Халықтар географиясы • бағыт және елді мекендер • Қалалар мен ауылды мекендер 1 1-бөлім: Қоныстануға кіріспе



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата08.06.2023
өлшемі1,58 Mb.
#99783
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Қала шетіндегі ауылдық жерлер – 
өнеркәсіптерін кеңейтушілер үшін 
қолайлы жер 
Рурализация – адамдардың қаладан ауылды жерге көшуі. 
Урбандалуға қарсы себептерді тартушы (қалалы жерден көшу себебі) 
және итеруші (ауылды жерге көшу себебі) факторлар деп екіге 
бөлуге болады. Тартушы факторларға ластану, қылмыс, кептеліс 
деңгейлерінің жоғарылауы, ал итеруші факторларға өмір сапасын 
арттыру және бос кеңістікті көбейту жатады. Қала шетіндегі бизнес 
парктердің, көлік иеленушілердің, көлік желілерінің жақсаруы да 
рурализацияның себептері болып табылады.
• Ұсынылатын фильм
- Ауылдық қоныстар


ХАЛЫҚТАР ГЕОГРАФИЯСЫ • БАҒЫТ ЖӘНЕ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР • ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫ МЕКЕНДЕР
8
• Орнықты қоныстану мүмкін бе?
“Орнықтылық” терминін түсіндіру оңай, алайда оған жету өте қиын. Орнықтылық 
үш элементті қамтиды: әлеуметтік, экономикалық және экологиялық 
орнықтылық. “Орындықтың орнықтылығы” табуреткеның үш аяғы тәрізді: егер 
бір аяғы болмаса орындық жерге құлайды. Экономикаға оң әсер еткенмен 
де, қоршаған ортаға теріс әсер етсе, бұл орнықтылық болып табылмайды. 
Брундтланд комиссиясының 1987 жылы орнықтылыққа берген анықтамасы 
мынандай:
“ ... болашақ ұрпақтардың қажеттілікітерін өтеуге зиян келтірмей, қазіргі шақтағы 
қажеттілікті қамтамасыз ете отырып даму”. 
Орнықты қоныстанудың түрлі элементтері бар, алайда идеяның мақсаты – 
адамдарды белгілі бір қалыппен мәңгі өмір сүруіне жағдай жасау. Бұл үйлердің 
жоғары энергия тиімділікпен салынуын, транспорттардың ішінен қоғамдық көлік 
пен велосипедтерді көбірек қолданылуын және көпшіліктің жұмысына жақын 
жерлерде өмір сүруін қамтиды. “Көміртегіге бейтарапты” ұғымы болашақта 
дамуды осындай жолмен жоспарлайтын немесе осындай жолмен салынған 
қалалар туралы қолданылады. 
Үлкен қалалардың ресурстарды көп қажет етуіне байланысты, шынайы орнықты қалалар саны саусақпен 
санарлықтай. Бразилиядағы Куритиба қаласы орнықты қала деп есептеледі. Қоғамдық көлік басым рөлге ие, 
автобус маршруттары барлық аудандарды байланыстырады. Қалдықтарды өңдеген тұрғындарды марапаттайтын 
схема жақсы дамыған. Бразилия фавелалары мұнан тыс жатыр десек те, тұрғындар өзара қоқыс қаптарын автобус 
билеттеріне және тамаққа айырбастай алады, нәтижесінде қаладағы қалдықтың 70%-ға жуығы қайта өңделеді.
Қосымша сұрақ
Қазірге таңда Абу-Даби шөліндегі Масдар 
қаласы болашақта әлемдегі ең орнықты 
қалаға айналады деп жоспарлануда. Алайда, 
оның шөлде орналасуы оның дизайнына 
қатысты қиындықтар туғызуы мүмкін. Үлкен 
күн электростанциялары мен геотермалды 
энергия қаланы қуаттандыратын болса, 
орнықты кәрі кокос пальмаларының 
плантациялары құрылыс материалдары 
ретінде қолданылатын болады.
С15. Болашақта қалалар қалай дамиды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет