Зар-заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғырының белгілі өкілдерінің бірі Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы. Әбубәкір қара басын күйттеген ақын емес, халықтың үнімен елдің мұңын жеткізе білген ақын.
«Тыңдаған азаматқа сөзім дәрі» деп өзі айтқандай, отаршылдыққа ұшырап халық тағдыры талқыға түскен алмағайып заманның өзекті өртер күрделі мәселелерін батыл айтып, шебер жеткізген көрнекті ақын.
Кердері Әбібәкір Боранқұлұлы «Заманның опасыз халіне Әубәкір молданың айтқан өлеңі» атты жырында: Артылған заман болды аттан есек,Залымның ғибадаты ұрлық-өсек, Қор болды бұл заманда алты нәрсе , - дейді. Ол алты нәрсесі: билік, сопы жолы, шекер мен шай, кебіс-мәсі, сұлтан-төре, ақыл. Ақын бұлардың бәрін деталь арқылы беріп отыр. Мәселен, оның айтайын деп отырған қор болған нәрсесі мәсі емес, яғни тек молда мен қарттар киетін мәсінің сол заманда қадірі кетіп, тіпті ұрыларға дейін киюі заманның азғаны деп түсіндіреді. Ақын өзінің өлең-жырларында бір жағынан халықты оқу, білімге шақырса, екінші жағынан қазаққа шарапаты тиіп, мектеп ашып, жастарды оқуға тарта бастаған сол тұстағы билікті де мадақтайды. Өнер-ғылымды, отарба сынды машиналардың шығуын мақұлдай отырып та ол өткенді аңсаудан арыла алмайды. Әбубәкірді өлеңмен сапарнама жазған («Орскіге келген сапар») алғашқы қазақ ақыны деуге болады. Шежірені өлеңмен жазу қазақта ежелден бар дәстүр. Әбубәкір де сол дәстүрден айнымай, Қазақ шежіресін өлеңмен өзінше түзген.
«Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі» толғауында былай жырлайды .
...Жалған сөз азаматқа болды оңай,
Замана болды, халқым, әлде қалай?
Сөйлемей тілің тістеп отырмасаң,
Аузыңнан жалғыз кәләм шыққан сөзің
Кезеді бір сағатта тоқсан тоғай.
Құдайым өзі сақтап оңғармаса,
Болып тұр бұл заманда судай ылай.
58. Ә. К. Боранқұлұлының айтыстары («Кердері мен Құлымбет», «Қожахмет пен Кердері Әбу бәкір» т.б.).
Әбубәкір мұрасының жанры сан алуан, онда толғау, арнау, жоқтау, төкпе айтыс, жазба айтыс, жұмбақ айтыс, сықақ-эпиграмма, мадақ, саяси-әлеуметтік, философиялық жырлар, көңіл-күй лирикалы, шежіре жыр, дін мәселелеріне арналған өлеңдер бар.
Айтыстары: «Кердері мен Құлымбет», «Қожахмет пен Кердері Әбубәкір», жұмбақ айтыстарындағы өмір құбылыстарын баламалай, мгзей бейнелеу шеберлігі. Әбубәкірдің қазіргі күнге жеткен Доспамбет жыраудың ұрпағы Ноғай Нұрыммен, Әлім Қожахметпен, қарақалпақтың хас жүйрігі Құлымбетпен болған әйгілі айтыстары бар. Үш айтысының да тәлім-тәрбиелік мәні, биік деңгейі жоғарыда айтқан пікірімізді дәлелдеп тұр.
Айтысқан үш ақын да, бірінен бірі өткен жүйрік. Мәселен Ақтөбелік Әлім Қожахмет – әуелі әкесінің бауыры Жәкібай хазірет мешітінде оқыған, сосын Орынбор, Троицк қалаларында білім алған. Өз дәуірінің сауатты адамы. Молда әрі ақын. Оның дүниетанымын, ақындығын Кердері Әбубәкір жоғары бағалаған. Ақынның Әбубәкірмен айтысы өзінің көзі тірісінде «Дала уәлаяты» газетінің 1900 ж. №23-24 сандарында «Қожахмет молданың Әбубәкірге айтқан жұмбақтары» деген атпен жария көрген. Қожахмет қазақтың аса білімді ақыны Нұржан Наушабаевпен де айтысқан.
Әбубәкірдің назардан тыс қалып келе жатқан қырларының бірі – оның жыршылық өнері. Оны біз Сарышолақ Боранбайұлымен сөз қағыстыру оқиғасынан табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |