Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


«Әзім әңгімесі» поэмасындағы адамгершілік мәсәләләр



бет83/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   110
138. «Әзім әңгімесі» поэмасындағы адамгершілік мәсәләләр.
Абайдың поэмаларының сюжеті шығыстық дастан аңыздарға, ертегі баяндауларға құрылған. Мұхтар Әуезовтің пікірінше Абай үлкен поэма жазуды мақсат етпеген. Оны көбіне Мағауия, Ақылбай, Шәкәрім сияқты өзінің ақын шәкірттеріне тапсырған. Абай поэмаларының көлемі шағын, оқиғасының баяндалуы бірізді, тілі жеңіл болып, оқырманын көркем шешімге жетелеп отырады. Абайдың «Әзім әңгімесі» автордың өзі сөз басында ескертетініндей «Мың бір түн» ертегі-аңыздарының желісінде жазылған. «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» оқиғасына жақын баяндалады. «Әзім әңгімесі» поэмасының оқиғасы ертегі сюжетіндей қызғылықты басталып, оқырманын шытырман оқиғаларымен баурап алады. Ақын поэмаға Еуропа елдері мен шығыс хикаяттарында көп құпиялы оқиғаларға желі болған альхимия ғылымы туралы әңгімені кірістіреді. Поэмада авторлық ұстаным мен идеялық мақсат айқын көрінбейді, ол шығарманың аяқталмай қалуына байланысты болуы керек. Мұхтар Әуезов «Әзім әңгімесі» поэмасының аяқталмай, соңғы бөлімдері қолжазба күйінде жоғалып қалғаны туралы айта келіп, 1927 жылы осы поэманың мәтінін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырысайдың Ысқағы поэманың ұмытылған немесе ескірген, қолжазбада өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан қосқан ба деген күмәніне дәлел ретінде поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз қайталаулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспай тұрғандығын алға тартады. Поэманың бас аяғында туындайтын сұрақтар көп. Мәселен, ағайынды екі жігіт: Мұстапа мен Сапаның жетімдігінен басталған оқиға соның біреуінің ғана өмір ізін көрсетуге ойысады. Жөдігөй шалдың Әзімді шырғалаңға салуының мақсаты не? Мұның артында кек алу мақсаты жоқ па? деген ойға әкеледі. Сол сияқты алтын сарайдағы екі қыздың жайын автор не мақсатпен кірістіріп отыр? Автор Әзімнің бастан кешкен оқиғаларында кейіпкерін аңғал, ақ пейіл, тәуекелшіл, ер қимылды, дінге берік етіп көрсеткенімен, адамгершілік қалпы еркін танылмайды. Поэмаға ертегі сюжеттеріне тән самұрық құс, айдаһармен күрес, көк тәңірінің наразылығы сияқты сиқырлы оқиғалар кірістірілген. Поэмада араб сөздері, көне қалалар мен мемлекеттің атаулары, кейбір орыс сөздері, көне сөздер кездеседі. Поэманың тілі баяндау үлгісінде, қара өлең ұйқасымен жазылған. Поэма мәтінінде тармақ саны алтыдан сегізге дейін өсіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет