ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
саның «Қазақ жайынан» (1913,
№13, 14, 17), «Тарих» (1914, № 4, 5,
6, 7, 8), М. Сералиннің «Қай заман
қазақ Ресейге қараған» (1911, №1),
«Қазаққа тарих керек пе?» (1912,
№7), М. Ж. Көпеевтің «Туысқан ба-
уырларға бір насихат» (1912, №7,8),
«Қазақ» газетіндегі М. Дулатовтың
«Алаш не сөз?» (1913, №15), «Тарихи
жыл» (1917, №212), Ғ. Мусиннің
«Жетісу қазақтары жайынан» (1914,
№58), «Түрік баласының» «Қазақта
муфтилік мәселесі» (1913, №11), «Та-
рих жайынан» (1913, № 2, 3, 5, 9),
Ә. Бөкейхановтың «Шәкәрімнің тү-
рік, қырғыз, қазақ, һәм хандар ше жі-
ре сіне» жазған сыны секілді ма қала-
лар дың танымдық сипаты мол болды.
Ол әдеби-тарихи бағыттағы ой-пікір-
дің өткен ғасырда жинақ та ған азды-
көпті тәжірибесін пайда лана оты-
рып, ұлт әдебиетін тарихи тұр ғыда
тану мәселелеріне батыл ба руына
үлкен демеу болды. Сондықтан ғасыр
басындағы ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің негізгі бағытынан еуропа
және орыс әдебиеттану ғылымының
қалыптасу тарихында болып өткен
мәдени-тарихи мектептің тарихи-
лық принципінің белгілері анық
кө рінді. Өйткені, жалпы мәдениет
пен халық тарихын сөз еткен мақа-
лаларда әдебиет мәселелерінің қо са
көтерілуінің өзіндік себебі де бар.
Оны бұл кезеңдегі қазақ зия лы ла-
рының әрі тарихшы-этно граф, әрі
әдебиетші-сыншы, әрі мәдениет тану-
шы-публицист болуынан деп білу
керек.
Міне, қоғамдық ой-көзқарасты
халық тарихын тануға деген осы
тәріздес ізденістері әдеби-та рихи
ба ғыттағы ой-пікірдің ұлт әде бие-
тінің тарихи тамырларын таныту,
зерт теу жұмыстарын қолға алуына
өз әсерін тигізбей қалмады. Ұлттық
әдебиет, оның тарихы туралы пі кір
әуелде оқу-ағарту, оқулықтар жа-
зу, қазақ тілі, оның тазалығы мен
емлесі туралы мәселелерді сөз ет-
кен мақалаларда қосақтала ата лу мен
көрінеді. «Айқаптағы» Х. Уалиолла
«Тіл сақтаушылық» де ген ма қала-
сында: «Қазақ халқы тілге, әде биетке
кедей емес, бірақ басы қосы лып
құралмағандықтан білімсіз са марқау
жатыр», – деп әдебиет тари хын зерт-
теуді тезірек қолға алуға ша қырады.
Ал Ғ. М. (Ғ. Қарашев) өзінің «Тіл-
әдебиет» деген мақаласында: «Тіл-
әдебиет бір милләт үшін әлбетте
керек. Оның керектігі турасында
жа зылмақ сөздердің бәрінде бұл
орын да жазып бітіру мүмкін емес.
Ол турада неше том кітаптар жазса
да аз... Біздің де өзімізге айырым
тіл-әдебиетіміз, әлбетте, бар. Жоқ
болса оны болдыруға, көміліп жат-
қан мол қазынаны дүние жүзіне шы-
ғаруға, үлкен-кіші баршамыз да бо-
рыштымыз һәм міндеттіміз», – деп,
әдебиеттің халық өміріндегі орны
мен маңызын түсіндіре келіп, оны
таныту жолында жұмыс жасауды
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|