Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Абайдың махаббат, ғашықтық сезімдермен өрілген тебіреністері. («Қор болды жаным», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Көзімнің қарасы»)



бет84/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

139. Абайдың махаббат, ғашықтық сезімдермен өрілген тебіреністері. («Қор болды жаным», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Көзімнің қарасы»).
Қор болды жаным
Қор болды жаным,
Сенсізде менің күнім,
Бек бітті халім,
Тағдырдан келген зұлым.
Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәнде?

Сайрай бер, тілім,
Сарғайған соң бұл дерттен.
Бүгілді белім,
Жар тайған соң әр серттен.
Қамырықты көңіл,
Қайтсе болар жеңіл?

Сағындым сені,
Көрмедім деп көп заман.
Адам деп мені,
Салмадың сен хат маған.
Жай таба алмай жүрек,
Жасыған соң сүйек.

Бұл қылған зарым
Барса жардың маңына,
Ол - қылған дәрім
Ғашығымның жанына.
Оңалдырып ойды,
Түзетпей ме бойды?
Жігіт сөзі
Айттым сәлем, қалам қас,
Саған құрбан мал мен бас.
Сағынғаннан сені ойлап,
Келер көзге ыстық жас.

Сенен артық жан тумас,
Туса туар – артылмас.
Бір өзіңнен басқаға
Ынтықтығым айтылмас.

Асыл адам айнымас,
Бір бетінен қайрылмас.
Көрмесем де, көрсем де,
Көңілім сенен айрылмас.

Көзім жатқа қарамас,
Жат та маған жарамас.
Тар төсекте төсіңді
Иіскер ме едім жалаңаш?

Иығымда сіздің шаш,
Айқаласып тай-талас,
Ләззат алсақ болмай ма,
Көз жұмулы, көңіл мас?

Сізде сымбат, бізде ықылас,
Осы сөзім бәрі рас.
Сіздей жардың жалғанда,
Қызығына жан тоймас.

Етің етке тигенде,
Демің тиіп сүйгенде,
Тән шымырлап, бой еріп,
Ішім оттай күйгенде.

Жүрек балқып игенде,
Ішкі сырды түйгенде,
Іздеп табар сұңқармын,
Жарастықты шүйгенде.

Қылығында жоқ оғат,
Қарап тойман жүз қабат.
Ыстық тартып барасың,
Бір сағаттан бір сағат.

Сіз – қырғауыл жез қанат,
Аш бетіңді, бері қарат.
Жақындай бер жуықтап,
Тамағыңнан аймалат!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет