Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселесінің философиялық тұрғыда көркемдік шешіммен жырлануы



бет81/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

136. «Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселесінің философиялық тұрғыда көркемдік шешіммен жырлануы.
Абайдың поэмаларының сюжеті шығыстық дастан аңыздарға, ертегі баяндауларға құрылған. Абайдың «Масғұт» дастаны 1887 жылы жазылып, 1909 жылы Петербургте жарық көрген. Шығарма сюжетіне аңыз, әңгіме арқау болып, үшінші жақтан баяндалған. Поэма оқиғасы шағын, қатысушы кейіпкерлер көп емес, солардың ішінде кең ашылатын образ — Масғұт. Масғұтты автор оқиға басында-ақ қайырымды, өжет іс-әрекетімен көрсетеді. Ақ, сары, қызыл жемістен өз таңдауын алған Масғұттың ақылы, парасат, пайымы танылады. Абай кейіпкерін орта дәрежедегі адам ретінде ала отырып, байлық пен ақыл туралы көзқарастары арқылы өз ортасынан ойы озық, адамгершілік сапасы жоғары жан ретінде көрсетеді. Автордың поэма арқылы айтпақ ойы кейіпкерінің ақыл мен байлық туралы пікірінен басталып, қала басына келген зобалаңда көппен бірге у ішуге мәжбүр болған жағдайында айқындала түседі. Автордың Масғұт аузына салатын ақыл, байлық туралы пікірі ақынның бірінші қарасөзіндегі «ғылым бағу», «мал бағу» туралы ойларымен сабақтасып жатыр. Масғұт ақыл туралы: «Ақылды жан табылмас маған сырлас, Көріне тентек, көп надан мойын бұрмас. Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас» десе, байлық туралы: «Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін, Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. Не қылса да надандар алмақты ойлар, Мал антұрған күйдіріп елдің ішін» дейді. Абайдың «Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман» секілді өлеңдерінен басталған қоғам туралы ойлары қара сөздерінде және поэмаларында сабақталады. Абай отыз жетінші қара сөзінде «Сократты у ішкізген, Ионна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал» дейді. «Масғұт» поэмасында ақын өз заманының мұңын, «жақсы менен жаманды айырмас» халқының жайын меңзейді. Поэмадан автордың ұстанымы да аңғарылады: «Ендігіге не сұрау бұл заманда? Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда. Өлген мола, туған жер жібермейді Әйтпесе тұрмас едім осы маңда» деп, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен» жайын, көп ішіндегі бір жалғыздың күйін баян етеді. Поэма 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет