Халықаралық гуманитарлық –техникалық



бет13/21
Дата10.10.2022
өлшемі176,99 Kb.
#42136
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
ЕЖелг3 д7 2д лекция

Кодекс куманикус. Бҥкiл қыпшақ даласын, Орта Азия мен Шығыс Европа жерлерiнiң кӛбiн жаулап алу негiзiнде қҧрылған Алтын Орда мемлекетi нығайып тҧрған кезде қыпшақ тiлi ҥстем тiлге айналды.
Алтын Орда дәуiрiнде (ХIII-ХҤ ғасырлар) Жоңғар қақпасынан бастапб Дунай ӛзенiне дейiнгi аралықтағы ҧлан-ғайыр ӛлкенi мекендеген елдiң бәрi де қыпшақ тiлiн бiлетiн, тҥсiнетiн болған. Бҧл кезде Европа елдерiнен қыпшақ даласына келетiн, Дештi қыпшақ арқылы жҥрiп Азия елдерiнен ӛтетiн саяхатшылар, елшiлер, әскери адамдар, тағы басқалар қыпшақ тiлiн бiлуге мәжбҥр болған.
Орыс елi кӛршiлес отырған қыпшақтарды – половецтер, ал кейде пченгелер деп атаған. Ал, Батыс Европа жҧртшылығы қыпшақтарды – кумандар деп атап кеткен едi. Ол кезде Европа елдерiнде латын тiлi, ал ислам дiнi тараған Азия мемлекеттерiнде парсы тiлi ресми, әдеби тiл болды.
"Кодекс куманикус" – латын сӛзi. Бҧл сӛздiң мән-мағынасы-кумандардың кiтабы, қыпшақ тiлiнiң сӛздiгi яки қыпшақ тiлi туралы жинақ. Кiтаптың бiрiншi бӛлiмiнде-ҥш бағанаетiп жазылған латынша-парсыша-куманша сӛздiк берiлген. Сӛздiктi осылайша ҥш бағаналы етiп қҧру ӛте қажет болған. Ӛйткенi мҧндай сӛздiк қыпшақ даласына Батыс Европа елдерiнен келгендер, яғни латын тiлiн бiлетiндер ҥшiн де, пайдалануға қолайлы едi.
"Кодекс куманикустың" екiншi бӛлiмiн – сан қилы аңыз-әңгiмелер, ертегiлер жинағы деуге болады. Екiншi бӛлiмнiң мақсаты-кумандар арасында христиан дiнiн уағыздау болса керек. Мҧнда христиан дiнiнiң пайдасы жайындағы тҥрлi уағыз-ӛсиет сӛздер, христостың ӛмiрi хақында, Мария Ананың әулиелiгi туралы, киелi апостолдар жӛнiндегi дiни хикая-аңыздар бар.
"Кодекс куманикустың" тҥпнҧсқа қолжазбасы қазiр Италияның Венеция қаласындағы әулие Марк шiркеуiнiң кiтапханасында сақтаулы тҧр. Бҧл шығарманың бiрiншi бӛлiмiн, яғни латынша-парсыша-куманша сӛздiгiн тҧңғыш рет француз тiлiне аударып, 1828 жылы Париж баспаларының бiрiнен жеке кiтап етiп шығарған Генрих Юлий Клапрот (1783-1835ж) болды. Атақты ориенталист Г.Кун 1880 жылы қолжазбаның екi бӛлiмiн де толық латын тiлiне тәржiма жасап, Будапешт қаласында бастырып шығарды. Бҧл кiтап, 1884 жылы С.-Петербургте немiс тiлiнде шықты. Оны немiс тiлiне аударған В.Радлов едi. Дания ғалымы К.Гренбек қолжазбаның тҥпнҧсқасын (факсимилесiн) 1936 жылы жеке кiтап етiп бастыртып шығарды.
Бҧл кiтапты тҧңғыш рет қазақ тiлi тҧрғысынан егжей-тегжейлi зерттеген ғалым Ә.Қҧрышжанов болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет