Халықаралық патенттік классификациялау (хпк) туралы Страсбург келісімі, 1971ж



бет2/3
Дата29.12.2023
өлшемі20,17 Kb.
#144831
1   2   3
Байланысты:
11 (1)

ХПК кластары мен класс тармақтары
Әрбір бөлім 99 кластан тұруы мүмкін, әрі кластардың жеке нөмірлері қажет болған жағдайда жаңа бөлімшелерді енгізу мақсаты негізінде қалдырылуы мүмкін. Кластар бас әріпті латынның дауыссыз әріптерімен белгіленген клас тармақтарына бөлінеді. Әрбір клас бір немесе одан да көп клас тармақтарынан тұруы мүмкін.
Мысалы:
Бөлім С – Химия және металлургия
Клас С 22 – Металлургия; қара немесе түрлі-түсті металдар қоспасы; қоспаларды немесе түрлі-түсті металдарды өңдеу;
Клас тармақтары:
С 22В – Металдарды алу немесе аршу; кендерді алдын-ала өңдеу
С 22С – Қоспалар
С 22F – Түрлі-түсті металдардың немесе оларды қоспаларының физикалық құрылымын өзгерту
С 22К – қоспалардың физикалық қасиеттерін өзгертуге жататын С 21D, С 22С немесе С 22F клас тармақтары үшін кодтау схемасы.
ХПК клас тармақтарына дейін бөлу классификацияның негізгі схемасын құрайды.


ХПК топтары мен топшалары, нүкте көмегімен тарауды бөлшектеу.

ХПК әрбір клас тармағы жиынтықта ХПК бөлшектік бөлуін құрастыратын топ пен топшалардан тұрады. Топтар мен топшалар араб сандарымен белгіленеді. ХПК бөлшектік тарауының индексі тараудың, кластың, клас тармақтарының индексінен тұрады, одан кейін еңіс сызығымен бөлінген екі сан тұрады. Мысалы, А 01В 1/00 – қол саймандары.


Топтар оларға бағынышты топшаларға бөлінеді, топшалардың индексі екі нольден басқа еңіс сызығынан кейінгі сандармен көрсетіледі. Мысалы: А 01В 1/02 – Темір күректер, күректер.
ХПК индекстер көмегімен бағынудың тек бес деңгейі көрсетілетінін ескерту қажет. Классификацияның келесі бөлшектенуі мәтін алдында топшаларда қойылатын нүкте көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен бірге нүктелер алдыңғы тарауды қайталамау үшін олардың мәтінін алмастырады. Әрбір кезде топша мәтіні алдында тұрған бас тараудың мазмұны шегінде ұғынылуы тиіс.
Н 01F 1/00 – Магниттер немесе магниттік материал бойынша ерекшеленетін магниттік денелер
1/02 . – Магниттік қатты бөлшектерді құрайтын
1/04 .. – металдар мен қоспалар
1/06 … - бөлшек түрінде, мысалы ұнтақ.


ХКП-ға сілтеу мен сілтемелеу жүйесі
ХПК ұғымдар арасындағы тіркелген байланыстар сілтеу және сілтемелеу жүйесімен көрсетіледі. Осы құралдар көмегімен берілген іздеу саласының шекарасы орнатылады және де ұқсас салалардың ізделуінің ацырмашылықтары түсіндіріледі.


ХПК басылымдары, машина оқитын формада ХПК пайдалану
Техника дамуына және жетілдіру мақсатына байланысты ХПК қайта қаралып тұрады. ХПК басылымдары нәтижесінде оған ХПК барлық бөлімдеріне байланысты көптеген өзгертулер енгізіледі, бірақ осы өзгертулер, әсіресе, жаңа технологиялардың қарқынды өсуі мен дамуы өтетін салаларға байланысты.
Барлық жаңа тараулар және түбегейлі өзгеріске ұшыраған тараулар ХПК курсивпен ерекшеленеді. Тарау атынан кейінгі квадраттық жақшадағы 2,3,4,5,6 және 7 араб сандары осы тараулар енгізілген немесе оларға 2,3,4,5,6 және 7 ХПК басылымдарында өзгертулер енгізілгенін көрсетеді.
ХПК әрбір басылымы 10 томнан тұрады, оның сегізі өнертабыстар класының көрсеткіші болып табылады, тоғызыншы және оныншы том – бұл ХПК пайдалану бойынша арнайы нұсқау.
Қазіргі уақытта гипермәтін элементтері бар бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтитын CD-ROM шықты. Пайдаланушы ХПК бір басылымынан басқа басылымға кірісе алады және кілтті сөз нұсқауын, ХПК тарауының мазмұнының сәйкестігінің нұсқауларын немесе қазіргі бар тараулар индексінің тізімін пайдалана алады.


Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық классификациясы (ӨҮХК)
Локарн келісімімен өнеркәсіптік үлілердің классификациясы бекітілген. Келісілетін мемлекеттердің уәкілетті мекемелері депонирлеуді немесе өнеркәсіптік үлгілерді тіркеуді көрсететін ресми құжаттарда классификацияның тиісті белгілерін көрсету керек. Дәл соны олар депонирлеумен немесе тіркеумен байланысты мекемелермен басылатын кез келген басылымда істеу керек.
Келісімге сәйкес құрылған барлық келісілетін мемлекеттер көрсетілген эксперттік комитетке классификацияны қайта қарап тұру міндеті тапсырылған.
Классификация 32 кластардан және 223 клас тармақтарынан тұрады. ӨҮХК барлық кластары мен клас тармақтары әрқашан араб сандарымен белгіленеді. Сонымен қатар классификация тауарлар жататын кластар мен клас тармақтары көрсетілуімен бірге тауарлардың алфавиттік тізімін қамтиды. Тізім әр түрлі тауарлар түрлерінің 6320 жуық белгілерін қамтиды.
Локарн келісімінің жақтары тек 35 мемлекет болып табылатынына қарамастан берілген классификацияны кейбір басқа мемлекеттердің өнеркәсіптік меншік бойынша мекемелері де қолданады. Классификацияны Гаага келісімін іске асыру кезіндегі Халықаралық бюро ДИМҰ және өнеркәсіптік үлгілер бойынша Бенилюкс Мекемесі де қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет