,  соңында 
балағаттай  бастайды.  Бҧл  дегеніміз  кҿрермен  суретші  ҿнерін,  спектакль  элементі  емес,  спектакльден 
тыс  дҥние,  яғни  бейнелеу  ҿнерінің  туындысы  ретінде  қабылдайды.  Демек,  кҿркем  безендіру  ҿзінің 
функциясын  орындай  алмады.  Оны  орындау  ҥшін  декорация  актер  ойнымен  бірге,  біте  қайнасуы 
қажет. Егер суретші сахна тҥкпіріне теңіз бейнеленген керемет сурет іліп қойған болып, ал актер ҿзін 
теңіз жағасында емес, бҿлмеде жҥргендей сезініп, ҽрекет ететін болса, сурет ҿлі дҥние болып қалады. 
Декорацияның кез келген бҿлшегі, кез келген зат, егер актер ҽрекетімен байланыспайтын болса, 
ол  ҿлі  зат  ретінде  қабылданады.  Сондықтан,  алып  тастау  қажет.  Кез  келген  дыбыс,  режиссер  немесе 
музыкант  қалауымен  болып,  бірақ  актер  оны  қабылдай  алмаса,  ҽрекет  етушінің  сахналық  жҥріс-
тҧрысына  ҽсер  ете  алмаса,  оның  қажеті  жоқ,  демек,  бҧл  дыбыс  немесе  ҽуен  қойылым  сапасына  ҥлес 
қоса алмайды. 
Театр болмысын, сахнадағы бар жағдайды, жеткізуші актер болып табылады. 
Театр  ерекшелігі  сол  -  мҧндағы  ҿмір  актер  арқылы,  актер  ҽрекеті  арқылы  жҥзеге  асырылады. 
Дербес мазмҧндылық пен болмысқа ҽсер ету театрға тҽн емес. 
Шығарманың  толық  дербестігі  немесе  актерге  оның  талдау  интерпретациясына  сҥйену  -  міне 
пьесаның  поэма  мен  повестей,  декорацияның  жҽй  суреттен,  сахналық  қҧрылымның  архитектуралық 
қҧрылымнан ерекшелігі осында. 
Актер театр ҿнеріндегі негізгі тҧлға дедік. Ал осы ерекшелікке қалай байлам жасауға болады? 
Біз  театр  ҿнерінің  ҧжымдық  жҽне  синтетикалық  ҿнер  екенін  кҿрсеттік.  Бірақ  бҧл  қасиет 
маңыздылығымен қоса, тек театрға ғана тҽн емес, оны басқа ҿнер тҥрлерінен де табуға болады. Біз сҿз 
еткелі отырған белгі тек театрға ғана қатыстылығында. 
Бір  ҿнердің  екінші  бір  ҿнерден  ерекшеленетін  ҿзіндік,  материалды  суреткер  ҿзі  сомдайтын 
кҿркем  бейнесіне  пайдаланады.  Ҽдетте,  бҧл  материал  ҽдебиетте  -  сҿз,  бейнелеу  ҿнерінде  -  тҥс  пен 
сызық, музыкада - дыбыс, мҥсін ҿнерінде - пластикалық форма. 
Ал актерлік ҿнерде материал болып табылатын не нҽрсе? Актер ҿз образдарын ненің кҿмегімен 
жасай алады? Бҧл сауалдың шешімі К.С.Станиславский жҥйесі дҥниеге келгенге дейін табылған жоқ. 
Ҽйгілі  принциптер  бойынша,  актердің  сахналық  толғаныстарының  негізі  ҽрекет  болып  табылады. 
Ҽрекет  арқылы  сезім  мен  қиял  жҽне  дене  қимылы  ажырамас  бір  бҥтінге  айналып,  актер  -  бейнесі 
туады. 
Ҽрекет  -  бҧл  адам  қимылының,  мінез-қҧлқының  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған  еркін  актісі. 
Ҽрекетте физиканың жҽне психологияның бірлігі кҿркем айшықталады. Мҧнда адам қатынасады. Сол 
себепті де, ҽрекет актер шеберлігінің ерекшелігіндегі негізгі материал болып табылады. 
Тірі,  кҿрнекі  адами  ҽрекет  актерлік  ҿнердегі  материал  болып  табылатындықтан,  актер  ҽрекет 
арқылы  ҿз  образдарын  тудырады;  адами  тілдегі  ҽрекетпен  актер  кҿрермендерге  ҿзі  сомдаған 
адамдарын жеткізеді. Осы ҽрекет арқылы ҿзін-ҿзі ҧмытып, ол бҥкіл жан-дҥниесімен образға енеді. Біз 
сол себепті актер ҿзіне-ҿзі аспап бола алады деп айта аламыз. 
Сонымен, актер бір уақытта ҽрі жаратушы, ҽрі ҿз ҿнерінің аспабы, ал оның іске асырған ҽрекеті 
образ тудырушы материал болып табылады. 
Актер  театр  ерекшелігіндегі  негізгі  тҧлға  болып  табылатындықтан,  ҽрекет  -  театр  ҿнеріндегі 
негізгі материал деп айта аламыз. Басқаша айтқанда, театр - адам ҿмірі кҿрнекі, кҿркем бейнеленетін, 
тірі адам ҽрекеті арқылы айшықталатын ҿнер тҥрі. Іс жҥзінде адам ҽрекеті арқылы жасалған дҥниеден 
артық  мазмҧнға  бай,  кҿркем,  шынайы  не  болуы  мҥмкін?  Ҽдебиетте  жазушы  адам  ҽрекеті  туралы 
жазады, бейнелеу ҿнерінде суретші осы ҽрекетті қылқаламмен қимылсыз қатып қалған тҥрінде береді, 
ал, театр ҿнерінде актер сахнада шынайы тҥрде, сол қалпында сомдайды. 
Егер,  театрда  ҽрекеттің  ҥздіксіз  ағынымен  адам  сҿзі  мен  қимыл  -  ісі  қозғалыста  екендігін 
ескерсек,  егер,  театрдың  ҿзіндік  ерекшелігін  актер  ойынының  тікелей  эмоционалдық  ҽсерімен 
бағаласақ, театрдың ҽдеттен тыс керемет кҿркем-идеялық ықпалы қаншалықты екендігі ҽбден тҥсінікті 
болады. 
Театрдағы  идея,  кҿркем  қортынды,  шығармадағы  ой,  соншалық  ҿміршең,  нақты,  сондай 
кҿрнекті, шынайы сезімдік мҽнерге ие болатындығы соншалық, бҧл спектакль емес, нағыз ҿмір сияқты 
болып кҿрінеді. Театр ҿнерінің адам жҥрегін жаулап алатын ерекше қҧпиялығы осында. 
Театр сияқты ешқандай ҿнер дҽл осындай биікке жетелеп, жігер бере алмайды, бҽрін бірдей дҽл 
сондай қҧштарлық екпін мен бір сезімге, бір пікірге бҿлендіре, топтастыра алмайды.. 
Театр  ҿнерінде  идеологиялық  жҽне  кҿркемдік  жағынан  да  драматургия  кҥмҽнсіз  жетекші  роль 
атқарады. 
Пьесаны алғанда, театр ҧжымы осы тақырыпқа деген ҿз қызығушылығын ашық айтып, ҿзіндегі 
бар ҿнері мен амал-тҽсілдері арқылы шығарманың идеялық мазмҧнын ашуды ҿз мойнына алады. Театр 
ҧжымының  қызығушылығынсыз  пьесаның  идеялық  кҿркем  қҧндылығы  театр  жҧмысында  ҿз 

236 
 
дҽрежесіне  жете  алмайды.  Егер,  пьесаға  бҥкіл  ҧжым  ащы  терін  тҿкпесе,  ешқандай  режиссер 
шығармашылық  сҽттілікке  қол  жеткізуі  мҥмкін  емес.  Міндетті  тҥрде,  пьеса  бҥкіл  ҧжымды  тартып, 
жҽне  қатынасушының  санасына  сіңіп,  ортақ  іске  жҧмылдыра  алса  ғана,  ҧжымдағы  қҧштарлық  тілек 
арқылы бҽріне қымбат идея, табысқа жетелейтін шығармашылық мҥмкіндік пайда болады. 
Театр ҿнерінде драматургия болашақ спектаклді маңызды қҧрал - кҿркем сҿзбен қаруландырып, 
театрдағы кҿркем - идеялық мағынаға ие болып, жетекші роль ойнайды. Осы арада нақтылай кететін 
нҽрсе,  драматургия  ҿз  кезегінде  театрдың  ықпалын  кҿтереді.  Драматургия-театрға,  ал  театр-
драматургияға ықпал, ҽсер етеді. Осылайша, ҿзара ҽрекет арқылы да жетекші роль драматургияға тҽн 
болады. Драматургия ҿзінің жетекші ролін идеялық қана емес, кҿркемдік қатынаста да кҿрсете алады. 
Барлық  драмалық  шығармалар  бірнеше  жанрда,  айқын  бағдарлы  стиль  мен  автордың  ҿзіндік 
мҽнері мен қолтаңбасы бар ерекшелікте жазылады. Шығарма қаншалықты талантты болса, соншалық 
ҿзіндік ерекшелігі бар жҽне театрға соншалық кҥрделі талап қойылатындығы даусыз. Ондағы идеяны 
сыртқа шығару ҥшін театр оның стилі мен автордың шығармашылық мҽнерін тҥсінуі керек, сондай-ақ, 
театрдың  мазмҧнына  сай  келетін  амал-тҽсіл  тауып,  актер  ойынының  айқын  мҽнері  мен  сахналық 
форманы ҥйлестіруі қажет. 
Драматургиялық  материал  театрдың  шығармашылық  қызметінің  идеялық  мазмҧнын  айқындап 
қана қоймай, оның кҿркем технологиясына ҽсер етеді, белгілі шығармашылық машық қалыптастырып, 
шығармашылық ҽдісін шындайды. 
Театр  ҿнерінің  тарихында  драматургия  жетекші  рольге  ие  болуы  арқылы  театрдың  идеялық-
шығармашылық  қалыптасуына  ықпал  етіп  келеді.  Бҥкіл  театр  қайраткерлерінің  пікіріне  сҥйенер 
болсақ,  пьеса-спектакльдің  негізі,  ал  драматургия-театрдың  негізі  болып  табылады.  Дегенмен  де, 
драматургияның  жетекші  ролін  мойындай  тҧра,  театр  драматургияның  қызметшісі,  театрдың  негізгі 
міндеті пьесаны сахнада орындау, немесе драматургияны бейнелеу деген біржақты пікір қалыптаспауы 
керек.  Пьесаны  сахнада  орындай  отырып,  театрдың  негізгі  міндеті  осы  шығарманы  қолдану  арқылы 
драматургпен  шығармашылық  байланыста  болып,  ҿмірдің  шынайылығын  бейнелеу  жҽне  маңызды 
тҧстарын  кҿрсету  болып  табылады.  Театр  шындық  пен  дҽлдік  жҽне  ҿмірдің  терең  тҧңғиығының 
идеялық бағытын спектакльде дҧрыс бере білуде драматургпен бірдей жауапты болады. 
Тек  осы  негізде  ғана,  театр  мен  драматург  арасындағы  ҿзара  бірлескен  шығармашылық  ҽрекет 
қалыптасады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет