Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдерінің өлшем-өміріндегі жаңашылдығы



бет10/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

14. Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдерінің өлшем-өміріндегі жаңашылдығы.
Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретінде айтылатын дидактикалық терме, ертек, аңыз сюжетінде жазылған толғау және бірнеше мысал сөздер бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр алуан. Олар, негізінен, қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнің тарихи шындығын қамтиды.
Дулат “Бірінші сөз” деп аталатын өлеңінде туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді.Дулат өзінің “Бесінші сөз” немесе “Ата қоныс Арқада” деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мадақтайды.
Ақын шығармаларынан орын алатын маңызды мәселенің бірі - оқу, өнер-білім. Дулат та басқа ақындар сияқты надандыққа, әдепсіздікке қарсы шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың өріс алу себебі - осы надандық індетінің салдары деп түсінген. Сондықтан оқып білім алған адамдардың қоғам өмірінен алатын орындары өзгеше деп бағалаған. Адам бойындағы даналық пен жақсылық - бәрі тәрбиенің, оқудың нәтижесі. Елді оқыған, тәрбиелі, білімді адам басқарса, зұлымдық пен озбырлық дегендерге жол берілмес еді, - деп түйген. Жалпы, адамның “жақсы”, “жаман” болып бөлінуі де сол парасаттылығында; ойлы, ұстамды, білімді, өнерлі болуы, ақылының өсуі - бәрі оның ізденіп тапқанына, содан соң бойына дарытқанына байланысты демекші.
Дулат өлеңдері - ойлы, нәрлі, образды. Нысанасына дәл тиерлік өткір. Ақынның шығармаларын оқығанда көз алдыңнан қазақ қауымының сан алуан жағымсыз тобы тізбектеліп өтіп жатады. Кердең, кербез, құркеуде ұлықтары, малын жанына балап, жалаң-жадағай жылмаңдаған, сүмеңдеген сараңдары, ойлағаны - сұмдық, істегені - қулық, алаяқ би-болыстары, дөң-дөкір, ұры-қары, қу-сұмдары өздеріне ғана тән мінездірімен ерекшеленеді. Ұлық алдында ұяңсып, жуасып, қылықтана қалатын, ал ұлық кетсе, елге қасқырша шабатын Сүлеймен болыстың екіжүзді мінезін дәл басып, шебер бейнелейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет