Әдебиет:
1.
.Байбот Кошым-Ноғай Серiкбай-ұлы. "Мұстафа Шоқай. Түркістаннын қилы
тағдыры". Алматы, "Жалын", 1992.
2.
Жоғарыға көтеріліңіз↑
"Мұстафа
Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер"
(құрастырған Ә. Такенов, М. Койгельдиев), Ыстамбұл, 1997.
3.
Жоғарыға көтеріліңіз↑
"Мұстафа Шоқай. Тандамалы" (аударып құрастырған
Айтан Нүсіпхан), 1-2 том, Алматы, "Кайнар", 1998-1999.
4.
Жоғарыға көтеріліңіз↑
архан Кыдырәлі. "Мұстафа Шоқай: өмірі, танымы,
күресі", Анкара, 2001 (түрік тілінде).
5.
Жоғарыға көтеріліңіз↑
Әбдіуақап Қара. "Мұстафа Шоқай", Алматы, "Арыс",
2004.
6.
Жоғарыға көтеріліңіз↑
Әким Тарази. "Мұстафа Шоқай". Алматы, "Жазушы",
2008.
7.
Жоғарыға көтеріліңіз↑
Кошым Есмағамбетов. "Әлем таныған тұлға". Алматы,
"Дайк-пресс", 2008.
8.
Жоғарыға көтеріліңіз↑
«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008.
ISBN 9965-32-715-7
МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ШЕТЕЛДЕ ЭМИГРАЦИЯДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
ҚарМУ 1 студенті Артикбаев Б.А. Қарағанды қ.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Қарсыбаева Ж.А.
Мұстафа Шоқайдың өмірінің соңғы кезеңі, оның есімі Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде Германияның жазалау лагерлерінде тұтқындық өмір кешкен Кеңес Одағының
соғыс тұтқындарының, оның ішінде түркістандық тұтқындардың тағдырымен тығыз
байланысты. Түркістан легионының құрылу тарихы- бүгінгі тарих ғылымындағы тың
мәселелердің бірі. Бұл тақырыптың болашақта терең зерттелуі Мұстафа Шоқайдың
фашистер құрған Түркістан легионымен байланысы туралы кеңестік дәуірде айтылған
күмәнді пікірлерді, айыптауларды жоққа шығарып, қайраткердің шетелде эмиграцияда
9
жүрген кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметінің ақиқат тұстарын ашып беріп, дұрыс
қорытынды шығаруға мүмкіндік беретіні хақ.
Мұстафа Шоқай тұлғасы мен Түркістан легионының арақатынасын қарастырғанда,
бұл мәселенің тарихын зерттеуде біз үш кезеңді немесе басты мәселелерді бөліп
қарағанды дұрыс көрдік:
1.
М. Шоқайдың Қоқан автономиясы құлатылғаннан кейін шетелге мұғыжарлыққа
(эмиграцияға) ұшыраған кезден екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда М. Шоқайдың
неміс басшылығы тарапынан тұтқындалғанға дейінгі аралықтағы қайраткердің атқарған
қызметі;
2.
М. Шоқайдың немістерге тұтқынға түскеннен (1941 жыл 22 маусым) 1941 жылы
27 желтоқсанда қайтыс болғанға дейінгі аралықта атқарған қызметі;
3.
Түркістан легионының құрылуы, тарихы мен әскери тұтқындардың жағдайы.
Бұл мәселелер бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылатыны ескерте кеткен
жөн.
Қоқан автономиясы құлатылғаннан кейін Мұстафа Шоқай өмірінің жаңа кезеңі
оның шетелдік эмиграцияға ұшырауымен басталады. М. Шоқайдың эмиграцияға кетуін
кеңестік және кейінгі отандық тарихнамада дұрыс сипатталмай келеді. Ресейлік
тарихшылар А.И. Зевелов, Ю.А. Поляков, Л.В. Шишкина, өзбекстандық Г.А. Хидоятов,
қазақстандық В.П. Осипов өз еңбектерінде Мұстафаны қара басын сауғалаған қашқын
ретінде сипаттаған еді.
Азамат соғысы жылдары Мұстафа Шоқай алдымен 1919 жылы Маңғыстау арқылы
Грузия асып, соңынан 1921 жылы Стамбулға аттанады. Онда ұзақ кідірместен Парижге
аттанады. Ал өмірінің соңғы кезеңін Германияда өткізеді.
М. Шоқайдың Европада өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметіне
тоқталсақ, Мұстафа Шоқайдың Париждегі өмірі 1921 жылы осында қоныс аударған
кезеңде аса қиыншылыққа толы болған, алайда тұрмыс тауқыметіне қарамастан ол өзінің
күрескерлік қызметін жалғастырған. Шоқай отбасы күнкөріс қамы үшін орыс
босқындарына арнап түскі тамақ дайындаған. Баспасөзге жазған мақалалары үшін
қаламақы ала отырып, ол француз тілін үйренуге де күш жұмсаған. Бірақ зайыбы ауырып,
Германияда емделіп қайтқаннан кейін М. Шоқай отбасы 1923 жылдан Париждің бір
шетінде орналасқан Ножан ауданында үй жалдап тұрған. Осында жүріп ол өзінің досы З.
Уәлидимен бірге азаттық жолындағы күресін бірге жалғастырған.
Мұстафа Шоқайдың Париждегі алғашқы жылдарында большевиктерге қарсы
саяси жұмыстарын босқын орыстармен жүргізуі заңды құбылыс еді. Ол 1918 жылдың
қараша айында Екатеринбургте бас қосқан Ресей Құрушы мәжіліс өкіметі төрағасының
орынбасары болып сайланғаннан бері орыс демократтарымен жұмыс істеп келе жатқан
болатын. Өзі секілді орыс демократтары да большевиктердің, әрі монархияшылдардың
шабуылдарына тап болды. Большевиктер кейінірек басқару жүйесін қайта орнатқысы
келген монархияшыларды жеңіліске ұшыратты, Ресейде өз билігін нығайтты. Еуропадағы
босқын мұсылман күштерінің әлсіздігін байқаған Шоқай орыс демократтарымен ортақ
дұшпан- большевиктерге қарсы күш біріктіріп, одақтасудың қажеттігіне сенді. Босқын
орыс демократтардың да бұл пікірге қолдау көрсеткендіктеріне еш күмән болмаса керек.
Өйткені оларда Шоқайға көңіл бөліп, оның Парижге келуіне жәрдемдесті. Ресей
мұсылмандарының
демократиялық
құқықтары
жолындағы
күресті
орыс
демократтарымен бірге жүргізуге бейім Париждегі босқын мұсылмандар да өз араларында
екіге бөлінді. Шоқай мен Максуди бұрынғы кадет лидері Милюковпен бірге жұмыс
істеуді жөн деп тапса, ал Тоқтаров пен Салихов Керенскиймен жақын қарым-қатынаста
жүрді.
Париждегі
ресейлік
мұсылман
жетекшілерінің
орыс
демократтарымен
байланыстарын жіктеген жоғарыдағы талдау сол байланыстардың негізгі бағыттарын
көрсеткенмен, ол тапжылмайтын бір қағида емес еді. Өйткені аталған жетекшілер
жоғарыда атап көрсеткен орыс демократтарын өздеріне жақын тұтқанымен, өзге орыс
зиялыларымен де қарым-қатынаста болды. Милюковпен етене жақын байланыста жүрген
М. Шоқай сонымен қатар Керенскиймен де достық қарым-қатынаста болды.
10
1923 жылдан бастап кадет партиясының лидері Милюковтың «Последние новости»
газетіне және Керенскийдің «Дни» газетіне мақалаларын беріп тұруы осыған дәлел бола
алады. Шоқай сонымен қатар Керенский ұйымдастырған саяси жиналыстарға да қатысып
жүрген.
М. Шоқай орыс демократтарымен қарым-қатынастарында өлшемді еді. Ол
Түркістанның саяси келешегі үшін жүргізген күресінің шеңберінде ғана қарым-қатынас
жасады. Бұдан асып кетуді қаламады.
Мария Шоқай естеліктерінде М. Шоқайдың 1923 жылдан бастап Париждегі
эмигрант орыс демократтарымен болған қарым-қатынастарын сиретіп, ақырында орыс
эмигранттарының баспасөзінен қол үзгендігін айтады.
М. Шоқайдың 1923 жылдан бастап Париждегі орыс босқындарының баспасөзіне
мақала жазуын жыл сайын арттыра түсіруінің екі маңызды себебі бар еді. Біріншісі-
қаламақысы, екіншісі- Түркістан мәселесін әлем жұртшылығына, әсіресе, Кеңестер
Одағындағы халықтарға жеткізу мақсаты. Ол мақалалар көбіне кеңестердің жүргізіп
отырған саясатының Қазақстан мен Түркістанның жергілікті халқының мүддесіне қайшы
екенін көрсетуге бағытталады. Түркістандықтардың мемлекеттік басқару орындарында
екінші дәрежелі билікке ие екеніне назар аударып, олардың басқарудың әр сатысында
белсенді қызмет атқару қажеттігін баса көрсететін еді. Ол Кеңес үкіметін осы тұрғыда
қатаң сынға алды. Сондықтан М. Шоқай Кеңестік Орта Азияда болып жатқан әлеуметтік
және саяси өзгерістерге ашық қарсыластық көрсеткен дара қайраткер ретінде
ерекшеленеді
Орыс босқындарының баспасөзінде мақалалары жариялау қаншама маңызды болса
да, М. Шоқай 1926 жылдың соңына қарай оларға мақала беруін кілт тоқтатты. Бұған
Керенскийдің басқаруындағы «Дни» газетінде Орта Азия әйелдерін орангутангқа
балаған бір мақаланың жариялануы себеп болды. Шоқай мұны Орта Азияның жергілікті
халқын сұмдық қорлау деп қабылдады.
М.Шоқай орыс босқындарының баспасөзінде жазған мақалаларымен және
Европаның әр түрлі қалаларында Түркістан туралы жасаған баяндамаларымен ол
большевиктерге қарсы Түркістанның саяси құқықтарын қорғаған жалынды күрескер
ретінде танылған. Ол 1920 жылы Түркістанда З. Уәлидидің бастамасымен құрылған
Түркістан Ұлттық Одағына (ТҰО) 1924 жылы мүше болып, оның ең маңызды тұлғасына
айналады, ал 1928 жылы З. Уәлиди ғылыми жұмыстармен айналыса бастағаннан кейін
осы одақтың басшысы болып қызмет етеді. Бұл ұйым Европа елдеріндегі түркістандық
зиялылар мен жастардың саяси және мәдени іс-әрекеттерін үйлестіретін және кеңес
үкіметіне қарсы күрестің көлемді орталығы болды деп айтуға болады. Бұл 19 жыл бойы
Европада большевизмге қарсы Түркістан ұлтазаттық күресіне бағыт –бағдар берген ұйым
М. Шоқай 1941 жылы қайтыс болғаннан кейін өмір сүруін тоқтатты.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен М. Шоқайдың азаттық жолындағы
күресі тоқтатылады.
Әдебиет:
1. Зевелов А.И., Поляков Ю.А., Шишкина Л.В. Басмачество-правда истории и
вымысел фалсификаторов. Москва, 1986.С.175.
2. Омарбеков Т. М. Шоқайдың эмиграцияға кетуінің кейбір мәселелері. //Қазақ
тарихы 1997.№227 бет
3. Шоқай М. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: «Қайнар», 2007. – Т. 3. – 13 - б.
4. Чокай М. Я пишу Вам из Ножана.- Алматы: «Қайнар».-2001.-С. 181
5. Жәпек М. Мұстафа Шоқайұлының публицистикасы.// Орталық Қазақстан,
2005, 25 қазан, 5 -б.
6. Шоқай М. Таңдамалы.- А.:Қайнар.-Т.1.-1998.-14 б
11
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ҮШІНШІ РЕЙХ
Шадімхан Б., ҚазГЗУ 1 курс студенті, Астана қ.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., професор Құсаинова Ж.Д.
ХХ ғасырдың басында, бүкіл әлем елдерінде саяси өзгерістер болып жатты.
Аталған өзгерістер І дүние жүзілік соғыс барысында Ресей империясына жетіп
Революцияға алып келді. 1917 жылы сан ғасырларға созылған Романовтар әулетінің
билігі құлап орнына Уақытша үкімет құрылды. Аталған саяси жағдайды пайдалып қазақ
халқының зиялылары Түркістан Автономиясын құрды. Алайда ол кездегі сұм саясат және
басталған азамат соғысы автономияның ғұмырын қысқа етті. Автономияны құруда
белсенді роль атқарып, саяси басшыларының қатарында болған Мұстафа Шоқайдың
өміріне қауіп төнетіндігі бесенеден белгілі жайт еді.Осы себепті ұлт қайраткері туған
жерін тастап Туркияға кетуге мәжүр болды.Бұл күндері егемен ел болып өшкеніміз
жанып, жоғалғанымыз табылып жатқан шақта, тұс-тұстан Шоқай туралы фашистермен
жұмыс жасасқан, ұлт сатқыны деген сынды жағымсыз пікірлердің кездесіп жатқандығы
жасырын емес. Алайда сол пікірді айтушылар Шоқайдың неміс лагерінде не себепті
болғандығын білмей айтып жүргендігі қынжылтады.
Мұстафа Шоқайдың 1929 жылдан бастап Париж қаласында, «Яш Түркістан»
журналын шығарумен айналысқаны баршамызға аян. Сол журналдың әр бір екінші
санында Түркістан өлкесіндегі халықтардың өмірі туралы мақала жазумен айналысып
жүрген. Сол мақалалардың арқасында соғыс басталмас бұрын Германия үкіметіне
шақырту алады, бұл шақырту бойында үлкен күдікпен қатар қорқыныш ұялатқанын
жазбаларында жасырмай көрсетеді. Бұл шақыртудан кейін, Мұстафаның мұхит асып
кетуге мүнкіндігі болсада франциядан кетуді опасыздық деп бас тартады.
Соғыс басталғаннан кейін Мұстафа Германия сыртқы істер министірлігінің
жанынан құрылған Шығыс комитетінің шақыртуы мен кеңес тұтқындарын ұстау
лагерінде жұмыс жасауға аттанады. Бұл қызметке Мұстафаны өз еркімен барды деу қиын,
себебі бас тартса еркінен тыс шақыртып алары сөзсіз еді. Тағы бір себебі тұтқындардың
көп бөлігі 1921 жылдан кейін туылып Кеңес заманында білім алған жастар болатын, бұл
жайт өзі кеткеннен кейінгі Түркістан өлкесінің саяси өзгерісін барлап, сонымен қатар
өзінің ұзақ жылдар бойы жариялап жүрген мақалаларының дұрыстығына көз жеткізу зор
мүнкіндік еді. Бірақ олардың көбі өзі жайлы білмеуі мүнкін екені өзін тығырыққа тірейді,
алайда бұл жайтқа қарамастан ол белін бекем буып жолға шыққандығы жайлы
жазбаларының бірінде айтып өткен.
Лагерьге келгеннен кейін тұтқындардың күйін көріп қатты қынжылады, бұл туралы
жұбайы Марияға жолдаған хатында баяндаған. Мұстафаны лагердегі тұтқындарға адам
ретінде қаралмай жатқандығы ашындырып Берлинге олардың жасап отырғандары ХІІ
ғасырда өмір сүрген Шыңғыхсан зұлымдығынан бетер екендігін айтып хат жолдаған. Осы
хаты арқылы, тұтқындардың мәселелерін шешуде біршама жетістіктерге жеткен.
Мұстафаны лагердегі толғандырған екінші мәселе еврей деп, сүндеттелген
мұсылмандарды себепсіз атып жатқандығы өтте қатты толғандырып, бұған қарсы үлкен
күш салып жиын шақыруына себеп болады. Аталған жиында мұсылмандардың еш
себепсіз атылып жатқандығын айтып шағымданған. Сонымен қатар жиын барысында
мұсылман халықтардың дәстүрі жайлы баяндама жасау арқылы, аталған жағдайдың
алдағы уақытта қайталануына кедергі жасаған.
Соғыстың алтыншы айы жүріп жатқан тұста Гитлерге Түркиядан Эрден және
Эркилет есімді қос генерал келіп Түркістан легионын немесе Кеңестерге қарсы
тұтқындардан мұсылман жасақтарын құру туралы ұсыныс жасайды. Аталған ұсынысты
Гитлер мақұлдағаннан соң Мұстафа өзінің түпкі мұратына жете алмайтынын сезінеді.
Себебі немістердің Орта Азия халықтарына еркіндік беру ойларында да жоқ еді. Осы
себепті ол Германиядан кетуге шешім қабылдап Берлинге жолға шығады, бірақ 1941жылы
19 желтоқсанда Берлинде Виктория ауруханасына ауыр халде жеткізіледі. Жүргізілген
12
ем шаралары еш нәтиже бермей 27 желтоқсан күні лагерде жұқтырған сүзек ауруынан
қаза болады.
Мұстафа Шоқай ешқашан легион жобасын қолдамаған және де фашистік идеяның
жақтаушысы да болмаған. Соғыстың бастапқы жылдары Түркістан өлкенсінің
тұтқындарын барынша қолдаумен айналысқан. Алдағы жылы Мұстафа Шоқайдың
туылғанына 125 жыл толғалы отыр. Аталған жылы ұлт қайраткері туралы жағымсыз
пікірлерге тоқтау салатын көлемді әрі жан-жақты зерттеу кітабын шығару қажеттілігі
анық. Бұл шараны жүзеге асыру азаттықтың ақ таңында өмірге келіп бейбіт күн кешіп
жатқан жастардың абыройлы міндеті, ұлт тарихы алдындағы орындауы тиіс парызы.
Әдебиет:
1. Бәкір Ә.Қ. «Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеусеттік көзқарастары»
2. Әбдіуақап Қара. Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы // Қазақ Үні. – 2011. - 8
қыркүйек.
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ КЕҢЕС ҮКІМЕТІ
Слямов А., ҚазГЗУ 1 курс студенті, Астана қ.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., професор Құсаинова Ж.Д.
Ұзақ жылдар бойы патшалық Ресейдің боданы болған Қазақ елі, тың идеялар мен
жаңа бастамаларға толы зиялы қауымға тәуелді еді. Қос ғасыр тармағында заман талабына
сай білім алған жастар саны артып, ұлан – ғайыр жерімізге азаттық нұрын алып келді.
Сондай біртуар азаматтың бірі – Мұстафа Шоқай Түркі хплықтарының бірлік
доктринасын қолдады және ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кеңес үкіметімен қарым
– қатынас, сол заманның өзекті мәселесіне айналды.
1917 жылғы Қазан революциясының нәтижесінде Уақытшы үкіметті биліктен
тайдырған Кеңес үкіметі, билікті бір орталықтан басқару принципін ұстанды. Алайда,
Мұстафа Шоқай ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығынан бастап, біртұтас Түркістан
өлкесін құру жайлы концепциясын ұстанып, осыған байланысты “Қызылдар” үкіметің
идеяларына оппозияциялық көзқарас ұстанды. 1917 жылы 22 қарашада Ташкентте өткен
Түркістан кеңестерінің съезі өтіп, Кеңестік мемлекеттің отаршылдық мақсаттары
айқандалды. 27 қарашадағы Түркістандағы мұсылман халықтарының IV съезінде
жергілікті халықтың өзін – өзі басқару құқығы белгіленіп, Түркістан мемлекетінің РКФСР
– дан тәуелсіз автономия ретінде жариялады. Кеңестерге радикалды көзқарас танытқан
Мұстафа Шоқайдың негігі идеялары аталмыш фактілерге қатысты еді.
Бір уақытта пайда болған Түркістан және Алашорда автономиясының бірлігін
қарастыра отырып, ол қазақ елін орыс демократиясына сенген бір аңғал бөлік ретінде
қарастыра білді. Орынбор қаласында өткен бүкілқазақ съезіне қатысу барысында,
Түркістан және Алашорда үкіметінің көздеген мақсат - мүддесі ұлттық бірлік екендігін
анықтап берді. Нәтижесінде, тәуелсіз автономиялардың тарихи процестегі кішкентай
бөлік екендігін анықтай білді.
Кеңес үкіметі мен коммунистік ( большевиктік ) партияның алғашқы кезеңдерден
бастап күндіз - түні талмай насихаттағаны пролетариат табының диктатурасы еді.
Түркістанда пролетариат табы болған жоқ. Мұстафа Шоқай өз мақалаларында
Түркістанның байырғы халықтарының байырғы халықтарының Қазан төңкерісіне
ешқандай қатысы болмағандығын айтып, пролетариат диктатурасы орыс диктатурасына
айналып отыр атты қағидасына қайта орала берді. Жергілікті баспасөз органдарындағы
«Атамекен жағдайы» мақаласында, Кеңес үкіметінің халықты жаппай аштық душар
қылуы, сонымен қатар Түркістанда жүргізілген ашық террор және діни білім алғандығына
байланысты итжеккенге айдалғандар тағдыры баяндалды [1, 100].
13
«Ел бірлігі» доктринасын берік ұстанған тарихи тұлға, басты міндеті ретінде
Түркістан халықтарының бірлігі, бостандығы, плюрализмге жол берілуі, шовенизмді жою
болғанына қарамастан, оның идеялары тотолитарлық басқаруды алға тартқан
большевиктік үкімет тарапынан мойындалмай, әрі бұқара халыққа «қызылдар» тарапынан
жүргізген идеологиялық үгіт - насихат әсер етіп, жамағат қолдауы Кеңестерге өтті.
Нәтижесінде, 1918 жылы 19 – 23 қаңтардағы Ресейлік съезде Қоқан автономиясының
жойылғандығын ресми түрде жариялады.
Халық арасында кең дәрежеде егемендік мәселесін қолдап, осы жолда «Бірлік
туы» газетін шығарып, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізген қоғам қайраткері, Қоқан
автономиясының құлауынан кейін, өзіне және отбасысына төнген қауіпке және Кеңес
үкіметінің саясатын бар жан - тәнімен жек көретін ол, бітіспес жауымен келісе
алмайтындығына көзі жетуіне байланысты эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.
Кеңеңстік кеңістікте тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейін, большевиктер
қазақ жерінде ұлт – азаттық күрестің өрісін тарылтуға тырысты. Ол жаңа саяси жағдайда
шетелдік эмиграция күшімен іске асты [1, 93]. Ол эмиграцияның түркістандық ең ірі өкілі
болды. Оған «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» сияқты журналдар мен «Түркістан
Кеңестер билігінде» еңбегі дәлел бола алады.
Ресейлік университетте оқып, жоғары деңгейдегі білімі бар Мұстафа Шоқай, ел
тағдырын жеке мақсаттардан жоғары қойып, тоталитарлық кезеңнің құрбаны бола білді.
Эмиграция барысында саяси күресті дамыту жолында жазған еңбектерінде көтерілінген
мәселелер, Кеңестік биліктің проблемалық тұстарын дәлелдеді. «Түркістан Кеңестер
билігінде және басқа еңбектерінде Түркістан өлкесіне қолданылған аграрлық саясаттың
патшалық Ресейдің идеясымен тұспа –тұс түскендігін хабарлайды.
Идеологиялық тұрғыдан қарастыра отырып, өзге ұлттың деформацияға ұшырауына
әрекет жасаған демографиялық үрдіс нәтижесінде, 38,8% славян тектес ұлттар миграцияға
ұшырап, бір ұлттың рухын жоюға бағытталған идеалистік мақсаттарды дәлелдеді.
Республикалық қоныстану орталығын құру арқылы «шаруашылықты дамытуға» атты
сылтаумен аттанған шаруалар, жергілікті ұлттың көптеп мекендеген жеріне орналасты.
Рухтың ел тәуелсіздігі жолындағы негігі күш екендігін анықтай отырып, марксистік –
лениндік теорияның отаршылдық саясатын концептуалді түрде бағамдай білді [2, 179].
Эмиграцияға ұшырау барысында ұлт жағдайын Германия мен Италиядағы
фашистік жүйемен байланыстыра білген Мұстафа Шоқай, авторитаризм орын алған елдегі
стихиялы түрде орын алатын жағдайлардың көптігі дәлелденіп, баспасөз беттерінде
жариялады. Ел бостандығы, түркі халықтарының тағдыры жайлы жазған мақалалары,
Кеңестік жүйенің халық жағдайын төмендететіндігін дәлелдеді.
Ұзақ жылдар бойы коммунистік жүйеге қарсы әрекет жасаған ол, пролетариаттың
отаршылдық сипаттағы мақсаттарын бағамдады. Соның нәтижесінде, Еуропа
мемлекеттерінде өмір сүре отырып, халықтың ауыр жағдайын баяндады.
Қортындылай келе, коммунистік жүйені мақсат тұтқан Кеңестік үкіметтің басқару
типін даттай отырып, иерархиялық жоғарыдан - төмен басқарылатын аппаратқа
оппозициялық көзқарас туындатып, сталиндік жүйенің ел тағдырына зардабын баяндады.
Сол замаңғы жағдайды бағамдаған Мұстафа Шоқай, ел тағдырына әсер еткен Кеңестік
жүйенің кемшілігін аша білді. Ұлт бостандығы, ел тәуелсіздігін көксеген Мұстафа
Шоқайдың есімі мәңгі жаңғырып, ұрпақтан - ұрпаққа жететіндігіне кәміл сенемін.
Әдебиет:
1. Бәкір Ә. Қ. Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеуметтік көзқарастары.
- Астана: Сарыарқа, 2008 - 1-т. - 155 б.
2.Шоқай М. Таңдамалы. - Алматы: Қайнар, 1998. - 2-т. - 520 б.
14
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН АВТОНОМИЯСЫ
Сейітжаппар Қ., ҚазГЗУ 1 курс студенті, Астана қ.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., аға оқытушы Нұрбаев Ж.Е.
XX ғасырдың басы қазақ халқы үшін, жалпы Орта Азия халықтары үшін қиын
кезең болды. Бұл Уақытша және Кеңес үкіметтерінің орнап, артынан большевиктер мен
меньшевиктер арасында азамат соғысына ұласқан тұрақсыз да, қасіретті уақыт аралығы
болды. Қазақ халқының тарихында XX ғасырдың басы Алаш және Түркістан
автономияларының өмір сүруімен есте қалады. Сол кезеңде халық қамын жеген, ұлты
үшін еңбек еткен қазақ зиялылары тарих сахнасына шыға бастады.Сондай асыл азаматтың
бірі – Мұстафа Шоқай. Ол бүкіл түркі дүниесіне аты мәшһүр қоғам қайраткері және
саясаткер.
Қазақи тәрбиені көріп өскен Мұстафа жастайынан халқына жақын болып өседі.
1910 жылы Ташкенттегі гимназияны үздік бітірген Мұстафа Санкт-Петербург
университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Петербургта жүрген кезінде Әлихан
Бөкейханов, Міржақып Дулатов сияқты қазақ зиялыларымен танысып, жақын араласа
бастайды. Кейіннен, Мемлекеттік Думада хатшы қызметін атқарады. Сол кезедері ол
Ресейдің қазақ және Орта Азия халықтарына байланысты жүргізіп отырған жер және аз
санды ұлттарға қатысты саясатының дұрыс емес екендігіне көз жеткізеді. Осы жағдайлар
Мұстафа Шоқайдың әлеуметтік -саяси көзқарастарының қалыптасуына ықпал етеді.
Мұстафа университетті бітіргеннен кейін Түркістанға қайтып оралып, сонда болып
жатқан саяси оқиғаларға қызу араласады. Мұстафа Шоқай кейіннен Тащкентте Өлкелік
Орталық Мұсылман Кеңесінің төрағасы, Сырдария губерниялық басқармасының бөлім
бастығы, Түркістан комитеті жанындағы Өлкелік Кеңес мүшесі тағы басқа қызметтер
атқарады. Ол басқа қазақ зиялылары секілді Ақпан революциясын қолдайды. Себебі
Мұстафа Шоқай XIX ғасырда орныққан әкімшілік басқару жүйесін сынға алып, өзінің
“Ақ-қызыл”атты мақаласында «... патшалық Ресейдің жарты ғасырлық үстемдігі кезінде
Түркістанға ешқандай бір жаңартқыш сипаттағы рухани ағым енген жоқ. Тіпті заман
тұрғысынан қарағанда атамекеніміз кері кетті» [2, 152 б.], - деп жазды. Дегенмен,
Мұстафа Шоқай 1917 жылы 22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезде
большевиктердің отаршылдық саясатын анық байқады. Бұл туралы ол “Бірлік туы”
газетінде большевиктердің өкімет басына келердегі “халықтардың өзін-өзі басқару
туралы” уәдесін ұмыт қалдырғандары жайлы ашық жазды. Осы оқиға Түркістан
автономиясының құрылу мәселесін тездетті. Ақыры, 1917 жылы 27 қарашада Қоқан
қаласында өткен аймақ мұсылмандарының IV Төтенше съезі Түркістан автономиясының
құрылғандығын жариялады. Төрағалыққа М.Тынышбаев, кейін Мұстафа Шоқай
тағайындалды.
Алашорда автономиясын сөз қылғанда бірінші кезекте Әлихан Бөкейхановтың
есімі аталса, Түркістан автономиясы туралы сөз болғанда, еріксіз Мұстафа Шоқай есімі
оралады. Себебі, Мұстафа Шоқай Түркістанды автономиялы мемлекет етіп құрудың
басынан аяғына дейін жүрді. Ол Түркістан автономиясының бағытын айқындап
берді.Біріншіден, Мұстафа Шоқай Түркістан автономиясының Ресей Федеративтік
Республикасымен бір территориялды автономия болатынын нақтылады. Ол съезде
сөйлеген сөзінде: “Сіздер бірден толыққанды мемлекет құрғыларыңыз келеді. Ал ол үшін
бізде адам жоқ, мүмкіндік жеткіліксіз, әскер құрылмаған”, - деген ойын айтты. Бұл
сөзімен Мұстафа Шоқай Ресейдің маңыздылығын және дәл қазір түбегейлі бөлінуге
болмайтындығын көрсетті. Екіншіден, Мұстафа Шоқай автономияның тек қазақ халқы
ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтардың мүддесін де қорғайтындығын айтып кетті.
Большевиктер бұл автономияны Бүкілхалықтық емес, тар шеңберде көрсету үшін Қоқан
автономиясы деп жазып, бір қаланың аумағында көрсетуге тырысты. Мұстафа Шоқай
1918 жылы автономия төрағасы болғаннан кейін нақты жұмыстар атқаруға кірісті.
Біріншіден, ол алғашқы әскери жасақтар құруға бұйрық берді. Ұлттық милиция құрылып,
ішкі тәртіп реттеле бастады. Екіншіден, Мұстафа автономияны насихаттауды қолға ала
15
отырып, “Известия временного правительства Туркестан”,“Свободный Туркестан” атты
газеттер шығара бастады. Себебі, ол газеттің автономияны насихаттаудағы рөлін жете
түсінді. Үшіншіден, Мұстафа Шоқай өкіметтің қаржы мәселесін шешу үшін ұлттық банк
құру ісін қолға алды.Ол жер-жердегі байлармен, ірі кәсіпкерлермен кездесіп, келіссөздер
жүргізді. Ол байлар мен ауқатты адамдарға большевиктер билігі Түркістанда орнаса,
байлар байлығынан айырылатынын жеткізді. Соның нәтежиесінде Самарқан мен
Ферғанадағы мемлекеттік банктер бөлімшелеріне сұраныс ұлғаяды. Осындай іс-
әрекеттерге қарамастан автономияның жағдайы нашарлай береді.Мұның себебі
Ташкенттегі большевиктер өкіметінің күшеюі еді. 1918 жылы 6 ақпанда большевиктер
Түркістан автономиясын құлату мақсатында әскери іс-қимылдарын бастап, Қоқан қаласын
3 күн бойы тонайды. Осы оқиғаны М.Шоқай өз естелігінде былай деп сипаттайды: «1917
жылдың 13 желтоқсаны – орыс большевиктері біздің халқымыздың қанын судай ағызған
күн. Осы күннен бастап орыс большевиктері мен біздің арамызда ашық күрес басталды...»
[2, 289 б.]. Осыдан кейін Мұстафа Шоқай большевиктердің түпкі ниетін толық түсінеді.
Бірақ, бәрі кеш еді. 1918 жылы 13 желтоқсанда Түркістан автономиясы таратылады. Бұл
оқиға жайлы Мұстафа Шоқай былай деп жазып қалдырады: «Ол 1917 жылдың 10
желтоқсанында құрылып, 1918 жылдың 13 ақпанында таратылды. Түркістан
автономиясының не әскері, не офицері болмады. Тіпті бұл өкіметтің осындай жағдайда
құрылып, 64 күн өмір сүре алуының өзі ерлік деуге болады» [3, 274 б.]. Автономия
құлатылған соң Мұстафа Шоқайдың басына 1000 сом сыйлық тағайындалады. Бірақ
Мұстафа шет елге қашып кетеді. Ол өз күресін жат жерде де жалғастырады.
Мұстафа Шоқай шет елде жүрсе де азаттық жолындағы күресін бір сәтке де
тоқтатқан емес. Ол өз заманың озық туған тұлғасы екендігін сан мәрте дәлелдеді. Бар
жоғы екі жарым айдың ішінде Мұстафа Шоқай бастаған Түркістан автономиясы күллі
түркі дүниесі үшін қыруар істер атқарды. Түркістан автономиясы 64 күн өмір сүрсе де
большевиктер үкіметіне қарсы мықты оппозиция бола білді. Бүгінде құрылғанына 98 жыл
болған бұл автономия тарихта өшпестей қылып өз ізін қалдырды. Мұстафа Шоқай түркі
дүниесінің азаттығы үшін күресе отырып, сол кезеңдегі азаттыққа ұмтылған халықтар
үшін рухани көсемге айнала білді. Туған елінен жырақта жүрсе де тәуелсіздік жолындағы
күресін тоқтатпаған Мұстафа өмірінің соңына дейін өз мақсаттары мен идеяларынан бас
тартпады. Бұл оның нағыз патриот екенін ашып бердеді. Мұстафа өзінің мықты саясаткер,
ел қамын ойлаған азамат екендігін дәлелдеді. Оның өзгеге ұқсай бермейтін өмір жолы
келешек ұрпаққа үлгі болуда.
Достарыңызбен бөлісу: |