Халықаралық студенттік ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата03.01.2017
өлшемі2,19 Mb.
#1100
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

"потребительские" (буду тратить сбережения; продам часть имущества; использую свою 
недвижимость). 
Анализ  результатов  опроса  в  Казахстане  позволяет  сделать  следующие  выводы: 
наиболее  распространенным  соцокультурным  стереотипом  поведения    в  Казахстане 
является  экономия  денежных  средств  за  счет  сокращения  расходов;  в  Казахстане  чаще 
делают выбор в сторону активных стратегий поведения в "трудных" ситуациях.   
В  целом,  по  результатам  анализа,  можно  выделить  особенности  в  финансовом 
поведении населения РК  в условиях экономического кризиса. Так, в вопросе определения 
материального  положения,  и  соответственно,  финансовых  возможностей  населения,  со 
стороны казахстанцев наблюдается декларация более высокого  уровня жизни. Также, по 
результатам  опроса,  казахстанцы  в  сложных  финансовых  условиях  демонстрируют 
большую  финансовую  активность  и  чаще  проявляют  склонность  к  риску  при 
использовании денежных средств.  
Исследование активности и качества управления населением своими собственными 
финансами  (доходами,  сбережениями,  инвестициями),  выявление  объективных 
закономерностей  в  характере  и  интенсивности  их  использования  населением  различных 
регионов страны особенно актуально в условиях нестабильной финансово-экономической 
среды в стране и отдельных ее регионах, поскольку позволяет впоследствии использовать 
полученные  данные  для  выработки  мер  по  стимулированию  финансовой  активности 
населения, адекватных соответствующим фазам экономического цикла, а также в случае 
кризисных  явлений  -  для  выработки  мер  по  защите  населением  своих  финансовых 
сбережений.  Особое  значение  имеет  мониторинг  финансовой  грамотности  и  контроль 
финансовой  активности  населения  с  точки  зрения  противодействия  различным  формам 
финансового  мошенничества,  направленного  на  хищение  сбережений  населения.  Низкая 
финансовая  грамотность  пользователей  розничных  финансовых  услуг,  наличие 
асимметричной  информации  в  отношениях  между  поставщиками  и  потребителями  этих 
услуг создают условия для злоупотреблений со стороны одного из контрагентов на рынке 
финансовой розницы. 
 
Литература: 
 
1  Мерзлякова  С.Л.  Повышение  качества  обслуживания  в  секторе  финансовой 
розницы // Финансовая аналитика: проблемы и решения, 2012. - №6 (96). - С. 40 – 47.  
2 Амирова К. Нешуточные баталии о проблеме страховой культуры и финансовой 
грамотности, как у населения так и у работодателей // Республика. KZ., 05.07.2012. - № 26. 
- С. 2. 
3  Усенбекова  Л.  Если  клиент  финансово  менее  грамотен,  законодательство 
предусматривает права по его защите // Казахстанская правда, 24.04.2012.- С.8. 
4  Общественный  опрос  населения  Казахстана  //  Опрос  проведен  Общественным 
фондом "ЦСПИ "Стратегия" с 20 по 29 мая 2014 г. Опрошено 1631 человек. 
 
 
КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫМЕН 
КҮРЕСУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Жұман Бақберген,КазГЮУ 3-курс студенті, Астана қ. 
Ғылыми жетекші: құқық магистрі, аға оқытушы Керімқұлов Ә.Т. 
 
Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығы  –  қазіргі  таңдағы  тек  қана  құқық 
қорғау органдарын ғана емес түгелдей қоғамды толғандыратын мәселе болып табылады. 
Қылмыстылықтың бұл түрі ерекше, басқа қылмыстылық түрлерінен бөлек болып  келеді. 
Себебі,  бұл  қылмыстылық  ел  аумағындағы  жалпы  қылмыстылық  сипатын  көрсетсе,  бір 
жағынан жастық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты  айырықша белгілері 
болады [1, 50 б.]. 

 
143 
Қазіргі  таңда  елімізде  осы  қылмыстылық  көлемі  жыл  сайын  артып  келеді. 
Мысалы,2014  жылдың  1  жартысында  кәмелет  жасқа  толмағандармен  жасалған  697 
қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, ал 2015 жылдың 1 жартысында оның көрсеткіші 
1400 қылмыстық құқық бұзушылыққа дейін артқан [2].  
Біздің  ойымызша,  кәмелет  жасқа  толмағандардың  арасындағы  қылмыстылық 
деңгейінің артуына келесі жағдайлар ықпал етеді: 

 
кәмелет  жасына  толмаған  тұлғаның  толық  емес  отбасында  өмір  сүруі  немесе 
оның мүлдем ата-анасыз қалуы; 

 
кәмелет  жасқа  толмағандар  өмір  сүріп  жатқан  отбасылардың  материалдық 
жағдайының төмен болуы; 

 
кәмелетке  толмаған  тұлғаның  антиәлеуметтік  бағытта  жетілуіне  ықпал  ететін 
отбасындағытеріс тәрбиенің орын алуы; 

 
кәмелет жасқа толмаған тұлғаның бос уақытының дұрыс пайдаланылмауы; 

 
араласатын ортасының тигізетін теріс ықпалы.  
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда кәмелет жасқа толмаған тұлғалардың 
жүзеге  асыратын  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарының  арасында  төмендегілер  кең 
таралған:  
1.
 
Ұрлық; 
2.
 
Тонау; 
3.
 
Бұзақылық; 
4.
 
Зорлау [2]. 
Осы  кәмелет  жасқа  толмаған  тұлғалардыңжасайтын    қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарының жалпы көрсеткішінің 60 пайызын ұрлық алады. Тарих беттеріне көз 
жүгіртсек,  қазақ  қоғамында  орын  алған  ұрлықтар  үшін  қолданылған  жазалар  туралы 
мәліметтерді  Тәуке  ханның  «Жеті  жарғысынан»  таба  аламыз.  «Жеті  жарғы»  деп  аты 
айтып  тұрғандай  ол  жеті  бөліктен  тұрған.  Осы  жетінші  бөлікте  нақты  ұрлық  қылмысы 
үшін жауапкершілігі жайында жазылған. Яғни, онда жасалған ұрлық үшін жауапкершілік 
келесі  тәртіппен  бекітілген:  «Ұрланған  жылқы,  өзге  де  құнды  мүлік  үшін  он  есе  артық 
айып төлеттірілсін». Ал мұндай айып төлеу үшін жас жігіттердің, жас балалардың мұндай 
мүлкінің  болуы  қажет.  Сондықтан  билер  осындай  мәселелерді  былай  шешкен:  «Егер 
қылмыс жасаушы жас баланың, жігіттің осы ұрланған мүліктің құнын он есе артық төлеу 
үшін  шамасы жетпесе  – бүкіл  руы ол үшін осы айыпты төлейді. Ал жас бала, жігіт  өсе 
келе руына осы қарызын қайтаруға тиісті» [3, 334 б.]. 
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, ата - бабаларымыз қылмыс 
жасалмай  тұрып,  оның  алдын  алуды  жөн  көрген.  Осыған  сәйкес  осы  кәмелет  жасқа 
толмағандардың  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарының  алдын  алу  үшін  мынандай 
бірнеше алдын алу шараларын атап кетсек: 
1.
 
отбасыда баланың тәрбиесіне басты көңіл бөлу; 
2.
 
кәмелет  жасқа  толмаған  тұлғаны  мейілінше  толық  отбасында  өмір  сүруін 
қамтамасыз ету; 
3.
 
баланың түрлі ақпараттарды қабылдауын бақылау және кейбір ақпаратттардан 
шеттету; 
4.
 
баланың бос уақытын пайдалы іс-әрекетке жұмсауын бақылау.  
Осы  жоғарыда  айтып  отырғандай  отбасындағы  тәрбиенің  кәмелет  жасқа 
толмағандармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуда үлкен рөл 
атқарады. Тарихқа қарайтын болсақ әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері 
арқылы  мәдени  құндылықтары  қалыптасады.  Ата-бабамыз  ұл  баланы  ертеңгі  абыройлы 
әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде 
әділдікке,  қайсарлыққа,  кешірімді  болуына,  өнерге,  білімге,  салт-дәстүрімізді  сақтауға 
тәрбиелеген.  Ұл  бала  –  қазақта  шаңырақ  иесі,  ер-азамат  –  ата-ананың  отын  тұтатушы 
болып саналады [4, 158 б.].   
Қазақ  отбасының  ерекшелігі  жасы  кішісінің  үлкеніне  «сен»  деп  сөйлемеуі,  алдын 
кесіп  өтпеуі,  үлкен  тұрып  кішінің,  әке  тұрып  ұлдың,  шеше  тұрып  қыздың  орынсыз 
сөйлемеуінде.  Қазақ  отбасындағы  үлкенді  құрметтеу  әдеті  жауапкершілік,  адамгершілік 

 
144 
сезімдерін  туғызған.  Дұрыс  бағытқа  бағдарлау  көп  жағдайда  абыройлы  әкеге,  үлгілі 
отағасына,  қадірлі  ағаларына  байланысты.  Халқымыз  ұл  бала  тәрбиесіне  ерекше  көңіл 
бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, 
шеше  көрген  тон  пішер»  дей  отырып,  қазақ  отбасында  әкелер  өзінің  білетін  бар  өнерін 
балдарына  үйретіп,  оларды  мерген,  аңшы,  яғни  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  жігіт  етіп 
тәрбиелеген.  Бала  ес  білгеннен  бастап,  оның  құлағына  «сен  ертеңгі  шаңырақ  иесісің, 
болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан 
жирен,  жақсыдан  үйрен»  деген  сөздерді  құйып  отырған.  Халқымыз  ер  баланың  12-15 
жасынан  бастап,  оның  алдында  өмірдің  дайындаған  талай  қиын-қыстау  шақтары  мен 
қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе 
артық»  деп  намыстандыратын,  «Айтсаң  үйде  туып,  түзде  өлетін  жігіттерді  айт»  деп 
таңдандыратын,  «Өнерлі  жігіт  өрге  озар,  өнерсіз  жігіт  жер  соғар»  деп  шамдандыратын, 
«Ерді  намыс  өлтіреді,  қоянды  қамыс  өлтіреді»,  «Ерлік  білекте  емес,  жүректе»  деп 
қайраттандыратын,  «Ақыл  жастан,  асыл  тастан»деп  сеніміне  шек  келтірмейтін,  «Атадан 
ұл  туса  игі  еді,  ата  жолын  қуса  игі  еді»  деп  армандайтын  еді  халқымыз.  Қазақтың  ұлы 
ойшыл  ғұламаларының  бірі  Ж.Баласағұни  өзінің  «Құтты  білік»  дастанында  балаға 
тәрбиені  отбасында бер,  «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір,  бөтен жерде қалдырма» 
деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу 
арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен [5, 
78 б.]. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Жұмағали А. Криминология. Оқулық,- Алматы «Нур-пресс», 2005.-90 с. 
2.
 
http://pravstat.prokuror.kz/
 
3.
 
Законы  хана  Тауке.  История  Казахской  ССР  (с  древнейших  времен  до  наших 
дней). В пяти томах. Том 2. Алма-Ата, Наука, 1979, с. 592   
4.
 
Әлімбаев М. Халық - ғажап тәлімгер. А., Рауан, 1998. 
5.
 
Омарова Р.С. Халықтәлімі–тәрбиебастауы. Қазақстанмектебі, 2007. 
 
 
ПАЙДАКҮНЕМДІК ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ ҮШІН  ӘДЕП-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ 
ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ 
 
Ибаділдәев Нұрсұлтан, 3 курс студенті, 
Университет КазГЮУ, Астана қ. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, Керімқұлов Ә.Т. 
 
Пайдакүнемдік  қылмыстылық  –субъектілердің  мемлекеттік  қызмет  пен  
шаруашылық  байланыстарды,  не  болмаса  экономика  саласындағы  қатынастарды  бұзбай, 
тікелей  бөтен  мүлікті  заңсыз  иелену  арқылы  пайдакүнемдік  ниетті  және  осы  мүліктің  
арқасында  негізсіз  баюды  көздейтін  әрекеттердің  жиынтығы.Бұл  түрлі  нысандардағы 
ұрлық, тонау, алаяқтық, қорқытып алушылық қылмыстары болып табылады [1] .  
Пайдакүнемдіктің  өзі  пайданы,  олжаны  білдіреді.  В.И.Дальдің  сөздігінде 
пайдакүнемдікке:  «тегін  табысқа,  олжаға  құмарлық,  ақшаға,  байлыққа  ашкөздік, 
тойымсыздық, алыпсатарлыққа үйірлік; пайда, олжа, түсім»  деген анықтама берілген [2]. 
Қазақ қоғамында да пайдакүнемдік қылмыстылық көріністеріне көп көңіл бөлінген. 
1824  жылғы  қазақ  әдет-ғұрыпжинағында  былай  деп  көрсетілген:  «Егер    біреу  аштықтан 
немесе жарлылықтан ұрлық жасаса,онда ол алдағы уақытта ұрлықты ойына да алмай және 
басқаға  да  желеу  болмауы  үшін  ұрлағанын  төлеуге  тиіс,ал  егер  төлейтін  дәнеңесі  жоқ 
болса,онда  өз  балаларының  біреуін  қызмет  істеуге  береді  немесе  іздеушіге  өзі  қызмет 
етуге болады». Қазақтың батыры Абылайхан дәуірінде біреудің малын ұры ұрлап сойып 
жеп қойған болса, ол ұрының мойнына арқан салып, мал иесінің қолына береді.Мал иелері 

 
145 
атқа  мініп  алып,тақымына  салып  сүйрей  жөнеледі.Өлшеулі  мерзімді  жері  болады 
екен,соған дейін тартады.Өлсе өліп кетті,өлмей қалғанда «Салауат» деп қоя береді [3]. 
Тәуке ханның «Жеті жарғысында» сол замандағы қылмыскерлерге өлім жазасы,құн 
төлеу,айып  төлеу  т.б  көптеген  жазалардың  қолданылғандығы  туралы  баяндалған.Соның 
ішінде  «Сойыл  айып»  дегенде  болған,  көбінесе  жаугершілікте  ұрлықта  қолға  түскенге 
қолданылады,мөлшері  бір  шапан,ат  әбзелі  мен  бірге  ұрының,жортуылшының  астындағы 
аты.Ұрлыққа түскен малдың үстіне қосып қайтарылатын айыпты «Мойнына қосақ,артына 
тіркеу»деп  айтатын  болған.Егер  жылқы  ұрланса,қосаққа  көбінесе  құнан,артына  тай,егер 
қой  ұрланса  қойға  қосып  бір  тоқты  қосылып  қайтарылатын  болған.  Қазақ  тарихында  да 
пайдакүнемдік қылмыстардың да көп орын алғандығы да осыдан байқауға болады [4]. 
Пайдакүнемдік  қылмыстардың  қазіргі  жағдайына  келетін  болсақ,  тәуелсіздік 
жылдары барысында қылмыстылықтың деңгейі кейде жоғарылап,кейде төмендеуде. Егер 
1991  жылы  173858  қылмыс  жасалған  болса,  одан  кейінгі  1992  жылы  қылмыстылық  15 
пайызға  дейін  өсті.  1993  жылы  қылмыстылық  өзінің  шыңына  жетті  –  206021  қылмыс, 
өсімі  18,5  пайызды  құрады.Одан  кейінгі  1994  жылдан  1997  жылға  дейінгі  төрт  жылдың 
ішінде қылмыстылық 16 пайыздан 19,8 пайызға дейін артты. 1998, 2000 және 2001 жылдар 
қылмыстылықтың  өсуімен  ерекшеленеді.  Кейінгі  екі  жылдың  ішінде  қылмыстылық 
азайып,  118482  түсті  (2001  ж.салыстырғанда  22,2  пайыз).  2004  және  2005  жылдары 
қылмыстылық қайтадан өршіп,сәйкесінше 143550 және 146347 қылмыс жасалды (немесе 
2003 ж. салыстырғанда +21,2 пайыз және +23,5 пайыз). 
Одан кейінгі үш жылдың ішінде қылмыстылық азая бастады, абсолюттік шамада ол 
мына  мәліметтермен  сипатталады:  2006  –  141271  (алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  -3,5 
пайызға  азайды);  2007  –  128064  (алдыңғы  жылмен  салыстырғанда  9,3  пайызға  қайтадан 
азайғаны байқалады); 2008 – 127478 (0,5 пайызға азаюы) [5].  
Еліміздегі  қылмыстылық  жағдайының  осылай  күрт  құбылуына  не  әсер 
етті?Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  бұл  өзгерістер  қоғамның  әлеуметтік-
экономикалық,  саяси-құқықтық  өміріндегі  тұрақсыздықтардың  себебінен  орын  алғаны 
байқалады.  Алайда  көзделген  оң  экономикалық  өзгерістер,  жалпы  ұлттық  өнімнің 
өсуі,зейнетақылар  мен  орташа  жалақының  көбеюі  қылмыстылықтың  біршама  азаюына 
алып  келді.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  қылмыстылықтың өсуіне  мыналар  әсер 
етті:  мемлекеттің  бірқатар  аймақтарында  шаруашылық  қызметтің  қысқартылуы, 
кәсіпорындардың тоқтатылуы, жұмыс орындарының жетіспеушілігі, жұмыссыздық [1]. 
Бүгінгі  қылмыстылықтың  себептері  өзгеше:Cарапшылардың  20  пайызы 
қылмыстылықтың өсуін есірткі мен алкоголь тұтынатын адамдардың санының артуымен 
байланыстырады;  ал  15,7  пайызы  қылмыстылықтың  себептерінің  бірі  заңдардың 
жетілмегендігінде,  14  пайызы  –  халықтың  жалпы  мәдениетінің  күрт  төмендеуінде, 
адамгершіліктерінің  құлдырауында,  идеалдарының  жоқтығында,  заңды  құрметтемеуінде 
деп біледі;сұрақ-жауап алынғандардың 12,8 пайызы қылмыстылықтың өсуін құқық қорғау 
органдарының сақтандыру жұмысының деңгейінің төмендігімен; 8,7 пайызы  – халықтың 
миграциясымен,  8,1пайызы  –  құқық  қорғау  органдары  қызметкерлерінің  кәсіби  даярлық 
деңгейінің төмендігімен, 6,4 пайызы – сыбайлас жемқорлықпен байланыстырады[5]. 
Соңғы  жылдары  қылмыстылық  құрылымындағы  тонау  жағдайларының  үлес 
салмағы  шамамен  6,1  пайыз,  ал  қарақшылық  -  1,4  пайыз  құраған.  Сонымен  қатар  олар 
көбінесе  қалалар  мен  қала  типтес  ауылдарда  жасалады  (2008  ж.  мәліметтер  бойынша 
қарақшылық  -    80,6  пайыз,  тонаушылық  -  84,2  пайыз  құраған).Меншікке  қарсы  қылмыс 
жасаған адамдардың 2005 жылы 30 және одан жоғары жастағылардың үлес салмағы 39,8 
пайыз,  ал  18-29  жастағылар  –  42,2  пайыз    құраса,  2006  жылы  30  және  одан  жоғары 
жастағылардың  үлес  салмағы  38,7  пайыз  болса,  18-29  жастағылардікі  –  37,8  пайызға 
түскен.Пайдакүнемдік  қылмыс  жасаған  адамдардың  ішінде  жасы  кәмелетке 
толмағандардың алатын орны ерекше. Олардың 2005 жылдағы үлес салмағы 25,25 пайыз, 
ал 2009 ж. – 20,49 пайыз құрауы азайған сияқты болып көрінгенімен, іс жүзінде бұл тұста 
латенттілік деңгейінің жоғары екендігі, ал пайдакүнемдікке қарсы бірқатар қылмыстарды 
қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген адамдар жасайтындығы байқалады [5]. 

 
146 
Пайдакүнемдік  қылмыстылығының  алдын  алу  шаралары  ретінде  келесі 
ұсыныстарды көрсетуді жөн көрдік: 
а)  Пайдакүнемдікқылмыстық  құқық  бұзушылықтардансақтандыру  саласындағы 
басқарудың  ерекшеліктерін,  ұстанымдарын  және  мазмұнын  анықтау  негізінде  аталған 
салада заманауи қылмыстық-құқықтық саясат басты бағыты ретінде жасай білу
ә)  Пайдакүнемдікқылмыстық  құқық  бұзушылықтардансақтандырудың  тиімді 
болуына жағдай жасайтын негізгі жағдайларды ғылыми негіздеп тұжырымдау; 
б)  Пайдакүнемдік  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардансақтандыруды  құқықтық 
реттеу механизімін анықтау және оның әрекеттілігін арттыру; 
в)  Пайдакүнемдік  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардансақтандыру  туралы  заң 
тұжырымдамасын негіздеп, заң жобасын жасау. 
Пайдакүнемдік  қылмыстар  себептері  мен  оларға  түрткі  болатын  жағдайларды 
зерттеу  кезінде  басты  әдістемелік  талап  қылмыстылықтың  сапалық  және  сандық 
сипаттамаларының  әлеуметтік  ортаның  жағдайларынан  тәуелділігін  ескеру  болып 
табылады.Сөйтіп,  пайдакүнемдікқылмыстылығымен  күресу  саласындағы  басты  міндет  –
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  сақтандыру  процесін  басқару  заңдылықтарын 
айқындау  және  онымен  құқық  қорғайтын  әлеуметтік  құндылықтардың  сенімді 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру болып табылады. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.Жұмағали А. Криминология. Оқулық,- Алматы, «Нур-пресс», 2005.-60 с. 
2.Даль  В.  Толковый  словарь  живого  великорусского  языка,  тт.  1-4.  —  М.,  1978 
(репринт изд. 1880—1884). 
3.Ахметова  Н.С.XVIII-XIX  ғасырлардағы  Қазақтардың  әдет-ғұрып  заңдары. 
Қарағанды, 1997ж. – 116 б. 
4. Артықбаев Ж.О.«Жеті жарғы»,Алматы, 2004 ж – 99 б. 
5.
http://pravstat.prokuror.kz/
 
 
 
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ 
Болатбаев А., КазГЮУ Университеті, 3 курс студенті, Астана қ. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, Керімқұлов Ә.Т. 
 
Дәстүрлі 
дала
 мәдениетінде  қазақ  әйелдерінің  өздерінің  отбасылық  қана  емес, 
қоғам  мүшесі  ретіндегі  әлеуеті  жоғары  деңгейде  болғаны  бәрімізге  мәлім.  Өнер-білім 
саласында,  сондай-ақ,  қоғам  кайраткерлері  ретінде  өздерін  көрсетіп,  өзін-өзі  дамытуға 
мүмкіндігі  болды.  Қазақы  ортада  қара  бастан  гөрі  өз  отбасының  мүддесі  жоғары  тұруы 
әйелдердің  қоғамдық-әлеуметтік  белсенділігіне  кедергі  болған  жоқ.  Тарихта  аты 
мәлім 
Болған  ана

Домалақ  ана

Дарабоз  ана

Найман  ана

Ұлпан  аналар
 -  рулы  елдің 
бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса, Қарқабат, Абақ, Қызай және басқа да 
аналар рулы елдің ұранына айналып, сол рудың атына негіз болды [1]. 
Бәйдібек  биге
 тұрмысқа  шыққан  Нұрила  өзінің  әдептілігі,  ізеттілігі,  даналығымен 
ерекше  көзге  түсіп  ел  анасы  аталған.  Қара  Хайдар  деген  кісі  оны  «Диһнат  мама»  деп 
атапты.  Уақыт  өте  келе  «Диһнат  мама»  дыбыс  әсерісіне  ұшырап  «Домалақ  ана»  деп 
аталып кеткен. 
Сонымен бірге қазақ даласында әскер басқару, қол жию, майданда қан төгу қазақ 
қыздарының бойына біткен қасиет болса керек. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық 
қозғалысқа 
Кенесарының
 қарындасы 
Бопай
 өзінің  6  ұлын  ертіп  барып  қосылады. 
Қозғалыс кезінде 600 адамдық жасақты басқарып, Аманқарағай дуанына шабуыл жасаған. 
Азамат  соғысында  Айғыз  Көшкімбайқызы  Аякөз  шебінде  соғысып,  Колчак  әскері 
қолынан қаза тапты [2]. 

 
147 
Осындай қазақ қыздарының батырлық, ержүректік қасиеттері уақыт өте келе теріс 
бағыт  алып,  олар  осындай  мінездерін  қоғамдық  қарым-қатынастарға  кереғар  бағытта 
пайдалануы  бүгінгі  күннің  ащы  да  болса  шындығы.  Қазіргі  таңда  Қазақстан 
Республикасында кең тараған және қоғамның бас ауруына айналған ең ауыр мәселелердің 
бірі  –  әйелдерқылмыстылығы  болып  табылады.  Бұл  мәселе  құқық  саласында 
криминология  пәнімен  қарастырылғанымен,    мәселенің  тарихи  тұрғыдан  да  маңызы 
ерекше.  Бірақ  ең  біріншіден,  бұл  мәселеге  криминологиялық  тұрғыдан  қарай  кетсек 
болады.  2010  жылы  Қазақстан  Республикасында  жалпы  алғанда  132183  қылмыстар 
жасалса,  оның  ішінде  10668  қылмысты  әйелдер  жасаған,  2014  жылы  жалпы  алғанда 
377330  қылмыс  тіркелсе,  соның  ішінде  16608  қылмыстарды  әйелдер  жасаған[3].  Бұл 
сандық  көрсеткіштерді  есептегенде  бұл  жылдар  арасында  әйелдер  жасаған  қылмыстар 
шамамен  50  пайызға  көбейген.  Құқықтық  емес,  адамгершілік  тұрғыдан  алғанда  бұл 
көрсеткіштер  өте  жоғары,  қазақ  қоғамында  мұндай  қылмыстылық  деңгейі  өте  төмен 
көрсеткіштерді  құраған  немесе  мүлдем  болмаған.  Сондықтан  біздің  қоғамда 
қылмыстылықтың осы түрімен күресудің маңызы зор деген тұжырымға келеміз. 
Қазіргі  таңда  әйелдер  жүзеге  асыратын  қылмыстардың  себеп-шарттары  деген 
ұғымды  қарастырғанда  біз  криминологиялық  зерттеулер  саласында  елеулі  орын  алатын 
Ресейлік  криминолог-ғалым  В.Н.Кудрявцевтың  еңбектеріне  сүйенуіміз  қажет.  Әйелдер 
қылмыстылығының  себептері  келесідей  құбылыстармен  байланыстырылады:  1. 
Әйелдердің  қазіргі  заманда  ер  адамдармен  бірдей  әлеуметтік  статус  иеленуі.  2.  Қоғамда 
әлеуметтік  институттардың,  оның  ішінде  отбасы  институтының  нашарлауы.  3. 
Нашақорлық, маскүнемдік, жөзекшелік, қайыршылық, қаңғыбастық секілді антиқоғамдық 
құбылыстардың  кең  етек  жаюы.  4.  Мемлекеттегі  экономикалық  әл-ауқаттың  төмендеуі, 
әлемдік  экономикалық  дағдарыстың  ықпалы.  5.Отбасындағыталас-қырқыстардың, 
кикілжіңдердіңартуы [4, 305 б.]. 
Осындай  тарихи  құбылыстарды  мәлімдей  келе,  біз  әйелдердің  қазақ  қоғамында 
маңызды  рөл  ойнағанын  және  олардың  тарапынан  қылмыстылықтың  аз  болғаны  немесе 
тіпті  болмағанына  көз  жеткізе  аламыз.  Себебі,  қазақтың  белгілі  ханы  Тәукенің  кезінде 
жасақталған  «Жеті  жарғы»  заңдар  жинағында  әйелдер  тарапынан  жасалуы  мүмкін 
қылмыстарға  көзделген  жазалар  түрлері  аз  немесе  тіпті  болмаған,  сондықтан  ондай 
қылмыстылық түрлері тарихта орын алуы мүмкін емес деген тұжырымға келеміз. Осыған 
орай,  қазіргі  таңда  біздің  қоғамымызда  адамгершілік,  ізгілік,  әйелдерге  тән  нәзіктік 
сияқты  құндылықтардың  құлдырауға  ұшырағанына  көз  жеткіземіз.  Себебі,  сол  қазақи 
дәстүрді ұстаған қазақ қыздары қазіргі кезде антиқоғами құбылыстарға бейімделіп, соның 
негізінде қылмыстылықтың көрсеткіштері жоғары деңгейден түспей отыр[5]. 
Жоғарыда  көрсетілген  аталмыш  қылмыстылықтың  туындауының  көрсетілген 
себептерінің нәтижесінде пайда болған қылмыстылықты алдын-алу шарттары мәселесі де 
бүгінгі таңда маңызы зор болып табылады. Әйелдер жасайтын қылмыстылықтың алдын-
алу  шаралары  олармен  күресумен  бірге  жүру  қажет.  Ол  үшін  біз  келесідей  алдын  алу 
шараларын  қарастырдық:  1.  Әйелдердің  қоғамдағы  рөлін  өзгерту,  яғни,  оларды  ауыр 
жұмыстарға  салуға,  денсаулыққа  зиян  келтіру  қаупі  жоғары  объектілерде,  өндіріс 
орындарында  жұмыс  жасауына  тиым  салу;  2.  Қоғам  өмірінің  барлық  салаларында 
әйелдерге қатысты адамгершілік және мейірімділік көрсету принципін қолдау; 3. Әйелдер 
жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  қай  салада  көп  жасалатынын  анықтап, 
мемлекеттік деңгейде тиісті шараларды жүзеге асыру; 4. Мемлекеттегі жүргізіліп жатқан 
гендік  саясатты  одан  ары  дамыту;  5.  Бала  өсіріп  отырған,  түрлі  себептермен  отбасы 
асыраушысынан  айырылған    әйел  адамдарға  әлеуметтік  көмек  көрсету;  6.  Отбасында 
немесе  оқу  орындарында  жасөспірім  қыздардың  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлу;  7.  Діни 
тұрғыдан олардың рухани байыту. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет