Хіх ғасыр қазақ әдебиеті пәнінен тәжірибелік(семинар)



бет3/15
Дата25.11.2023
өлшемі56,46 Kb.
#126400
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ХІХ ғ. қазақ әдебиеті тәжірибе сабағының жоспары

3- тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
Шортанбай Қанайұлының «Зар заманы». Шортанбай поэзиясындағы саяси-әлеуметтік көзқарастар, сыншыл, өткір бейнелі тіл нақыштары
Сабақтың мақсаты:
Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдыры туралы «Зар заман» өкілдерінің идеяларын түсіндіру. Шортанбай Қанайұлы әдеби мұрасын әдіс-тәсілдер арқылы тереңдете оқыту
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. Шортанбай Қанайұлы – сыншыл ойлы, суреткер ақын. Ақынның «Көз көрген қазақ батыры» атты толғауы. Ақынның адамгершілік тәрбиеге уағыздаған толғаулары. Тарихи-әдеби сипаттама. 10 минут. 3 бет (жазбаша нұсқада). (1 топ).

  1. Шортанбайдың «Атамыз-Адам пайғамбар» атты өлеңіндегі рухани-діни ғибрат. Әдеби-теориялық талдау. Шортанбай өлеңдерінің құрылысы. 3 бет. (2 топ). 5 минут.

  2. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы. Айтыстары (Ұйымдастырушы топ) Слайд(заманауи форматта). 5 минут. 10 бет. (3 топ).

  3. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы. «Зар заман» өлеңі. Зар заман жайлы М.Әуезовтің «Әдебиет тарихында» айтылған ойлары. 7 сынып. Сабақ жоспарын жасау. (4 топ). 3 минут

  4. Зар заман ақындары – Шортанбай мен Дулат шығармаларын Венн диаграммасы арқылы салыстыра түсіндіру. (5 топ). 3 минут.

  5. Шортанбай әдеби-сыни мұрасының жариялануы, зерттелуі. М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, С.Қирабаев, Б.Омарұлы, Қ.Мәдібай, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Библиографиялық кесте ұсыну. (6 топ). 3 минут.

Пайдаланатын дереккөздер:
1. Әдебиет тарихы. М.Әуезов. – Алматы, 1991.
2. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. – Алматы, 1992.
3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. – Алматы, 1999.
4. Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. (Генезис, типология, поэтика) –Алматы: Білім, 2000. – 368 б.
5. Мəделі Жүсіпқожаұлы, Шортанбай Қанайұлы, т.б. Шығармалары. –Алматы: «Нұрлы Press.kz», 2014. – 288 б.
6. Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. А., 2000
7. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері (Шортанбай ақын). Алматы, 2000.
8. Қанайұлы Ш.Қ. Шығармалары: Толғаулар, айтыстар, дастандар. Шортанбай мұрасы: сын-зерттеулер, мақалалар. – Алматы: “Ана тілі”, 2013. – 384 бет.
9. Темірхан Тебегенов. Замана зары. https://anatili.kazgazeta.kz/news/48428. 15 Маусым, 2018.
10. Интернет дереккөздері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет