Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Мұрат ақын шығармашылығындағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы



бет33/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

55. Мұрат ақын шығармашылығындағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы.
Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығындағы азаматтық сарынды өлеңдерін ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар –заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан « замандастарының құлағына » жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының 1843 – 1906  жырларынан айқын байқалады . Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Бұл шығармалардың қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызы өте зор. Себебі болашақ ұрпақ жыраулардың өлеңдерін оқымаса, бұл өлеңдер қазірге дейін жетпеген болса, біз әдебиетімізді, тарихымызды білмес едік.


56. Ә.К. Боранқұлұлының (1868-1905) өмірі, ақындық шығармашылығы.
Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы (1861-1903), ақын. Зираты Жабасай қорымында. Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руынан шыққандықтан, ел арасында «Кердері Әбубәкір» атанған.
Бабасы - Таран тұқымынан, өнерпаздар көп шыққан. Өз әкесі Боранқұл қолөнер шебері әрі сауықшы адам болған. Ер шауып, ағаштан туйін түйіп, тыным таппай, шоқандап отыратындықтан, жеңгелері «Шоқан» атаған. Ел арасындағы осы лақап атымен бірқатар зерттеушілер Әбубәкірді Шоқанұлы деп келді. Әбубәкір ауыл молдасынан сабақ алып, кейін Орынбор, Троицк қалаларындағы мектеп, медреселерді бітірді. Тұзтөбе, Орал, Ақтөбе, Ор, Орынбор маңындағы елдерде бала оқытты, дін шариғат жолын ұстады. Сауатты, сергек, шешен, ақындық өнерді ардақ тұтатын Әбубәкір біраз жыл ел әкімдерінің қасында жүріп, хатшылық қызметтер атқарды. Сарыарқа, Оңтүстік және Батыс Қазақстан өңіріндегі ақын, жырауларды жақсы білген. Шығармалары 1902, 1905 ж. «Әдебиет қазақия, яки Әбубәкір молланың сөздері» деген атпен екі дүркін жарияланған. 
Өлең-толғаулары ел арасына кең тараған. Туындылары өлең, толғаулар, хат-өлеңдер, арнаулар, айтыстар, шежіре-жырлар түрінде келеді. Өлең толғауларында заман, адам, дін, өнер, ғылым, әдет-ғурып, имандылық, мінез-дағды туралы тебіренді, дәуір бағдарын байқап, халқымыздың бағзы тұрмыс-тіршілігі мен хал-жағдайын жырлады. Өлең, толғаулары «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1985, 1989) жинақтарында жарияланған. «Қазағым» аталатын жеке жинағы 1993 ж. жарық көрген. 
57. Ә.К. Боранқұлұлы толғау термелеріндегі заман зары, отарлық езгіден азып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралы күйзеліс («Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі», «Өткен өміршілдік заманды жоқтап айтқан толғауы» т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет