Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Ә.К. Боранқұлұлының шығармаларындағы тілдік көркемдік, бейнелілік



бет35/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110
59. Ә.К. Боранқұлұлының шығармаларындағы тілдік көркемдік, бейнелілік.
Әбубәкір жазбаша шайыр болса да, өзіне дейінгі ақпа ақын, жыраулардың көркемдік бейнелерінен , өнегесінен аулақ кетпейді. Ғасырлар бойы қалыптасып, халық көңіліне үйреншікті, ұғымына қонымды өлеңдік әдістерді мол қолдана біледі. Ол ақыл – нақылға, шешендік толғаныс тебіреністерге құрылатын толғауларында жол аяғында: болар, болғаны, болмас, кім ашар, белгісі секілді, емес, алмас, артық, соң, озды, аз, күн сияқты сөздерді қайталау арқылы өз ойын еркін жеткізе біледі. Сол толғауларында ақын әрі істі талқыға салып тыңдаушымен ақылдасып, шешіле сырласып отырғандай. Ол өмірден түйінген – топшылаған алуан жайларды ағыла толғап, оның шешім – түйіндерін иландыра, дәлелдей отырып өзі айтады.
Әбубәкір бірде осылайша өтпелі өмірдің өзекті өтер шындығын айтып тебіренсе, енді бірде «Дүние – теңіз, біз – шабақ, ортасында шайқаған» «Замана деген желмая, қалмасаң, халқым, жақсы, желмаядан жығылып» деп деп келер күндердің кескініне қарап, алдағыны айтып абызша күңіренеді. 
60. Шөже Каржаубайұлының (1808-1895) өмірі мен шығармашылығы.
Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы –1895, сонда) – халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудың салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан). Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан.[1] Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағы пәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген. [2]
Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т.б.) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды.
Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет