Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық иірімдері



бет12/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

16. Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық иірімдері.

Нарынның топырағында өскен Махамбет өлеңдеріндегі басты идея, негізгі ұстаным – азаттық сарын, ұлттық рух. Өз заманындағы халықтың басынан кешкен қиындығына шыдамаған өр рухты батырдың өлеңдерінде өрілген дүние де намыс пен рухтан тұрады. Махамбет өлеңдерін бүгінгі әдебиеттің теориясымен талдайтын болсақ, азаматтық лириканың сарынын бірден аңғарамыз. Сонымен қатар, жыраулар поэзиясынан қалған сарқыттың ұшқынын да Махамбет өлеңдерінен көре аламыз. Ел мұңы мен жер дауы мәселелерінің шешімін де отты өлеңдердің бойынан байқаймыз. Махамбет өлеңдері Қазтуған мен Шалкиіз сарынының жалғасы іспеттес, Асан мен Бұқардың да мотивтерін де кездестіре аламыз. Алайда, ақын ретінде Махамбеттің де өлең құрылымына немесе поэзияға, соның ішінде қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы жетерлік. "Арғымаққа айдай таға тақтырса", "Күмісті мылтық қолға алып", "Арғымақтан туған қазанат", "Еңіреу ұлы емшек боз", "Мен тауда ойнаған қарт марал" жыр жолдарынан бұрын-соңды кездестірмеген теңеу, алмастыру, ауыстыру, мегзеу сынды әдеби тәсілдерді кеңінен қолданғанын көре аламыз.


"Айналайын Ақ Жайық, 
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұланның терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Сауыт киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?
Толғамалы ақ мылтық
Толғап ұстар күн қайда?
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?
Садақ толы сай кез оқ
Масағынан өткізіп,
Басын қолға жеткізіп,
Созып тартар күн қайда?"
Бұл өлең жолдарынан Ақтамберді сарынына үндескен жолдарды көреміз. "Күмбір-күмбір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз" немесе "Қоғалы көлдер қом сулар, кімдерге қоныс болмаған" жолдары өз заманындағы өзекті проблеманы ашып көрсетуге лайықты бірден-бір жыр жолдары болса керек-ті. Себебі, Асаннан бастау алатын жыраулық үлгіде қайталанатын мұндай тіркестер өте көп. Кейіннен Мұхтар Мағауиннің "Алдаспанында" авторлары белгіленіп, жыр жолдары кімге тиесілі екендігі ажыратылған.
Өлең жолдарында кездесетін қазақы иірімдер немесе пайдаланылған теңеулер үлгісі бүгінгі қазақы қорда көнерген сөздердің қаншалықты көп екенін дәлелдеп берді. Махамбет өлеңдері ешкімде жоқ теңеулердің көрінісімен ғана емес, оқиғаның көрінісін шебер суреттеуімен де құнды. Соғыстың бейнесін кейінгі ұрпаққа болғандай етіп, ерекше көңіл-күймен сезіндіре білу де – ақынның басты ерекшелігі. Оның өлеңдері азаматтық лирикадан бұрын саяси үгіттік лирикаға келеді. Қазақ ауыз әдебиетінде Махамбет өлеңдерінің басты ерекшелігі ретінде лириканың ерекшелігін әр өлеңінде сан түрлі жолмен беруін айта аламыз. Бір өлеңінде арнау арқылы берсе, келесі өлеңі зарлай арнау ретінде жүзеге асқан. "Жалғыздық" немесе "Қайда бар" өлеңдерін оқитын болсақ риторикалық сұрау немесе "Тарланым", "Мұңайма" өлеңдерін оқу арқылы философиялық байламдарды оңай аңғара аламыз.
Жаугершілік заманда көп жүргендіктен болар, Махамбет өлеңдеріндеге басты сарын – азаттықты аңсау. Оның уайым-қайғысының өзін элегиялық өлеңдерінен көреміз. Жеке басына ғана тән жалғыздық мұңы немесе жақынынан айрылудың қиындығын өз басының жалғыздық қайғысымен емес, күллі қазақтың басынан өткен қайғымен астарластыра суреттеген.
Өзінің "Соғыс" атты өлеңінде өрілген желіге зер салар болсақ, соғыстың басталуынан қалай өрбігені, адамдардың мұңы, сағынышы, қайғысы рет-ретімен тізбектеле баяндалады. Ол жерде суреттелетін дүниенің негізге арқауы – шындық. Тарихи деректердің барлығы дерлік ақиқат. Қай халықтың болмасын өзіне тән фольклоры, яғни, халық ауыз әдебиеті бар. Біздің фольклорда Махамбет өлеңдерінің айтарлықтай орны бар. Өйткені , ақын мотиві өзгеге ұқсамайды. Поэзияның тәсілдерін өз заманында-ақ ұтымды пайдалана білген ақын шеберлігі кім-кімді болса да таң қалдырары сөзсіз. Аллитерация, ассонанс, синекдоха, эпостық баяндау сарыны үлгілерін Махамбет өлеңдерінен оңай табамыз. Ақын өлеңдерінің жанрлық ерекшелігі осында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет