Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Абайдың өнер тақырыбындағы шығармалары («Алыстан сермеп», «Сен мені не етесің?», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш» т.б.)



бет80/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

133. Абайдың өнер тақырыбындағы шығармалары («Алыстан сермеп», «Сен мені не етесің?», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш» т.б.).

ақындық өнер туралы: «Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы», «Адамның кейбір кездері», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;


– ән өнері туралы: «Көңіл құсы құйқылжыр», «Құлақтан кіріп бойды алар»;


134. Абайдың аудармашылық-нәзиралық шығармалары әлемдік әдебиетті қазақ тілінде сөйлетудің үздік үлгілері.
Аудармалық-назиралық өлеңдерге арнап шығарған әндері: «Татьянаның әні», «Онегиннің жауабы»;

Аудармалық өлеңдерге ілесе шығарған әндері: «Қараңғы түнде тау қалқып», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Сұрғылт тұман дым бүркіп».


Абай – қазақ өлеңі өрімінің дәстүрлі өрнектерін жаңғырта түлеткен жаңашыл ақын. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер.


Абай – қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Ақын шығармашылығындағы бейнелілік сырлары.


Абайдың аудармлық-назиралық шығармалары – әлемдік әдебиетті қазақша сөйлетудің үздік үлгілері. М.Лермонтовтың отызға жуық өлеңін аударуы. Оның өлеңі мен поэмаларын аударудағы Абай аудармашылығының шеберлік белгілері. М.Ю.Лермонтов аударуындағы Дж. Байрон, В.Гете өлеңдерін Абайдың қазақшаға аударуы. Аударма шығармаларындағы ұлы Абайдың ақындығын айқындайтын төлтума бояулар.


А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан алынған хаттар негізіндегі махаббат жырлары – нәзира үлгісімен жырланған лирикалық дастан. Түпнұсқаны қайта жырлаудағы Абай нәзирасының ерекшеліктері (Қараңыз: Ғабдуллин Н. Абайдың нәзира үлгісі (Жұлдыз, 1991, №11, 146-153-беттер).


И.Крыловтың бір топ мысалдарын қайта жырлап шығу: «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден».




135. Абай поэмалары – дәстүрлі нәзира үлгілері.Оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалары.
Поэмалары. Абай поэмалары – оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Абай поэмалары – дәстүрлі нәзира үлгісіндегі шығармалар.

«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселенің философиялық тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қарт ұсынатын жеміс (ақ-ақыл, сары-дәулет, қызыл-әйел мен достық) және оның мәні.


«Ескендір» поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары. Поэмадағы адамның көз сүйегіне Аристотельдің берген бағасы арқылы дидактикалық, философиялық қорытынды жасау.


«Әзім әңгімесі» атты аяқталмаған поэманың арқауы «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» екендігі. Поэманың опасыздықты (аяршал) танытушылық қуаты.


Абай шығармаларындағы көркем бейне, композициялық, сюжеттік құрылым, көркемдік, бейнелілік мәселелер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет