• Ұсынылатын фильмдер
- Ресурстарды реттеу
- Қалалық аймақтар
- Ауылдық қоныстар
- Әулие Павел соборын қорғау
• Ұсынылатын жаттығулар
- Фавела ұғымы Бразилиядағы спонтанды қоныстар үшін қолданылады. Оқушылардан осыған бейресми қоныстануды
кем дегенде төрт өзге елде қалай атайтынын сұраңыз. Осындай бейресми қоныстанулардың өздеріне тән
сипаттамалары қандай?
- Оқушылардан фавела туризмі идеясы, яғни заңсыз тұрғызылған қоныстарға жүргізілген экскурсия бизнесі туралы
сұраңыз. Мұның оң және теріс тұстарын анықтауды тапсырыңыз.
Лашық үйлі қалашықтар қоғамдық
инфрақұрылымдары жоқ, қызметтер
көрсетілмейтін жерде дамиды
ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • БАҒЫТ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР • ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫ МЕКЕНДЕР
5
Қосымша сұрақ
Географтар “орташа” қаланың дамуын қарапайым етіп, негізгі даму жолын анықтау үшін Берджесс моделі
тәрізді жерді пайдалану үлгілерін жасайды. Осы арқылы түрлі аудандар арасындағы байланыстар анықталады
және талқыланады . Үлгілер аймақтардың жерді пайдалану жолына байланысты дамитындығын көрсетеді.
Мұнда тұрғын үйлі аудан, сауда алаңдары мен өнеркәсіптік аудандар болады. Бұл құрылыстардың орналасқан
жері көп қалаларда бірдей болады.
С9. Жерді пайдалану үлгісі дегеніміз не?
Жерді пайдаланудың жаңа үлгілері 20-ғасырдың ортасынан бастап көлік желілері мен ландшафт
ерекшеліктерін ескеретін болды. Дамуға кедергі әрі көлік желісі болатын өзендер жағасында орналасқан
көп қалалардың осы ерекшелігі үлгіге енетін болған. Гомер Хойттың моделінде негізгі жолдар мен темір
жолдардың айналасынағы дөңгелектерге секторлар қосылды, Харрис пен Ульман қаланың “орталығы” бірден
артық, яғни “бірнеше ядролы” бола алады деп ұсынды. Географиялық ақпараттық жүйені (ГАЖ) қолданатын
қазіргі модельдеу жүйесі қалалардың ұқсастақтарын көрсетуден гөрі, олардың айырмашылығы мен күрделілігін
көрсетуге тырысады. ГАЖ географиялық ақпаратты карта, модельдер және диаграммалар арқылы көрсетіп,
талдайды және тенденциялар мен қалыптасқан жағдайларды түсінуге көмектеседі.
С10. Жерді пайдалану үлгілері қалай өзгерген?
Жерді пайдалану зоналары барлық қалаларда дамуда, алайда Бразилиядағы Сан-Паулу сияқты жерлерде
қосымша фавелдер де бар, бұлар Париж немесе Берлин сияқты қалаларда кездеспейді. Қала құрылымы мен
қала салуға байланысты жаңа теориялар заманауи қалалардың күрделілігіне мән береді. Кенже дамыған
елдер қалаларының классикалық моделінің бір түрін географтар Гриффин мен Форд жасаған болатын, олар өз
идеясын ертедегі модельдерді қолдана отырып, дамытқан.
С11. Дамыған және кенже дамыған елдер қалалары бір модельді қолданады ма?
ДИАГРАММА 03:
|