6 - тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Дәстүрлі жыраулық поэзия және Махамбет. Махамбет дәстүрін жалғастырушылар. Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы шығармаларын көркемдік-идеялық тұрғыдан оқыту.
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлын жыраулық поэзия дәстүрін жалғастырушы ретінде бағалау. Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызының әдеби мұраларын білім алушыларға түсіндіру, саралау, танымдық тұрғыдан талдау және бағалау әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын айтуға дағдыландыру.
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар: Дәстүрлі жыраулық поэзия және Махамбет. Махамбет поэзиясының дәстүрлі жыраулық өлең үлгісімен сабақтастығы. Шәлгез, Ақтамберді, Доспамбет т.б. жыраулар шығармасымен салыстыра саралау. (1-топ), 7 минут.