Қосымшасұрақтар Барлығымыз белгілі бір қоныс түрлерінде
өмір сүреміз. Ол бірнеше үйден ғана
тұратын ауыл немесе жүз мыңдаған
адамы бар шулы қала болуы мүмкін.
Барлығымыздың тілектеріміз бен
қажеттіліктеріміз ұқсас, алайда олардың
барлығы бірдей қанағаттандырылмауы
мүмкін, сондықтан қалалардың құрылымы
күрделі, жылдам дамиды және қиын
жағдайларға тап болады. Қалалардың
көпшілігі жүздеген, тіпті мыңдаған
жылдар бойы қалыптасқан. Қалардың
уақыт аралығындағы даму кезеңдері
болғанымен де, арнайы жоспарланып,
белгілі-бір мақсаттармен және жүйелі
реттілікпен жақында салынған қалалар да
бар. Мұндай жоспарланған қалалардың
қатарына Канберра (Австралия), Бразилиа
(Бразилия), Вашингтон (АҚШ) және Милтон
Кейнс (Ұлыбритания) тәрізді қалаларды
қосуға болады.
Қала орталықтарын дамыту үшін кейде
ескі ғимараттарды бұзып, олардың
орнына жаңа үйлер, офис кешендері мен
сауда орталықтары салынады. Тұрғын
үйлері ескі қала орталықтары мен бағасы
қымбат, алып жатқан кеңістігі үлкен
үйлері бар қала шеттері арасында анық
айырмашылықтар бар. Қала орталығына
жақын үйлерге көбінесе қалаға жаңадан
келушілер орналасады, алайда ең
қымбат жылжымайтын мүліктер қаланың
орталығында да орналасып жатады, ал
жаңа келушілер перифериялық мекендерге
жиі орналастырылады.
Қалалардың көпшілігінің тарихи
орталықтары бар, олар қаланың өткені
мен негізгі қызметі туралы хабардар етеді.
Негізгі қызметтері сауда, курорт, порт,
жол айрығы немесе өнеркәсіп орталығы
(егер табиғи ресурстар қоры немесе
көлік жүйесі мықты болса) болған болуы
мүмкін. Кейбір қоныстар ешқашан ауыл
шегінен ары асып дами алмаса да, ірі
қалалардың көпшілігіның айналасында
шағын елді мекендер болады, ал қалалар
ауылдарды өзіне қосып алып отырған.
Әсіресе, қорғаныс мақсатында салынған
кейбір қоныстардың уақыт өте келе даму
мақсаттары туралы деректер жоғалып
кетеді.
ДИАГРАММА 02: