ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
30-жылдардағы оқулықтар мен оқу-
лық-хрестоматияларға арнайы тоқ-
талу арқылы, қазақ әдебиеттану ғы-
лымының қандай асулардан асқа нын
нақты байқай аламыз. Әрине, бұл
кезеңдегі оқулықтардың бәріне бір-
дей тоқталып, талдау жасау мүмкін
емес. Сондықтан басты назарды әде-
биет тарихының дәуірге бөлінуіне,
фольклорлық мұра мен көрнекті
дарындарды зерттеуде маркстік-ле-
ниндік әдіснаманы басшылыққа алу-
ға бұрыла бастағанына және қате
кон цепциялар көзқарасында баға-
лауына, қазақ фольклорының клас-
сификациялауына аударамыз. Біздің
ойымызша, осы оқулық, хрестомати-
ялар әр мақалада шашылып жүрген
қазақ фольклорының жанрлары мен
түрлерін бір жүйеге түсіруде, әр
қилы пікір айтылып жүрген талант ты
ақындардың өнерпаздық тұлғасын
бағалауда әдебиеттің халықтығы,
таптығы принциптері тұрғысынан
келгенімен, бірталай табысқа жете
отырып, болашақ монографиялық
зерттеулерге даңғыл жол ашты.
Оқулық, хрестоматияларды сөз
еткен уақытта олардың басылып шы-
ғу ретінің хронологиясын міндет-
ті түрде сақтай отырып қарастыру
керек. Себебі, алдыңғы еңбектегі
тың бастамалар мен ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікір кейінгілерінде
ес керіліп отыратыны белгілі. Оны
әсі ресе, осы оқу құралдары мен оқу-
лық-хрестоматияларға тікелей бай-
ланыстылықта туып келе жатқан
қазақ әдебиеттану ғылымының өсу
жолын тексергенде мықтап есте ұс-
тау қажет. Әдебиет тарихын зерттеу-
де проблемалық мәселе көтерген
ғылыми мақалалар мен жеке ақын-
жазушы шығармашылығына арнал-
ған сын-зерттеу мақалалар, оларда
айтылған артық-кем пікірлер бәрі
де әдебиеттану ғылымының туып,
қалыптасуына ықпал жасай отыр-
са, сол кезеңдегі әдеби-теориялық
және әдеби-тарихилық ғылыми-зерт-
теудегі ой-пікірдің өсу дәрежесін
көр сетеді. Ал әдістемелік мақсатпен
шыққан оқу құралдары әдебиет та-
рихын зерттеу мен оны дәуірге бө-
луде өз мүмкіндігінше жәрдем жа-
сап отырады. Себебі, алғашқы ғы-
лыми қорытындылар жасау мен әр
дәуірдің ақын-жазушыларын топтас-
тыра қарау арқылы, әдебиет тари-
хын дәуірлеудің алғашқы жобаларын
ұсынады, көркем әдебиеттің белгілі
бір уақыттағы даму жолының кес кін-
келбетін танытуға ғылыми сипат тағы
соны қадамдар жасалады.
Отызыншы жылдардың бас ке-
зінде мектептер мен оқу орында-
рында тұрақты оқу құралдар жаса-
луын қажет еткен уақыт, заман та-
лабы қазақ әдебиеті тарихының ке-
ңес дәуіріндегі әдебиеттен де басқа
дәуірлерінің тарихи курсын да оқыту
керектігін айқындап берді. Бұл БК(б)
Орталық Комитетінің 1931 жылғы
«Бастауыш және орта мектептер
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У