Халықтар географиясы • бағыт және елді мекендер • Қалалар мен ауылды мекендер 1 1-бөлім: Қоныстануға кіріспе


ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • БАҒЫТ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР • ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫ МЕКЕНДЕР



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата08.06.2023
өлшемі1,58 Mb.
#99783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
kktwig-alalar-men-auyldy-mekender

ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • БАҒЫТ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР • ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫ МЕКЕНДЕР
3
• Қаланың қалдық ізі дегеніміз не?
Жапониядағы Токио – 35 миллион 
адам өмір сүретін мега қала
Барлық елді мекендер жер бетінде өз “ізін” қалдырады. Қаланың 
физикалық қалдық ізі ғимараттардың нақты салынған шекарасымен 
шектеледі. Басқа қалдық іздердің бірі – экологиялық қалдық ізі – 
адамдардың табиғат пен ресурстарға деген сұранысының өлшемі, 
және оның қалдық ізі қаланың шекарасынан да асып кетеді. 
Қалаларда энергия, су, азық-түлік және өзге де ресурстар көп 
мөлшерде тұтынылады. Сонымен қатар, адамдар ауылды жерлерден 
қалаға қарай ұмтылады (тұрақты түрде қаланы кеңейте түседі), 
нәтижесінде қалдық ізі де уақыт өте өзгеріп отырады. Қаланың 
қалдық ізі “белгілі” аймақ емес, ол әртүрлі есептеулер жүргізе отырып, 
болжам жасау арқылы табылады.
Қосымша сұрақ
Экологиялық қалдық із – қаладағы адам іс-әрекетін жүзеге асыруда өндірілген парниктік газдардың (карбон 
диоксидімен қоса) өлшемі және олардың қоршаған ортаға тигізер әсері. Қаланың экологиялық қалдық ізі 
тұтынылған энергия мен шығарылған көміртегіні қоса есепке алады. Қаланың ені мысалы 10 км болғанымен 
де, тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті жер көлемі одан үлкеніірек болуы мүмкін. 
С6. Қаланың эклогиялық қалдық ізі қалай есептеледі?
• Адамдар неліктен қалада өмір сүргісі келеді?
Кез келген қоныс адамдарды уақытша, мысалы, қысқа мерзімдік 
жұмыс үшін, сыйынатын орын үшін, не автокөлікке жанармай құю 
үшін өзіне тартады. Қоныс өскен сайын, халыққа қызметтердің алуан 
түрлерін дамытуға мүмкіндік береді және бұл қызметтердің деңгейі 
жоғарылап, көп халықтың жұмыс істеуін талап етеді. Қалалар демалыс 
орталықтары, әмбебап дүкендер, кинотеатрлар және музыкалық 
ареналармен қоса, қызметтердің көп түрімен қамтамасыз етеді, 
ал ауылдар шағын көлемдегі пошта бөлімдерімен және азық-түлік 
дүкендерімен қамтамасыз етеді. 
Ауылды жерлердің өз артықшылықтары (халықтың орналасу 
тығыздығы төменірек, таза, әрі тыныш) болғанымен де, кейбір 
адамдарға олар қалайтын орта мен өмір салтын ұсына алмайды. 
Қызметтердің үлкен ассортименті, көлік желілеріне қолжетімділік және 
жұмыс мүмкіндіктері кейбір жас топтарын қалаға көшуге итермелейді. 
Әлемнің түрлі бөліктеріндегі жылдам дамушы қалалар бірқатар 
мәселелермен соқтығысады: оның ішінде сапасыз тұрғын үйлер, 
халықтың тым көп шоғырлануы, санитария мен азық-түлік тәрізді негізгі 
қызмет түрлеріне қысымның түсірілуін атауға болады. Нәтижесінде, 
үйсіз болу және оған қатысты мәселелер пайда болады. Дәл осы 
мәселелер 19-ғасырдың соңында Ұлыбритания мен АҚШ-тың көптеген 
қалаларында кездесті және әлі күнге дейін кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет