Халықтар географиясы • бағыт және елді мекендер • Қалалар мен ауылды мекендер 1 1-бөлім: Қоныстануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата08.06.2023
өлшемі1,58 Mb.
#99783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
• Ұсынылатын фильмдер
- Ресурстарды реттеу 
- Қалалық аймақтар
2-бөлім: Қоныстанудағы өзгерістер
• Ұсынылатын фильмдер
- Қалалық жерлерді пайдалану 
үлгілері 
- Бразилия: Фавеладағы өмір
Қаланың құрылымы күрделі 
және жүйеленген


ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • БАҒЫТ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР • ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫ МЕКЕНДЕР
4
Қосымша сұрақтар
Бұл – әлем қалаларының көпшілігінде алуан түрлі формаларда 
кезігетін спонтанды аймақтар. Жақсы өмірді аңсап, іздеп келген 
мигранттар ең алғаш қалаға келгенде нашар үйлерде тұруға 
мәжбүр болады. Бұл үйлер жел өткізетін, арзан, қолда бар 
материалдардан тұрғызылады. Енді ғана дамып келе жатқан 
лашық үйлі қалашықтар қызметтермен қамтылмаған. Уақыт өте 
келе, бұл жерлерде өмір сүретін қауым қалашықты жақсартуы 
мүмкін, алайда көп жағдайда олар қылмыс пен зорлықтың ортасы 
болып қала береді. Ең қызығы, кейбір жүргізілген зерттеулер 
бойынша бұл жерлерде өмір сүретін халық анағұрлым бақытты әрі 
өз өмірлеріне дән риза.
С7. Лашық үйлі қалашықтар дегеніміз не?
Қалаға көшіп келетін адамдарды қорғайтын бірқатар анық ережелер бар, бұл дегеніміз – лашық үйлі қоныстарға 
рұқсат етіледі деген сөз. Олар дамып, түрлі қызметтерді талап ете бастаған сәтте, олар жартылай ресми 
статусқа ие болады. Өте мықты қауымдар тіпті өздерінің лашық үйлі қалашықтарын қорғауда жеңіп те жатады. 
Сонымен қатар, мұндағы халық арзан жұмыс күшін құрайтындықтан, көрші бай аудандармен де байланыс 
жасайды.
С8. Неліктен лашық үйлі қалашықты қалыптаспай жатып бұзып тастамайды?
• Қалалар қалай “жұмыс істейді”?
Қалалар соңғы бірнеше жүзжылдықтар бойы көшіп келіп жатқан адамдардың әсерінен дамыған. Қаладағы өзгерістер 
дұрыс басқару жүйесін талап етеді, мысалы олар ұрпақтардың ауысуы кезінде мәдени мұраларды сақтаудан 
бастап, тоқтаусыз көлік қозғалысын қамтамасыз етуге дейін қажет. Тым көп шоғырлану – қаладағы көліктердің саны 
мен жақын аймақтарды байланыстыратын үлкен жолдар мен магистральдардың көбеюі салдарынан туындайтын 
мәселе. Транспорттық жоспарлау осы мәселелерді реттеуде өте маңызды орын алады, басқару шешімдеріне тым 
көп шоғырланған жолдарға ақы алу, парк және жүргіншілер жолын салу жатады. Сонымен қатар, мүмкіндігінше көп 
адамға қоғамдық қызметтерді қолдануға тең мүмкіндік беру үшін шаралар қолданылуы қажет. Қала тұрғындары 
мен қонақтар қаланың өз тарихымен тығыз байланысты болғанын бағалайды, алайда олар нақты бір аудандардың 
жақсартылуын қалайды. Кейде құрылыс жұмыстары тарихи даму қазбаларын тауып, тарихи және археологиялық 
құндылыққа ие болады. Рим қаласында әлі күнге дейін Колизей, Пантеон және катакомбалар тәрізді ежелгі 
архитектуралық құрылыстар бар. 
Қала дамыған сайын, оның даму жолындағы тенденцияларды картадан не әуе түсірілімдерінен байқауға болады. 
Тіпті, шағын қоныстардың да өзіне тән даму жолы болады. Халық географиясын зерттеушілер осы даму жолдарын 
зерттеп, оларға атаулар да берген. Бұларға орталықтанған қоныстану (орталық объектінің жан-жағына орналасқан), 
шашылып таралған қоныстану (нақты анық орталықсыз қоныстану) және сызықтық қоныстану (жолдың немесе басқа 
көлік жүйесінің бойында қоныстану) жатады.
1930 жылдары Берджесс қала орталығында орталық бизнес ауданы (ОБА) орналасатын модельді құрастырды. 
Қалаларды “модельдеу” кезінде қиындықтар көп, себебі әр қаланың өз ерекшелігі мен күрделі құрылымдары бар. Көп 
қалалар бұрынғы кезден қарағанда көп өзгеріске ұшыраған және қазіргі жерді қолданудағы заманауи модельдер осы 
күрделі құрылымдарды бейнелеп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет