Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет14/53
Дата24.03.2017
өлшемі5,62 Mb.
#10256
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53

Әдебиеттер 
1.
 
Барлыбаева С.Х. Развитие информационного общества в мире и в Казахстане. – Алматы, 2006 – С.19. 
2.
 
Резолюция Ген Ассамблеи ООН №57/239 «Создание глобальной культуры кибербезопасности».// 
http://www.un.org/russian/esa/ict/res.html. 
3.
 
Резолюция Ген Ассамблеи ООН №55/63 и №56/121 «Борьба с преступным использованием 
информационных технологий».// http://www.un.org/russian/esa/ict/res.html. 
 
ӘОЖ 327 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН БАЛТЫҚ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ЕЛДЕР 
АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ, САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТАРЫ 
 
Мамашарипова Г.А., Баймағамбетова Ж.Б. 
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  этой  статье  рассматриваются  дипломатические,  торгово-экономические  и  культурные  отношения 
между Республикой Казахстан и Прибалтийскими странами.   
 
Summary 
This  article  considerеd  diplomatic,  trade  economic  and  cultural  relationships  between  Kazakhstan    and  Baltic 
countries. 

74 
 
 
Қазақстан ӛзінің Тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлем картасынан орын алды. Содан 
бергі  кезеңде  мемлекетіміз  қалыптасып  қана  қоймай,  дҥние  жҥзі  елдеріне  танымал  болды.  Тәуелсіздіктің 
алғашқы кҥндерінен – ақ егемен ел ретінде шет елдермен ӛзара тиімді байланыс қалыптастыру мақсатында 
басқа мемлекеттерде Қазақстанның елшіліктері ашыла бастады. Қазақстанның Балтық жағалауы елдерімен 
дипломатиялық  қатынастары  1992 жылы  орнады. 1992 жылы 10 желтоқсанда  Қазақстан Республикасымен 
мен  Латвия  Республикасы  арасында  дипломатиялық    қарым  –  қатынас  орнады.  2004  жылы  желтоқсан 
айында  Қазақстан  Республикасында  Латвия  Республикасының  Елшілігі  ашылды.1992  жылы  27  мамырда 
Қазақстан  Республикасымен  мен  Эстония  Республикасы  арасында  дипломатиялық    қарым  –  қатынас 
орнады.  1992  жылы  15  маусымда  Қазақстан  Республикасымен  мен  Литва    Республикасы  арасында 
дипломатиялық    қарым  –  қатынас  орнады.  1993  жылы  7  қарашада  Қазақстан  Республикасында  Литва 
Республикасында  Елшілігі  ашылды.  1995  жылы  қыркҥйек  айында  Вильнос  қаласында  Қазақстан 
Республикасының 
Литва 
Республикасындағы, 
Латвия 
Республикасындағы 
және 
Эстония 
Республикасындағы біріккен Елшілігі ашылды [1]. 
Латвия – Балтық жағалауында ӛнеркәсібі жағынан жақсы дамыған ел. Ол теңізге шығар жолын сауда 
мен  балық  аулау  ҥшін  пайдаланады.  Сонымен  қатар  ауылшаруашылығы  саласында,  оның  ішінде 
ауылшаруашылық  ӛнімдерін,  дәнді  дақылдар,  кӛкӛністер  мен  мал  шаруашылығын  қайта  ӛңдеуден  ӛткізу 
саласында Латвия елінің іс – тәжірибесі ӛте зор. Сондай – ақ қазақстандық және латыш кәсіпкерлерін бизнес 
байланыстарды  жандандыра  тҥсуге,  индустриалды  сектор,  агроӛнеркәсіптік  кешен,  қайта  ӛңдеу  салалары 
мен  туризм  сферасында  бірлескен  кәсіпорындар  қҧрылуда.  Қазақстан  жері  бәсекеге  қабілетті  ӛнімдер 
шығара  алатын,  жаңа  технологияға  арқа  сҥйейтін  бірлескен  кәсіпорындар  қҧру  ҥшін  барлық  жағдай 
жасалынған.Соның  нәтижесінде,бҥгінгі  кҥнге  дейін  138  бірлескен  кәсіпорын  бар.  Латвия  мен  Қазақстан 
арасында  сауда  –  экономикалық және  мәдени  –  гуманитарлық байланыстардың мейлінше  дамығанын атап 
кӛрсетуге болады. Қазақстан мен Латвия арасындағы сыртқы тауар айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 
37,9  %  кӛтерілді,  яғни  216,5  млн.долл.  қҧрады.  Қазақстанның  мҧнай,  феррохром,  қара  металлдарды 
экспортқа  шығару  арқасында  Қазақстанның  сауда  балансы  оң  болып  сақталуда.  Қазақстанның 
экспортындағы  қомақты  ҥлесін  мақта  мен  рапс  береді,  ҥшінші  орында  оксиметалдық  тҧздардың 
қышқылдары  және  минералды  тыңайтқыштары.  Латвиядан  Қазақстанға  мҧздалған  балық  және  балықты 
консервілер импортталуда.Ал, екінші  орнында фермент препараттары  тҧр.2000 жылы  қарашада Ригада  ҚР 
Азаматтық  авиация  академиясы  мен  «  ANS  Training  center  »  арасында  тәжірибе  алмасу,  тағлымдамадан 
ӛтуді ҧйымдастыру және тыңдаушылармен алмасу бойынша ынтымақтастық туралы хатқа қол қойылды. ҚР 
ҥшін  мамандарды  дайындау  шеңберінде  Рига  аэронавигация  институтында  (РАИ)  қазақстандық 
студенттердің бір тобы оқытылуда. 2009 жылы РАИ – на Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» 
халықаралық  бағдарламасы  бойынша  білім  алу  ҥшін  жоғары  оқу  орындарының  тізіміне  кіргізу  бойынша 
қажетті жҧмыстар жҥргізілді. 
Екі  елдің  ӛнер  қайраткерлері  Қазақстанда,сонымен  қатар  Латвияда  ӛткізілетін  әртҥрлі  мәдени  іс–
шараларға  (фестивальдар,  конкустар,  сән  кӛрсетілімдеріне)  белсенді  қатысады.Қазақстан  орындаушылары 
дәстҥрлі Юрмалада ӛтетін «Жаңа толқын» жыл сайынғы халықаралық конкурсқа қатысу ҥшін шақырылады. 
2013 жылы  Юрмалада ӛткен «Жаңа толқын» халықаралық конкурсына қазақстандық әнші Adam қатысып, 
347 балл жинап бесінші орынға ие болды. 2010 жылғы наурыздан бастап Елшілік Рига Думасымен ӛзара іс – 
қимыл  жасай  отырып,  Ригада  қазақ  киносының  фестивалін  ҧйымдастырды,  оның  барысында  латвия 
кӛрермендері  қазіргі  заманғы  қазақ  режиссерлері:  Ардақ  Әмірқҧловтың  «Қош  бол,  Гҥлсара»,  Рҥстем 
Әбдірашевтің  «Қҧрақ  кӛрпе»,  «Сталинге  сый»  және  «Сҧр  қарлығаш»,  Жанабек  Жетіруовтың  «Жолшының 
жазбалары»,  Қанымбек  Қасымбековтың  «Саған  кҥшік  қажет  па»  және  Сатыбалды  Нарымбетовтың 
«Мҧстафа Шоқай» атты жҧмыстарымен танысты. Кинофестивальді ашу салтанатына танымал латвия актері 
Ивар  Қалныныш  қатысты.  Қазақстан  мен  Латвия  арасындағы  транспорт  шеңберіндегі  ынтымақтастығы 
дамып келеді. Оның ішінде контейнерлі тасымалдауға аса кӛңіл бӛлінді. Қазіргі таңда, Қазақстаннан Қытай 
арқылы  Балтық  жағалауы  елдеріне  контейнерлік  тасымалдауды  іске  асырды.  Бҧл  жоба  2003  жылдан  бері 
іске асуда.Осы жылы « контейнерлік коридордың Балтика – Транзит » іске асқанына  10 жыл болды.Алдағы 
уақытта оның аумағы шығыс жаққа кеңейтілуде. Тынық мҧхит арқылы Еуропа елдеріне жҥкті тасымалдау –  
45 кун болса, ал Қазақстанның темір жолы арқылы Еуропа елдеріне жҥкті тасымалдау – 2 аптаны қамтиды. 
Осы    10  жыл  ішінде  кӛптеген  контейнерлік  тасымалдауды  Балтика  –  1,  Балтика  –  2  транзиттік  жолдары 
арқылы  тасымалданды.  2012  жылдың  алғашқы  тӛрт  айында  теміржол  тасымалдары  23,1  млн.тонн  болса, 
2011 жылдағы ӛтіліммен салыстырғанда 13,8% ӛсті [2]. 
Бҥгінгі таңда,  Қазақстан Эстонияның Орталық Азиядағы ең жақын әріптесі болып табылады. Екі ел 
барлық  мәселелер  бойынша  сенімінің  жоғары  деңгейіне  оңай  қол  жеткізе  алады.  Бҧл  екі  ел  арасында 
экономиканың  әртҥрлі  салаларында  бірлескен  жобалары  жҥзеге  асырылып  отыр.Мәселен,  кеме  жасау 
саласында,  оның  ішінде  сҧйытылған  газбен  жҥретін,  ҥнемшіл  су  кӛліктерін  жасауда  ынтымақтастықты 
тереңдетуде.  Қазақстан  Эстония  мен  Еуроодақ  ҥшін  маңызды  серіктес  болып  табылады.  «Қазақстан 
жҧртшылықтың ҥлкен ықыласын ӛзіне аударып отыр және ол Эстония ҥшін де, Еуропалық Одақ ҥшін де ӛте 
маңызды серіктес. Себебі, Қазақстан сатып алушылық қабілеті едәуір жоғары нарық болып табылады және 
бҧл елдер арасындағы тауар айналымының кӛлемі ӛсуде. Соңғы жылдары Эстония мен Қазақстанның сауда 

75 
 
–  экономикалық  қарым  –  қатынастары  қарқынды  дамып  жатыр.  2011  жылы  Эстонияның  сауда 
серіктестерінің  арасында  Қазақстан  27  –  ші  орын  алды.  Ал  2010  жылы  Қазақстанда  эстон  тауарларының 
экспорты  рекордттық  сомаға  –  95  млрд.теңгеге  жетті.  Экспорттың  негізін  жҥк  тасымалы,  кеме  қҧрылысы 
ӛнімдері, металл қҧрылғылары, трансформаторлар қҧрады. Ал Қазақстаннан Эстонияға жеткізілген тауарлар 
импорты  2011  жылы    75  млн.еуроны  қҧрады.  Импорттың  негізін  мҧнай  ӛнімдері,  резеңке  бҧйымдар  және 
химия  ӛнімдері  қҧрайды.  Эстон  қаражатының  қатынасы  бар  Қазақстанда    8  бірлескен  ӛнеркәсіптер 
тіркелген. Олардың бесеуі Алматы қаласында тіркелген. «Standard Ltd» (жиһаз), «A.P. & KO Ltd»  және АҚ 
«Morena» (тағам ӛнімдері) сияқты эстондық кәсіпорындар қазақ нарығында еңбек етуде [3]. 
Мәдени  –  гуманитарлық  саласында  да  ынтымақтастықтары  дамуда.  Мәселен,  2004  жылдан  бастап 
Таллинде  «Абай»  атты  қазақ  қоғамы  жҧмыс  істейді,  олар  Қазақстанның  мәдениетіне  және  тарихына 
арналған шаралар ӛткізіп,  Наурыз мейрамының тойлауын,  қолданбалы  ӛнер  кӛрмелерін, музыкалық әдеби 
кештерін,  конференцияларын  ӛткізеді.  Қоғамның  тӛрағасы  А.Абдуахитова  Дҥниежҥзілік  қазақтардың 
қҧрылтайында  екі  рет  ӛкілі  болып,  эстон  тілінде  Қазақстан  туралы  бірнеше  кітапшаларын  шығарған.2011 
жылы  27  қыркҥйектен  1  қазанға  шегінде  «Таллинн  –  Еуропа  мәдениетті  астанасы  2011»  деген 
бағдарламаның «Қазақ кино кҥндері» ӛтті, онда қазіргі қазақстандық режиссерлердің бес кӛркем кинолары 
кӛрсетілді. Эстон қоғамының қазіргі Қазақстанмен кең танысуы ҥшін 2009 – 2011 жылдары Эстон жетекші 
БАҚ  ӛкілдерінің  Қазақстанға  4  сапары  ӛтті.  Білім  саласында  Эстонияда  және  Балтық  ӛңірінде  жетекші 
университетінің  бірі  Тарту  университетінің  қазақстандық  ЖОО  ынтымақтастық  мәселесі  белсене 
талқылануда.  
Қазақстан  мен  Литва  арасындағы  дипломатиялық  қатынастар  орнатылғаннан  кейін  екі  елдің  саяси 
байланысы қҧрылымды және қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда Вильнюс Астананы Еуропа мен Азияны 
байланыстыратын  Орталық  Азиядағы  кӛшбасшы  ретінде  таниды.  Негізінен  транспорттық  транзиттік 
ынтымақтастығы басты бағыттарының бірі болып табылады. Транзит  – кӛлік ынтымақтастығы қазақстан – 
литва  ықпалдастығының  маңызды  бағыты  болып  табылады.  Литва  тарапы  қазақстандық  мҧнайды  Литва 
транзиттік коридоры арқылы экспорттық транзит ҥшін және оны ӛз мҧнай ӛңдеу кәсіпорындарында ӛңдеуге 
мҥдделі. Алайда, қазақстандық шикізаттың балтық порттары арқылы транзит мәселелерінде шешуші рӛлді 
Ресейдің тарифтік саясаты атқарады. Бҧл орайда Литва мен Ресей арасындағы транзит мәселесіне ҥлкен мән 
берілуде,  олар  Калининград  –  Клайпеда  жобасын  қҧрастыруда,  бҧл  жоба  ҥшінші  елдерге,  соның  ішінде 
Қазақстан мен  Қытайға  бағытталған [4]. Темір жол саласында  Қазақстан ҥшін 2003 жылдан бері Одесса  – 
Ильичевск  –  Клайпеда  бағыты  бойынша  жҥре  бастаған  Викинг  контейнерлі  пойызы,  оны  Поти  мен  Баку 
арқылы Ақтауға дейін ҧзартуға байланысты қызығушылық туғызады. 
Қазақстан мен Литва арасындағы транспорт пен транзиттік жол қатынастары қарқынды дамуда. 2011 
жылы екі ел контейнерлі поезд «Сауле» транзиттік тасымалдауға қол қойды. Ол ӛз кезегінде Қазақстан мен 
Қытайды  Балтық  жағалауы  елдерімен  байланыстырады.  Қазақстандық  экспорттың  негізгі  тҥрлері 
минералды  отындар,  мҧнай,  қара  металл,  қазақстан  автомашиналары,  фармацевтикалық  ӛнімдері, 
электромашиналар,теле  және  радиоаппаратураны  және  басқа  да  ӛндірістік  тауарларды  импорттайды. 
Қазақстанда  Литва  капиталының  қатысуымен  90  кәсіпорын  тіркелген.  Олар  негізінде  кӛтермелі  және 
бӛлшекті  сауда,  ӛңдеуші  ӛнеркәсіп,  ақпарат  және  байланыс,  кӛлік  және  логистика  т.б.  салаларда  жҧмыс 
істейді.  Мәдени  –  гуманитарлық  саласындағы  ынтымақтастықтары  белсенді  дамып  жатыр.  Мәселен,  білім 
саласында  қазақстандық  студенттер  Литваның  М.Ромериса  университетінде  білім  алуда.Сонымен  қатар, 
Каунасск медициналық университетінде қазақстандық медициналық қызметкерлер ӛздерінің мамандықтары 
бойынша практикалық іс – тәжірибеден ӛтті. Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университетінің 
делегациясы  Вильнюсте  болды.  2007  –  2011  жылдар  аралығында  кардиология  институтының  директоры 
Каунасск  медициналық  университетінің  профессоры  Римантас  Бенетис  қазақстанның  медициналық 
мекемелерінде мастер класс  пен операцияларды ӛткізген.  2010  –  2011 жылдары  Вильнюс, Клайпеда  және 
Утене  қалаларында  «Қазақстан  –  Еуразияның  жҥрегі»  атты  фото кӛрмесі ӛтті.  2009 жылдан бері  қазақтың 
кӛркем  галлереясы  «Ҧлар»  халықаралық  кӛркем  жәрмеңкесі  Artivilnius  қатысып  келеді.  2009  жылы  және 
2011 жылы Вильнюс пен Клайпеда қалаларында қазақ кино кҥндері ӛткен болатын. 
Қорыта  келгенде,  Қазақстанмен  тек  экономикалық  және  саяси  ӛзара  байланыстарды  дамытып  қана 
қоймай, мәдениет, білім секілді басқа да кӛптеген ӛзекті салаларда да екіжақты байланыстарды жандандыра 
тҥсуде. Балтық жағалауы елдері Қазақстанның Дҥниежҥзілік Сауда Ҧйымына мҥше болуына ӛз ықпалдарын 
тигізуде. Алдағы жылдары Қазақстан Дҥниежҥзі Сауда Ҧйымына мҥше болған жағдайда, онда тасымалдау 
шараларын  оңтайландырып,  оның  қҧны  да  арзандай  тҥседі.  Мәселен,  темір  жол  кӛлігімен  тасымалдаулар, 
сондай  –  ақ  тасымалдаудың  бірегей  тарифтері  енгізіліп,  ол  барлық  елдерге  бірыңғай  болса,  онда  бҧл  да 
біздің  елдеріміздің  арасындағы  бизнестің  дамуына  септігін  тигізер  еді.  Сонымен  қатар,  Латвия 
Республикасы ЭКСПО – 17 кӛрмесіне қатысуда. Оның негізінде Қазақстан мен Латвия мемлекеттері туризм 
саласын  одан  ары  дамытпақ.  Қазақстан  мен  Балтық  жағалауы  елдерінің  арасындағы  тауар  айналымы 
жылдан – жылға ӛсуде. Соның негізінде Латвия, Литва және Эстония мемлекеттерімен транзиттік коридор 
аймағын қҧру ӛте тиімді болып отыр. «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан 
Еуропалық  Одақ  мемлекеттерінің  ішіндегі  Балтық  жағалауы  елдерімен  транзинттік  коридор  арқылы 
тауарларды  тасымалдау  негізінде  қазақстандық  ӛнімдерді  Еуропа  нарығына  шығару  болып  табылады.  Тек 

76 
 
қазақстандық  ӛнімдерді  ғана  емес,  Орталық  Азия  елдері  арқылы  қытай  ӛнімдерін,сонымен  қатар  ресей 
ӛнімдерін тасымалдауы Қазақстанға және де Балтық жағалауы елдеріне ӛз кезегінде тиімді болып тҧр.  
 
 
 
Әдебиеттер  
1.
 
www.mfa.gov.kz 
2.
 
www.firstnews.ru 
3.
 
Казахстан и страны мира, А., 2006. 
4.
 
«Литовский курьер » онлайн газеті www.kurier.It 
 
 
ӘОЖ 327 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН БЕНИЛЮКС ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ 
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ, САЯСИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ 
 
Мамашарипова Г.А., Султанова А.А. 
М. Әуезов атындағы ОҚМУ,  Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В  этой  статье  рассматриваются  дипломатические,  политические  и  культурные    отношения  между 
Республикой Казахстан и странами Бенилюкс.   
Summary 
This  article  considerеd  diplomatic,  political  and  cultural  relationships  between  Kazakhstan    and  Benelux 
countries. 
Бҥгінгі  кҥні  Қазақстан  әлемнің  кӛптеген  елдерімен  сыртқы  қарым-қатынас  орнатып,барлық  беделді 
халықаралық  ҧйымдардың  мҥшесі  атанды.  Сыртқы  саясатты  орнықтырып,  еліміздің  халықаралық 
мәртебесін нығайтуда еліміз дипломатиясының зор еңбегі бар. Қазақ елі сыртқы саясатының басты бағыты 
жетекші  державалардың  қауіпсіздік  жӛніндегі  кепілдігін  ала  отырып,  ядролық  қарудан  бас  тартып  қана 
қоймай, ядролық қарусыз мемлекет мәртебесіне ие болу еді. Бҧл ҧстаным тез арада-ақ іс жҥзіне асырылды. 
Ал  осы  жәйт  халықаралық  аренада  еліміздің  мәртебесін  кӛтерді.  Еуразия  одағын  кҧру,  Азиядағы  ӛзара 
ықпалдастық пен сенім шаралары жӛніндегі кеңес шақыру сияқты Қазақстанның бірқатар игі бастамалары 
әлемдік  қоғамдастық  тарапынан  кеңінен  қолдау  тапты.  Аталған  кеңеске  кӛптеген  мемлекеттер  мен 
халықаралық  ҧйымдардың  қызығушылық  танытуы  осы  айтқандарымызға  айқын  дәлел  бола 
алады.Тәуелсіздіктің  басында  қазақ  дипломатиясының  алды  ҧлттық  экономиканың  кӛтерілуіне  жан-жақты 
ықпал  ету,инвестициялар  тарту,  елдің  экспортын  ҧлғайтудың  жолдарын  қарастыру,  сауда-экономикалық 
қатынастарды  дамыту  сияқты  бірқатар  маңызды  мәселелер  тҧрған  болса,  қазірде  аталған  бағыттарда 
айтарлықтай  жҧмыстар  атқарылды.  Енді  бҥгінгі  кҥннің  талаптарына  сай  халықаралық  қауіпсіздікті 
нығайтуға,  әлемдегі  экономикалық  қатынастарды  жетілдіруге  тҧтастай  алғанда,  ғаламдық  деңгейдегі 
мәселелерді оң шешуге ҥлес қосу басты мақсат болып қалып отыр.  
Қазақстан әлемдік қоғамдастықта ӛзіндік алар орны бар ел екенін соңғы жиырма жыл ішінде айқын 
кӛрсетті.Қазақстан  Республикасының  саясаттағы  бағыты  да,географиялық  орналасуы  да,жер  байлығы  да 
дҥние  жҥзіндегі  мемлекеттерді  бізбен  ынтымақтасуға  ынталандырды.  Осыған  дәлел  ретінде,елімізде  68 
шетел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жҧмыс істейді.Резиденциялары Қазақстаннан тыс жерде 
шоғырланғанымен,елімізде  тіркелген  елшілер  саны-37.  Ал  Қазақстан  Республикасының  шетелдерде  47 
елшілігі мен дипломатиялық миссиялары  және консулдық ӛкілдіктері тіркелген. Ел басшымыздың сыртқы 
саясатты  дҧрыс  әрі  тиімді  жҥргізуіне  байланысты  тәуелсіздігімізді  алған  кезімізден  бастап  әлемнің  130 
мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық. Соның ішінде Бенилюкс елдері де бар. 
Бельгия  Корольдігі  -  Батыс  Еуропада  орналасқан  мемлекет.  Оңтҥстігінде  Франциямен,  шығысында 
Алмания  және  Люксембургпен,  солтҥстігінде  Нидерланд  Корольдігімен  және  батысында  Солтҥстік 
теңізімен  шектеседі.Жері  –  30,5 мың  км².  Халқы  –  11 млн.  адам  (2007).  Астанасы  –  Брюссель  (1 млн.)  Ірі 
қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж. Әкімшілік жағынан он провинцияға бӛлінеді. Ресми тілдері  – 
француз,  нидерланд  (фламанд)  және  неміс.  Негізгі  діні  –  католик  (70%).  Ислам  дінін  200  мыңдай  адам 
ҧстанады.  Ақшасы  –  бельгия  франкі.  Ҧлттық  мейрамы  –  21  шілде  (Леопольд  Біріншінің  парламентке 
конституцияны қҧрметтеуге ант берген кҥні) мен 15 қараша (король әулетінің 1866 ж.  таққа отырған кҥні). 
Бельгия  –  конституциялық  монархия.  Қазіргі  конституциясы  1831  ж.  қабылданып,  оған  бірнеше  рет 
ӛзгерістер  енгізілді.  Мемлекеттік  басшысы  –  король.Заң  шығару  билігін  король  мен  парламент 
жҥргізеді.Парламент  –  ӛкілдер  (150  депутат)  және  сенат  (71  мҥше)  палаталарынан  тҧрады.  Атқарушылық 
билікті  парламенттің  алдында  жауап  беретін  ҥкімет  жҥзеге  асырады.Провинцияларды  король 
тағайындайтын  губернаторлар  басқарады.Бельгия  –  БҦҦ-на,Солтҥстік  Атлантика  ҧйымына  (НАТО), 
Еуропалық қауымдастыққа,Бенилюкс елдер одағына, т.б. халықаралық ҧйымдарға  мҥше. Бельгия  – әлемде 

77 
 
индустриясы жоғары дамыған елдердің бірі. Қара металлургия – Бельгия ӛнеркәсібінің ежелгі салаларының 
бірі.  Химия  және  электротехника  ӛнімдерін  шығару,  машина  жинау,  қҧрылыс  материалдарын  дайындау, 
ағаш ӛңдеу (жиһаз, қағаз), т.б. дамыған [1].  
Орта және ҧсақ фермерлі шаруашылықтар негізінен мал шаруашылық ӛнімдерін береді.Ал астық пен 
жеміс-жидектер  шеттен  әкелінеді.Экспортқа  автомобиль  керек-жарақтарын,  химия  мен  металлургия 
ӛнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады. Сырттан минералдар, металл бҧйымдары әкелінеді. Негізгі 
сауда серіктестері: Еуропалық қауымдастыққа мҥше мемлекеттер және АҚШ. Қазақстан Республикасы мен 
Бельгия  Корольдігі  арасындағы  дипломатиялық  қарым-қатынастар.1991  ж.  31  желтоқсанда  Бельгия 
Корольдігі  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігін  таныды.1992  ж.  25  тамызда 
дипломатиялық  қатынастар  орнатылды.1993  ж.  15  сәуірде  Қазақстан  Республикасының  Бельгия 
Корольдігінде  Елшілігі  ашылды.2012  ж.  8  маусымда  Қазақстанның  Бельгиядағы  Тӛтенше  және  Ӛкілетті 
Елшісі  болып  А.Хамзаев  тағайындалды.2006  ж.  қаңтарда  Қазақстан  Республикасында  (Астана  қ.) 
Бельгияның  Елшілігі  ашылды.2009  ж.  қыркҥйектен  бастап  Бельгия  Корольдігінің  Қазақстан 
Республикасындағы  Елшісі  болып  Даниель  Бертран  тағайындалды.  1996  ж.  бастап  Бельгияның 
Қазақстандағы Қҧрметті Консулы Д.Парисс. Қыркҥйектен бастап 1998 ж. Бельгия Корольдігінде Антверпен 
қаласында тҧрақтануымен Қазақстан Республикасының Қҧрметті консулы Дж.Ступ.Екі ел арасындағы саяси 
ынтымақтастық. Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері Қазақстан мен Бельгия арасындағы 
саяси байланыстар жоғары қарқынды дамумен және конструктивті сҧхбатпен сипатталады. Дипломатиялық 
қарым-қатынастар орнатылғаннан бергі кезеңдерде ҚР Президенті Н.Назарбаев Бельгия Корольдігіне 4 рет 
сапармен  барды  (1993,  2000,  2006,  2010  жж.).  Бельгия  Премьер-министрі  Ж.-Л.Деэннің  (1998  ж.), 
Бельгияның  мҧрагер  ханзадасы  Филипптің  (2002  ж.,  2010  ж.)  Қазақстанға  сапарлары  ӛтті.2010  ж.  1-2 
желтоқсанда Астанада ӛткен ЕҚЫҦ Саммитіне қатысуға Бельгия Корольдігі Премьер-Министрінің міндетін 
атқарушы  И.Летерм  бельгиялық  делегацияны  бастап  келді.  2012  ж.  1-2  мамырда  ҚР  Премьер-Министрі 
К.Мәсімовтің Бельгия Корольдігіне жҧмыс сапары ӛтті. Сапар шеңберінде оның Бельгия Премьер-министрі 
Э.ди  Рупомен,  ЕО  Президенті  Х.ван  Ромпѐймен,  Сауда  жӛніндегі  ЕО  Комиссары  Де  Гюхтпен,  Еуропалық 
Комиссия тӛрағасы Ж.М.Баррозумен, Еуропалық Сот тӛрағасы В.Скуриспен және т.б. кездесулері болды [2].  
Мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастық  аясында  Қазақстанның  Бельгиядағы  Елшілігімен  ҥнемі 
мәдениет  және  кӛркемӛнер  саласында  тҥрлі  кӛрмелер,  симпозиумдар,  презентациялар,  семинарлар  мен 
конференциялар ӛткізіліп тҧрады. 2005 ж. наурызда Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ҧлттық Университеті 
және  Льеж  Университеті  арасындағы  ынтымақтастық  туралы  келісімге  қол  қойылды.  «Howest»  (Бельгия, 
Батыс Фландрия)  университетімен ынтымақтастық орнатылды. Бельгия Ханзадасы Филипптің Қазақстанға 
экономикалық  миссиясы  шеңберінде  Қазақ  автожолдық  институтымен  ӛзара  тҥсіністік  туралы 
меморандумға  қол  қойылды.  2010  ж.  24-26  қазандағы  Елбасының  Брюссельге  ресми  сапары  барысында 
Қазақстан  Ҧлттық  ядролық  орталығы,  «Қазатомӛнеркәсіп»  АҚ  және  Бельгиялық  ядролық  энергетикалық 
зерттеу орталығы арасындағы, сондай-ақ М.Әуезов атындағы Оңтҥстік Қазақстан мемлекеттік университеті 
және  Бельгияның  микроэлектроника  университетаралық  орталығы  (IMEC)  арасындағы  ӛзара  тҥсіністік 
туралы меморандумдарға қол қойылды.  
Нидерланд Корольдігі (бейресми атауы – Голландия) – Батыс Еуропадағы мемлекет. Нидерландының 
солтҥстік және батыс бӛлігі Солтҥстік теңіздің жағалауында орналасқан. Жер аумағы 41532 км². Халқы 15,6 
млн. (2000). Тҧрғындарының 96%-ы голландықтар. Ресми тілі – нидерланд (голланд) тілі. Халқының 50%-ға 
жуығы  –  католиктер,  40%-ға  жуығы  –  протестанттар.  Нидерланд  –  король  (патшайым)  басқаратын 
конституциялық монархия. Жоғары заң шығарушы органы екі палатадан (бірінші және екінші) тҧратын Бас 
Штаттар.  Астанасы  –  Амстердам  қаласы  (ҥкімет  резиденциясы  Гаага  қаласында  орналасқан).  Әкімшілік 
жағынан  12  провинцияға  бӛлінеді.  Ақша  бірлігі  –  еуро  (2002).  Ҧлттық  мейрамы  –  Патшайым  кҥні 
(патшайым Беатрикстің таққа отырған және оның анасы Юлиананың туған кҥні) – 30 сәуір.Нидерланд БҦҦ-
ға (1945), Еуроодаққа (1957), НАТО-ға (1949) мҥше.Нидерландыда 70-тен астам саяси партиялар тіркелген. 
1989  жылдан  бастап  ӛкімет  билігін  христиан-демократтар  партиясы  мен  Еңбек  партиясынан  қҧрылған 
коалицалық ҥкімет жҥргізіп келеді [3]. 
Нидерланды  –  экспортқа  бейімделген  жоғары  ӛнімді  ауыл  шаруашылығы  бар,  дамыған  ӛнеркәсіпті 
ел.Экономикасында сыртқа капитал шығару, сыртқы сауда, теңіз транспорты маңызды орын алады.Мҧнай, 
табиғи  газ  (жылына  90  млрд.  м3  шамасында)  ӛндіріледі.  Ӛнеркәсіптің  жетекші  салалары:  мҧнай  ӛңдеу 
(органикалық  химия  ӛнімдерін  ӛндіру),  мҧнай-химия,  машина  жасау,  кеме  және  ҧшақ,  газ  және  химия 
ӛнеркәсібіне  қажетті  қҧрал-жабдықтар,  дәрі-дәрмектер  жасау,  металлургия  мен  металл  ӛңдеу, 
электротехника (Нидерланд – дҥние жҥзіндегі бейне және дыбыс аппаратураларын шетке шығаратын ең ірі 
мемлекеттердің бірі), дәмдік тағамдар шығару. Алмас пен қымбат бағалы тастарды ӛңдеу бҧрыннан жақсы 
дамыған сала болып есептеледі. Ауыл шаруашылығында етті-сҥтті ірі қара ӛсіру басым. Нидерланд – дҥние 
жҥзіндегі сҥт пен сҥт ӛнімдерін сыртқа ең кӛп шығаратын мемлекеттердің бірі (сары майдың дҥниежҥзілік 
экспортының  1/5;  қоюлатылған  сҥттің  1/2 ;  қҧрғақ  сҥттің  1/4;  ірімшіктің  1/4  бӛліктері  Нидерландының 
ҥлесіне  тиеді).  Сондай-ақ  сыртқа  кӛп  мӛлшерде  шошқа,  қҧс  етін,  жҧмыртқа,  темекі,  арақ-шарап  пен  сыра 
шығарады.  Жылыжайда  кӛкӛніс  пен  жеміс-жидек  (жылыжайлардың  кӛлемі  жӛнінен  дҥние  жҥзіндегі 
алғашқы  орындардың  бірін  иеленеді),  гҥлдер  мен  гҥл  тҥйнектерін  (жылына  2  млрд-тан  астам  қызғалдақ 
тҥйнектерін  шет  елдерге  сатады),  саңырауқҧлақтар  ӛсіру  жақсы  дамыған.  Негізгі  ауыл  шаруашылығы 

78 
 
дақылдары  –  бидай,  картоп,  қант  қызылшасы.  Балық  аулау,  шетелдік  туризм  де  қазынаға  елеулі  пайда 
келтіреді. Ҧлттық жиынтық ӛнімнің жан басына шаққандағы жылдық мӛлшері 18560 АҚШ долларына тең. 
Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы дипломатиялық байланыстар 1992 ж. 
10 қыркҥйек кҥні орнатылды.2000 ж. 20 желтоқсан Атырау қаласында Нидерландтың қҧрметті консулдығы 
ашылды.2003  ж.  17  маусым  Амстердам  қаласында  ҚР-дың  Бас  консулдығы  қҧрылды.2005  ж.  18  ақпан 
Амстердам  қаласындағы  Бас  консулдығы  ҚР-дың  Нидерланд  Корольдігіндегі  Дипломатиялық  миссиясы 
болып  қайта  ҧйымдастырылды.  2007  ж.  1  қаңтар  Дипломатиялық  миссия  Қазақстан  Республикасының 
Нидерланд  Корольдігіндегі  Елшілігі  болып  қайта  ҧйымдастырылды.2007  ж.  3  қазан  ҚР-дың  Нидерланды 
Корольдігіндегі  Тӛтенше  және  Ӛкілетті  Елшісі  М.Мырзамадиева  болып  тағайындалды.2012  ж.  шілдеден 
бастап  Нидерланд  Корольдігінің  Қазақстан  Республикасындағы  Тӛтенше  және  Ӛкілетті  Елшісі  Питер  ван 
Леувен болып тағайындалды [2]. 
Саяси  ынтымақтастық.Қазақстан  Республикасы  мен  Нидерланд  Корольдігінің  арасындағы  екіжақты 
ынтымақтастықтың белсендірілуіне Королева Беатрикстің шақыруы бойынша 2002 ж. 27-28 қарашадағы ҚР 
Президенті  Н.Назарбаевтың  Нидерландқа  бірінші  ресми  сапары  себепші  болды.  Екіжақты  қарым-
қатынастардың  маңызды  болуына  2010  ж.  қарашада  Лиссабондағы  НАТО  саммиті  және  2010  ж. 
желтоқсанда  ЕҚЫҦ  саммиті  шеңберінде  ӛткен  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  Нидерланд  Премьер-
министрі  М.Рюттемен  кездесулері,  ҚР  Сыртқы  істер  министрі  Қ.-Ж.Тоқаевтың  Нидерланд  СІМ  Басшысы 
Б.Ботамен  (2004  ж.  желтоқсан,  Брюссель  қ.  және  2005  ж.  қыркҥйек,  Нью-Йорк  қ.),  сондай-ақ  Нидерланд 
Сыртқы істер министрі - ЕҚЫҦ тӛрағасы Я. де Хооп Схеффердың (2003 ж. шілде), Нидерланд Сыртқы істер 
министрі Б.Ботаның (2006 ж. мамыр), Нидерланд Экономикалық министрі Мария ван дер Хувеннің (2009 ж. 
қазан)  Қазақстанға  және  ҚР  Сыртқы  істер  министрі  М.Тәжиннің  (2009  ж.  маусым),  ҚР  Мемлекеттік 
хатшысы  Қ.Саудабаевтың  (2011  ж.  тамыз)  Нидерландқа  сапарлары  аса  мән  берді.Сауда-экономикалық 
ынтымақтастық.2011  ж.  қорытындысы  бойынша  Нидерланд  Қазақстанның  сыртқысауда  әріптестерінің 
арасында 3-і орынға иеленді (Қытай мен Италиядан кейін). 2011 ж. тауар айналымы 6,929млрд. АҚШ долл. 
қҧрады,  яғни,  2010  ж.  кезеңмен  салыстырғанда  55  %  -ға  ӛскенін  кӛрсетеді.  ҚР  ИЖТМ  Инвесткомның 
деректеріне сәйкес, 1993-2011 жж. арасындағы Нидерландтан Қазақстанға жалпы тікелей инвестиция келуі 
40,47  млрд.  АҚШ  долл.  және  2004-2011  жж.  арасындағы  Қазақстаннан  Нидерландқа  тікелей 
инвестициялардың  жылыстауы  (кетуі)  22,44  млрд.  АҚШ  долл.  қҧрады.Мәдени-гуманитарлық 
ынтымақтастық  аясында  Қазақстанның  Нидерландтағы  Елшілігімен  ҥнемі  мәдениет  және  кӛркемӛнер 
саласында тҥрлі кӛрмелер, симпозиумдар, презентациялар, семинарлар мен конференциялар ӛкізіліп тҧрады. 
Голланд  тарапымен  бірлесе  Ҧлы  Отан  Соғысы  (ҦОС)  жылдарында  Нидерландта  жерленген  қазақстандық 
жауынгерлер  туралы  ақпаратты  іздеу  жҧмысы  жҥргізілуде.  Осымен,  ҚР-дың  Гаагадағы  Елшілігінің 
бастамасы  және  қолдауы  бойынша,  2010  ж.  мамыр  айында  ҦОС-тың  65-жылдығына  орай  жергілікті 
журналист  Р.Рейдингпен  соғыс  жылдары  кезеңдерінде  жоғалған  Нидерландтағы  жерленген  қазақстандық 
жауынгерлер туралы голланд тілінде кітап басылып шықты. 
Люксембург ҧлы герцогтігі-Батыс Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы 2,58 мың км². Халқы 442 мың 
(2004),  63%-ын  Люксембургтің  байырғы  тҧрғындары,  15%-ын  португалдар,  5%-ын  италиялықтар,  т.б. 
қҧрайды.  Астанасы-Люксембург  қаласы.Әкімшілік  жағынан  3  округке  бӛлінеді.Мемлекеттік  тілдері  -
француз,неміс  тілдері.Халқының  кӛпшілігі  христиан-католиктер.  Люксембург-конституциялы-монархиялы 
мемлекет.Мемлекет  басшысы-Люксембург  ҧлы  герцогы.Жоғарғы  заң  шығарушы  органы  -парламент 
(депутаттар  палатасы).Ақша  бірлігі-евро  (2002).Люксембургтың  солтҥстігінде  Ардени  және  Рейн  тақта 
тасты  тауларының  сілемдері  орналасқан,  оңтҥстігі  қыратты  жазық.  Люксембург  Рим  империясы  тҧсында 
Бельгика  -Прима  провинциясының,  ал  кейіннен  Франк  корольдігінің  қҧрамына  кірді.  X  ғасырдан 
Люксембург графтығының қҧрамында болып, XIV ғасырдан Люксембург герцогтығына қарады, XV ғасырда 
Нидерландының  17  провинциясының  біріне  айналды.  XVI  ғасырда  Нидерланд  революциясынан  кейін 
Люксембург  Испаниялық  Нидерландтың  (1714  жылдан  Австрия  Нидерланды)  қҧрамында  қалды.  1794  ж. 
Австрия  ҥстемдігі  жойылып,  Люксембург  Францияның  қҧрамына  кірді.  Вена  конгресінің  (1814-1815) 
шешімі бойынша, Люксембург ҧлы герцогтігі қҧрылды. Ол Герман одағына кіріп, Нидерланд корольдігімен 
дербес  унияда  болды.  Люксембургтің  қазіргі  шекаралары  1839  ж.  Бельгия-Нидерланд  шарты  бойынша 
белгіленген. Лондон конференциясында (1867) Люксембург ―мәңгі бейтарап мемлекет‖ болып жарияланды. 
1948 ж. конституциядағы бейтараптық жӛніндегі бап алынып тасталды [4]. Люксембург-ӛнеркәсібі дамыған 
ел.  Электроника  ӛндірісі,  химия  ӛнеркәсібі,  цемент,  тоқыма  кәсіпорындары  бар.  Экспортқа  химия, 
металлургия  ӛнімдерін,  тағамдар  мен  киім-кешек  шығарады,  сырттан  астық,  металл,  мҧнай,  кӛмір,  т.б. 
әкеледі.  Туризм  дамыған.  Мал,  егін,шарап  жасау  жақсы  дамыған.  Люксембург  БҦҦ-на  (1945),  Еуропа 
Одаққа (1957), т.б. халықаралық ҧйымдарға мҥше.Ҧлттық табысы жылына әр адамға шаққанда 34400 доллар 
шамасында. 
Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ҧлы  Герцогтігі арасындағы дипломатиялық байланыстар. 
1992 ж. 1 маусым Люксембург Ҧлы Герцогтігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныды.1992 ж. 29 
маусым  Қазақстан  Республикасы  мен  Люксембург  Ҧлы  Герцогтігі  арасында  дипломатиялық  қатынастар 
орнатылды.  2012  ж.  8  маусымда  Қазақстанның  Люксембургтегі  Тӛтенше  және  Ӛкілетті  Елшісі  болып 
А.Хамзаев  тағайындалды  (Брюссельдегі  резиденциямен  қоса  атқарады).2012  ж.  8  ақпан  Люксембургтың 
Қазақстандағы  Тӛтенше  және  Ӛкілетті  Елшісі  П.Ферринг  (Мәскеудегі  резиденциямен  қоса  атқарады)  ҚР 

79 
 
Мемлекеттік 
хатшысы 
М.Қҧл-Мҧхаммедке 
сенім 
грамоталарын 
тапсырды. 
Саяси 
ынтымақтастық.Люксембург  Қазақстанның  халықаралық  аренадағы  маңызды  саяси  және  экономиикалық 
әріптесі болып  табылады. Барлық деңгейлердегі тҧрақты  сапарлар мен  кездесулердің алмасуы  Астана мен 
Люксембург  арасында  конструктивті  сҧхбаттың  орнатуына  себепші  болды.  Дипломатиялық  қарым-
қатынастар  орнатылғаннан  бергі  кезеңдерде  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  Брюссельге  2006  ж. 
желтоқсандағы  жҧмыс  және  2010  ж.  қазандағы  ресми  сапарлары  аясында  ӛткен  Люксембург  Премьер-
министрі  Ж.-К.Юнкермен  кездесулері,  сондай-ақ  2012  ж.  мамырдағы  ҚР  Премьер-Министрі  К.Мәсімовтің 
Люксембургке  жҧмыс  сапары  болды.  Сонымен  қатар,  2008  ж.  маусымда  ЛҦГ  Премьер-министрі  Ж.-
К.Юнкердің,  2010  ж.  шілде  және  желтоқсанда  ЛҦГ  Премьер-министрінің  орынбасары  –  Сыртқы  істер 
министрі Ж.Ассельборнның Қазақстанға сапарлары болып ӛтті. 2012 ж. 2-3 мамырда ҚР Премьер-Министрі 
К.Мәсімовтің Люксембург Ҧлы Герцогтігіне жҧмыс сапары ӛтті. Сапар шеңберінде оның Люксембург Ҧлы 
Герцогі  Анримен,  Люксембург  Премьер-министрі  Ж.-К.Юнкермен,  Люксембург  Парламентінің  тӛрағасы 
Л.Мозармен  және  басқа  да  саяси  тҧлғалармен  кездесулері  болды.  Сапардың  қорытындысы  бойынша  6 
қҧжаттарға,  оның  ішінде  2  ҥкіметаралық  және  4  ведомствоаралық  қол  қойылды. Сауда-экономикалық 
ынтымақтастық.  2011  ж.  тауар  айналымының  кӛлемі  16,764  млн.  АҚШ  долл.  (экспорт  –  0,8  тыс.  долл., 
импорт – 16,756 млн. долл.) қҧрады, яғни, 2010 ж. кезеңмен салыстырғанда 62 %-ға ӛскенін кӛрсетеді (10,36 
млн.  АҚШ  долл.,  оның  ішінде  экспорт  –  273,8  тыс.  долл.,  импорт  –  10,09  млн.  долл.)  [2].  Люксембургтен 
Қазақстанға  машиналар,  электротехникалық  қҧралдар,  пластмасса  және  олардан  жасалған  ӛнімдер, 
кӛксағыз,  резенке-техникалық,  текстильді  ӛнімдер,  әр  тҥрлі  металлдар  жіберіледі.Мәдени-гуманитарлық 
ынтымақтастық.2007  ж.  28-30  қыркҥйекте  Қазақстан  Халық  Ассамблеясының  ӛкілдерінен,  Парламент 
Мәжілісінің  депутаттарынан,  тҥрлі  ҧлттық-мәдени  орталықтардың  ӛкілдерінен,  мемлекеттің  бірқатар 
жетекші ЖОО-ның ректорларынан тҧратын ҚР делегациясы Люксембургке сапары ӛтті. Сапар барысындағы 
негізгі  іс-шаралардың  бірі  болып  П.Вернер  атындағы  Еуропалық  мәдениет  институтымен  бірлесе 
ҧйымдастырылған  «Мәдени  әралуандық  пен  Қазақстандағы  ҧлтаралық  келісім»  тақырыбындағы  дӛңгелек 
ҥстелдің ӛтуі болып саналады. 
 Қорыта  келгенде,Қазақстан  Республикасының  Бенилюкс  елдерімен  дипломатиялық  қарым-
қатынастар  орнатуының  арқасында  елеулі  жетістіктерге  қол  жеткізді.Ӛзара  сенімге  негізделген  тҧрақты 
ынтымақтастық  Қазақстан  Республикасына  да,  Бенилюкс  елдеріне  де  қажет.Белсенді  дипломатиялық 
әрекеттер  арқылы  ҥш  ел  арасында  маңызды  уағдаластықтарға  қол  жеткізіліп  қана  қоймай,ҥлкен  жҧмыс 
атқарылды.Әлемдік  саясатта  Қазақстан  Республикасы  жҥргізіп  отырған  кӛпвекторлы  саясат  ӛзінің    оң 
нәтижелерін беруде.Жиырма жыл ішінде Қазақстан халықаралық аренада ӛзіндік бір орынға ие болды,ол ең 
адымен  ел  басшымыздың  салиқалы  саясатының  арқасында.Қазақстанның  осы  мемлекеттермен  екі  жақты 
және кӛп жақты байланыстарының дамуы біздің еліміздің халықаралық сахнадағы ҧстанымын нығайтатын 
бірден-бір  фактор.Қазақстан  мен  Бенилюкс  елдері  арасындағы  ортақ  мҥдделердің  бір  кӛрінісі  – 
Қазақстанның  Орталық  Азия  мемлекеттерінің  ішінен  территориясы,  географиялық  жағдайы  және  пайдалы 
қазбаларының  мол  қоры  жағынан  ерекше  орын  алатындығы.Қазақстан  Республикасының  басқа 
мемлекеттерге  қарағанда,аймақтық  беделінің  ерекше  екендігінің  негізділігі.Табиғи  мол  байлығы  және 
еліміздің  Еуразиядағы  геосаяси  жағдайы,Қазақстан  ҥкіметінің  халықаралық  қатынастардағы  белсенді 
саясаты,аймақтық  ҧйымдар  шеңберіндегі  нақты  қадамдары  кӛңілге  сенім  тудырса,  Бенилюкс  елдерінің 
нарығы,  олардың  әлеуметтік-экономикалық    реформаларының  тәжірибесі,  Еуропадағы  ӛскелең 
экономикалық  және  саяси  салмағы,ішкі  аймақтық  мәселелерді  шеше  білуі  Қазақстан  ҥшін  қызығушылық 
тудырады.  Қазақстанның  Еуропадағы  аталған  аймақтардың  елдерімен  байланысу  қажеттігін  байқай 
отырып,Қазақстан Еуразиялық геосаяси кеңістікті нығайтып, Азия мен Еуропа арасын байланыстыруда. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет